Стамбекова жазира курмангалиевна


ҚОСЫМША Г Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекетінің деңгейін анықтауы сауалнамасы



бет43/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ҚОСЫМША Г

Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекетінің деңгейін анықтауы сауалнамасы




«Құрметті студент! Өзіңізді төменде ұсынылған топтардың қайсысына жатқызасыз? Таңдаған топтың жанына «⁕» жұлдызша қойыңыз»
Бірінші топ. Сіз барлық уақытта ізденіп жүресіз, оқытудың инновациялық технологияларына өте қызығасыз. Ұнатқан инновациялық технологияны батыл түрде сабақтарыңызда қолданасыз, тәуекелге бара аласыз.
Екінші топ. Сіз жаңашылдықпен қызыға танысасыз, бірақ жаңа идеяларды бірден сабақта қолдануға асықпайсыз, оның мақсаттылығын түрлі қырынан анықтап аласыз. Сіздің пікіріңізше, сізге жақын келетін жағдайыңызда сынап алғаннан соң ғана инновациялық әрекеттерді сіз қолдана аласыз.
Үшінші топ. Сіз инновацияны, жаңашылдықтарды жайлап қана қабылдайсыз. Сіз алдыңғы қатарда болуға ұмтылмайсыз, бірақ артта да қалғыңыз келмейді. Сіз педагогикалық ұжымның жартысынан көбі қабылдаған инновацияны ғана қабылдайсыз.
Төртінші топ. Сізде инновацияға деген сенімділіктен гөрі күмәндану басымдау. Дәстүрлі, үйренген әдістемені қолдану өте дұрыс деп санайсыз. Инновациялық әдістерді көптеген мектептер мен мұғалімдердің басым бөлігі қолдана бастағанда ғана қолдануды бастайсыз.
Бесінші топ. Инновацияны сіз ең соңынан қабылдайсыз. Өйткені новаторлар мен жаңашылдардан қателіктер күтуге болатынына сенімдісіз.
Жауабыңызға рахмет!
Бастауыш сынып мұғалімдерінің жауабын талдау барысында келесі нәтижелер анықталды.


ҚОСЫМША Д

Кесінді тапсырмалар


1-кесінді тапсырма. «Инновациялық әрекет» деген ұғымға берілген анықтамалардың ішінен дұрысын белгілеңіз.

Кесте Д 1





Инновациялық әрекет дегеніміз -



кәсіби әрекет түрі, оның мазмұны оқытудан, тәрбиеден, білім беруден, түрлі оқу орындарындағы білім алушыларды дамытудан тұрады.

алда келе жатқан ұрпақтың өзінің соңынан ізін басып келе жатқан ұрпаққа мәдени-тарихи тәжірибесін беруге бағытталған әрекет.

білім беру үдерісін ұдайы жаңартып, жаңа леп алып келетін, тоқырау мен тоқтап қалудан сақтайтын маңызды әрекет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет