Стамбекова жазира курмангалиевна


Оқу-жағдаяттық ойын: «Мен әзірлеген авторлық инновациялық жүйе»



бет36/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Оқу-жағдаяттық ойын: «Мен әзірлеген авторлық инновациялық жүйе»
Оқу-жағдаяттық ойынның міндеттері:

  • болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық әрекетке даярлығын оқу-жағдаяттық ойын негізінде дамыту;

  • бакалаврлердің шығармашылық-инновациялық ойлау қабілетін дамыту;

  • бакалаврлердің кәсіби және сыни ойлау қабілетін дамыту;

  • инновациялық жүйеге сарапшы ретінде қабілетін дамыту (кесте 18).

Кесте 18 – Оқу-жағдаяттық семинардың құрылымы





Оқу-жағдаяттық ойынды әзірлеу жоспары

Оқу-жағдаяттық ойынды өткізу жоспары

Назарға алынатын мәселе

1

2

3

Топтағы барлық студенттерге алдын ала инновациялық педагогикалық технологиялар туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары, кітаптар, еңбектердің тізімі берілген.

  1. Ойын жүргізушісі бүгінгі іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығы туралы хабарлайды. «Республикалық бәйге ««Мен әзірлеген авторлық инновациялық жүйе» деп аталады.

  2. Оқу-жағдаяттық ойынның өткізілу процесін түсіндіру

  3. Рөлдерге бөліну:

- «инноватор -мұғалімдер»;
- «мектеп мұғалімдері»;
- «мектеп әкімшілігі»;
- «сарапшылар»;
- «ғалымдар»;
- «журналистер».

  1. Оқу-жағдаяттық ойынның кезеңдері:

  • бірінші кезең – «инноватор-мұғалімдердің» авторлық инновацияларымен таныстыруы;

  • екінші кезең – қатысушылардың талқылауы;

  • үшінші кезең – сарапшылардың

Көркем безендірілген аудитория, Ойын тақырыбы интерактив тақтада жазулы.
Фотоаппарат.

Топтағы барлық студент бірден қатыса алмауы мүмкін. Сондықтан дайындығы жоғары 6-7 студенттің тізімі бекітілді.

Ереже алдын ала 2-3 күн бұрын әзірленіп, таратылады.

Әр қатысушыға Бәйгенің ережелері таратылды

Оқытушы «инноватор-студенттердің» дайындығын алдын ала бақылап, жетекшілік етеді.

Әр қатысушыға өзінің инновациялық жүйесін таныстыруға қажетті реквизиттерді алдын ала әзірленді

«Инноваторлардың» авторлық тұжырымдамасын жасауын бақылау

«Ең үздік авторлық инновация» тұжырымдамасы мен бағалау өлшемдері әзірленді.

Сарапшылар үшін бағалау өлшемдерін ғылыми негіздерге сүйене отырып әзірлеуін бақылау

18 – кестенің жалғасы





1

2

3




  • қорытындысы;

  • төртінші кезең – журналистердің таңдаған инноватор мұғаліммен интервью жүргізуі.

  1. Ойынды жүргізушінің ойынды аяқтауы.




«Инноватор-мұғалімдердің» презентацияларын жобалау.




Презентациялардың дидактикалық, психологиялық талаптарға сәйкес болуын бақылау

Бұл оқу-жағдаяттық ойынды өткізу барысында бакалаврлердің инновациялық үдеріске, инновациялық әрекетке қарай бетбұрыс жасауы ерекше болды деуге болады. Өйткені, студенттер өздері еңбектеніп ізденіп, терең еңбек пен танымдық ізденістің ерекше қуатын таныды әрі танытты. Бірінің-бірі білімін толықтырып, педагогикалық, білім алу таланттарын іске асырды. Сонымен бірге, студенттердің оқу-жағдаяттық ойын процесінде ғылыми-әдіснамалық біліміне сүйене отырып «авторлық инновациялық жүйе» құрастыру, ғылыми негізге сүйене отырып «сарапшы» болу, теориялық білімін тірек етіп «мектеп басышысы» немесе теория мен тәжірибеге негізделген «әріптес мұғалім» ретінде пікірлерін айту, тіпті «журналист» болудың өзінде интервью алмақшы болып тұрған мәселе туралы жан-жақты хабардар болуы керектігін саналылықпен түсініп орындауы – барлығы ойын-сабақты шынайы өмірдегі ізденіске айналдырды.


Біздің ойымызша, педагогтердің өздерінің инновациялық әрекетін теориялық тұрғыдан түсінуі немесе түсінбеуі – жүйелілікпен инновациялық әрекетке етуге не себін тигізетін, не кедергі келтіретін мәселе. Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің өзіндік инновациялық жүйенің авторы болуға талпынысында теориялық білімі мен соған сүйеніп әзірлеген немесе пайдаланған практикалық әдістерінің үйлесімді тұтастық байқалды. Бұл сабақ та біз әзірлеген әдістемелік жүйенің бакалаврлердің инновациялық әрекетке даярлығында теориялық және практикалық білімнің ұштасу сәттерін арнайы сабақта меңгерту қажет деген бағытын дәлелдей алды.
Оқу-қалыптастырушы кезеңде эксперименттік топта жүргізілген студенттердің Жоба жұмыстарынан да бір үлгі келтіріп өтеміз. Студенттерге ұсынылған Жобалардың бірі «Ыбырай Алтынсариннің мектеп-интернат жобаларына талдау жасау» деп аталды. Осы тақырып бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі эксперименттік топта «Ыбырай Алтынсариннің қыздарға арналған мектеп-интернаты – заманының инновациялық технологиясы» атты Жобаны атап өту керек. Бұл Жоба «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курстың «Инновациялық әрекетке даярлану үдерісіндегі стратегиялық, тактикалық, оперативтік іс-әрекеттер» тақырыбы бойынша ұсынылған болатын.
Студенттер Ыбырай Алтынсариннің қыздарға арналған мектеп-интернат ашу және ондағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы ағартушы-ұстаздың инноватор ретіндегі стратегиясы мен тактикасы, оперативтік іс-әрекеттері туралы өз ойларын ғылыми дәлелдеуге тырысып, табысты Жоба орындап шықты (сурет 36).



Сурет 36 – Ы.Алтынсариннің инноваторлық қызметі туралы (Жобадан)

Бұл Жобаны орындау барысында студенттер өздерінің инновациялық сарапшылық әрекетке даярлану дағдыларын көрсете алды. Студенттер Ыбырай Алтынсариннің инноваторлық қызметіндегі Ұстаздың стратегиясы, тактикасы, операциялық іс-әрекеті туралы талдау жасап, көптеген ақпараттарға жаңаша көзқараспен қарай алғанын айтты.


Ұстаздың инновациялық стратегиясы – қазақ даласына мектептер салу, тактикасы – жақсы мұғалімдер даярлайтын училищелер ашу, ал операциялық іс-әрекеті – оқушыларға арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтар, оқу құрал, кітаптар жазуы деп көрсете алған студенттердің алдағы мұғалімдік қызметінде инновациялық «дәндері бар» педагогикалық үдерісті тани алатын, талдай алатын, жасай алатын қазақстандық жақсы педагог-тұлғаға айналу мүмкіндіктері бар екені анықталды. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау кезеңдерінің мазмұнында берілген өзіндік жұмыс пен жоба әдістерінің де әдістемелік ерекшеліктері түзіліп, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты өткізуге дайындалған оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енгізілді.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау үшін жасақталған «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курс бағдарламасы мен «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» оқу-әдістемелік құрал алға қойылған мақсатқа қол жеткізуде сенімді оқу-дидактикалық тірек болды. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге жетелейтін барлық іс-әрекет нәтиженің бір бөлшегі болып табылады. Әр дәріс пен әрбір практикалық, лабораториялық, өзіндік сабақта алға басқан қадам мен оның нәтижесі түпкі көзделген нәтижеге жеткізетін сүрлеу жол болып қаланды деп айта аламыз. Келесі меже –қалыптастырушы кезеңді ұйымдастырып өткізу, онан соң бақылау кезеңінде студенттердің инновациялық әрекетке теориялық-практикалық даярлығын кесінді тапсырмалар арқылы тағы бір тексеру жүргізіледі. Келесі тармақшада олардың жүргізілу логикасы сипатталады және қол жеткізілген нәтижелері талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет