Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар



бет1/2
Дата25.04.2023
өлшемі21,07 Kb.
#86884
түріРегламент
  1   2
Байланысты:
3 лек


Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар

Техникалық заңнама – техникалық объектілерге, өнімге, оның өмірлік циклі үдерістеріне, қызмет көрсетуге және қойылған талаптардың сақталуын тексеруге қатысты талаптарды регламенттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.


2004 жылдың 9 қарашасында қабылданып, 2005 жылдың 14 мамырынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы 1996 жылдың 16 шілдесінде қабылданған
«Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдарының күшін жойды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуі құқықтық тұрғыдан өнімнің, қызмет көрсетудің және үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің жаңа кезеңінің басталуы болып табылады.
Құрылып жатқан техникалық реттеу жүйесінің жұмысын әрі қарай жетілдіруде келесі маңызды қадам, ол 2006 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы. Осы заң бойынша бұрын қабылданған заңның 274 баптарына, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы» Заңының 29 – бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Техникалық реттеу жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты, ол адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғаудың нәтижелі жүйесін құру және саудада қисынсыз, артық кедергілерді болдырмау.
Ол үшін:
– өнімнің ерікті стандарттарын міндетті техникалық регламенттерден бөлу (өмір мен денсаулықты қорғауға қатысы барларын);
– ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен ең жоғары деңгейде үйлестіру;
– сәйкестікті растау жүйесін ымырашылдандыру және әрбір мүмкін жағдайда сәйкестікті ерікті растау сызбасын енгізу;
– тәуелсіз және ала аламайтын аккредиттеу жүйесін құру;
– Қазақстанның сәйкестік сертификатының шетелдік нарықта мойындалуына қол жеткізу сияқты шаралар көзделеді.
Практика тұрғысынан Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдауға қандай ішкі және сыртқы себептер ұйытқы болғанын білу маңызды. Мұндай себептердің бастылары мыналар:
– бірінші жағдай – елдің техникалық заңдылықтарын дамыған шетелдердің заңдылықтарына мүмкіндігінше жақын үйлестіру. Тек қана осындай үйлестіру арқылы еліміздегі бизнес қазіргі замандағы экономикалық кеңістікке кіре алады және барлық болып жатқан өзгерістерге дер кезінде құлақ асып, бәсекелестілікке дайын болуға тырысады.
– екінші жағдайда – кәсіп иелерінің талпынысы мен азаматтық бизнесіне мемлекет тарапынан қойылатын артық әкімшілік кедергілерді болдырмау. Стандарттарда келтірілген санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б. өте көлемді және нашар реттелетін міндетті талаптар кәсіп иелерінің жұмысын шектейді.
Осы жағдайдан туындайтын мәселелерді шешудің басты бағыты − тексеру жұмыстарының маңызды бөлімдерін реформалау, шаруашылық іс-әрекеттерге қатысушыларға қойылатын мемлекеттің міндетті талаптарын инвентаризациялау. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша кәсіп иелерінің іс-әрекеттері тек қана Заң арқылы шектеледі және Конституция нақтылы түрде қорғайтын жағдайларға қатысты жүргізіле алады. Осындай Конституция қорғайтын жағдайлар – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу.
Міндетті талаптарды үйлестіруге тырысу, жоғары деңгейдегі нормативтік актілер арқылы кәсіп иелерінің қаржылық емес сипаттағы міндетті талаптарын белгілеу қазіргі заманға тән дүниежүзілік тәжірибеден туындайды. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында келтірілген отандық техникалық реттеу жүйесі осы тәжірибені ескере отырып құрылған.
Техникалық реттеу туралы түсініктемеТиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағытталған шараларды қолдану арқылы құрыла алады.
Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әртүрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан тауарды нарыққа шығарғанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практикамен салыстырғанда үстеме шығынға әкелетін жағдайларды айтады.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарының бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады.
Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъектілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу-санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталауын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, үдерістерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.
Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрінде белгіленіп келеді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері және т.б.). Техникалық реттеудің мұндай жүйесі халықаралық практикаға сәйкес емес. Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжат түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелдеу негізі ретінде қарастырылады.
Техникалық регламенттің мысалы ретінде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен, қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы, Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75 пайызы қамтылған.
Өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни оларға үлкен сенім білдіріледі. Еркін нарық жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламенттердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды.
Техникалық реттеудің халықаралық жүйесінің құрамына техникалық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осындай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым сызбасы дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданылады.
Техникалық реттеу объектілері – өнім, көрсетілетін қызмет, үдерістер. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техниклық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Техникалық реттеудің басты элементтері:
– өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты үдерістерге міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау.
– өнімге, өнімнің өмірлік цикліне қатысты үдерістерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.
– сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу.
Бірінші элемент метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет