Тақырыбы: Станциялық бекет ойын Мақсаты: Топтық сайыс арқылы оқушыларды көркем мінезге, адамгершілікке, ізгілікке, топ ішінде жұмыс жасауға, тапқырлыққа баулу. Оқушыларды «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының тарихымен таныстыру. Балалар мен жасөспірімдердің ой - санасындағы химия, биология туралы білімдерін толықтыру, адам, қоғам дамуындағы, тұрмыс – күй, шаруашылық кәсіптеріндегі кен – байлықтардың маңыздылығын меңгерту.
Міндеттері: Әлеуметтік – танымдық іс – шаралар ұйымдастыру арқылы өзін – өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;
Қазақстан жерінің кен- байлықтары мен адамзаттық құндылықтарын меңгерту;
Қазақстанның болашақ азаматтарын еліне, жеріне деген патриоттық сезімде тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Музыкалық құрал-жабдықтар, АКТ, слайд ,презентация Жүргізушілер: Іс-шараның барысы: ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн, қадірменді, жас достар!
ЖҮРГІЗУШІ: Зерделіде зерек жастарымыз «Сәлем, Балдәурен!» атты станциялық бекет ойынына қош келіпсіздер!
ЖҮРГІЗУШІ: Достарменен бөлісетін шаттығын,
Білім, білік танытатын атты күн. Дүбірлі бұл додадағы қайратпен, Шын жүйрікті анықтайтын сәт бүгін, - дей отырып біз ойынымызды бастаймыз. ЖҮРГІЗУШІ:Сайысымыздың шарттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайыс топтық негізде жүргізіледі, сайысқа топта қанша оқушы болса, барлығы қатысады. Сұрақтарға жауап беруге мүмкіндіктері бар. Әр топқа 5- сұрақтан қойылады.
Уақыт мөлшері 7-минут . Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда
1-ұпайдан қойылады.
ЖҮРГІЗУШІ: сайысымыз 8 бекеттен тұрады