Кеңістіктегі денелер:
куб, призма, пирамида, параллелепипед, цилиндр, конус, шар, сфера.
Стереометрия:
Кеңістік денелерінің қасиеттерін зерттейтін геометрия саласын стереометрия деп атайды.
Планиметриядағы негізгі фигуралар:
1 ) нүкте;
2) түзу
Негізгі фигураларға анықтама берілмейді.
Қалған фигуралардың барлығына анықтама беріледі.
Стереометриядағы негізгі фигуралар:
1 ) нүкте;
2) түзу;
3) жазықтық.
Аксиома − дәлелденусіз қабылданған немесе дәлелдеуді қажет етпейтін (күмән тудырмайтын) математикалық тұжырымды айтады. 1-аксиома:
СІ. Әрбір жазықтықтың бойында жататын және оның бойында жатпайтын нүктелер табылады.
2-аксиома:
СІІ. Егер әр түрлі екі жазықтықтың ортақ нүктесі бар болса, онда бұл екі жазықтық осы нүкте арқылы өтетін түзу бойымен қиылысады.
3-аксиома:
СІІІ. Егер әр түрлі екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда бұл екі түзу арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол жалғыз ғана болады.
Стереометрия аксиомаларының кейбір қарапайым салдарлары:
1-теорема.
Бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте арқылы бір ғана жазықтық өтеді.
Стереометрия аксиомаларының кейбір қарапайым салдарлары:
2-теорема.
Түзу және оның бойында жатпайтын нүкте арқылы бір ғана жазықтық өтеді.
Стереометрия аксиомаларының кейбір қарапайым салдарлары:
3-теорема.
Егер түзудің екі нүктесі берілген жазықтықта жатса, онда бұл түзу толығымен
осы жазықтықта жатады.
Мысал 1. Суреттегі мәліметтерге сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер: а) α жазықтығы мен ABM жазықтығының қиылысу түзуін көрсетіңіздер. б) α жазықтығына тиісті және тиісті емес нүктерлерді көрсетіңіздер.
Шешуі:
a) ABM∩={AB}; б) A,B,C∈α M,E,F∉α
Мысал 2. α жазықтығындағы A,B,C нүктелерінің біреуі жазықтықтан тыс жатыр. Осы нүктелерден құралған үшбұрыштың ұзындықтары AB=13cм, ВС=14см, АС=15см-ге тең, онда осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыздар.