Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі



бет5/6
Дата09.10.2024
өлшемі33,06 Kb.
#147504
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ұстаз күні іс шара 6ә

IІ жүргізуші:
«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Ән: «Мұғалім – ол бізідің»
I жүргізуші:
— Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Оның сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
IІ жүргізуші:
— Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар?
Мұғалім:
— Алдыңыздағы жазылған нөмірлер бойынша гүлдерді алуыңызды сұраймыз.
«Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
— Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
— Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?
— «Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
— Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
— Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
— Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
— Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
— Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
— Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
— Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Мұғалім:
— Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге дән ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына «смайликтер» арқылы көрстіп, қайталап берсеңіз дейміз. Және бір өтініш, сізге ұнаған сұрақты қойған оқушыға мына сыйлықты қолтаңбаңызбен табыс етсеңіз дейміз.
(қонақ берілген сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, оқушыға табыс етеді)
I жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
IІ жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет