Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата16.01.2023
өлшемі483,95 Kb.
#61445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1.3 Доп беру (подача)
1.3.1 Қысқаша теориялық мәлімет
Допты беру бірінші ойнау соққы болып табылады және ол соққыдан
ұпайдың ойналуы басталады. Сондықтан допты дұрыс беру өте қажет. Допты
беру – статикалық жағдайдан жасалынады және бақталастың әрекеттерінен
тәуелсіз болатын жалғыз техникалық тәсіл. 
Доп беруді орындау техникалық екі бөлімнен құралады: допты лақтыру
және соққының өзінен. Доп берудің негізгі ережелерін қарастырайық. 
Доп ашық алақанмен лақтырылады, бас бармақ басқа жаққа қарай
қалдырылады, ал қалған төрт саусақтар бірге ұстап созылған жағдайда
болады. Міндетті түрде, доп пен қолын үстелдің деңгейінен түспегенін,
үстелдің артқы сызығын қиылыспағандай және үстелдің басында
тұрмағандай етіп байқа, ондай жағдайда доп беру дұрыс берілмеген деп
саналады. 


Доп қандай болса биіктікте, бақталас допты көре алатындай етіп, 16 см-
ден кем емес, сілтеу үшін және доп беру үшін ыңғайлы болғандай етіп
беріледі. Доп беру арқылы допқа әр түрлі айналу бағыттарын беруге болады. 
Доп беру – бұл бақталастың осал жеріне беретін бірінші соққысы,
жеңуге бірінші қадамы. Доп беру шабуылдың белсенді, ынталы күресі үшін
құралына жатқызады. Біздің кезімізде, бақталастың шабуыл әрекеттерін
қысқа араласқан күрделі айналыстар мен алдау қозғалыстары тиімді қолайлы
доп берулер деп есептелінеді. Оларды кенет әсерін алу үшін жылдам ұзақ доп
беруімен үйлестіріп қолданады. 
Доп берудің түрлері. 
1. Төменгі лақтырудың сол жақтан доп беру.
Сол жақтан доп беру кезде барлық үтелдің жағдайын едәуір нақты
есепке алуға болады. Бұл доп беруді тік және көлденең тәсілі ойыны арқылы
пайдалануға болады, сондықтан, қалақтың екі жағын да шабуыл мен тілуді
қолданатын спортшылар бұл доп беруді жиі қолданады. 
Үстелдің сол жағынан сол жақтан доп берудегі алғашқы қалпы,
шамамен үстелден 30 см болады, алайда, спортшының тұру қалпын бойына
қарап реттеуге болады. Оң жақ аяғы кішкене алдында, сол жақ аяғы кішкене
артта қалады. Дене кішкене сол жаққа қарай еңкейтіледі. Доп ұстаған алақан,
тік доп алақанның ортасында; ол үстел бетінен кішкене жоғарырақ артқы
сызығының артында орналасқан. Ондай тұру қалпы дененің және білектің
қозғалыстарын үйлестіруге, денені бұру үшін ыңғайлы, соның нәтижесінде
доп берудің жылдамдығы мен күші көбееді. Жалпы, әр түрлі сипаттағы бір
тәсілде ғана доп берудің тұру қалпы мен дайындау қозғалыстары
мүмкіндігінше бірдей болу керек. Сонда бақталасқа доптың қайда ұшатын
дайындау фазасын алдын-ала ескерту қиын болады, ал бұл сәйкесінше доп
беруді қабылдауын қиындатады. 
1.1 Жылдам ұзақ доптардың жоғарғы айналыммен сол жақтан беру
Негізгі қозғалыстар: 
a) Біз жоғары айтқандай, боп берудің тұру қалпы мен дайындалу
фазасы сондай болады. Доп жоғары жеңіл лақтырылады: осымен бірге сол
уақытта қалақмен қолды артқа қарай сілтеу үшін апарады, дененің оң жағына
қарай сүйенеді;
b) Тордан төмен болған кезде, түсіп бара жатқан допқа соққы береді.
Қалақның ұстап тұрған қолдың осі шынтақ болады. Тік қозғалысы кезінде
білек алдына допқа соққан күшін жетілдіреді. 
c) Доппен қалақ жанасқан кезде, қалақтың жазықтығы кішкене
еңкейген болу керек; қалақпен жоғарғы жақтан доппен жанасады –
ортасынан сәл жоғарырақ, осының салдарынан белгілі жоғары айналуымен
доп алдына қарай жылдам қозғалады. 
d) Доптың қалақшадан жұлынып алғаннан кейін, үстелдің артқы
сызығына жақын секіріп кету керек. 
1.2 Қысқа баяу доптардың сол жағынан беру
Негізгі қозғалыстар: 


a) Алдын-ала дайындалу фазасы, алдында айтып кеткен доп беру
сияқты. Осында тек қана доп беру үшін қолды сілтеу үшін алдымен жоғары-
артқа апарады. 
b) Доп тордың деңгейінен сәл жоғары төмендегенде, ойыншы
білегімен жоғары-алдына қозғалысын орындайды, қалақшаның жазықтығы
кішкене артқа қарай иілген және доппен ортасынан сәл төмен жанасады. 
c) Доптың бірінші секіріп түсу үстелдің ортасында, содан кейін ол,
тордан ұшып, бақталасының үстелінің жартысына тордың қасына құлайды.
Баяу қысқа доптар беруін кенет, үстіңгі және төменгі айналысымен шапшаң
ұзын немесе бүйір үстіңгі және астыңғы айналысының ұзын доптар беруімен
үйлестіріледі. Кенет қысқа және ұзын доп беру үшін алдын-ала дайындау
үшін фазасының талаптары бірдей. Жеңіл қысқа допты берген кезде, бақталас
ұзын шапшаң допты алам деп дайындалып жатқан кезде, қолдың құлшынуын
тосыннан істейді, немесе керісінше, егер бақталас жеңіл қысқа допты алам
деп дайындалып тұрса, допты беруді шапшаң ұзын соққымен істейді. Бұл
қозғалыстар шапшаң және бейімделгіш болу керек. 
1.3 Астыңғы айналумен доптың сол жақтан шапшаң беруі 
Негізгі қозғалыстар:
a) Жазықтығы сәл артына қарай иілгендей етпі, бас бармақ қалақның
сол жағына күшпен басылады. Доп беру алдында білегі сілтеу үшін артына-
жоғары қояды. 
b) Доп тордың астына қарай түскен кезде, доппқа соққы береді. Білек
шапшаң алдына-төмен қозғалады және допқа күшпен соққы береді. Доп
қалақның ортасының төменгі жағымен жанасады, нәтижесінде доп екпінді
алдына қарай белгілі төменгі айналумен қозғалады. 
c) Доп пен қалақның жанасу кезінде қолдың буыны соққының
қозғалысының күшін сәл көбейту керек.
d) Доптың бірінші секіріп түсуі үстелдің артқы сызығының қасында
болу керек. 
1.4 Үстіңгі және төменгі айналумен оң жақ бүйірінен сол жақтан доп
беру. 
Негізгі қозғалыстар: 
a) Бастапқы тұру қалпы, бұрын айтып кеткен жағдайға ұқсайды. Доп
лақтырылғаннан кейін, қолдағы қалақ сол жаққа төмен және жоғары сілтеу
үшін қозғалады. Сілтеу кезінде қалақның жазықтығы сәл артқа иілген, қол
буыны сәйкесінше иіледі, буынға күштеу ыңғайлы болу үшін, қалақның
тұтқасы төмен бағытталған. 
b) Қолдағы қалақмен сол жақтан-төмен-жоғары, оң жаққа-алдына-
төмен сілтеу қозғалысын жасайды; доп қалақмен жанасқан кезде, сол жақтан
оң жағына төменгі жағынан сырғанайды. 
c) Қолдағы қалақ денесінің алдында сол жақтан-жоғары қарай сілтеуін
оң жаққа төмен қозғалады; доп пен қалақ жанасқан кезде, доп сол жақтан
төменге жазықтықтың ортасына сырғанайды. 


d) Егер ұзын доптар құласа, онда бірінші секіріп түсу артқы үстелдің
сызығына қарай жақын түседі; егер қысқа доптар кездессе, онда бақталастың
жартысына қарай. 
1.5 Сол жақтан төменгі айналыммен және айналусыз доп беру
Негізгі қозғалыстар: 
a) Алғашқы тұру қалпы, бұрын айтып кеткен жағдайға ұқсайды. Бұл
доп беруді, тік тәсілді қолданатын ойыншылар қолданады. Доппен жанасу
кезінде қалақ тік орналасқан, доп төменнен жоғары қарай сырғанаған сияқты
болады, доп айналу үшін, алдына қарай төмен бағытта күш салынады.
b) Доп қалақның жазықтығын жанап өткенде, тік қалпында болады,
допқа айналуын болдырмау үшін тебеді. 
2 Допты төмен лақтыру арқылы сол жақтан беру.
Спортсменнің сол жақтан допты төмен беру лақтыруында үстелге
бетімен немесе бүйірімен тұра алады. Егер бақталас үстелдің оң жағында
нашар ойнаса, спортшы оң жақта тұрып, оның оң жағына допты лақтыра
алады, нақты оң жақтан шабуыл жасау үшін мүмкіндік табу керек. Егер
бақталастың сол жағынан ойыны нашар болса, сол жақта болып, жарты
қырынан оңға қарай тұру жағдайында оның сол жағына және сол жақтан
шабуыл жасауға моментін тосуға болады. 
Сол жақтағы доп беруден гөрі, оң жақтан доп беру иілгіш және табиғи
және оң жақтан доп беру мен тік тұру тәсілін қолданатын ойыншылар, иығы
мен қол буынын толық қолдана алады. 
Спортшы қайда болмасын жерде – үстелдің оң жағында немесе оң
жақтан доп беру кезінде жарты қырымен сол жақта, тәртіп бойынша, сол жақ
аяғы алдында, ал оң жақ аяғы – артында, дене сәл алдына иілген, тізесі
кішкене бүгілген, дененің үстіңгі жақ бөлігі кішкене алдына еңкейтілген. Доп
пен қол дененің алдында орналасады, қалақсымен қолы – доп ұстаған қолмен
– бұл оң жақтан доп беру үшін жиі кездесетін алғашқы тұру қалпы.
2.1 Үстіңгі бүйір айналумен доптың кенет ұзын оң жақтан беру 
Негізгі қозғалыстар: 
a) Алғашқы тұру қалпы, бұрын айтып кеткен жағдайға ұқсайды. Осы
кезде доп қолмен жоғары қарай лақтырылады, қол қалақмен артқы-оңға-
жоғарыға сілтеу жасайды. Сілтеу үшін білекпен артқа қозғау кезінде, қол
буыны бос болу керек, қалақның жазықтығы тік дерлік болу керек; 
b) Доп жоғарғы ұшу нүктесіне жеткен және төмендеген кезде, иық
білекті қозғалтады – ол артынан-оң-сол-алға қарай қозғалады, бір уақытта
оңнан солға дене де бұрылады;
c) Доп қалақмен жанасқан кезде, бас бармақ қалақның сол жақ шетін
қатты басады, бір уақытта қол буыны жігерлі қозғалысымен алдына қарай
сілкиді, доп қалақның оң жағымен жоғарғы жаққа бағытында қалақның
ортасымен жанасады.
d) Доптың қалақдан секіргеннен кейін оң жақ жетер интенсивті
жоғарғы бүйір айналысына ие болғандықтан, онда тордан ұшып кеткеннен
кейін, ол бақталастың алаңқайының оң жақ бұрышына алға қарай диагональ
бойынша қозғалады. 


3 Жоғары лақтырумен доп беру
Бұл доп берудің негізгі ерекшелігі доптың 2-3 метрге жоғары қарай
лақтыруында болып табылады; төмен лақтырумен доп берумен
салыстырғанда, құлау үшін көп уақыт керек. Бұл доп берумен ойынның баяу
ритмі беріледі; егер бақталас ондай доп беруге машықтанбаса, онда оған оны
қабылдау қиынға түседі. 
Допты жоғары лақтырылады, сондықтан ол төменге тез құлайды,
осыдан қалақға допқа салу күші көбееді, сондай-ақ қолдың қозғалу
жылдамдығы мен доп беруді кенеттен соғуы. Жақсы доп беру әдетте
шабуылдың немесе ынтасын кесуінің бастау үшін қолайлы жағдай туғызады. 
Жоғары лақтырумен доп беру кезінде ең алдымен доптың ұшқан
тұрақтылығын назарға алу керек, доп жоғары тік лақтыруға тырысу қажет,
спортшының алдында-оң жақтан түскендей етіп лақтыру керек. Ол үшін
лақтыру кезінде, қолдың шынтағы доппен сол жақ бүйіріне жақындатып
және күшпен допты жоғары қарай лақтыру керек. Сондай-ақ доппен соғу
нүктесі спортшының денесінен алыс тұрмау керек. Допқа өзінен шамамен 15
см алдында соғу жақсырақ болушы еді. Доппен сенімді басқару үшін, қол
мен иықпен артына қарай сілтеу жасап үйрену қажет. 
3.1 биік лақтырумен оңға қарай қырынмен тұру қалпында доп беру
Жиі кездесетін доптың биік лақтырумен солға қарай қырынмен төменгі
айналу және сол жақ бүйір айналумен доп беру; биік лақтырумен оң жақтан
қысқа доптың лақтырылуы орындалады (қысқа доптардың бүйірінен төменгі
дәне үстіңгі айналумен және айналусыз) және т.б.
Жартылай қырының оң жаққа тұру қалпындағы сол жақтан және сол
жақтан төменгі бүйір айналысымен доп беру. 
Негізгі қозғалыстар: 
a) алқашқы тұру қалпы, төменгі лақтырудығы қалпы сияқты. Доп
ұшқан кездегі жоғарғы нүктесіне дейін жеткен кезде, содан кейін төмен құлап
бара жатқан кезде қолдағы қалақны оңға-жоғары қарай бағыттайды,
қалақның жазықтығы тік, допты соғуға дайын. 
b) Сол жақтан бүйірінен үстіңгі айналумен доп беру кезінде, доптың
бастапқы биіктігіне жеткенше дейін, қолдағы қалақ оң жақтан-жоғарыдан сол
жаққа-төмен сілтеу жасайды. Доп қалақ бойымен ортасынан оң жақ шетіне
сырғанайды. 
c) Сол жақтан бүйірінен астыңғы айналумен доп беру кезінде, қолдағы
қалақмен оң-артынан-жоғарыдан сол жақтан-алдына- төмен сілтеу жасайды.
Доп қалақның төменгі жағымен оңнан солға сырғанайды. 
3.2Отыру жағдайында доп беру
Тік тәсілін қолданатын спортшылар, бұл доп беруді жиі қолданатын
себебі, тік тәсіл білек пен қолдың буынының майысқанын қолдануға
болатындығында. Бұл доп беру жоғарғы доп беру типіне жатады. Бұны
орындау кезінде қалақша оның үстіңгі жағымен жанасады. Сондықтан,
доптың айналу синаты төменгі айналу сияқты болмайды. Мысалы, отыру
тәсілі кезінде доп оң бүйірінің үстіңгі және төмеңгі айналумен және тор
арқылы қарсыластың жағына түскен кезде, ол алдына қарай диагональ


бойынша оңға емес, қарсыластың алаңына солға қарай, ақырында, сайыстың
шешілуі кезінде, егер спортшы отыру тәсілінде доп беруді алса, қарсылас
дұрыс қаға алмай, биік доп немесе қателік жасай алады. 
Бұл доп беруді істеген кезде, ережені бұзбау үшін, ең алдымен доп 45º
бұрыштан көп лақтырылмауы керек. Сондай-ақ допты соққан кездегі моменін
бақылап – ереже бойынша, доп тордың деңгейінің сәл биігірек жеткен кезде
соғады. Доп беруді жедел шабуылымен есептеу қажет. Мысалға, егер қалақша
оң қолда болса және жедел шабуылдар оң жақтан жақсы орындалса, онда
үстелдің сол жағында тұрып, оң қолмен отыру тәсілін орындауға болады.
Егер спортшы сол және оң жақтан шабуылдарды жақсы орындаса, онда доп
беруді үстелдің ортасында тұрып берген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет