Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата16.01.2023
өлшемі483,95 Kb.
#61445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1.2.2. Оқыту әдістемесі
Қозғалыстың техникасын дұрыс және жылдам игеру үшін және ең
«жылдам » допты қуып жету үшін мына ақыл кеңестерді оқып, ойын және
жарыс кезінде орнымен орындауға тырысыңдар.
1. Соққы жасалмастан бұрын, дұрыс бастапқы қалыпты таңдап
алыңыз, бұл сіздің соққыңыздың сапалығына ғана емес, сіздің жылдам
қозғалысыңызға да әсер етеді.


2. Қозғалыс кезінде теннисшінің негізгі тұрысын ұстаңыз, немесе
аяқты қойған кезде дұрыс тұрыста болыңыз.
3. Қозғалыстың түрлі тәсілдерін әр бағытта қолданған кезде салмақтың
орталығы аяқ үшіне түсіп, соққы беретін бағытқа ауысқаны дұрыс.
4. Әр соққы жасаған соң қысқа жолмен үстелдің орта тұсына келіп,
келесі соққыға даяр тұрыңыз.
5. Үстел жанында қозғала тұрып, асықпаңыз, жеңіл қозғалыңыз, артық
қозғалыс жасамаңыз, бір адым жасауға болатын болса, екі адым жасамаңыз.
Артық қозғалыстар алтын уақытыңызды алып, соққы жасауға дұрыс
дайындалуға бөгет жасайды.
6. Әртүрлі қозғалуға әр бағытта қозғалуға, әр жаққа бұрылыс жасаңыз,
бұл сіздің ойыныңыздың шеберлігін арттырады.
7. Арнайы физикалық шеберлігіңізді үнемі жетілдіріп отырыңыз
жылдамдық, икемділікті шыдамдылықты, қимыл қозғалыс координациясын,
әсіресе тепе теңдік сақтауды қажет етеді өйткені үстел теннисінде
қозғалыстың көп бөлігі екпінді, шапшаң орындалады және көп күш
жұмсауды керек етеді.
8. Қозғалыс жасаудың тиімді тәсілдерін игеруге уақытыңыз бен
ынтаңызды аямаңыз, өйткені дұрыс, тиімді, жылдам қозғалу ойын кезінде
жеңіске жетудің бірден бір кілті.
9. Қозғалытың дұрыс техникасын игеру және бекіту үшін алдамшы
жаттығулар жасауды үйреніңіз. Ал үстелдегі жаттығулардыдоптың қайда
және қай доп ұшып келетінін білгенде тапсырмалар бойынша
жасаңыз.Бұндай жаттығулар қозғалыс техникасын тезірек игеру үшін және
есеп үшін ойынға жаттығуға жақсы дайындалу үшін тиімді.
Жаттығулар комплексі
Жаттықтырушының басқаруымен қозғалыстар және тұрыстар жасау.
Солдан, оңнан соққы жасау үшін тиімді тұрыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет