Стартап қызметіне арналған қажетті ресурстар


Адами ресурстарды басқару жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады



бет5/6
Дата22.11.2022
өлшемі6,38 Mb.
#51651
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 11 (1)

Адами ресурстарды басқару жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • білікті қызметкерді тарту, оның кәсіби қасиетін қолдау және дамыту;
  • қызметкердің тиімді және өнімді жұмысы үшін жағдай жасау;
  • қызметкердің ұзақ мерзімді ынталандыруын қалыптастыру.

Қызметкерді басқарудың негізгі функциялары:

  • өндіріс мақсатының ең жақсы жетістігі үшін ұйым қызметкерін іріктеу, жалдау және қалыптастыру;
  • қызметкерді бағалау;
  • әр жұмыскердің шығармашылық белсенділігін тудыруға ықпал ететін кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын және моральдық климатын дамыту;
  • жұмыскер мүмкіндігін жақсы пайдалану және оған сыйақы беру;
  • әр жұмыскер алдында ұйымның әлеуметтік жауапкершілігінің кепілдігін қамтамасыз ету.
  • бар кадрлық әлеуетті талдау және перспективаны есепке ала отырып оның дамуын жоспарлау;
  • персоналды ынталандыру,
  • кадрларды бағалау және оқыту,
  • жұмыскерлерді жаңалыққа бейімделуіне көмектесу,
  • ұжымда әлеуметтік жайлы жағдайды жасау,
  • қызметкерлердің психологиялық сәйкестігінің жиі мәселелерін шешу дәне т.б.

«Әңгімелесу» іскерлік ойыны

  • Ойын жағдайларын нұсқалар бойынша сипаттау
  • 1-нұсқа. «МАРС» ЖШС «Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер» лауазымына әңгімелесу жүргізеді. Студенттер арасынан әңгімелесуге қатысатын жұмыс берушінің өкілдері (директордың персоналды басқару жөніндегі орынбасары, директордың маркетинг жөніндегі орынбасары, психолог, қызметкерлерді басқару жөніндегі маман, клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджер), 3-4 адам жұмыс іздеушілер іріктеледі. Бұдан басқа, тәуелсіз сарапшылардың тобы құрылады.
  • 2-нұсқа. Ақмола облысының Денсаулық сақтау министрлігі «Лицензиялау және аккредиттеу жөніндегі маман» лауазымына әңгімелесу жүргізеді. Студенттер арасынан әңгімелесуге қатысатын жұмыс берушінің өкілдері (сарапшылар) (департамент басшысының орынбасары, персоналды басқару бөлімінің бастығы, лицензиялау және аккредиттеу бөлімінің бастығы, кадрлар жөніндегі маман) және 3-4 адам жұмыс іздеушілер іріктеледі. Бұдан басқа, тәуелсіз сарапшылардың тобы құрылады.
  • Жұмыс берушінің өкілдері үміткерлерге қойылатын талаптарды құрады, әңгімелесу жүргізу үшін сұрақтардың тізімін құрады. Фирма мақсаты – олардың көзқарасы бойынша өте лайықты маманды іріктеу.
  • Әңгімелесу қорытындысы бойынша жұмыс берушінің өкілдері әр жұмыс іздеуші бойынша қорытындыны ресімдеуге және олар қай үміткерді жұмысқа алатынын және не себепті екендігін анықтауға тиіс. Бұл ретте олар бірде бір үміткерді алмауы да мүмкін.
  • Бос лауазымға үміткерлер өзінің кәсіби өмірбаянын ұсынады, түйіндемені ресімдейді және әңгімелесуде мінез-құлық стратегиясын қалыптастырады. Әр үміткердің мақсаты – бір біріне бәсекелесе отырып жұмысқа алынуға тырысады.
  • Тәуелсіз сарапшылар іскерлік ойынның барысын қадағалауды жүзеге асырады. Жұмыс іздеушілер де және жұмыс берушілердің өкілдері жұмыстағы жетістіктер мен кемшіліктерді тіркейді. Іскерлік ойын аяқталған соң сарапшылар оны объективті бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет