Стамбекова жазира курмангалиевна



бет15/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Адамның жаңамен танысу кезеңі, awareness stage. Бұл кезеңде адам жаңалықты естиді не ол туралы жаңадан біледі, бірақ ол туралы тағы да мол ақпараттар іздеуге әлі де дайын емес.

  • Жаңаға деген қызығушылықтың пайда болатын кезеңі, interest stage. Адам естіген-білген жаңа туралы қосымша ақпараттар іздей бастайды. Бірақ бұл әлі де болса, қабылдау емес. Тек қана осы жаңа жөнінде молырақ нәрсе білсем деген ой қызығушылықтың қозғаушысы болады.

  • Жаңаны бағалау кезеңі, evaluation stage. Бұл кезеңде адам өзі естіген-білген жаңаны, өмірлік тәжірибесіне қарай өзіндік «өлшеулер жасай бастайды». Ойталқысында түрлі қырдан жүргізілетін өлшемдер адамға осы жаңаны қазіргі не алдағы жағдаяттарға қатысты баға бере бастайды. Не істесем екен? Қалай болады? деген сұрақтарға жауап іздеу үдерісінде, егер адамның санасы осы жаңа туралы оңды бағаларды көбірек жасап шығаратын болса, онда ол жаңаны қолдану туралы шешім қабылдайды. Кей жағдайда, осы кезеңде адам өз ойынан басқа адамдардың да пікіріне жүгінеді. Нақты осы кезеңді Э.Роджерс тікелей эмпирикалық бақылауға қиын кезең деп санайды.

  • Апробация кезеңі, trial stage. Бұл кезеңде жаңаны көлемі ықшам жерде апробациядан өткізіп, адам ол жаңаның өз мәселелерін шешуінде немесе нақты бір жағдаятқа қатысты тиімді болатынын-болмайтынын анықтауды мақсат етеді. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігі – осыға дейін адамның ой-санасында модельденіп келген жаңалықты енді сыртқа шығарып, нақты көрінісін тәжірибеге түсіру. Осы кезеңнің тағы бір ерекшелігі – нақ осы кезеңдегі тәжірибеден соң адам бұл жаңаны осыдан әрі қарай өзіне қабылдайтынын не қабылдамайтынын да шешеді.

  • Түпкілікті бейімделу кезеңі, adoption stage. Бұл кезеңде адам осы жаңаны толық қабылдауға көшеді. Анығырақ айтқанда, осы жаңаны кең ауқымда пайдалану шешімін қабылдайды.

    Инновациялық әрекеттің үздіксіз көшке өту не өтпеу кезеңдері осы аталған бес кезеңнің кез келгені болуы мүмкін. Қалай дегенде де, кез келген жаңаның табысты болуы сол жаңаны енгізуші тұлғаның мінез-қылығына, өзін ұстауына, болмысына көптен-көп байланысты болады. Нақты айтсақ, инновациялық әрекетте ғалымдар атап көрсеткеніндей, жаңаны тасушы адамның инновациялылығы, жаңашылдығы үлкен орын алады. Инновациялылық дегеніміз – адамның жаңаның енгізілуіне деген эмоциялық-бағалаушы қатынасы, көзқарасы.
    Төмендегі кестеде ғалымдардың «инновация» ұғымына берген анықтамаларына контент-талдау жасадық.
    Біз осы берілген анықтамаларды талдай отырып, «инновацияның» ғылыми әдебиеттерде жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық; жаңа мазмұнды ұйымдастыру; жаңаша білім беру; теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы; жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет; кәсіби іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі; оқу-тәрбие үдерісінің сапалы жаңа өзгерісі; жаңа мазмұнды ұйымдастыру; жаңалықты енгізу құралын жасау, жаңалықты тарату, қолдану және жинақтау тұрғысынан қарастырылғанын байқадық, мазмұны 2 - кестеде берілген.

    Кесте 2 – Ғалымдардың жалпы инновация ұғымына берген анықтамаларына контент-талдау





    Автор

    Анықтама

    1

    2

    Э. Роджерс

    Инновация дегеніміз – жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық

    Т.И. Шамова,
    П.И. Третьяков

    Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үдерісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз

    Энциклопедиялық сөздіктерде

    Инновация – жаңаша білім беру

    А.И. Кочетов

    Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы

    В.Кваша, В. Лапин

    Инновация дегеніміз – бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіби іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі

    Я.С. Турбовской

    Инновация дегеніміз – жаңашылдық озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үдерісінің сапалы жаңа өзгерісі

    Н.Нұрахметов

    Инновация дегеніміз – қайта жаңарту кеңістігі

    1. - кестенің жалғасы




    1

    2

    Ш.Т.Таубаева

    Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үдерісі

    Қ.М.Нағымжанова

    Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру

    М.М.Мұқаметқали

    Инновация – қоғамның мұқтаждығына сәйкес жаңалықты енгізу құралын жасау,жаңалықты тарату, қолдану және жинақтау, сонымен қатар, өзінің өмірлік циклі өтетін әлеуметтік және заттық ортадағы берілген жаңалықпен ұштасқан өзгерістер үдерісі

    Инновация бір ғана жүйеде шектеліп қалмай, жалпы сипатқа ие бола алатын сипаты инновацияға қатысатын барлық субъектілердің ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Өйткені инновациядағы субъект дегеніміз – өзін қоршаған ортаны терең танып-білуге және біліміне сүйеніп ортаны өзгертуге ұмтылған, санасы мен ерік-жігері қуатты, алдына қойған мақсатына қарай тіке жүре алатын адам.


    Ғалымдардың айтуынша, инновация субъектінің басты сипаты – инновациялық әрекет жасаудағы өзіндік саналылығы [93]. Нақты айтсақ, инновациялық әрекетке кірген адам өзінің жеке бастамасының мәні мен мазмұнын, бір тұлғаның бойында мақсат қоюшы мен мақсатқа жетушінің бірлігі танылатынын терең түсініп әрекет етуі керек. Мұғалім инновациялық әрекеттің әрі субъектісі ретінде, әрі оны ұйымдастырушы ретінде басқа педагогтермен біріге отырып, жаңаны жасауға, пайдалануға және таратуға кіріседі. Ол жаңаның пәндердің ерекшелігіне қарай, педагогтердің осыған дейінгі қалыптасқан саналарының ерекшеліктеріне қарай, әдет пен дәстүр ерекшеліктеріне қарай бейімделе келіп, өзгерістерге түсуі де мүмкін екенін түсінуі тиіс. Мұның бәрі инновация субъектісінің жаңашыл педагог ретіндегі әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастырады.
    Инновациялық әрекеттің әлеуметтік-мәдени қырлары инновацияның пайда болу заңдылықтары мен үрдістерінің, дамуы мен игерілуінің барлығы есепке алу қажеттілігін айқын танытады. Өйткені бүгінгі күні инновация болып отырған құбылыс ертеңгі күні әлеуметтік-мәдени жүйенің компонентіне айналуы мүмкін. Инновациялық әрекетті педагогикалық үдерісте қандай да бір түйінді мәселелер пайда болып, оның қайталамалы сипатқа ие болу себептерін анықтауға, түсінуге және ол мәселені шешуге бағытталған әрекет деп қарастыратын болсақ, инновациялық әрекетке деген бейімділік барлық мұғалімдерге тән қасиет болып табылады. Мұғалімнің инновациялық әрекетін талдауда В.П. Квашаның көрсетуінше, инновациялық элементтер анықталған соң, оған келесі критерийлер бойынша қысқаша сипаттама беріледі:

    1. инновацияның мәні неде, жаңа идея ма, бұрынғыға жаңа тұрғыдан қарау ма, мектептің жалпы тәжірибесінде қаншалықты көрініс тапқан, бұл инновация педагогикалық шеберікті қаншалықты шыңдай алады, педагогикалық тәжірибені қаншалықты сапалы деңгейге көтере алады;

    2. авторлық қағидалардың негізінде инновацияның қандай элементтері орын алған, қандай ғылыми тұжырымдаманы және қаншалықты толықтырып, байыта алады;

    3. автор қандай нақты әдістер мен амалдар ұсынған, олар қаншалықты жаңашыл және олардың тиімділігі қаншалықты?

    Осындай критерийлерден соң педагогтің инновациялық әрекетінің инновациялық элементтері анықталады. Содан соң олардың барлығына жалпы сипаттама беріледі:

    • педагогтің инновациялық әрекетінің инновациялық мәні – жаңа идея, жаңа тәсілдеме, жаңа ақпараттық қамтамасыз ету, оқытудың жаңа логикасы;

    • инновацияның ғылыми аргументтелуі;

    • бұл инновацияның білім берудегі мүмкіндіктері және оны қолдану аялары;

    • инновацияның тиімділігі, оқушының дамуындағы оң өзгерістер, тиімділігі;

    • инновацияның нәтижелерінің тұрақтылығы;

    • жаппай қолдану мүмкіндіктері қандай екендігі [94].

    Инновациялық әрекетті мұғалімді кәсіби шеберлікке, сол арқылы жаңа жетістіктерге жетелейтін, тиімді нәтижелерге қолын жеткізетін сапалы әрекет деп бағалап отырмыз. Инновациялық әрекет шәкірттердің білім алу жолын оңтайландыруға, жаңа сапалық деңгейлерге көтеруге, балалардың білім алу барысындағы ойлау, сөйлеу, тыңдау, жазу, шешу, жасау дағдыларын жаңа шығармашылық дәрежеге шығаруға арналады. Осынысымен де инновация құнды болып табылады. Еліміздегі білім беру жүйесінің құндылыққа айналуы игілікті инновацияларға көптен-көп байланысты болады. Осы реттен инновациялық әрекеттің құрамында аксиологиялық элемент болады.
    Инновациялық әрекеттің нәтижесінде көптеген әдістемелік немесе дидактикалық, тәрбиелік мәселелер өз шешімін табады. Инновациялық әрекеттің бұл аксиологиялық сипаты мұғалімнің ғана емес, мектептің, тұтас білім беру жүйесінің құндылық парадигмасын биіктетеді. Бұл жағдай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық әрекетке даярлаудың құндылық мәнін жоғарылатады. Оның даму барысы өз кезегінде ұлттық білім беру жүйесінің аксиологиялық құндылығын байытады.
    Педагогтің инновациялық әрекеті – жасампаз үдеріс және шығармашылық әрекеттің нәтижесі. Инновациялық әрекеттің бұл қырын акмеологиялық тұрғыдан бағалайтын болсақ, мұғалімнің кәсіби шеберліктің шыңына жетуге тірек болатын субъективтік және объективтік факторларды оңтайлы пайдалану жолдары бар екенін түсінеміз. Ондай жолдардың акмеологиялық аспектісін талдау арқылы болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлау үдерісінде танылған заңдылықтарды үйрету мүмкіндіктері мол болады. Бұл ретте объективтік жол дегеніміз – педагогтің алған білімі, субъективтік дегеніміз – педагогтің талабы мен таланты, қабілеттілігі, жауапкершілігі мен құзыреттілігі, педагогикалық міндеттерді тиімділікпен шеше алу мүмкіндіктері мен қабілеттілігі. Болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әрекетінің акмеологиялық тұғырының қырлары келесідей: шығармашылық жеке тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру, креативтік тәжірибе, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әрекеті екіжақты үдеріс, бір жағынан, жасампаздық үдеріс, екінші жағынан, шығармашылық әрекеттің нәтижесі.
    Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау барысын полимотивті деп қарай отырып, осы ерекшелікті мүмкіндігінше университетте даярлау барысында ерекше есте тұту қажет. Ғалымдардың пікіріне келісе отырып [95], болашақ педагогтердің мотивациялық дайындығын өздерінің келешектегі мұғалімдік қызметінде кездесетін бағыттар бойынша жүргізу пайдалы және тиімді болады деп санаймыз. Ол бағыттар келесі 8 суретте көрсетілді.



    Сурет 8 – Болашақ бастауыш сынып педагогтерін мотивациялық инновациялық әрекетке даярлау бағыттары


    Осындай бағыттар арқылы болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке деген жайлы мотивтерін қалыптастыру мүмкін болады. Өйткені бұл бағыттар, көп жағдайда, мектеп мұғалімдерінен тыс қалып, оларға тек жоғарыдан түсірілетін дайын әзірлеме түрінде келіп, мұғалім еш қарсылықсыз орындаушы ғана болып қала беретіні белгілі. Осы тұста Назарбаев зияткерлік мектебінің жаңартылған бағдарламаларын жалпы білім беретін орта мектептер үшін трансформациялау барысына қатысушылардың 90%-ға жуық мүшесі мектеп мұғалімдері болғанын атап кетудің маңызы зор. Өйткені, мұғалімдер – инновацияны жасаудың, инновациялық элементтер пайда болуының нағыз ұстаханасында еңбек етеді. Бірақ оларға жоғарыдан келген құжаттар мен оқулықтар – өзгертілуі мүмкін емес «темірдей» болып көрінетін болғандықтан, инновациялық ой, пікірлері тек жекелеген сабақтардың көлеңкесінде қалып қояды. Ал университет қабырғасында дайындалып жүрген студент кезінен бастап жоғарыда көрсетілген 4 бағыт бойынша инновациялық әрекетке деген жайлы мотивациясын қалыптастырған маманның мектепте өзінің педагогикалық кәсібіне кіріскенде инновациялық әрекетке дайын және сенімді қалыпта болатыны анық.


    Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетінің мотивациялық мәнін ғалымдар екі бағытта қарастыру қажет деп жазады. Біріншіден, кәсіби мотивацияның жалпы мотивациялар құрылымындағы орны тұрғысынан, екіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңашылдықтарға деген қажеттілігі тұрғысынан, өйткені нақ осы қажеттілік мұғалімнің кәсіби әрекетінің шығармашылығын өркендетеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін инновациялық әрекетке даярлауда студенттердің мотивациясын қалыптастыру мақсатында, мотивацияның ерекшеліктерін танудың орны зор. Бұл ретте белгілі психологтердің еңбектеріндегі мұғалімнің кәсіби мотивтері туралы пікірлеріндегі мұғалімді материалдық ынталандыру, өзінің болмысын жетілдірудегі ішкі ұмтылыстар, кәсіби мотивтер, жеке тұлғалық мотивтерді атаудың орны ерекше. Өйткені бұл аталған мотивтер инновациялық әрекеттегі мұғалімнің саналылығын көрсетеді [96].
    Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке дайындығы ұғымы мазмұнының келесі мәні ретінде креативтік алынады. Инновациялық әрекет ұғымында креативтіктің ерекше болатын себебі, шығармашылық пен креативтік көзқарас пен әрекет қана инновацияның тынысын қуаттандырып, жаңаның пайда болуына, оның қалыптасып, құндылыққа айналуына тірек бола алады. Күнделікті сабаққа дайындалуы барысында мұғалім өзіне жылдар бойы белгілі болып келе жатқан тақырыбына бір сәтте эмпирикалық деңгейдегі креативтік көзқараспен қарап қалуы мүмкін. Бұл ерекше сәтті ғалымдар алға қойылған мәселеге деген сезімталдық және шығармашылықтың маңызды факторы ретінде қарастырады [97].
    Креативтік мән инновациялық әрекеттің ерекше қозғаушы күші ретінде бірнеше деңгейлерден өтеді. Ол деңгейлердің ерекшеліктері педагогикалық шығармашылықтың туындау, өсіп-жетілу үдерісін білдіреді:
  • 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет