Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады



Дата11.11.2022
өлшемі14,83 Kb.
#49337
Байланысты:
Эссе Коныр апай


Стандарттаудың негізгі мақсаты-техникалық прогресті жеделдету, өндіріс пен еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру, оның ішінде инженерлік басқару, өнім сапасын жақсарту жыне оның оптималды деңгейіне жетуін қамтамасыз ету жатады.  Стандарттау - нақты қойылып отырған жөне ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте жөне ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
- өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.
- өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
- өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапа-сын ғылыми. техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
- өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
- ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
- елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
- табиғи жөне техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет