Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынас мәдениеті


Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ. Саиф Сараи 33



бет3/4
Дата09.02.2023
өлшемі31,98 Kb.
#66397
1   2   3   4
Байланысты:
Афоризмдер Қайруллаев Нұртілек

32.Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.
Саиф Сараи
33.Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.
Василий Ключевский
34.Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Лев Толстой
35.Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.
Адольф Дистервег
36.Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де ,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.
Лев Толстой
37.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
Константин Ушинский
38.Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.
Василий Ключевский
39.Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.
Мағжан Жұмабаев
40.Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
Константин Ушинский
41.Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Василий Сухомлинский
42.Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.
Мағжан Жұмабаев

43.Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы
Ұстаз болу — адамның асылдығы.
Ғафу Қайырбеков
44.Бала жүрегі — кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек.
Мұхтар Шаханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет