Срсп тақырыбы: М. Әуезовтің «Абай жолы»



бет4/5
Дата06.12.2022
өлшемі39,68 Kb.
#55140
1   2   3   4   5
Байланысты:
М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.

Жау боп шықты Ырғызбай,
Айыпқа бердің бір қызды –ай 
Оның аты Құнанбай,
Жүйріктігі құлындай,
Шұбарлығы жыландай... – деп салады. Дәл осы өлеңде Құнанбайдың бүкіл болмысы мен образы ашылып тұрғандай. «Төрде төмен қарап, тымағын көзіне киіп, тұнжырап отырған Құнанбайды мына екі қыздыің қатал дауысы басқа соққандай болды. Бірақ бұл – дауыс. Намаз сияқты бұзылмайтын жол жора. Айтар сөз, тыяр тиым, істер шара жоқ» – деп суреттейді жазушы М. Әуезов. «Қарадан шығып хан болған» дейтін қатал, һәм қаһарлы Құнанбайдың өзі жүздеген жылдар бұрын қалыптасқан халқымыздың әдет-ғұрпының алдында тым әлсіз. Бұдан әрі оқиға қалай өрбиді. Жазушы Мұхтар Әуезовты тыңдайық: «Сөйткенше, төрде отырған біреудің қатты тамсанған үнін есітті. Қараса – Сары апаң екен. Ол ашулы түспен түйіліп, қара шапанды басына жамыла беріп, жүрелей отырып ап, айқайлай жөнелді. Сөзінің басы Бөжейді мақтау мен сол жақсыны жоқтау еді. Соның аяғын шұбыртып кеп:
Мына да қарлар не дейді?
Жақсыдан жаман көбейді.
Ескінің асыл көзі еді,
Ұрлап та көмдің Бөжейді, - деп қатты айқайлап қалт тоқтады. Екі жақ та: «Айтамыз, жеткіземіз» деген орайлы сөздерін осы әйелдердің ауыздарымен айтысты. Осыдан әрі қайталанған да, өршіген де сөз болған жоқ.» (Абай жолы, 205 б.) Міне, ер азамат тосылған жерде, жол табатын осындай аналарымыз болған. Жалпы халқымызда «торқалы той, топырақты өлім» дегенде араздық, дау уақытша болса да ұмытылған. Ал Бөжей өлімі Тобықты ішінде оқшау жағдай туғызды. «Кісісі өлсе қаралы ол» - демекші, өлім әрине, трагедия, бірақ өлім, оның артын күту, оның шығарып салуға байланысты әр халықтың өзінің салт-дәстүрінен туған рәсімі болады. Адам қайтыс болған соң оған арнап бөлек үй тігеді. Үй тігіліп болған соң оған бөтен жасау-жабдықтар кіргізілмей, сүйек төсек қойып, оны қара кілеммен тегістеп жауып, мәйітті осы сүйек төсекке әкеп салғызады. Жаназасын шығарғанша адам сүйегі осында болады. Бұл үйді «Қаралы үй» деп атап, оң жақ босағасына ұзын найзаның басына ту іледі. Оны қара деп атайды. Егер қайтыс болған адам кәрі болса ақ ту, жас болса қызыл ту тігіледі. Қайтыс болған адам орта жаста болса бір жағы ақ, бір жағы қызыл болады.
Осы күннің ертесіне суық сыбыс анық болды. Бөжей қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. Бұл уақытта Құнанбай, Ұлжан, Зере, Абай, Оспан, Тәкежан таңертенгі шайын ішіп отырған еді. Бұны Құнанбайға ешкімде арнайы хабаршы жіберіп естіртпеді. Бұған ол қатты қапа болды. Зере көз жасын бір төгіп алды. Абай болса жүрегі аузына тығылғандай күй кешті.
Байдалы сүйекті орналастырып болысымен,сол өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеліп қара тіктіЖаназасын шығарғанға шейін өлік осында болмақ.
Байдалы ескіге жүйрік Сүйіндікпен ақылдасады.
Сүйіндік жас кісі өлсетуы қызыл болатынын,кәрі өлсе туы ақ болатынын айтып келеді де, «Бөжейдей орта жасты кісіге - бір жағы қызыл, бір жағы ақ болуы керек» дегенді айтқан
Қара тіккен Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына ас берем деген ырымын жасады (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 37 б.).
Қара тігу (салт). Кісі өлген үйдің үстіне ту тігіледі. Соған қарап ол үйдің қаралы үй екенін түсінуге болады. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып, дұға жасап өтетін болған. Мұндай үй кісі күтуге де дайын отырады. Жыл бойы жоқтау айтылады. Бұл халықтық рәсім марқұмның жылы өтіп, асы берілгенге дейін жалғасады («Ата жолы» тарихи танымдық сайты: http://www.atazholy.kz).
Жаназа (дәстүр) қайтыс болған адамды соңғы сапарға шығарып салу, жанын азат ету, жуылып тазаланған мәйіт үшін мұсылмандардың дәрет алып, құбыла жаққа қарап, аяқта тұрып оқыған намазы мен мәйіт үшін жасайтын дұғасы. Бұл дәстүр қазақ халқының тұрмысында әлі күнге дейін қолданыста болып келеді. Мәйітті осы үйге әкеп кіргізерде жоқтау айтылады. Жоқтауды бастайтын шашын жайып жіберіп, бетін тырнап қан қылған, қара шаршы орамалды шарт байлап алған, қайтыс болған адамның әйелі мен қыздары және жақын туыстарының оң жақта отырған қыздары мен жасы келген аналар тобы. Қаралы ту тігілген үй ол ауыл арасында ерекше көзге түсіп тұрады. Қаралы үйден жаназасын шығарып, мәйітті жерлеген соң, ол үйдің ішін қара түстес қымбат қалы киімдер, қымбат ішіктер іліп, қаралы теңдерге марқұмның таратылатын киімдерін жинап, ағайын-туыстарының жақсы жиһаздарын жинаттырып, қаралы үйдің ішін, бата оқырға келген кісілерді күтуге арнап безендіреді. Ең болмаса Бөжейдің жетісіне шейін, немесетіпті қырқына шейін «жыласатын ағайынды», «бата оқырды» осы кең қоныс – шалқарда тоспақ болды (Әуезов М. Абай жолы. Роман- эпопея. 1, 2-кітап., 134 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет