Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет1/30
Дата07.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106472
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
annotation210703




Ш.Т.Кудьярова

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ


Алматы, 2019


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шет тілдері және іскерлік карьера университеті

Кудьярова Ш.Т


Қазақ тілінің стилистикасы
(оқу құралы)

Алматы, 2019


УДК 811.512.122 (075.8)


ББК 81.2 Каз я 73
К 81
Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған (№1 хаттама 17-қыркүйек 2019 жыл)
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Авакова
филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қобланова
Кудьярова Ш.Т.
К 81 Қазақ тілінің стилистикасы.Оқу құралы/ Ш.Т.Кудьярова. -Алматы: 2019. 80 бет
ISBN 978-601-332-543-9

«Қазақ тілінің стилистикасы» оқу құралы қазақ тіліндегі стильдер, олардың түрлері, жалпы халық тілінің стильдік жүйелері, тілдің ауызекі және жазба тіліндегі түрлері, олардың өзіндік белгілері мен тілдік құралдардың мәнерлілігі, сонымен қатар тіл ерекшеліктері, олардың қандай қалыпта және стильдің қай түрінде қолданылатындықтары бойынша қысқаша дәрістер мен семинар жұмыстарына арналған тапсырмаларды қамтиды.


Оқу құрал қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында білім алатын студенттерге, қашықтықтан оқитын студенттерге, ізденушілерге, жалпы стилистика мәселесімен айналысатын мамандарға арналады.


УДК 811.512.122 (075.8)
ББК 81.2 Каз я 73

ISBN 978-601-332-543-9


Кудьярова Ш.Т.2019


Алғы сөз

Қазақ тілінің стилистикасы - лингвистикалық пән. Стилистика пәнінің негізгі мақсаты – тілдегі стиль түрлері мен тілдік құралдардың ауызекі және жазба түрде қолданылу жағдайларымен таныстыру. Тіл жүйесі фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем сияқты тіл құрайтын элементтерден тұрады. Тіл құрайтын элементтер арқылы адамдар өзара сөйлеседі, бір-бірімен қатым-қатынас жасайды.


«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні - қазақ тілі, тіл білімі, жалпы тіл білімі, морфология, синтаксис, әдебиеттану, мәнерлеп оқу тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Сөйлесу үрдісі ауызша және жазбаша түрде іске асады. Мәнерлілік, әуезділік, дауыс кідірісін, үзілісін, құбылуын, сөйлесу шапшаңдығын, сазын, екпінін білдіреді. Жазбаша сөйлесуде тілдің көзге көрінетін белгілері: дыбыс құрамы, сөз тіркесі, сөйлемдер қағазға түсіріліп жеткізіледі. Сөйтіп, осы құралдарды біріктіру арқылы сөйлемдер қолданыс табады.
«Қазақ тілінің стилистикасы» оқу құралы жалпы халық тілінің стильдік жүйелері, тілдің ауызекі және жазба түрлері, олардың өзіндік белгілері, тілдік құралдардың мәнерлілігі, тіл ерекшеліктері мен олардың қандай қалыпта және стильдің қай түрінде қолданылатындықтары бойынша қысқаша дәрістер мен семинар жұмыстарына арналған тапсырмаларды қамтиды.
Оқу құралында «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша қысқаша дәрістер, өтілетін семинар сағаттардың тақырыптарына сай сұрақтар, сондай-ақ ауызекі әдебиет үлгілері, ақын-жазушылардың туындыларынан үзінділер, Абай өлеңдері мен қара сөздерінен мысалдар алынып, тапсырмалар берілді. Оқу құралының негізгі мақсаты – стилистикадан студенттердің түсініктерін тереңдету, ақын-жазушылардың стильдік шеберліктерін шығармалары арқылы ұғындыру, олардың тіл байлығын арттыру, стильдік қателіктерді болдырмау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралда бағдарламаға сай стилистикаға байланысты әдебиеттерді пайдалана отырып, дәріс және семинар сабақтардың тапсырмалары, студенттердің тест жүйесімен білімдерін сынауға арналған сұрақ-жауаптар да берілді.
Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттеріне, сонымен қатар магистранттар мен мектеп мұғалімдері және стилистика саласымен айналысатын көпшілік қауым үшін де пайдалы енбек болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет