Тақырып: «Интернеттің пайдасы мен зияны» Орындаушылар: Жұмагерей Абдрахим
Нуридин Нұрай
Ғылыми жетекшісі: Серікбосынова Ә.Б.
Алматы, 2023
Мазмұны
I. Кіріспе 1.1. Бүкіләлемдік өрмек ғаламтор
1.2. Білгенге ғаламтор ғаламат - ақ
II. Негізгі бөлім 2.1. Айшылық алыс жерлерден, Жылдам хабар алғызды
2.2. Интернет және денсаулық
2.3. Сауалнама нәтижесі
III. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиет
Зерттеудің мақсаты: Адамдардың бойындағы интернетке тәуелді әрекетқылықтың алдыналу шараларын қарастыру, ғаламтордың тиімділігіне көз жеткізу.
Зерттеудің міндеті:
Ғаламды тордың бізге беретін көптеген мүмкіндіктерін пайдалану;
Кіріспе Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бірбірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.
Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе фасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.
Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда балды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
Интернеттің негізі АҚШда жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайтды.