Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?
STEM техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?
Жауап: Бала алған білімін қолдана алмаса ол Функционалдық сауаттылықты өзі сыртай қайта дамытады.
Функционалдық сауаттылықтың мақсаты - сабақта алған білімін өмірде қолдана алу. Бірақ бір бағыт бойынша жүреді. Мыс: математика пәні бойынша математикалық сауаттылық, сауат ашу пәні бойынша оқу сауаттылығы дамиды. Мақсаты - сабақта алған білімін өмірде қолдана алу. Бірақ алған білімін басқа пәндермен байланыстырып, бірнеше бағыт бойынша жүреді. Олар: ғылым, технология, инженерия және математиканың бірлескен түрі.
Жалпы, STEM әрбір оқушыға алған білімінің нәтижесін көрсетеді. Оқушыларға арналған инновациялық құрал - саймандар, 3D принтрлар бар. Солардың бәрін қолданып, жоба шығарады.
STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд, ал Қазақстанда білім саласында қалай тренд жасауға болады
Жауап: STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады. Өйткені, STEM қазіргі шет елдерде қарқынды дамып келе жатыр. Сол елдерде дамыған сайын, бәсекеге қабілетті ұрпақ та дамып отыр. Қазақстанда да бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Сол арқылы, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Кез – келген мұғалім кез - келген технологияны, әдіс - тәсілді пайдаланғанда бала үшін тиімдісін іздейді. Оқушы жаратылыстану, физика, география т. б сабақтардан білімін жетілдіру үшін теорияны оқиды. Біреу жақсы түсінсе, біреу өз шамасына қарай түсінеді. Бірақ, осы білімді қалай? қайда? қолданамын деп ойлайды. Бізден сұрайды? біз ертең үлкен болғанда, маман болғанда қолданасың деп айтамыз. Оқушы оны түсінбейді, сол арқылы ол теорияға қызықпайды, теория қиын секілді көрінеді. Оқушы алған білімін, теорияны, формуланы, ережені есінде қанша уақыт сақтай алады. STEM ерекшелігі - бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады.