Стамбекова жазира курмангалиевна



бет7/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беру саласына қатысты, инновация, инновациялық технологиялар негізінде оқытуға қатысты Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығына 1-қосымша. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 175-қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «10» мамырдағы № 199 бұйрығына 12-қосымша ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 187-қосымша), ҚР Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша «Педагогтің кәсіби стандарты, қазақстандық және шетелдік педагогикалық, психологиялық инновация теориясына қатысты ғылыми зерттеулер мен әдебиеттер, ғылыми басылымдар, сөздіктер мен анықтамалықтар, оқулықтар мен оқу құралдары, БАҚ және интернет ресурстар.
Зерттеу кезеңдері
Бірінші кезеңде (2018-2019 жылдар) – философиялық, инновация теориясына қатысты, дидактикалық педагогикалық психология, әдістемелік, педагогикалық тұрғыдан ғылыми еңбектер, әдебиеттер, баспасөз материалдарын талдау негізінде мәселенің зерттелу дәрежесіне шолу жасалынды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты дайындалды. Теориялық талдаулар негізінде «инновациялық әрекет» ұғымы мен «болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлау» түсінігінің мазмұны нақтыланды, құрылымы анықталды. Зерттеудің әдіснамалық негіздері айқындалып, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың әдіснамалық тұғырлары басшылыққа алынып, зерттеу әдістері таңдап алынды. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың мүмкіндіктері анықталды.
Екінші кезеңде (2019-2020 жылдар) – жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері түзіліп, соған сәйкес деңгейлерін (жоғары, орта, төмен) құрайтын жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі дайындалды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үдерісі ұйымдастырылып, анықтаушы кезеңі, яғни жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың бастапқы деңгейі анықталды. «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсының бағдарламасы; студенттерге арналған «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралы; ЖОО білім алушыларына арналған «Ғылыми-инновациялық портал» жобасы әзірленді. Әдістемелік кешенін тәжірибелік-эксперименттен өткізу жұмысының мазмұны мен кезеңдері, жүзеге асыру логикасы нақтыланды. Қалыптастыру кезеңінде ЖОО-да тәжірибеге ендірілді.
Үшінші кезеңде (2020-2021 жылдар) – жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бақылау кезеңі ұйымдастырылып, эксперименттің жалпы қорытындылары өңделді, түзетулер мен толықтырулар жасалынып, тиімді нәтиже берген әдістемені практикаға енгізу үшін ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Диссертацияны толыққанды рәсімдеу жұмысы жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет