Ұстаздық Ұлы қызмет №40 (1275)



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата09.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#8534
1   2   3   4   5   6   7   8   9

А. Ноқрабекова

немересі, ТарМПИ-дің 3 курс студенті  

Мұғалімдер

  күнімен !!

 

„

заманның заңғар жазушысы мұхтар әуезов «Ұстаздық - ұлы іс» деп қалай тап 



басып айтқан десеңізші. Осынау сөздердің астарынан ұстаздың ұлт алдындағы ұлы 

міндетін терең түйсінуге болады.    

7

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК   2015 Жыл  //

мереКе

 

„

Ұстаз... Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын 



мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, 

еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі. Алғашқы ұстаз бейнесі – шәкірт 

үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. әрбір адам алғаш рет әріп танытып, 

қолына қалам ұстатқан ұстазын сағынышпен еске алады. 

...өзіңмеН өТКеН

ҚыС-ЖАзым

Жандар Кәрібайұлы, 

Жамбыл облысының құрметті азаматы:

Бірінші курсты бітіріп, жазғы демалысқа  шыққанбыз. 

Студент атанып, көңіліміз алып-ұшып ауылға келгенбіз. 

Ата-анамыздың санамызға сіңірген тәрбиесі бойынша, алды-

мен ауылдағы ата-апаларымызға  сәлем беретін әдетімізбен 

алғашқы  амандасуды  Сәмбетәлі атадан бастаған едім. Атамыз  

есіктің алдындағы тапшанда  қымыз ішіп отыр екен.

- Ассалаумағалейкум, ата -деп  екі қолымды  ұсына бердім. 

Көзін алақанымен көлегейлеп  қарады да: 

- Жандармысың? –деп  жанына отырғызып,  басымды сипап 

жылы емеурін танытты да, сұрақтың астына алды. 

- Қайда жүрсің? 

- Алматыда. 

- Оқып жүрсің бе? 

- Иә, ата. 

- КазГУ-де қанша жыл оқисың? 

- Бес жыл. 

- Кім болып шығасың? 

- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі боламын. Атамыз 

бетіме бажырайып қарады да:

- Соған бес жылыңды қор қыласың ба? Анау Сұраншының 

баласы Махан оқымай-ақ бала оқытып жүр ғой. 

Қарияның меңзеп отырғаны - менің алғашқы ұстазым 

Махан ағай еді.

Алғаш рет 1947 жылы  7 жасымда  мектеп есігін ашып, әріп 

танытып,  білім, тәлім мен тәрбие берген сол кісі. Бұл дүниеде  

бізге  кім  не десе, о десін,  алғашқы ұстазымдай білімді адам жоқ 

көрінеді маған. Махан  ағайымыз туралы атаның бұл  айтқаны  

ұнаған жоқ. Бірақ  қариямен сөз таластырмадым. 

Менің замандастарымның мектеп табалдырығын аттаған 

уақыты ашаршылық пен соғысқа тап келді. Ел басына күн туған, 

ауыр кезең болатын. Сол кездегі жастардың ауылдан ұзап оқуға 

мұршасы болмады.  Сонда да Махан ұстазымыз біз мектепке 

барған жылы Шымкенттегі мұғалімдер курсында оқыпты. 

Ол кезде ауылдағы мектепте сол курсты тәмамдаған  Махан, 

Беркімбай, Өтеген  ағайларымыз ең білімділер  қатарында еді. 

Оларды оқушылар ғана емес, бүкіл ауыл жұрты мақтан тұтып, 

төрлерінен орын ұсынатын. 

 «Білімнің  негізі - бастауышта» деп тегін айтылмаған.  Махан 

ағай бізге әріп үйретіп, білімге деген құштарлығымызды ұштап, 

санамызға  адамгершіліктің дәнін сеуіп, үлкеннен ақыл тосып, 

кішіден ізет күтуді, адамның ала жібін аттамауды,  елді, жерді 

сүюді  өн бойымызға дарытты. Ұстазымның мейірімді жүзі көз 

алдымда, қоңыр дауысы әлі күнге құлағымда.  

«Адамдықтың  айнасы  -  адалдық»  дейтін  ол  үнемі. 

Соғыстың алдында  өмірге келгендер балалық дәуірдің бал 

дәуренін бастан өткізген жоқ. Қабырғамыз қатпай жатып 

еңбекке араластық.  Оқудан бос кезімізде жұмыс істедік, 

жұмыстан бос кезімізде оқыдық. Оған өкінбейміз. Ерте есейдік. 

Қиыншылықтың  білімге деген құштарлыққа жетелейтін 

қасиетін танып білдік. Жаз бойы колхозда  жасымызға лайық 

іс атқардық. Ат жегілген орақпен шөп шабамыз. Шөмелей 

саламыз. Бидай орағы кезінде  қырманда астық тазалаймыз, 

комбайннан қырманға кей күндері түннің бір уағына дейін  

бидай тасимыз. Міне, осы еңбекқорлыққа баулыған да алғашқы 

ұстазым десем, артық айтқандық болмас. 

Махан ағайымыз қолы да, жаны да таза адам еді. Одан дәріс 

алғанымды осы күнге дейін жадымда сақтап келемін. Шын 

мәнінде, жақсы ұстаз тәлім мен тәрбиенің кені ғой. 

Барша  ұстаздар  қауымын төл мерекесімен құттықтап,  

тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін жастарға сапалы білім, саналы 

тәрбие беруде алғы шепте болуларына тілектеспін.



Сейсекүл ИСМАТОВА, 

ТарПИ-дің «Қазақ филологиясы»  

кафедрасының доценты, ф.ғ.к.:

Мен дегенде барлығың да тік тұрдың,

Оңашада көздің жасын сықтырдың...

Бар адамзат бас иетін алдыңда,

Ұстаздардың қасиетін ұқтырдың,-деп жерлес ақынымыз, 

ҚАЗМУ-да қатар білім алған замандасым, марқұм Зернебек 

Шілдебайұлы жырлағандай, ұстаздық қасиет, ұстаздық мейірім 

кез келген шәкірттің жүрегіне нұр себетіні сөзсіз. Біз үлкен 

болайық, кіші болайық бәрімізде үлкен  тәрбиенің жемісіміз. 

Ата-ана тәрбиесі, ұстаз тәрбиесі, орта, қоғам тәрбиесі, бізді 

белгілі бір тұлға ретінде қалыптастырды. Соның ішінде 

алғашқы ұстаздың еңбегін ерекше атауға болады. Отбасыңнан 

бөлініп, жеке өзің басқа адамның сөйлеу мәнерін, әдетін, жүріс-

тұрысын, қарым-қатынасын белгісіз әлемнің есігін ашқанмен 

тең көрінеді екен. 

Менің алғашқы ұстазым — Айбөпе апай. Шын мәнінде, 

басқа әлемге әкеткендей болды. Ол кісінің бүкіл келбеті, 

сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауы, білімге қызықтыруы, бүгінгі 

күнге дейін көз алдыма сол қалпында келеді. Мен ол кісіге 

қалтқысыз сендім. Қатты жақсы көрдім және қорқатын да 

едім. Апай мектептен қайтқанда, біздің көше арқылы өтетін. 

Сол кісінің көзіне түсіп қалмау үшін ойынға да шек қойдым. 

Бір күні қатты қызығып, көшеде қыздармен «мак» деген ойын 

ойнап қалыппын. Қапыласта апайым келіп қалмасы бар ма? 

Мен қорыққанымнан үйге жүгіріп кіріп, кереуеттің астына 

тығыла қалып, өксіп жылай беріппін.  Менің әрекетімді қызық 

көрген болу керек, апайым «әлгі жалба шаш қыз қайда, өзі 

көп ойнайды-ау деймін» демесі бар ма? Осы оқиғаның өзі 

менің жауапкершілігімнің жоғары болуына көп әсерін тигізді 

деп ойлаймын. Өзім де ұстаздық мамандықты таңдап, шәкірт 

тәрбиелеп келемін. Айбөпе мұғалімнің өз ісіне адалдығы, 

балалардың көңілін табуы, оқушыларға деген ілтипаты 

айрықша еді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, 

шүкір, өзімде саналы ғұмырымды ұстаздыққа арнап келемін.  



Ғани МӘТЕБАЕВ,

 әнші:

...Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған 

алғашқы ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек 

түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам етіп 

тәрбиелеп, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім 

ұялатқан тұлға. Расында, патшада да, пақыр да ұстаздың ал-

дын көреді. Мен Жамбыл ауданы, Шайдана ауылындағы орта 

мектепте білім алдым.

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде 

күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, 

«Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен менің сүйікті 

де, ең алғашқы ұстазым – Нұрбибі апай. Ол ешкімге ұқсамайтын 

еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, 

ақыл айтып, көп нәрселерді  үйретіп жүретін осы жанның орны 

мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі 

тағы бір адам болса, ол – алғашқы ұстаз. Нұрбибі ұстазым 

менің есімде қаталдығымен сақталып қалыпты. Бәлкім, менің 

оқуға деген талабымды байқағаннан болар, сабақ үлгерімімді 

үнемі бақылауда ұстап отырушы еді. Шынымды айтсам, сол 

кісіден қорыққанымнан жақсы оқыдым десем де болады. 

Соның арқасында үшінші сыныпқа дейін үздік оқушы болдым 

(күліп). Жуырда алғашқы ұстазымды көріп, бір марқайып 

қалдым. Алғашқы ұстазыммен сөйлесіп отырып: «Нұрбибі 

апай, мектепте өте қатал едіңіз ғой. Сыныпта сізден барлық бала 

қатты қорқатын, сонда жасыңыз нешеде еді?»,- деп сұрап едім. 

Ақжүректі ұстазым: «Е, ол кезде университетті жаңа бітірген, 

21-22 жастағы жас маманмын ғой»,- деді ол. Ал мен болсам: «Ал 

мен сіздің қаһарлы мінезіңізді көріп, жасыңыз 50-60 жастағы кісі 

шығар деп ойлайтынмын»,- деп бір күлдіргенім бар. 

Шынында, ұстаз болу – қиынның қиыны. Шәкіртінің жан 

дүниесін байытып, қоғам кетігіне кірпіш болып қалануына 

ұстаздың қосар үлесі зор. Тарыдай болып білім ордасының 

табалдырығын аттаған күннен бастап, таудай болып өмірге ете-

не араласқанға дейін шәкірт ұстазының ойлы сөздерін жадына 

жаттап өседі. Ұстаздың арманы – шәкіртінің қамы. Ендеше, 

адам өмірінің балауса пәк шағында білгенін үйретіп, көкірек 

көзін ашуға септігін тигізген ұстаз аналарды ардақтайық! 

Өйткені олар – халқымыздың анасы!



Индира БАЙҚОНЫС

Құрметті 

ұстаздар!

Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі 

бүкілхалықтық мереке десек, артық 

айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың 

да ұстазы болған, сондықтан болар 

осы  абыройлы  міндетті  атқарып 

жүргендерді  халқымыз  әрқашан 

ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың 

әр адамның жүрегінен алатын орны 

айрықша. Қолына қалам ұстатып, 

алғаш әліппені үйреткен мұғалімін 

жылылықпен  еске  алмайтындар 

кемде-кем  болар.  «Ұстаз»  сөзінің 

өзі  «Отан»,  «Ар»,  «Адамгершілік» 

сияқты  қасиетті  ұғымдардың 

қатарынан  орын  тебуінің  өзінде 

үлкен мән жатыр. 

Қазақстанның алдында бәсекеге 

қабілетті  елдердің  қатарынан 

көріну  міндеті  тұр.  Бұл  өз 

кезегінде  ұстаздардың  мойнына 

екі  есе  жауапкершілік  жүктейді. 

Себебі,  ертеңгі  күннің  қоғамдық-

саяси,  экономикалық  мәселелерін 

шеше  білетін  білімді  де  білікті 

ұрпақты  тәрбиелеу  сіздердің 

қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! 

Білім берудің күрделі міндеттерін ру-

хани бай, педагогикалық дарыны бар, 

шығармашылық,  кәсіби  тәсілдерді 

жетік меңгерген және жаңалыққа 

құштар  жан-жақты  тұлға  ғана 

шеше алады. 

Сіздердің  осы  бағыттағы 

еңбектеріңіз  жана  берсін!  «Ұстаз 

бақыты - озып туған шәкірті» десе, 

аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін 

талантты да білімді шәкірттеріңіз 

көбейе берсін!

Б.Нарбаев 

Тараз қалалық 

мәслихатының хатшысы                                        


8

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №40 (1275), 30 ҚырКүйеК   2015 Жыл  //

әлеумет

 

„

Тараз қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы 



әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 

«Қазақ хандығына - 550 жыл» тақырыбында 

мүгедектерді әлеуметтік қорғау күніне арналған 

мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  

М е р е к е л і к   і с - ш а р а ғ а 

бөлімде  қызмет  көрсетілетін  270 

мүмкіншілігі шектеулі балалардың 

жүре  алатындары  келіп  қатысты. 

Сондай-ақ  Тараз қаласы әкімдігінің 

мәдениет  және  тілдерді  дамыту 

бөлімі қызметкерлері мен Жамбыл 

медициналық колледжі студенттері 

балаларға  концерттік  бағдарлама 

ұсынып,  көңілдерін  көтерді. 

Мерекелік  шараға  қатысқан  ата-

аналар да ризашылықтарын білдірді. 

Сондай-ақ мерекеге келген көпшілік, 

мүмкіншілігі шектеулі балалардың 

қолөнер жұмыстарының көрмесімен 

танысты. Жалпы, аталған шара бары-

сында балаларға Қазақ хандығының 

550  жылдығы  мен  Алтын  күз 

айының ерекшелігін таныту мұраты 

толығымен орындалды. Балалардың 

көңілін көтерген іс-шара соңында, 

демеушілердің көмегімен балаларға 

сыйлықтар мен сусындар таратылып 

берілді. Бір сәт көңілдері жадырап, 

бар  қиындықты  ұмытқан  балалар 

бұл сәтті жадыларында ұзақ сақтары 

анық.  


Жанар ЖОЛДЫБАЕВА,

Балалар мен 18 жастан асқан 

адамдарға үйде әлеуметтік көмек 

көрсету бөлімше меңгерушісі

 

„

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесінің сапалы білім алуына арнаған ұстаздың бірі – 



Оразкүл Телғазиева.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Бала кезімізде, тіпті қазірдің өзінде ақ сақалды 

аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің «Жасымда 

қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда зейнетін 

көрсете  көр»,- деп жаратқан Алласына жалбарынып 

отырғанына куә болатынбыз. Иә, егде тартқанда да 

адам баласына әдемілік керек. Адам әртүрлі қартаяды. 

Мәселен,  кейбір  қарттарымыз    күллі  жұрттың 

ықыласына бөленіп, ардақтысына айналса, керісінше 

біреулері бала-шағаның берекесін қашырып, елге де 

сондай қылығымен танылады. Қалай қарағанда да, 

Жаратушының өлшеп берген қамшының сабындай  

ғана қысқа ғұмырды әркім ақыл-парасатымен мәнді 

ететіні сөзсіз. Қазақ халқы «бүгінгі жас – ертеңгі қарт» 

екендігін тәпсірлеп отырады. «Қартайғанда қазымыр 

болмай, назына болу» да бір баға білгенге.  

Осы орайда саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесінің 

сапалы білім алуына жұмсаған жанның бірі,өзімнің 

апам – Оразкүл Телғазиева. Жасынан білімге зеректігі 

айқын білінген Оразкүл Әбішқызы 1938 жылдың 

28 қазанында бұрынғы Жамбыл ауданына қарасты 

Қызыл-Абад  ауылында  дүниеге  келген.  Әкесі 

Әбіш Ержаханов көзі ашық, пайымы мен парасаты 

келіскен кісі болған. Мектепті өте жақсыға бітіріп, 

ата-ана алғысын арқалайды.  Мектеп бітіргеннен кейін 

құдай қосқан қосағы, атам Сейдуалы Телғазиевпен 

танысып, отау құрған.Кейінірек 1964 жылы Жам-

 

„

менің атам- менің 



мақтанышым! Атам 

қамшының сабындай 

қысқа ғұмырында көпті 

көріп, көп жеңіске жетті. 

Атаға деген  

сағыныш...

Ақбілек САБЫР,                                                                                                

№12 мектеп- гимназияның                                                     

9 «Б» сынып оқушысы

Елге  сыйлы,  адал,  сабырлы, 

еңбекқор,  керемет  жан  еді.  Маған 

көптеген  адамдар:    «Сен  Қылышбек 

Сабырдың немересісің бе?» , «Сенің 

атаң жазушы, ақын ба?» деп таңғалып, 

қызығып осындай және басқа да сұрақтар 

қояды. Мен оларға ауыз толтырып: «Ия, 

менің атам жазушы, ақын. Қазақстан 

журналистер  одағының  мүшесі,  Та-

лас  ауданының  Құрметті  азаматы, 

өлкетанушы,  Қаратау  қаласындағы  

өлкетану  музейін  қайта  құраушы, 

«Ұрпағыма ұлағат» , «Зерде», «Сезімнің 

шертіп пернесін» т.б кітаптардың авто-

ры» - деп зор қуанышпен  әрі мақтана 

жауап беремін. Қазіргі таңда атамның 

әр сөзі менің ұраныма айналғандай...

Қазір атамды есіме алсам немесе 

атам туралы айтсам, жанарыма еріксіз 

жас толып шыға келеді. Кейде жылап 

та  аламын.  Себебі  атам  ауырмай  - 

сырқамай  жүріп,  қартайған  шағында 

қатты ауырып, былтыр қайтыс болды. 

Егер  атам  қазір  тірі  болғанда,  биыл 

70  жасын  дүркіретіп  тойлаған  болар 

едік. Барлығы мүлдем басқаша болар 

еді...  Мен  атамды  жақсы  көремін, 

сағынамын...  

«Менің жаныМ 

жаулығыңа түюлі»

оразкүл әже немерелерімен. 

 

был қаласындағы педучилищеге түсіп, аталған оқу 



орнын 1967 жылы бітіріп шыққан. Алғаш еңбек 

жолын Құмшағал орта мектебінде бастауыш сынып 

мұғалімі қызметінен бастайды.1985 жылы 5 қазанда 

Қызыл-Абад ауылында бастауыш мектебі ашылып, 

сонда келген. Жаңадан ашылған бастауыш мектепте 

бастапқыда екі-ақ мұғалім болғанына қарамастан, 

шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан. Сонымен 

қатар мұнда мектеп меңгерушісі қызметін қоса 

атқарған. 

1989  жылы  зейнетке  шығады.  Оразкүл 

Телғазиеваның алдынан өтіп, түлеп ұшқан шәкірттері 

еліміздің  түкпір-түкпірінде  әр  сала  бойынша 

Отанымыздың дамуына сүбелі үлестерін қосып 

жүрген азаматтар қатарында.  

- Мен мұғалім болып жүрген шағымда шаш-

бауымды көтерген ешкім болған емес. Барлығын 

өз  күшіммен  жасап,  балалардың  білім  алуына 

барынша  жағдай  туғыза  отырып,  бойымдағы 

білгенімді соларға үйретуге барымды салдым. Әрі 

мен мұғалімдік қызметте жүріп мектепке келетін 

комиссияларға арнайы дайындалып көрмеппін. 

Күнделікті бір дағдыдан айныған жоқпын. Сол 

себептен де шығар, ата-аналар балаларын менің 

сыныбыма  беруге  тырысатын.  Тіпті,  жасына 

жетпегендерді жастайынан беріп жатқаны маған 

үлкен жауапкершілікті жүктейтін. Сол  еңбегімнен 

шығар, ауыл жұрты маған ерекше ізет-құрметтерін 

көрсетіп жататыны,- деп отырады апам еңбек еткен 

жылдарын есіне алып.

Зейнетке  шыққаннан кейінгі жылдары еңбекке 

еті  үйреніп  қалған  апам  қолы  бос  уақытында 

ісмерлікпен айналысады. Ол әдетінен осы күнге 

дейін бір танған емес. Әлі күнге дейін ұршығымен 

жібін иіріп, балалары мен немерелеріне керегін өз 

қолымен тоқып береді. Сондай-ақ ине мен жіпті де 

қолына серік еткен ол маталардан құрақ құрап, от-

басына қажетті көрпе-жастығын өзі-ақ қымтап алады. 

Бір қыздың жүгін бір өзі дайындап береді.

Алласын аузынан тастамайтын Оразкүл апам бес 

уақыт намазының бірін де қаза етпеген. Әрі ширек 

ғасыр бойына Ораза ұстап келе жатқаны кім-кімге де 

үлгі. Сондай-ақ жасы сексеннің сеңгіріне жақындаса 

да, салауатты өмір салтын берік ұстана отырып, 

қыстың қақаған аязының әр таңын үстіне мұздай су 

құюмен бастайды. Бұл істі жасауға  жасамысың түгіл, 

жасыңның өзі дауаламайды.

Бүгінде  отбасының  ғана  емес,  әулеттің 

ұйытқысы, ағайын-туғанның татулығын тілеген 

сыйлы анасы, жастардың тәрбиешісі болып отырған 

апамның өз жанұясында көпшілік үлгі аларлық 

тәрбиенің тұғыры бар. Ол- немерелерінің өз ана-

ларына «мама» немесе «папа» деп айтпауы. Яғни, 

қазақы болмысқа сай әрбір немересі өз ата-анасын 

қазақша әкесін әке, анасын ана деп атайды. Бұл 

үрдісті әуелгіден тәрбиенің бастауы етіп қойған. 

 «Алтын алқа» иегері атанған ол ұрпағының 

мақтанышы. Атам мен апам 7 ұл, 1 қыз тәрбиелеп 

өсірген бақытты ата-аналар. Ұл-қыздарынан 16 не-

мере, 2 шөбере сүйіп отырған ұрпағының үлгі тұтар 

мызғымас мәуелі бәйтерегі Оразкүл әже – ұстаздың 

ұстазы.

Қуаныш пен шаттық кеші



Жан жадыраған сәт. 

 


айна

Шежіре - 20



 (Сарғайған газет беттерінен)

Жалғасы, басы өткен санда 

№51 (254) 15.12.2000

Қала әкімінің мамандары «Этильді 

спирт пен алкогольді өнімдерді өндіру мен 

олардың айналымын мемлекеттік реттеу 

туралы» ҚР Заңының орындалу барысында 

«Тараз», «Төлебай», «Тәжібай» базарла-

рында рейд өткізді.

№52 (255) 22.12.2000

Тараз мемлекеттік университетінің 

студенттері жергілікті белгілі жазушы Елан 

Әлімжанмен кездесті.



2001 жыл

№2 (258) 5.01.2001

«Жалын» баспасының жүлдегері, 

Б.Бұлқышев  атындағы  сыйлығының 

лауреаты, жазушы-журналист Көсемәлі 

Сәттібайұлы республикалық беделді ба-

сылым «Жас алаш» газетінің 2000 жылғы 

«Ең үздік тілшісі» атанды.

№8 (264) 12.02.2001

Қалалық «Жамбыл-Тараз» газетіне -                

5 жыл. Осы датаға орай арнайы бет берілді.

№10 (266) 2.03.2001

Облыс орталығында Жамбыл ақынның 

155 жылдығы аталып өтті.

№17 (273) 20.04.2001

Тараз қаласының «Достық» алаңында 

электронды сағат қойылды. Ол тек уақытты  

ғана көрсетіп қоймайды, ауа температура-

сын да көрсетіп тұрады.

№20 (276) 11.05.2001

Белгілі журналист Қуаныш Иемберди-

ев Жамбыл телерадио компаниясының бас 

редакторы болып тағайындалды.



№21 (277) 18.05.2001

Меркі ауданында Болат Намысбековті 

еске алуға арналған 1987-88 жылы туылған 

жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық 

біріншілікте облыс орталығындағы Төле 

би атындағы №8 мектеп-гимназияның 7 

сынып оқушысы Олжас Сәттібаев 28 келі 

салмақта бірінші орынды иеленді.



№23 (279) 1.06.2001

Елбасы  Н.Назарбаев  -  Жамбыл 

жерінде. Құрметті қонақты ҚР Қорғаныс 

министрі С.Тоқпақбаев пен «Оңтүстік» 

әскери округінің қолбасшысы А.Жарболов 

күтіп алды. Бұл жолы Оңтүстік өңірлердің 

қауіпсіздік жайы сөз болды. Сондай-ақ, 

президент «Қазфосфат» ЖШС-інде бол-

ды. Президенттің жанында облыс әкімі 

С.Үмбетов пен қала әкімі Б.Сауранбаев 

жүрді.

№24 (280) 8.06.2001

ҚР  Мемлекеттік  хатшысы  Әбіш 

Кекілбаев - Таразда. Құрметті қонақ Жам-

был политехникалық колледжінде болып, 

ұстаздар мен студенттер қауымымен 

кездесті.  Сондай-ақ,  Ә.Кекілбаев 

жамбылдықтарға  17  жедел  жәрдем 

көлігінің кілтін табыс етті.



№26 (282) 22.06.2001

Тараз  қаласындағы  №30  орта 

мектептің 10 сынып оқушысы, жас ақын 

Ерлан Жүнісовтің «Сенім» баспасынан 

«Жыр перзент» атты жыр жинағы жарық 

көрді.


№27 (283) 29.06.2001

Жерлесіміз, әлем чемпионы Болат 

Жұмаділов шаңырақ көтеріп, отбасын 

құрды. Чемпионның жары Гүлфайруз 

Болаттың жаттықтырушысының қызы. 

Чемпион отбасындағы беташарда ақындар 

Мұхамеджан Тазабеков пен Шорабек Ай-

даров келіннің бетін ашты.

«Жамбыл-Тараз» дүйім елге танытқан 

ҰОС қаһарманы, Кеңес Одағының ба-

тыры,  ұшқыш  Біләл  Қалиев  жайлы 

деректерге қаныққан мемхатшы Әбіш 

Кекілбаев батырдың жеңгесі Жамал апамен 

сұхбаттасты.



Жалғасы келесі санда


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет