Срсп постер Бм Айгулмм



Дата26.11.2023
өлшемі5,51 Mb.
#128531
Байланысты:
Срсп постер Бм Айгулмм


Студенттің өзіндік жұмысы
Қарағанды медицина университеті
Дайындаған : Казалиева Айгулим
1-002 педиатрия
Апоптоз– бұл генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Апоптоз дегеніміз «қоңыр күз» немесе «жапырақтың түсуі» деген мағыналарды білдіреді.Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Табиғат клетканы қорғану мен репарация механизмдерімен ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі өлтіру немесе суицид механизмімен де қамдандырды.
Апоптоз
Жасушаның бұл өлімінің негізінде арнайы және генетикалық бағдарланған клетка ішілік механизмдер активті роль атқарады.
Қашан және қандай жағдайда жасушада апоптоздың бағдарламасы іске қосылады?
А) жасушаның өзіндік қанағаттанарлықсыз жағдайы, яғни жасуша ішілік фактор салдарынан;
Б) жасушаның арнайы рецепторлары арқылы берілетін жағымсыз сигнализация, яғни сыртқы фактор салдарынан.
Сыртқы фактор салдарынан болатын апоптоз
Апоптоздың бұл типі сыртқы ортаның негативті сигнализациясы арқылы пайда болады.Ол мембраналық және клетка ішілік рецепторлармен беріледі. Бұл жағдайда жасушаның өмірлік қабілеті жоғары, бірақ біртұтас организм тұрғысынан алғанда – ол зиян және оның пайдасы жоқ болуы мүмкін.
Инфекциялық аурулардың қатаң периодында үлкейген лимфа түйіндерін ұстап, тіпті көруге де болады. Алайда, ағза сауыққан кезде лимфоциттердің саны қалыпты мөлшерге түседі. Қатты инфекциялық қабыну үрдістері болмағанда перифериялық қан мен ұлпаларда лимфоциттер санының жеткілікті қатаң гомеостазын қолдайды. Сондықтан, кез келген иммундық жауаптың даму бастамасында лимфоциттер үшін пролиферация қаншалықты міндетті болса, лимфоциттер үшін иммундық жауаптың соңында өлім соншалықты тән. Қызмет еткен лимфоциттердің заңдылықты түрдегі өлімі апоптоз механизмі бойынша жүреді.
Некроз (грекше nekros - өлген) тірі организмде жасушаның, тіннің немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін айтады. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім.
Некроз бұл қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан-ішек шырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және т.б. әрдайым өліп, жаңа жасушаларымен алмасып отырады (регенерация). Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл физиологиялық өлім.
Некроздану үрдісі жасуша лизосомасының құрамындағы гидролиздеуші ферменттер әсерінде (аутолиз) немесе некроз ошағына жиналған лейкоциттер ферменттерінің әсерінде (гетеролиз) жүреді.
Даму механизмдеріне қарап некроздың түрлері
1) жарақаттық,
2) токсиндік
3) нейрогендік,
4) аллергиялық,
5) қантамырлық
Қазіргі кезде некроз дамуының мына сатыларын ажыратады (Е.Ф. Лушников, 1982):
1) некроз алды кезеңі (паранекроз) - бұған жасушалардағы ауыр дистрофиялық, бірақ қайтымды өзгерістер кіреді;
2) өлуалды кезеңінде (некробиоз) жасушада қайтымсыз өзгерістер пайда болады;
3) өлу кезеңі (некроз, некрофанероз) жасуша тіршілігінің бүтіндей жойылуымен сипатталады;
4) өлгеннен кейінгі өзгерістерге (некролиз, аутолиз) - осы өлген жасушаның тін ферменттері әсерінде ыдырап, организмнен шығарылуы немесе олардың сау тіндерден шекаралану кіреді.
Некроздану үрдісі жасуша лизосомасының құрамындағы гидролиздеуші ферменттер әсерінде (аутолиз) немесе некроз ошағына жиналған лейкоциттер ферменттерінің әсерінде (гетеролиз) жүреді.
Даму механизмдеріне қарап некроздың: 1) жарақаттық, 2) токсиндік, 3) нейрогендік, 4) аллергиялық, 5) қантамырлық түрлерін ажыратады.
Апоптоз бен Некроздың ерекшелігі
Егер де клетканың зақымдануы аса жоғары болса-жасуша өлімі бақылаусыз сипатқаие болып, некроз даму қаупін тудырады.Зақымданушы әсердің сипаты мен интенсивтілігіне қарай жасуша өлімінің апоптотикалық немесе некроздық жолмен жүруі анықталады.
Апоптоз және Некроз
Барлық жағдайлардан көріп отырғанымыздай апоптоздың атқаратын қызметі-ол дефектісі бар клеткаларды жою болып табылады.Тағы да айта кететіні апоптоз –бөлінетін және бөлінбейтін клеткаларға –ақуыз арқылы жүзеге асырылатын қанағаттандырарлықсыз жағдайдың әсері.
Некроз (гр. nekros — өлі, шірік, өлі еттену) - тірі организмдегі жасуша мен ұлпалардың өлуі.[1] Қан және жұқпалы ауруларға шалдыгу, жарақаттану, күю т. б. себептерден ауыз шырышты қабығы, қызыл иек шеті, ерін мен ұрт үстері некрозға ұшырайды. Шіру процестері ұлпа қабынғанда, тіс эмалі зақымданғанда білінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет