1.Ұстаздың арнайы кәсіби құзырлығының психологиялық негізлері.
2.Ұстаздың даралық және әлеуметтік кәсіби құзырлықтарының педагогикалық-психологиялық негіздері.
Кестені толтырыңыз:
Анықталатын мәселенің түрлері
Оның пайда болуының себептері
4. Бағалау критерийлері
Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:
100-90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;
89-75 балл - материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;
74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;
49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырылмаған.
Арнайы құзыреттілік — өзінің кəсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Əлеуметтік құзыреттілік — кəсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі — педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше, құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім — қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нəтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шəкіртті оқытуда, білім беруде, тəрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру — кезеңдік үдеріс, яғни педагогикалық іс-əрекетте үнемі кəсіби шеберлікті арттыру қажет жəне аталған сатылар əрдайым қайталанады, бірақ жаңа сапада. Өзін-өзі дамыту үдерісі биологиялық, əлеуметтік жеке тұлғалық ерекшеліктерге байланысты, ол жеке өмірін саналы ұйымдастырса, өзіндік дамуында қамтиды. Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі əлеуметтік ортаға тəуелді болып келеді, сондықтан орта кəсіби өзіндік дамуды ынталандыруы қажет. Білім беру нəтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі — бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын жəне білім беру стандарты формасында тіркелетін нəтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, əлеуметтік мəдени тəжірибенің идеалды формада сақталатынына əлбетте қол жететін көрінісі екені мəлім.
Екінші тұрғыдан, білім берудің нəтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тəжірибесі оған кез келген жағдайда адекватты əрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нəтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы жəне кəсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кəсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең жəне жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бəсекеге қабілеттілік жəне өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады.
Педагог іс-əрекеті білім саласында кəсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-əрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық — іс-əрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-əрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-əрекет бағдарламасын құру үшін қандай əрекеттер жəне қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нəтижесінде əрекет бағдарламасы педагог іс-əрекетінің моделі пайда болады. Іс-əрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кəсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-əрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі.
Кəсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, əлеуметтік тұрғыдан жетілген, əдіс- тəсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кəсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, педагог мамандығы зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-əрекеті көбінде оның кəсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-əрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада — педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды жəне оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Кəсіби оқытушы педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кəсіби білімін (теориялық жəне тəжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кəсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кəсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.
Кəсіби оқыту педагогының кəсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық жəне инженерлік интегралмен анықталады.