Ұстаздық Ұлы қызмет №40 (1275)



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата09.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#8534
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұстаздық - Ұлы қызмет

 №40 (1275)   30 қыркүйек  

 

2015 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 6-7-беттер

 

„



Қазанның бірінші жексенбісі  «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» 

деген хакім Абайдың нақыл сөзін өмірлік ұстанымдарына айналдырған мұғалімдер 

қауымының төл мерекесі. Мектепке келген балғын жүректің санасына білім нәрін себуші 

де, мәдениетке, тәлім-тәрбиеге үйретіп, өмірге жол сілтеп, бағыт-бағдар беруші де, 

мектептің берік тұтқасы  –  ұстаз. 

Шамдары жарқыраған шаһар

 

„



Киелі шаһардың сұлулығы 

ымыртта айрықша көз сүйсіндіреді.



      5-бет.

Нысандар қысқа дайын

 

„



Қазан айының бірінен бастап, 

қалаға ыстық су беріледі.



      3-бет.

құрметті тараз 

қаласының 

тұрғындары!

Қазақ хандығының 

550 жылдығына орай 

Тараз қаласында арнайы 

ұйымдастыру штабы 

құрылған. Штаб Тараз 

қаласы әкімдігінің 301 іс-

бөлмесінде орналасқан. 

(Сүлейменов көшесі, 

№3). 


Байланыс телефон/

факсы: 45-74-65.



қымбатты 

мұғалімдер!

Сіздерді  күз  мерекелерінің 

ішіндегі ерекше мереке – ¬Ұстаздар 

күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз  әр  адамның  жүрегінен 

орын алатын тұлға.

Құрметті мұғалімдер, Сіздердің 

қазақстандық  өскелең  ұрпақты 

тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбектеріңіз 

Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі 

болып табылады. Ол сан ғасырлар 

белесінде  тарих  беттерінде 

таңбаланған анық қағида. 

Бүгінде            Қазақстанның  ал-

дында бәсекеге қабілетті елдердің 

қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз 

кезегінде ұстаздардың мойнына екі 

есе жауапкершілік  жүктейді. Себебі, 

ертеңгі  күннің  қоғамдық-саяси, 

экономикалық  мәселелерін  шеше 

білетін  білімді  де  білікті  ұрпақты 

тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, 

құрметті ұстаздар! 

Білім берудің күрделі міндеттерін 

рухани  бай,  педагогикалық  дары-

ны  бар,  шығармашылық,  кәсіби 

тәсілдерді  жетік  меңгерген  және 

жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға 

ғана  шеше  алады.  Осы  орайда 

қала мектептерінде оқушыларға өз 

білімдерін, жүрек жылуларын беріп, 

«Ұстаз» деген қастерлі атқа лайықты, 

кәсіби біліктілігі жоғары  педагогтар  

жұмыс істеуде. Соңғы жылдары бұл 

салада оң өзгерістер көптеп орын 

алуда.  Тараз  қаласындағы  білім 

беру  мекемелерінің  материалдық 

базасы нығаюда, мультимедиалық 

кабинеттер ашылып, инновациялық 

бағдарламалар  табысты  түрде 

игерілуде.  

Біз,  мұғалімдердің еңбегін терең 

сезіне отырып, педагогтар алдында 

басымызды  иеміз.  Өйткені,  бүгінгі 

ұстаздар шәкірттерін тәрбиелей оты-

рып, олардың өмірде өз орындарын 

табуға жол ашады.  

Сіздердің  осы  бағыттағы 

еңбектеріңіз жана берсін! Сіздерге 

зор денсаулық, жаңа шығармашылық 

табыстар  мен    отбасыларыңызға  

ырыс-береке тілеймін.



Тараз қаласының әкімі    

Н.Календеров

қала-қарбалас

2

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК 2015 Жыл  //



 

„

Күні ертең Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойы тойланатын киелі Тараз шаһарында жағымды жаңалықтар көптеп 



орын алуда.  Оған облыс орталығында аймақ медицинасының дамуына тың серпін беретін С.Асфендияров атындағы Қазақ 

ұлттық медицина университеті филиалының ашылуы дәлел болмақ. 

БіліКТі дәрігерлер өзімізде 

дАйыНдАлАды

 

„

«мәңгілік ел - мұратым» облыстық байқауында үздіктер еңбегі екшеленді.

Өңір тарихын насихаттаған

Индира БАЙҚОНЫС

Облыс  тұрғындарының  денсаулығын 

жақсарту және денсаулық сақтау жүйесін 

медициналық кадрлармен қамтамасыз ету 

мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында 

облыс әкімдігі мен С.Д.Асфендияров атындағы 

Қазақ ұлттық медициналық университеті 

өзара  ынтымақтастық  туралы  екі  жақты 

меморандумға қол қойған болатын. 

Міне, араға көп уақыт салмай, Жамбыл 

медициналық  колледжі  негізінде әлемдік 

деңгейдегі университеттің филиалы ашылып 

отыр.  

С а л т а н ат т ы   і с - ш а р а ғ а   о бл ы с 



әкімінің    орынбасары  Ерқанат  Манжуов,  

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық меди-

цина университетінің ректоры Айқын Ақанов 

қатысып, оқу орталығының лентасын қиды. 

Жиналған жұртшылық алдында сөз алған 

Ерқанат Нұрбапаұлы облыстың денсаулық 

сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар 

турасында баяндап, 85 жылдық тарихы бар 

Қазақ  медицинасының    қара  шаңырағы 

С.Асфендияров университеті филиалының 

қаламызда ашылуы өңірде кадр мәселесін 

шешетінін тілге тиек етті.   

Ал, мәртебелі мейман Айқын Ақанұлы 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы 

өткелі отырған қазақтың қасиетті төрі, киелі 

жері ретінде белгілі өңірдің медициналық 

әлеуеті едәуір артуына да септесетініне сенім 

білдіріп, мұнда интернатура, резидентура, 

магистратурадан өтіп жатқан студенттер білім 

алатындарын жеткізді. 

- 80 жылдық тарихы бар университетімізден 

бүгінге дейін 70 мыңнан астам дәрігерлер да-

ярланып шықты.  Қазір бізде 200 профессор, 

800 доцент, 2 мыңнан астам мұғалім қызмет 

етеді. Аталған білікті мамандар енді Әулиеата 

жеріне  келіп,  жамбылдық  студенттерге 

дәріс оқитын болады. Негізгі мақсат - облыс 

медицинасының әлеуетін көтеру және маман 

тапшылығын жою. Бұйыртса, 2017 жылы бұл 

филиалды ғылыми-зерттеу орталығы ретінде 

қалыптастырамыз, - деді Айқын Ақанов.

Енді  жамбылдық  болашақ  дәрігерлер 

а л ы с қ а   ұ з а м а й - а қ ,   м е д и ц и н а л ы қ 

қызметкерлердің  әлеуетін  жетілдіру  үшін 

шетелдік  мамандардың  көмегімен  (визи-

тинг-профессорлар)  қашықтықтан  оқыта 

отырып, бастапқы медициналық-санитарлық 

көмек (БМСК) деңгейінде диагностикалау 

және  емдеудің  жаңа  технологиялары  мен 

мамандандырылған көмекті енгізу барысында 

қызмет ететін оқу орталығы интервенциялық 

кардиохирургияны  дамыту  мен  диабет 

орталығын ашу, ана мен бала денсаулығын 

арттыруға  бағытталатын  жұмыстарды 

атқаратын болады. 

Профессор  Ақанов  өз  сөзінде  ХХІ 

ғасыр білім мен ғылымның ғасыры екеніне 

тоқталып,  жас  дәрігерлерге  ғылыммен 

жүйелі түрде айналысу үшін жағдай жасау 

өте маңызды міндет екенін де қаперге салды.

Бүгінгі таңда С.Асфендияров атындағы 

Қазақ  ұлттық  медицина  университетінің 

филиалдары Қызылорда, Тараз қалаларында 

жұмысын  бастаса,  болашақта  Алматы  об-

лысында да бұл оқу ордасының бөлімшесі 

ашылады деп күтілуде. 

Көптен күткен қуаныш 

    


Арсен БАЙЗАҚ

Облыстық  көрме  залында  Қазақ  хандығының 

550  жылдық  мерейтойына  және  Конституцияның 

20  жылдығына  орай  бейнелеу  өнерінің  түрлері  –  

суретшілердің, қолөнер шеберлерінің және «Мәңгілік 

ел  –  мұратым»  тақырыбында  фотосуретшілердің 

облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. 

Оған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов 

қатысып,  байқау  жеңімпаздарын  құттықтап, 

шығармашылық табыстар тіледі.

Халық арасында фото, қылқалам және қолөнер 

шеберлерінің шығармашылығын дамыту және оларды 

қолдау, өнер иелерінің арасындағы шығармашылық 

қарым-қатынасты нығайту  мақсатына  негізделген 

байқауға барлығы 67 үміткер қатысты. Оның ішінде 

бейнелеу  өнері  (живопись)  аталымы  бойынша 

–  31,  қолөнер  түрлері  бойынша  –  30  үміткер, 

фотосурет  номинациясы  бойынша  6  үміткер  өз 

туындыларын  ұсынды.  Қатысушылардың  өнерін 

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы 

Мария Жұмағұлова бастаған қолөнер шебері Серік 

Сәдуақасов,  Қазақстан  Суретшілер  одағының 

мүшесі,  суретші  Айдархан  Сихаев,  облыстық 

халық  шығармашылығы орталығы  директорының 

орынбасары Жанат Тұрлығұлова, облыстық тарихи-

өлкетану  музейінің  маманы  Эльма  Ділдәбаева 

саралады. Және жеңімпаздарды арнайы аталымдар 

бойынша марапаттады. Нәтижесінде, бейнелеу өнері 

бойынша Болат Хусайынов, Муратжон Рахимжанов, 

Рахат Cапаралиева, Геннадий Тян, Баймахан Шеримов, 

Николай  Денисов,  Галина  Шумилина,  Мақсат 

Қаңтарбаев, Вегали Тукенов, Мақсат Бексұлтанов 

марапатталса, қолөнер шығармашылығы бойынша 

Асан Бисенов, Ерлан Сметов, Жанар Керимбеков, 

Күлиза Төлегенова, Есен Есетов, Ақерке Қосатбекова, 

Жанерке Базарбекова, Қазым Аманқосов жеңімпаздар 

атанды.  Ал  фотосурет  жанры  бойынша  Ақәділ 

Рысмахан, Алтынбек Қартабаев, Табынбай Абильдаев, 

Диана  Шайхеслямова  жүлделерді  өзара  бөлісті. 

Жеңімпаздарға  арнайы  дипломдар  мен  ақшалай 

сыйлықтар табыс етілді.


қала-қарбалас

3

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК 2015 Жыл  //



еңбек адамы – 

қҰрмет төрінде

 

„

Биыл екінші рет аталып өткен еңбек күні Тараз қалалық мәдениет үйінде 



өткен «әлемнің әміршісі - еңбек» облыстық форумында қорытындыланды.

Ерман ӘБДИЕВ

Әлемде Еңбек күні қыркүйек айының 

соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Еңбек 

адамдарына  деген  құрметті  көтеру 

мақсатында елімізде бұл мереке осымен 

екінші жыл аталып өтуде. Атаулы мереке ҚР 

Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы 

№698  Жарлығымен  бекітілген  болатын. 

Осы айтулы күнге орай облыс орталығында 

да  бірқатар  шаралар  ұйымдастырылды. 

«Ашық есік» күні өтіп, сол акцияның аясын-

да колледж студенттері мен мектептердің 

жоғары  сынып  оқушылары  «Аллана  и 

Д», «Әулиеата Транс Пасс», «Бурно-Со-

лар-1», «Шолақтау», «Жүрек» сынды ме-

кемелерде болып, еңбек ұжымымен, жұмыс 

барысымен  танысты.  Сондай-ақ,  қала 

тұрғындарының арасында жеңіл атлетика-

дан жүгіру өтіп, жоғары оқу орындарының 

студенттері еңбек ардагерлерімен кездесу-

лер өткізді.

Еңбек  күні  мерекесіне  арналған  ша-

ралар  қалалық  мәдениет  үйінде  өткен 

«Әлемнің әміршісі - Еңбек» форумымен 

қорытындыланып,  онда  бірқатар  еңбек 

майталмандары марапаттың төрінде болды. 

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбаса-

ры Тимур Жанке көпшілікті Еңбек күнімен 

құттықтады. Және облыстық кәсіподақтар 

орталығының  төрайымы  Б.Сапарбаева 

мен облыстық кәсіпкерлер палатасының 

директоры  Қарлығаш  Аралбекова  осы 

күннің маңыздылығына тоқталды. Форум 

аясында өңірдің білім, денсаулық, химия 

өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс 

және тұрғын-үй шаруашылығы, энергетика, 

транспорт, металлургия және әлеуметтік 

салалар  бойынша  дамуына  үлес  қосқан 

азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамота-

сымен марапатталды. Сондай-ақ, 40 жыл 

еңбек өтілісі бар, оның ішінде 10 жылын бір 

салада еңбектенген мамандар ведомстволық 

«Еңбек ардагері» медалімен марапаттал-

ды. Олар – «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл 

филиалының  еңбекті  қорғау  бөлімінің 

техникалық қадағалау секторының бастығы 

Кенжебай Көпбасаров, «Меркі аудандық 

ауылшаруашылығы  қызметкерлерінің 

кәсіподағы»  қоғамдық  бірлестігінің 

төрайымы  Сейсекүл  Қалқабаева,  Жам-

был  облыстық  ауруханасының  ардагері 

Айтбай Ибақ, «Қазфосфат» ЖШС Жам-

был  филиалының  секретариат  басшы-

сы  Тәжіс  Мыңжасар,  Т.Рысқұлов  ауда-

ны  Құлан  орта  мектебінің  директоры 

Әмзе  Тәжіковтер.  Шара  облыстық  фи-

лармония  өнерпаздарының  концерттік 

бағдарламасына ұласты.



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Кеше  қала  әкімінің  орынбасары 

Маржан Қожаеваның  қатысуымен  қалалық 

мәслихаттың  кезекті  №44  сессиясы  өтті. 

Күн  тәртібінде  тұрған  бірінші  мәселе 

–  қаланың  қысқа  дайындығы.  Шаһарда 

шоғырланған барлық нысандардың қысқы 

мерзімдегі жұмыстарға дайындық барысы 

туралы    қала  әкімдігінің  тұрғын  жай-

коммуналдық  шаруашылық,  жолаушы 

көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 

басшысы Бақытжан Жақсылықов қысқаша 

баяндап, қалаға жылу беруші мекемелердің 

жұмысына шолу жасады. 

-  Жалпы  қала  бойынша  249,  412 

шақырымды  қамтитын  жылу  жүйелері 

бар. Оның ішінде магистральдік жүйелер – 

86,242, ішкі кварталдық жүйелер – 163,459. 

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамыту  

бағдарламасы аясында республикалық бюд-

жет есебінен Байзақ батыр көшесіне дейін 

ЖК-410, ЖК-411 Абай, Қазыбек би көшесінің 

екінші  бұрылысы  және  Әйтеке  би  жылу 

жүйелерін қайта жаңғырту мен Қойбақов, 

Асқаров, Гамалей көшелеріндегі ЖК-710 

жылу жүйесін қайта жаңғырту нысандары 

бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 

жүргізілуде. Аталған жұмыстар қазан 

айының  10-ы  күні  аяқталады.  Қазіргі 

уақытта 80 пайыз жұмыстар аяқталды. 

Жалпы  қала  бойынша  жылу  беруші 

мекемелер қысқа дайын. Қазан айының 

1-інен тұрғындарға  ыстық су беріледі, - 

деді Бақытжан Алпысұлы. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге 

байланысты  қалалық  №1  сайлау 

округінің  депутаты  Анар  Досымба-

ева  да  мәлімдеме  жасады.  Бұдан  әрі 

мәслихат  депутаттары  қалалық  білім 

беру,  денсаулық  сақтау,  мәдениет, 

жастар  саясаты  және  әлеуметтік  орта 

жөніндегі  тұрақты  комиссияның  есебі 

мен    қала  бойынша  мемлекеттік  кіріс 

басқармасының,  қалалық  бюджеттің 

кірісі бойынша 2015 жылдың жеті айында 

атқарылған  жұмыстары  туралы  шешім 

жобасын  бір  ауыздан  қабылдады.  Жиын 

соңында  қалалық  мәслихаттың  кезекті 

№45 сессия отырысы төрағалығына  №7 

сайлау округінен сайланған депутат Айша 

Ниязбекова тағайындалды. 

 

„

Тараз қаласы әкімінің  



2015 жылғы 22 қыркүйектегі                 

№ 330-ө өкімімен Дүйсекова 

Гүлбахрам Тұрсынқызы Тараз 

қаласы әкімінің баспасөз 

хатшысы, әкімнің кеңесшісі 

болып тағайындалды.

Дүйсекова 

Гүлбахрам 

Тұрсынқызы 

1 9 7 0   ж ы л ы 

туылған,  ұлты 

қазақ, жоғарғы 

білімді, 

2 0 0 2   ж ы л ы 

М.Х.Дулати 

атындағы Тараз 

мемлекеттік 

университетін  

«Қаржы  және 

несие,  эконо-

мист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек  жолын  1988  жылы  Сарысу 

аудандық  сақтандыру  инспекциясының 

инспекторы болып бастаған.

1988-1996 жылдары Сарысу аудандық 

сақтандыру  инспекциясының  инспек-

торы,  аға  экономисі,1996-2005  жылда-

ры- Тараз қаласы, жастар ісі және спорт 

басқармасының  бас маманы,

2005-2066  жылдары  -  Тараз  қаласы 

әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас ма-

маны,

2006-2010  жылдары-  Тараз  қаласы 



әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы. 

2010  жылдың  маусым  айынан  2015 

жылғы  қыркүйекке  дейін  Тараз  қаласы 

әкімі  аппаратының  ұйымдастыру-

инспекторлық бөлімшесінің бас маманы 

қызметін атқарған.



 

„

Тараз қаласы әкімінің  



2015 жылғы 29 қыркүйектегі                 

№344-ө өкімімен Жусанбаев 

Әлім Октябрұлы Тараз қаласы 

әкімінің орынбасары болып 

тағайындалды.

Жусанбаев 

Әлім Октябрұлы 

1 9 6 6   ж ы л ы 

туылған.

1990  жылы 

Алматы теміржол 

транспорт 

инженерлері 

институтының 

құрылыс  және 

жол  жөндеу  ма-

шиналары мен жабдықтары «инженер-ме-

ханик» мамандығы бойынша бітірген. 

Алғашқы  еңбек  жолын,  1990  жылы 

механикаландырылған  қашықтық  тиеу-

түсіру жұмыстарының қоймашы, учаске 

механигі, мастер болып бастаған. 

1993-2007  жылдары  1996  жылдары 

«Достық»  кеденінің    инспекторы,  бөлім 

бастығы,  «Достық»  кедені  бастығының 

орынбасары,  «Достық»  кедені  Алматы 

қаласы  ҚР  Қаржы  министрлігі  КБК-нің 

оқу-әдістемелік  орталығы  бастығының 

орынбасары;  

2007-2008 жылдары «Казэкспортастык» 

сыртқы  экономикалық  байланыстар 

жөніндегі кеңесші;

2008-2011 жылдары Алматы РИВЦ АҚ 

филиалының «ҚТЖ» ҰК бас инженері

2011-2012 жылдары «Казтранссервис» 

АҚ «Южный» филиалының бас инженері, 

техникалық бөлімінің бастығы;

2012-2014 жылдары «МЦПС Хоргос» 

ЖШС-ның директоры;

2014-2015 жылдары «Жасыл Ел-Тараз» 

ЖШС-ның директоры.

Тағайындау

Нысандар қысқа дайын

 

„

Қазан айының 1-інен бастап қалаға ыстық су беріледі.



тіршіліК

4

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК   2015 Жыл  //



Талап орындалады

 

„

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық 



шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Жамбыл-

Жылу»  мемлекеттік мекемесі қоғамдық тыңдау өткізді.   

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ                                                                                       

Жиынға мекеме қызметкерлері, ПИК 

төрағалары  мен  төрайымдары  және 

қала  тұрғындары  қатысты.  Қоғамдық 

тыңдауда баяндама жасаған «Жамбыл-

Жылу» МКК-нің директоры Жұмабек 

Бөлекбаев  алдымен  көпшілікке  қазан 

айының  1-ші  жұлдызынан  бастап 

ыстық  су  берілетіндігін  жеткізді. 

Ал  жылу  жүйесін  қазан  айының 

10-15  аралығында  беруді  жоспар-

лап  отырғандығын  және  жылудың 

Хандық  тойына  байланысты  ерте 

беріліп  қалуы  да  мүмкін  екендігін 

айтты.  Сондай-ақ  мекеме  дирек-

торы  шекті  деңгейдегі  тарифтерді 

бекітудің негізгі себептерін РК-1 және 

Қант  поселкесіндегі  Онкологиялық 

диспансері  қазандықтары  мен  ыстық 

сумен жабдықталуының жаңғыртылуы, 

кәсіпорынның    энергожабдықтарына 

бірінші  энергоаудитті  жүргізу  және 

еңбекақының көтерілуімен түсіндірді.

Мекеме  негізінен,  Тараз  қаласы 

мен Жамбыл, Байзақ және Т.Рысқұлов 

аудандарының  тұтынушыларына 

жылу  қуатымен  қатар,  ыстық  сумен 

жабдықтау  қызметтерін  көрсетеді. 

Негізгі  тұтынушылар  қатарында 

әлеуметтік  мәдени  нысандар  және 

шаһардағы 5 мөлтек аудан бар. Жалпы 

қала бойынша жылу энергиясы өтетін 

жылу  жүйелерінің  ұзындығы  47,6 

шақырымды құрайды. Жазғы маусым-

да Қант поселкесінде жылу қуатымен 

жабдықтау  және  қайта  жаңғырту 

жұмыстары басталып, 2 қазандығында 

жөндеу жұмыстары жүргізілген.

-   Ж а з ғ ы   м а у с ы м   к е з і н д е 

тұрғындарды ыстық сумен жабдықтау 

мұздай  су  судың  шығындарын  арт-

тырып  отыр.  Тариф  1  текше  метр 

су ғ а   3 6 , 0 3   т е ң ге   б ол ы п   от ы р . 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына 

сәйкес,  бөлімшелердің  басшыларына 

қазандықтардағы  қызмет  көрсету 

персона лдарының  жұмыст арын 

күнделікті  бақылап  отыру  қажет.  Ал 

басшылық  құрам,  әсіресе,  жылу  мау-

сымы кезінде қазандықтарды аптасына 

бір рет аралап, тексеріп тұруға міндетті. 

Транспорт паркі толығымен 80 пайызға 

жаңартылып,  базадан  60  шақырым 

қашықтықтағы қазандықтарға қызмет 

көрсету және жанар-жағармай жеткізу, 

жанар-жағармай  бағасының өсуі қатты 

әсерін  тигізіп  отыр.  Атап  айтқанда, 

шығын  көлемі  31,5  пайызды  құрады. 

Қазіргі  жағдайда  Үкімет  жанармай 

бағасының реттелуін бақылаудан алып 

тастаған.  Біздің  есебіміз  бойынша, 

АИ-92  маркалы  бензиннің  1  литріне 

93,75 теңге болатын, ал қазіргі уақытта 

жанармайдың  бағасы  1  литріне  125 

теңгені  құрап  отыр,-  деді  Жұмабек 

Бөлекбаев.Сондай-ақ тұтынушыларды 

жылу қуатымен үздіксіз, сапалы және 

тұрақты жабдықтау үшін 2016 жылғы 

кәсіпорынның орташа босату тарифін 

84,3  пайызға  көтеру  қажет  екендігін 

жеткізді. 

Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2013  жылғы  15 

тамыздағы «Әкімдердің халыққа 

есеп беру кездесулерін өткізу ту-

ралы» №615 Жарлығына сәйкес, 

ағымдағы жылдың 27 қаңтар - 11 

ақпан    аралығында  қала  әкімі 

тұрғындар алдында 2014 жылы 

атқарған  жұмыстары  бойынша 

есепті кездесулерін өткізді.

Қ а л а н ы ң   11   ау м а қ т ы қ 

округтерінде  өткізілген  есепті 

кездесулерге  барлығы  2840 

адам қатысты. Олардың ішінде, 

76 азамат сөз сөйлеп және жаз-

баша түрде 196 ұсыныстар мен 

пікірлерін  білдірді.  Кездесу-

лер  барысында  42  сұраққа  дер 

кезінде  жауаптар  қайтарылып, 

өзге  42  мәселе  бойынша  бөлім 

б а с ш ы л а р ы м е н   ж а з б а ш а 

түрде  түсініктемелер  берілді. 

Түпкілікті  шешімін  тауып 

орындалған  мәселелер  саны  – 

32.  Бұдан  өзге,  бүгінгі  таңда 

78  мәселе  бақылауға  алынып, 

жұмыстар атқарылуда.

Осы көтерілген мәселелердің 

ішінде  түпкілікті  шешімін 

табу  үшін  қосымша  қаражат 

пен  уақытты  талап  ететін  18 

сұрақ  сарапталып,  негізгі  8 

бағытқа  топтастырылды.  Бұл 

сұрақтардың шешімі бақылауға 

алынып,  қала  әкімдігінің  2015 

жылғы  18  ақпандағы  №137 

қаулысымен іс-шаралар жоспа-

ры бекітілді.

Бүгінгі  күнге  18  мәселеден 

8-і шешімін тапты. Олар:

1.  «ҚазТрансГаз  Аймақ» 

АҚ-ның  өкілдері  Олжабаев 

көшесіндегі  асфальт  жолды 

қалпына келтірді.

2.  «Бәйтерек»  (13)  мөлтек 

ауданының  аумағында  егілген 

талдар уақытылы суғарылуда.

3.  Абай  көшесінің  4-ші 

бұрылысындағы  арық  жүйесі 

«Тараз-Ирригация»  ЖШС-мен 

тазаланып, арық жүйесі арқылы 

су жіберілді.

4.  Мирзоян  көшесіндегі 

№126-165  үйлер  аралығынан 

өтетін  дренаж  аралығындағы 

темір  бетон  құбырынан  бастап 

«Түйте»  каналына  құйылатын 

же р і н е   д е й і н г і   а р а л ы қ т ы 

қалпына  келтіру  және  бұл 

аумақта  тазалық  жұмыстары 

жүргізілді.

5. Қарахан   көшесін      ас-

фальттау жұмыстары жүргізілді.

6. Целиноградская көшесінен 

№21  орта  мектепке  баратын 

жол  жабынына  шағал  төселіп, 

қалпына  келтіру  жұмыстары 

атқарылды.

7. «Самал» (7) мөлтек ауданы 

№27  көппәтерлі  тұрғын  үйге 

ағымдағы жылы толық күрделі 

жөндеу жұмыстары жүргізілді.

8.  Сүлейменов  көшесіндегі 

а я л д а м а л а р   ж а ң а р т ы л ы п , 

қосымша 2 аялдама орнатылды.

Қалған  10  мәселе  бүгінгі 

күнге бақылауда қалуда.

Ке зд е сул е р   б а р ы с ы н д а 

көтерілген мәселелер бойынша 

орындалған жұмыстар:

1.  №1  аумақтық  округтің 

Бөлтірік  шешен,  34  үйдің 

тұрғыны,  квартал  комитетінің 

т ө р а ғ а с ы     Е . Н ұ р а л и е в 

Ниетқалиев,  Төле  би,  Чехов, 

Рысбек  батыр  көшелерінде 

газ  шаруашылығын  жаңғырту 

Талапқа сай 

тиімді жүйе 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет