Стоматология



бет1/56
Дата09.06.2023
өлшемі147,52 Kb.
#100265
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

СТОМАТОЛОГИЯ
~~Емханаға алдын-ала қаралу мақсатында 20 жастағы науқас келді. Ауыз қуысын қараған кезде 3.3 тістің мойын аймағында жылтырлығын жоғалтқан ақ бор тәрізді дақ анықталды. Зондтау кезінде зонд оңай жылжиды, ауырсыну жоқ. Кариесмаркерді жаққан кезде дақ көкшіл түске боялды. Диагноз қойып, аталған тісті рациональды емдеу әдісін анықтаңыз.
@@Дентин тіс жегісі, дақты тегістеу
@@Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия
@@Гипоплазия, тіске металдыкерамикалық сауыт дайындау
@@Сына тәрізді ақау, тісті пломбалау
@@Флюороз, гелий-неонды лазерлі терапия
{@B@}
{~1~}

~~Емханаға 32 жастағы науқас Т., тәттіден және қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау беткейінде жүлгелер аймағында эмаль деңгейіндегі жегіленген қуыс анықталды. Қуыс түбін зондтау ауырсынусыз. ЭОД= 6 мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін таңдаңыз.


@@Дентин тіс жегісі, эмальды тегістеу
@@Цемент тіс жегісі, фторлак жағу
@@Флюороз, дақты түрі, реминералдаушы терапия
@@Эмаль тіс жегісі, тісті пломбалау
@@Ошақты гипоплазия, 10% кальций хлорид ерітіндісімен электрофорез
{@D@}
{~1~}

~~29 жастағы науқастың ауыз қуысын тексеру барысында 1.4 тістің мойын аймағындағы жегіленген қуыс анықталды, қуыс түбі дентин деңгейінде орналасқан. Тіс түсі өзгермеген. Қуыс түбін зондтауауырсынусыз, қабырғалары бойымен ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. ЭОД=10 мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін анықтаңыз:


@@Эмаль тіс жегісі, реминералдаушы терапия
@@Дентин тіс жегісі, тісті пломбалау
@@Цемент тіс жегісі, фторлак жағу
@@Сына тәрізді ақау, тісті пломбалау
@@Ошақты гипоплазия, реминералдаушы терапия
{@B@}
{~1~}

~~Емханаға 46 жастағы науқас Р. төменгі жақ аймағындағы өздігінен болатын ұстамалы ауырсынуға шағымданып келді, ауырсыну құлақ аймағына таралып, түнге қарай күшейе түседі. Себепші тісті дәл көрсете алмайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 3.6 тістің шайнау беткейінде терең тіс жегі қуысы анықталды, қуыс түбін зондтау ұзақ мерзімді ауырсынады. Қуыс түбі мен жиектері жұмсақ, дентин сарғыш түсті, оңай алынады. Температуралық тітіркендіргіштер ұзақ мерзімді баяу басылатын ауырсыну тудырады. Перкуссия ауырсынусыз. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:


@@Созылмалы периодонтит, перкуссия
@@Созылмалы пульпит, пальпация
@@Жедел периодонтит, рентгенография
@@Дентин тіс жегісі, витальды бояу
@@Жедел пульпит, электроодонтометрия
{@E@}
{~1~}

~~Емханаға 25 жастағы науқас тағам қабылдау кезіндегі 1.7 тістің қансырауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау бетінде өсіп кеткен тінге толы тіс жегі қуыс анықталды, зондтағанда аздап ауырсынады және қансырайды. Перкуссия ауырсынусыз. Диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:


@@Биопсия
@@Пальпация
@@Рентгенография
@@Витальды бояу
@@Трансиллюминация
{@C@}
{~1~}

~~Емханаға 36 жастағы науқас 3.6 тістің тұрақты сыздап ауыратынына шағымданып келді. Тіс бұрын емделген. Ауыз қуысын қараған кезде: төменгі жақтың сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі салдарынан беті асимметриялы, сол жақ жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Ауыз ашылуы ауырсынады. 3.6 тіс сауыты пломбамен жабылған, қызылиектің шырышты қабығында қан-ірің аралас экссудаты бар жыланкөз жолы анықталады. Рентгенограммада: медиальды түбір өзектері түбірұшына дейін толық обтурацияланбаған. Медиальды түбірінің ұшында сүйек тінінің "от жалыны" тәрізді гомогенді жарықтану ошағы анықталады. Диагноз қойып, алғашқы емдеу сатысын анықтаңыз:


@@Созылмалы гранулематозды периодонтит, түбірұшы резекциясы
@@Экссудация сатысындағы жедел периодонтит, УВЧ-терапия
@@Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі, лазеротерапия
@@Созылмалы фиброзды периодонтит, электрофорез
@@Созылмалы гранулденген периодонтиттің өршуі, түбір өзектерінен пломбаны қайтып алу
{@E@}
{~1~}

~~Емханаға 35 жастағы науқас жоғарғы жақ тісінің тістегенде күшейе түсетін ауырсынуға шағымданып келді. Бұрын кей мезгілде ауырсыну болған, бірақ стоматологиялық көмекке жүгінбеген. Күннен күнге күшейе түскен ауырсыну 4 тәулік бойы мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: 2.6 тістің сауыт түсі өзгерген, шайнау бетінде тіс жегі қуыс анықталады. Зондтау ауырсынусыз, перкуссия күрт ауырсынады. ЭОД=105 мкА. Алғашқы диагноз қойып, диагностика әдісін анықтаңыз:


@@Экссудация сатысындағы жедел периодонтит, ультрадыбыстық зерттеу
@@Созылмалы периодонтиттің өршуі, рентгенография
@@Созылмалы пульпиттің өршуі, микробиологиялық зерттеу
@@Жедел пульпит, иммунологиялық зерттеу
@@Созылмалы периодонтит, магниттірезонансты томография
{@B@}
{~1~}

~~Емханаға 25 жастағы науқас 1.4 тісінің тұрақты сыздап ауырсынуына, тістеген кезде ауырсыну күшейіп, "тіс " өсіп кеткен сезімі пайда болатынына шағымданып келді.


@@Интоксикация сатысындағы жедел жарақаттық периодонтит, ультрадыбыстық зерттеу
@@Экссудация сатысындағы жедел жарақаттық периодонтит, рентгенография
@@Жедел маргинальды периодонтит, микробиологиялық зерттеу
@@Созылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі, иммунологиялық зерттеу
@@Созылмалы гранулденген периодонтиттің өршуі, гистологиялық зерттеу
{@B@}
{~1~}

~~Емханаға науқас Н., 59 жаста, тіс тазалағанда және тағам қабылдаған кезде болатын қызылиектің қансырауына, қызылиек емізікшелерінің ұлғаюына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 4.4,4.3,4.2,4.1,3.1,3.2,3.3,3.4 тістер аймағында ұлғайып өсіп кеткен көкшіл түсті қызылиек емізікшелері анықталады, олар тіс сауыттарының 1/3 биіктігіне дейін жапқан, тиген кезде оңай қансырайды. Рентгенограммада өзгерістер жоқ. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@Созылмалы катаральды гингивит
@@Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі
@@Гипертрофиялық гингивиттің ісікті түрі
@@Гипертрофиялық гингивиттің фиброзды түрі
@@Жедел катаральды гингивит
{@C@}
{~1~}

~~Науқас Р., 42 жаста, ауыз қуысындағы жағымсыз иіс пен тіс тазалаған кездегі қызылиектің қансырауына шағымданып келді. Созылмалы гастрит диагнозымен диспансерлік бақылауда тұрады. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиектің шырышты қабығы цианозды, зондтағанда оңай қансырайды. Кейбір тістер аймағында тереңдігі 3,5 мм-ге дейін пародонтальды қалталар анықталады. Қызылиекүсті және -асты тіс шөгінділері бар. Алғашқы диагноз қойып, бірінші емдеу сатысын анықтаңыз:


@@Жедел гингивит, қабынуға қарсы терапия
@@Созылмалы пародонтоз, гастроэнтеролог кеңесі
@@Жаралы гингивит, антисептикалық өңдеу
@@Созылмалы пародонтит, тіс шөгінділерін алу
@@Созылмалы гингивиттің өршуі, антибактериальды терапия
{@D@}
{~1~}

~~Науқас Л., 25 жаста, тіс тазалаған кезде қызылиектің қансырауына, ауыз қуысындағы жағымсыз иіске шағымданып келді. Жүктіліктің 32 аптасы. Науқас айтуы бойынша қызылиектің қансырауы 6 айдан бері мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: жоғарғы және төменгі күректістер мен иттістердің аймағында көкшіл түсті гиперемияланған және болбыр қызылиек емізікшелері анықталады, зондтағанда қансырайды, пародонтальды қалталар байқалмайды. Қызылиекүсті тіс шөгінділері көп мөлшерде. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@Жедел шектелген пародонтит
@@Жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит
@@Созылмалы катаральды гингивит +
@@Жаралы гингивит
@@Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі
{@C@}
{~1~}

~~Науқас О., 50 жаста, қызылиектің қышуына,тістердің тактильді, термиялық және химиялық тітіркендіргіштерге аса сезімталдығына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиек тығыз, ақшыл-қызыл түсті. Шайнау тістерінде сына тәрізді ақаулар анықталады. Тіс түбірлері 2/3 ұзындығына дейін ашылған, тістер тұрақтылығын сақтаған. Рентгенограммада тісаралық перделердің 2/3 биіктігіне дейін біркелкі төмендеуі, остеопороз және остеосклероз ошақтарының кезектенуі анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@3 дәрежелі пародонтит
@@2 дәрежелі пародонтоз
@@2 дәрежелі пародонтит
@@3 дәрежелі пародонтоз
@@атрофиялық гингивит
{@D@}
{~1~}

~~Науқас К., 37 жаста, таңғы уақытта мазалайтын қызылиектегі қышу сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша қызылиектегі қышу сезімі 2 ай бойы мазалайды. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиектің шырышты қабығы ақшылқызыл түсті, пальпацияда тығыз. Кіші азутістер мен үлкен азутістердің мойын аймағындағы сына тәрізді ақаулар эмаль деңгейінде анықталады. Рентгенограммада компактты пластинканың сақталуымен альвеолааралық перделердің биіктігінің 1/3 деңгейге дейін біркелкі төмендеуі анықталады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@1 дәрежелі пародонтоз
@@2 дәрежелі пародонтоз
@@2 дәрежелі пародонтит
@@атрофиялық гингивит
@@1 дәрежелі пародонтит
{@A@}
{~1~}

~~Емханаға науқас В., 25 жаста, тісін тазалағанда қызылиектің кейбір уақытта қансырауына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: қызылиек пен тісаралық емізікшелердің шырышты қабығы көкшіл түстес гиперемияланған, болбыр, тістерге тығыз бекімеген.Қызылиекүсті тіс шөгінділері анықталады.Тісқызылиектік байлам бұзылмаған. Рентгенограммада: жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсінділерінің сүйек тінінде өзгерістер анықталмады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@Созылмалы катаральды гингивит
@@Жедел катаральды гингивит
@@Жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит
@@Орташа дәрежелі созылмалы пародонтит
@@Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі
{@A@}
{~1~}

~~25 жастағы науқас Р., емханаға төменгі еріннің құрғауына және қабыршақтануына шағымданып келген. Қарап тексергенде: төменгі еріннің шырышты қабығының Клейн сызығы аймағында шырышты бездерінің шығару түтіктерінің кеңеюі анықталады, олардан тамшы түрінде сілекей бөлінуі байқалады. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@контактты аллергиялық хейлит
@@экзематозды хейлит
@@эксфолиативті хейлит
@@қарапайым гландулярлы хейлит
@@метеорологиялық хейлит
{@D@}
{~1~}

~~39 жастағы науқас К., сөйлеген және тамақ қабылдаған кезде күшейе түсетін ауыз қуысының шырышты қабығының күйдіру сезіміне, әлсіздікке, дене температурасының 38 С дейін көтерілуіне шағымданып келген. Науқастың айтуы бойынша созылмалы тонзилитпен диспансерлік бақылауда тұрады. Тері жабындылары бозғылт түсті, иық пен тізе терілерінде, ортасында қанды қабыршақпен эритематозды дақтар байқалады. Еріндердің қызыл жиегі ісінген, қанды қабықтармен жабылған. Жақасты лимфа бездері үлкейген, сипап тексергенде ауырсынады. Екі ұрт, ерін, ауыз қуысы түбінің шырышты қабығында фибринозды қақпен жабылған эрозиялар байқалады.


Алғашқы диагноз қойыңыз:
@@көптүрлі жалқықты эритема
@@Квинке домбығуы
@@дәрілік аллергия
@@медикаментозды стоматит
@@афтозды стоматит
{@A@}
{~1~}

~~Емханаға 36 жастағы науқас Н., қатты таңдай аймағының тағам қабылдағанда және тістерін тазалағанда күшейе түсетін ауыратынына шағымданып келген. Науқастың айтуы бойынша ыстық тағамды байқаусыз қабылдағаннан кейін пайда болған ауру сезімдері 2 тәулік бойы мазалайды. Ауыз қуысын қарағанда: қатты таңдайдың шырышты қабығы қызарған,ісінген, бетінде пішіні дұрыс емес фибринозды қақпен жабылған эрозия аймақтары анықталады. Төменгіжақасты лимфа бездері үлкейген. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@қатты таңдайдың жырылған жарасы
@@қатты таңдайдың тесілген жарасы
@@герпетикалық стоматит
@@қатты таңдайдың шырышты қабығыныңкүйігі
@@лейкоплакия
{@D@}
{~1~}

~~47 жастағы науқас Ю., тілдің күю сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына, ыстық және ащы тағам қабылдаған кезде тілдің ауыратынына шағымданып келген. Ауыз қуысын қарағанда: тілдің барлық беткейінде бұдырлы, әртүрлі тереңдіктегі ұсақ жүлгелер анықталады. Тіл қалыңдаған және көлемі үлкейген. Тілдің шырышты қабаты өзгермеген, бүртіктері сақталған. Тілдің қатпарлары арасында тағам қалдықтары жиналған. Алғашқы диагноз қойыңыз:


@@десквамативті глоссит
@@қатпарлы тіл
@@глоссалгия
@@ромб тәрізді глоссит
@@түкті тіл
{@B@}
{~1~}

~~Клиникаға 54 жастағы Л.есімді науқас сол жақ төменгі жағының жұмсақ тіндері аймағындағы ісінуге, ауырсынуға, дене температурасының 37,8С-ге дейін жоғарылағанына шағымданып келген. 4.6 тісінің ауырғанына 3 тәулік өткен, 2 тәулік бұрын ісік пайда болған. Объективті: сол жақ төменгі жағының жұмсақ тіндерінің ісінуі нәтижесінде бетінің асимметриясы, терісі гиперемиялы, ісінген. Пальпация ауырсыну туындатады. Ауызды ашу ауыртады. 4.6 тістің тіссауыты 2/3-ге бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады. Переходная складка на уровне 4.5, 4.6, 4.7 тістер деңгейінде ауыспалы қатпарлар жазылған, гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Пальпация жасау ауыртады.Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз:


@@төменгі жақтың жедел іріңді остеомиелиті, рентгенография
@@төменгі жақтың жедел іріңді остеомиелиті, электроодонтометрия
@@ұрт аймағының флегмонасы, иммунологиялық зерттеу
@@жедел іріңді лимфаденит, коагуллограмма
@@жедел іріңді периодонтит, телерентгенография
{@A@}
{~1~}

~~Клиникаға 37 жастағы Е.есімді науқас сол жақ төменгі жақ аймағындағы ісінуге шағымданып қаралған. 3.6 тісінің ауырғанына 12 тәулік өткен. Объективті: сол жақ төменгі жақтың тығыздануы әсерінен беті асимметриялы, терісінің түсі өзгермеген. Пальпация ауырсыну туындатады. Аузын еркін ашады. 3.6 тістің тіс сауыты 2/3-не дейін бұзылған.Перкуссия ауырсыну туындатады. Ауыспалы қатпар бозғылт-қызғылт түсті, жазылған. Пальпация аздап ауыртады. Рентгенограммада 3.6 тістің периодонталды саңылауының кеңеюі байқалады, түптер бифуркациясы аймағында деструкция ошағы. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@хронический периодонтит
@@хронический одонтогенный периостит
@@хронический одонтогенный остеомиелит
@@хронический пародонтит
@@радикулярная киста
{@B@}
{~1~}

~~Науқас М., 25 жаста, сол жақ тіасты аймағының ауырсынуы мен ісінуіне шағымданып қаралған. Тексеру кезінде: сол төменгі жақ аймағының астындағы жұмсақ тіндердің ісінуі әсерінен бетінің асимметриясы. Ұлғайған лимфа түйіндері пальпацияланады. Аузын ашу 1,5 см-ге дейін шектелген. Тіл асты аймағында 4.6 тістің түбірі проекциясында 2,5*2,0см көлемдегі инфильтрат бар, үстіндегі сілемейлі қабығы гиперемиялы, ісінген, кернеулі. 4.6 тістің тіссауытының 2/3бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады, 4.6 тістің айналасындағы иегі гиперемиялы, ісінген, пальпация ауырсыну туындатады.Болжамды диагноз қойыңыз:


@@төменгі жақ асты аймағындағы абсцесс
@@қанат тәрізді-жақтық кеңістіктегі абсцесс
@@жақ-тіл астаушасының абсцессі
@@жұтқыншақ маңы кеңістігіндегі абсцесс
@@тілдегі абсцесс
{@C@}
{~1~}

~~38 жастағы Р.есімді науқастың 2.6 тісін алып тастау операциясы кезінде жоғарғы жақ синусының перфорациясы пайда болды, таңдай түбірі жоғарғы жақ синусына кіріп кетті. Дәрігіер жоғарғы жақ синусын шайды, шайылған су таза, ірің жоқ. Компьютерлік томографияда таңдай түбірі сағалар қосылысыныан (соустье) оңға орналасқан. Хирургиялық емдеу көлемін анықтаңыз:


@@2.6 тістің түбірін алып тастау және периостотомия
@@гайморотомия
@@2.6 тістің түбірін алып тастау, сағалар қосындысына пластика жасау
@@2.6 тістің түбірін алып тастау
@@сағалар қосындысына пластика жасау
{@C@}
{~1~}

~~Науқас Д., 35 жаста, дәрігер келесі диагнозды қойды: 4.7 тістен бастап төменгі жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиті. Осы аурудың негізгі жергілікті симптомы қандай:


@@қиын тыныс алу, тахикардия
@@температура жоғарылау, шайнағанда ауырсыну
@@тахикардия, ауызды ашу шектелген
@@саңылаулық өтістің болуы
@@жұтынған кездегі ауырсыну, тахикардия
{@D@}
{~1~}

~~Клиникаға 30 жастағы Я.есімді науқас сол жақ құлақ маңы, самай аймағындағы ауырсыну мен ісінуге шағымданып қаралды. Тексеру кезінде: сол жақ құлақ маңы, самай аймағындағы ісінуге байланысты беті асимметриялы. "Құм сағат" симптомы бар. Көздің сыртқы жиегі арқылы және құлақтың ұшымен 60 градус бұрыш жасай жүргізілген екі тура сызықтың қиылысқан нүктесін басқанда ауырсыну анықталады. Ауызды ашу 1,5 см-ге шектелген. 2.7 тістің тіссауытының 2/3-сі бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады. Ауыз ұуысының кіреберіс дөңесінің сілемейі жазылған, гиперемиялы, ісінген, кернеулі.Пальпация ауырсыну туындатады.Болжамды диагноз қойыңыз:


@@сол жақ самай асты аймағындағы флегмона
@@сол жақ көз асты аймағындағы флегмона
@@сол жақ бет сүйегі аймағындағы флегмона
@@сол жақ құлақ маңы-шайнау аймағындағы флегмона
@@сол жақ ұрт аймағындағы флегмона
{@A@}
{~1~}

~~Науқас Р., 39 жаста, сол жақ ұрт, көз асты аймағындағы ауырсынуға және ісінуге, мұрнының бітеліп қалуына, бас ауруына, дене температурасының 38,0С-ге дейін жоғарылауына шағымданып қаралды. Ауру сезімі маңдай, самай аймақтарына таралады. Тексерген кезде: сол жақ ұрт, көз асты аймақтарының ісінуі әсерінен беті асимметриялы. Жоғарғы жақ денесінің алдыңғы қабырғасы бойынша пальпация ауырсыну туындатады. Ауызды ашу ауыртады. 2.7 тістің тіссауытының 2/3-сі бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады. 2.7 тістің айналасындағы иегі гиперемиялы, ісінген. 2.7 тістің иектік жиектерінің астына іріңді экссудат бөлінеді. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қанат-таңдай, самай асты аймақтарындағы флегмона
@@көз асты, ұрт аймақтарындағы флегмона
@@жоғарғы жақтың жедел іріңді остеомиелиті
@@жоғарғы жақтағы жедел іріңді синусит
@@жоғарғы жақтағы жедел іріңді периостит
{@D@}
{~1~}

~~Науқас Н., 28 жаста, басының ауырсынуы мен аузынан іріңнің бөлінуіне шағымданып қаралған. 2 апта бұрын 1.6 тісін жұлдырған, тісін жұлу күрделі өткен. Тексеру кезінде: беті симметрилы. Аузын еркін ашады. 1.6 тістің ұяшығы грануляциямен жабылған, оның астынан іріңді экссудат бөлінеді. Зондтау жасағанда зонд сол жақ жоғарғы жақ синусы қуысына еркін кіреді. Диагнозды нақтылау үшін диагностика әдіісн анықтаңыз:


@@визиография
@@ортопантомография
@@магниттік-резонансты томография
@@электроодонтометрия
@@компьютерлік томография
{@E@}
{~1~}

~~Науқас А., 19 жаста, аузын ашудың шектелгеніне, оң жақ бетінің деформациясына, шайнаудың бұзылысына шағымданып қаралған. Анамнезінен: 5 жыл бұрын науқас травма алған - оң жақ төменгі жақтың буындық өсіндісі басы сынған. Консервативті ем өткізілген. Жарақат алғаннан кейін 1 жылдан соң аузын ашу шектелген және төменгі жағы толығымен қозғалыссыз қалған. Біртіндеп бетінің деформациясы пайда болған. Объективті: сол жақ бетінің жазылуы әсерінен бетінде асимметрия. Төменгі жақ бұрышындағы аймақты пальпациялағанда "тегеурін (шпора)". анықталады. Оң жақ төменгі жақ денесінің көлемі және тармақтары сол жаққа қарағанда кішірек. Аузын ашу ,5 смге дейін шектелген. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@травмадан кейінгі анкилоз
@@деформациялық остеоартроз
@@склероздаушы остеоартроз
@@неоартроз
@@травмадан кейінгі артрит
{@A@}
{~1~}

~~Науқас Ч., 32 жаста, құлақ маңы-шайнау аймағындағы ауырсыну және ісінуге, аузының құрғауына, дене температурасының 38,0С-ге дейін жоғарылауына шағымданып клиникаға қаралды. 3 тәуліктен бері ауырады, жөтел, мұрнынан су ағу пайда болған. Объективті: құлақ маңы-шайнау аймағындағы ісінудің әсерінен екі жағынан да бетінде асимметрия. Тері жабынының түсі өзгермеген. Пальпация кезінде келесі аурулық нүктелер анықталады: құлақ ұшының алдында, емізік тәрізді өсіндінің ұшындағы аймақты басқанда, төменгі жақ кесіндісі аймағында. Сілекей бездері өзегінің тесігінен сілекей бөлінбейді.


Болжамды диагноз қойыңыз:
@@вирустық сиаладенит
@@созылмалы сиаладениттің өршуі
@@жедел іріңді сиаладенит
@@калькулезді сиаладенит
@@сілекей бездеріндегі кисталар
{@A@}
{~1~}

~~Клиникаға 19 жастағы К. есімді науқас таңдай аймағындағы ақауға, тамақтануының, тынысының, сөйлеуінің бұзылысына шағымданып қаралды.Анамнезінен: туа біткен патология. Жергілікті тексергенде: бетінің ортаңғы бөлімінің қысқаруы әсерінен бетінде асимметрия. Аузын еркін ашады. Қатты және жұмсақ таңдай аймақтарында күрек тістік тесікті қамтыған ақау бар, жұмсақ таңдайы қысқарған, ауызжұтқыншақтың ортаңғы бөлімі кеңейген. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қатты таңдайдың туа бітті жартылай жырығы
@@жұмсақ таңдайдың туа бітті толық жырығы
@@қатты таңдайдың туа бітті толық жырығы
@@қатты және жұмсақ таңдайдың туа бітті толық жырықтары
@@жұмсақ таңдайдың туа бітті жартылай жырығы
{@D@}
{~1~}

~~Клиникаға 43 жастағы З.есімді науқас сол жақ құлақ маңы-шайнау аймағында ісік тәрізді түзіліске шағымданып қаралды. Жаңа түзілістің пайда болғанына 9 ай болған, біртіндеп өскен. Объективті: құлақ маңы сілекей безі аймағында диаметрі 5,0*4,0см болатын ісік тәрізді түзілістің болуы әсерінен бетінде асимметрия. Пальпация кезінде тығыз-эластикалық түзіліс анықталады. Ісік үстіндегі тері түсі өзгермеген, пальпация кезінде ауырмайды. Гистологиялық зерттеуде шеміршек тәрізді құрылымдардан тұратын мезенхимаға ұқсас учаскелермен эпителиалды жасушалар анықталған. Клиникалық диагноз қойыңыз:


@@плеоморфты аденома
@@сиалоденоз
@@онкоцитоз
@@аденолимфома
@@аденокарцинома
{@A@}
{~1~}

~~Клиникаға 29 жастағы Ш.есімді науқас ауыз қуысының ауырсынуына шағымданып қаралған. 6 сағат бұрын ыстық шай ішкен. Тексеру кезінде: ауыз қуысының сілемейі гиперемиялық, ісінген. Жоғарғы және төменгі еріндердің сілемейлі қабықтарында сары түсті көпіршіктер бар, пальпацилау кезінде ауырады. Жоғарғы және төменгі еріндердің сілемейлі қабықтарының күю дәрежелерін анықтаңыз:


@@І дәреже
@@ІІ дәреже
@@ІІІ-а дәреже
@@ІІІ-б дәреже
@@ІV дәреже
{@B@}
{~1~}

~~Науқас С., 27 жаста, қойылған диагноз: 4.7 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 4.7 тісті жұлып алып тастау операциясын жасау керек. Дәрігер жасалған жергілікті анестезиядан кейін тісті жұлуға кірісті. Дәрігер 4.7 тіске қысқашты қойды, оларды қозғады, бекітті, тісті тартып ұяшықтан шығарды. Ұяшықтан шығару кезінде иегі жыртылып қан кету басталды. 4.7 тісті жұлу кезінде дәрігер жасамаған операция кезеңін анықтаңыз:


@@тістің жұмыр жалғамасын қабаттандыру
@@қысқашты бекіту
@@қысқаштармен ұртты қозғау
@@тісті люксациялау
@@тісті эктракциялау
{@A@}
{~1~}

~~Науқас Ф., 32 жаста, 4.7 тісті жұлу операциясы өткізілді. Дәрігер 4.7 тісті элеватормен жұлу операциясын өткізу кезінде альвеолярлық өсіндіні сол қолының саусағымен басқан жоқ. Тістің шығып тұрған түбірі төмені жақтың альвеолярлы бөлімінің сілемейлі қабығының астына тіл жағына ығысып кетті. Тіс түбірінің жұмсақ тінге кіріп кету себебін анықтаңыз:


@@қанның көптеп кетуі
@@альвеоланың жұқа ішкі қабырғасы
@@альвеоланың тығыз сыртқы қабырғасы
@@тіс түбірінің қисықтығы
@@иннервация ерекшелігі
{@B@}
{~1~}

~~Науқас У., 35 жаста, төбелес кезінде иек асты аймағында пышақпен жарақат алды. Жарақат жиегі тегіс, аздап қанталап тұр, жарақат өлшемі 3,0*1,0 см. Жарақатқа біріншілікті хирургиялық өңдеу өткізген кезде тігістер арасы қанша болу керек:


@@0,3см
@@0,4см
@@0,6см
@@0,8см
@@1,0см
{@B@}
{~1~}

~~Клиникаға 49 жастағы Ц.есімі науқас қаралды, аузын жаба алмауға, құлақ маңы аймағының жоғарғы бөлігінің ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен: есінеген кезде бір нәрсе сырт ете қалып науқас аузын жаба алмай қалған. Объективті: бетінің төменгі үштен бірінің ұзаруы әсерінен және иектің алға ығысунан бетінде асимметрия. Аузынан сілекей көптеп бөлінеді, бірақ тілі құрғақ. Сол және оң жақтан құлақ ұшындағы алдыңғы тіндері түсіп кеткен, бет сүйегі доғасының астында буын өсіндісінің басы сезіледі. Тістеуі ашық. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@самай-төменгі жақ буынының артынан шығып кетуі
@@буындық өсіндінің сынуы
@@самай-төменгі жақ буынының алдынан шығып кетуі +
@@анкилоз
@@деформациялық остеоартроз
{@C@}
{~1~}

~~Науқас Д., 42 жаста, 3.4,3.5,3.6 тістерге имплантация операциясы жасалған, операциядан кейін 3-ші тәулікте төменгі еріннің және сол жақ ұрт аймағында парестезия пайда болған. Парестезияның пайда болу себебін анықтаңыз:


@@асептика ережесін сақтамау
@@жүйке бағанын имплантатпен қысу
@@альвеолярлық өсінді қабырғасындағы перфорация
@@сайманның сүйек тінінен тыс шығып кетуі
@@анестетиктің дұрыс емес таңдалған мөлшері
{@B@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 39 жастағы науқас тамақ шайнауына, сөйлеу, төменгі жақтың ортаңғы күрек тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ауыз қуысын тексеру барысында төменгі жақ тіс қатарының алдынғы бөлігінде шектелген кетік анықталды. 41,31,32 тістерін жоғалткан. Осы кетікті жабу үшін протез түрін анықтаңыз:


@@алынбайтын көпір тәрізді протез
@@жартылай көпір тәрізді протез
@@толық алмалы протез
@@адгезивті көпір тәрізді протез
@@жартылай алмалы протез
{@A@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 49 жастағы науқас У. тамақ шайнауына, төменгі жақтың шайнау тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ауыз қуысын тексеру барысында төменгі жақ тіс қатарының бүиір сол жақ бөлігінде шектелген кетік анықталды. 35,36 тістерін жоғалткан. Осы кетікті жабу үшін протез түрін анықтаңыз:


@@жартылай көпір тәрізді протез
@@алынбайтын көпір тәрізді протез
@@толық алмалы протез
@@адгезивті көпір тәрізді протез
@@жартылай алмалы протез
{@B@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 29 жастағы науқас Г. тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ауыз қуысын тексеру барысында жоғарғы жақ тіс қатарының сол жақ бөлігінде 22 тістін жоқтығы анықталды. Осы кетікті жабу үшін протез түрін анықтаңыз:


@@толық алмалы протез
@@алынбайтын көпір тәрізді протез
@@жартылай көпір тәрізді протез
@@адгезивті көпір тәрізді протез
@@жартылай алмалы протез
{@C@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 32 жастағы науқас Е. Тіс имплантациясы операциясынаң кейын келді. Науқасқа уақытша протез дайындау көрсетілген. Ауыз қуысын тексеру барысында төменгі жақ тіс қатарының бүиір оң және сол жақ бөлігінде кетік анықталды. 34,35,36,45,46,47 тістері тұсында имплантаттар орыналастырылған. Осы кетікті жабу үшін уақытша протез түрін анықтаңыз:


@@толық алмалы протез
@@алынбайтын көпір тәрізді протез
@@жартылай көпір тәрізді протез
@@адгезивті көпір тәрізді протез
@@жартылай алмалы протез
{@D@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 62 жастағы науқас Н.,тамақ шайнауына, толық тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ұрт және ерінің салбырауыларына байланысты беттің ассиметриясы. Мұрын-ерін қатпарлары айқын, ауыз бұрышы салбыраңқы. Төменгі жақ сүйегі жоғары және алға ығысқан, беттін төменгі жақ бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз ашуы еркін, тістердін толық болмауы, жоғарғы жақ альвеолярлы өсіндінін вестибулярлы бетінін атрофиясы және төменгі жақ альвеолярлы өсіндінін тіл жақ бетінін атрофиясы. Толық тістірінін болмау кезіндегі тістем түрін анықтаңыз.


@@ювениальды дизокклюзиясы
@@ювениальды мезоокклюзиясы
@@қарттық микрогениясы
@@қарттық прогнатиясы
@@қарттық прогениясы
{@E@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 65 жастағы науқас Ф.,тамақ шайнауына, толық тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ұрт және ерінің салбырауыларына байланысты беттің ассиметриясы. Мұрын-ерін қатпарлары айқын, ауыз бұрышы салбыраңқы. Төменгі жақ сүйегі жоғары және алға ығысқан, беттін төменгі жақ бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз ашуы еркін, төменгі жақ тістердін толық болмауы, альвеолярлы өсіндісі айқың, өтпелі қатпар альвеолярлы өсінді қырынан алшақ орналасқан. Келлер бойынша төменгі тіссіз жақтын атрофия түрін аныктаңыз.


@@1-й тип
@@2-й тип
@@3-й тип
@@4-й тип
@@5-й тип
{@A@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 67 жастағы науқас О.,тамақ шайнауына, толық тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ұрт және ерінің салбырауыларына байланысты беттің ассиметриясы. Мұрын-ерін қатпарлары айқын, ауыз бұрышы салбыраңқы. Төменгі жақ сүйегі жоғары және алға ығысқан, беттін төменгі жақ бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз ашуы еркін, төменгі жақ тістердін толық болмауы, альвеолярлы өсіндісі орташа семген, өтпелі қатпар альвеолярлы өсінді қырынан жақын орналасқан. Келлер бойынша төменгі тіссіз жақтын атрофия түрін аныктаңыз.


@@1-й тип
@@2-й тип
@@3-й тип
@@4-й тип
@@5-й тип
{@B@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 57 жастағы науқас З.,тамақ шайнауына, толық тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ұрт және ерінің салбырауыларына байланысты беттің ассиметриясы. Мұрын-ерін қатпарлары айқын, ауыз бұрышы салбыраңқы. Төменгі жақ сүйегі жоғары және алға ығысқан, беттін төменгі жақ бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз ашуы еркін, төменгі жақ тістердін толық болмауы, альвеолярлы өсіндісі алдыңғы бөлігінде айқын, бүйір бөлігінде толық семген, өтпелі қатпар альвеолярлы өсінді қырынан жақын орналасқан. Келлер бойынша төменгі тіссіз жақтын атрофия түрін аныктаңыз.


@@1-й тип
@@2-й тип
@@3-й тип
@@4-й тип
@@5-й тип
{@C@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 66 жастағы науқас Я.,тамақ шайнауына, толық тістірінің жоқтығына шағымданып келді. Ұрт және ерінің салбырауыларына байланысты беттің ассиметриясы. Мұрын-ерін қатпарлары айқын, ауыз бұрышы салбыраңқы. Төменгі жақ сүйегі жоғары және алға ығысқан, беттін төменгі жақ бөлігінің биіктігі төмендеген. Ауыз ашуы еркін, төменгі жақ тістердін толық болмауы, альвеолярлы өсіндісі алдыңғы бөлігіндетолық семген, бүйір бөлігінде альвеоларлы өсінді жақсы сақталған. Келлер бойынша төменгі тіссіз жақтын атрофия түрін аныктаңыз.


@@1-й тип
@@2-й тип
@@3-й тип
@@4-й тип
@@5-й тип
{@D@}
{~1~}

~~Қарама қарсы тістердің және тіс қатарларының окклюзиялық қарым қатынасына, беттің төменгі бөлігінің жаңа биіктігіне бұлшық еттердің қайта құрылуы қанша уақыт алады:


@@1 ай
@@2 ай
@@3 ай
@@5 ай
@@6 ай
{@E@}
{~1~}

~~Тістердің қатты тіндерінің қажалуы, периодонта өзгерістердің болуы, шайнау бұлшық еттердің қызметтерінің бұзылу процестері кездеседі:


@@жоғары дәрежеде қажалу
@@егеу кезінде
@@эрозия
@@кетік
@@деформация (пішін өзгеру)
{@A@}
{~1~}

~~Тістердің қатты тіндерінің қажалу процессі реставрация кезінде немесе бөгде заттардың механикалық әсерінен тістің мойын немесе окклюзиялық беткейлерінде кездеседі:


@@жоғары дәрежеде қажалу
@@егеу кезінде
@@эрозия
@@кетік
@@деформация (пішін өзгеру)
{@B@}
{~1~}

~~Тістердің қатты тіндерінің қажалу процессі беткей деминерализациялау, қышқылдар әсерінен, тістің вестибулярлы, мойын немесе ауыз қуысы беттерінде және окклюзиялық беткейлерінде кездеседі:


@@жоғары дәрежеде қажалу
@@егеу кезінде
@@эрозия
@@кетік
@@деформация (пішін өзгеру)
{@C@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 47 жастағы науқас Р., оң жақ самай-төменгіжақ буынының сықыры мен ауру сезіміне,құлағындағы шу мен естудің төмендеуіне шағымданып келді. Науқас тітіркенулі. Қарап тексергенде: бет әлпеті симметриялы, ауызын ашу еркін.Аузын ашу барысында төменгі жақтың девиациясы байқалады.Оң жақ шайнау бұлшық етті пальпация жасау барысында керленуі анықталады . КТ-да төменгі жақтың оң буын басы шыққан. СТЖБ дисфункциясының қиындық дәрежесін анықтаңыз.


@@орта
@@ауыр
@@орташа-ауыр
@@жеңіл
@@өте - ауыр
{@D@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 45 жастағы науқас Л., сол жақ самай-төменгіжақ буынының сықыры мен ауру сезіміне,құлағындағы шу, бас ауруы, естудің төмендеуіне және бет аймағының ауыруна шағымданып келді.Науқас тітіркенулі. Қарап тексергенде: бет әлпеті симметриялы, ауызын ашуы 3.0 см дейін. Аузын ашу барысында төменгі жақтың девиациясы байқалады.Сол жақ шайнау бұлшық етті пальпация жасау барысында керленуі анықталады . КТ-да төменгі жақтың сол буын басы шыққан. СТЖБ дисфункциясының қиындық дәрежесін анықтаңыз.


@@орта
@@ауыр
@@орташа-ауыр
@@жеңіл
@@өте - ауыр
{@A@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 37 жастағы науқас Д., оң жақ самай-төменгіжақ буынының сықыры мен ауру сезіміне, құлағындағы шу, бас ауыруы мен айналуына, естудің төмендеуіне және бет аймағының ауыруна шағымданып келді. Науқас тітіркенулі. Қарап тексергенде: бет әлпеті симметриялы, ауызын ашуы 2,5 см дейін. Аузын ашу барысында төменгі жақтың девиациясы байқалады.Сол жақ шайнау бұлшық етті пальпация жасау барысында керленуі анықталады . КТ-да төменгі жақтың оң буын басы шыққан. СТЖБ дисфункциясының қиындық дәрежесін анықтаңыз.


@@орта
@@ауыр
@@орташа-ауыр
@@жеңіл
@@өте - ауыр
{@B@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 46 жастағы науқас Р., имплантациядан кейін протез салдыру мақсатында келді. Дәрігер-ортопед алынбайтын протездің тірек ретінде имплантанты және тісті пайданалуға шешім қабылдады. Остеоинтеграцияланған сүйекішілік имплантаттардын тұрақтылығына кері әсер ететін себебін анықтаныз:


@@имплантатка салмақ түсіру
@@тірек тістерге салмақ түсіру
@@тістердін физиологиялық қозғалғыштығы
@@қызылиек шырышты қабығының жағдайы
@@альвеолярлық өсінді биіктігінің жағдайы
{@C@}
{~1~}

~~Клиникалық қабылдауға 26 жастағы науқас В., 16,17 тістерінін орналасуының өзгеруыне, шайнау қызметінің бұзылуына шағымданып келді. 5 жыл бұрын 46,47 тістері жұлынған. 16,17 тістер вертикальді ығысқан, тіс-альвеолярлық ұзару байқалады. Гаврилов бойынша тіс қатарының деформация тобын анықтаңыз


@@V
@@IV
@@III
@@II
@@I
{@E@}
{~1~}

~~10 жастағы А.есімді бала дәрігерортодонтқа қаралды. Анамнезінде:


жұдырығын ұртына қойып сол бүйірімен жатып ұйықтау әдетке айналған. Объективті: бетінің оң және сол жақ жартысы симметриялы емес, бетінің жоғарғы, ортаңғы және төменгі үштен бірі пропорционалды, мұрын-ерін, иек асты қатпарлары орташа дамыған, профилі тура. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жақындасуы: сол жақтан - төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы ұрт төмпектерін жабады, оң жақтан – төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы ұзына бойы фиссурада орналасқан. Төменгі және жоғарғы орталық күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық 2 мм оңға ығысқан. Аузын ашу көлемі 39 мм, аузын ашқан кезде девиация байқалады. Болжамды диагноз қойыңыз:
@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@A@}
{~1~}

~~Науқас Г., 8 жаста, бетінің деформациясы шағымымен қаралған. Объективті: иек астының оңға ығысуы әсерінен бетінің асимметриясы. Мұрын-ерін, иек асты қатпарлары орташа дамыған, профилі тура. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: сол жақтан - төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы тістердің таңдай төмпектерімен байланысады, оң жақтан – төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы тістің ұрт төмпектерін жабады. Төменгі және жоғарғы орталық күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық 4 мм оңға ығысқан. Аузын жапқанда төменгі жақ оңға ығысады, аузын ашқанда қалыпты жағдайға қайта келеді. Ауызды ашу көлемі 39 мм. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@мезиалды окклюзия
@@қиылысқан окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@A@}
{~1~}

~~Науқас Е., 15 жаста, ортодонтқа тістерінің дұрыс жабылмауына және жағымсыз профильге шағымданып қаралған. Өмір анамнезінде: әкесі мен атасында көлемді төменгі жақ болған. Объективті: жоғарғы, ортаңғы және төменгі үштен бірі пропорционалды, иек асты қатпарлары жазылған, иегі алға шығып кеткен. Төменгі жаақ тістерінің арасында диастема және тремалар. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жақындасуы: оң және сол жақтан - төменгі шайнау тістерінің ұрт төмпектері жоғарғы ұрт төмпектерін жабады. Төменгі және жоғарғы орталық күрек тістердің арасындағы ортаңғы сызық сәйкес келеді. Төменгі фронталды тістер жоғарғы тістердің 1/3-ін жабады, кері сагиталды саңылау 3 мм. Аузын ашу көлемі 39 мм.


Болжамды диагноз қойыңыз:
@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@төменгі микрогнатия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@B@}
{~1~}

~~Науқас Ж., 8 жаста, баланың аузымен демалуына шағымданып қаралған. Анамнезінде: аузын ашып жүру әдетке айналған. Объективті: бетінің төменгі үштен бірі ұзарған, мұрын-ерін және иек асты қатпарлары жазылған, иегі шығып кеткен. Жоғарғы фронталды тістері вестибулярлы қисайған. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: оң және сол жақтан жоғарғы және төменгі тістердің вестибулярлық және оральды төмпектері өзара байланысқан. Орталық тістердің арасындағы ортаңғы сызық сәйкес келеді. Күрек тістердің арасындағы вертикалды саңылау 2 мм. Аузын ашу көлемі 39 мм.


Болжамды диагноз қойыңыз:
@@қиылысқан окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@D@}
{~1~}

~~Науқас О., 13 жаста, ортодонтқа алдыңғы тістерінің "қисықтығына" шағымданып қаралған. Анамнезінен: емізікті 3 жасқа дейін сорған. Объективті: бетінің төменгі үштен бірі қысқарған, мұрын-ерін қатпарлары жазылған, иек асты қатпарлары анық көрінеді, иегі қисайған. Жоғарғы фронталды тістері вестибулярлы қисайған, төменгі фронталды тістер тығызданған, ауызға қарай қисая иілген. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: оң және сол жақтан төменгі тістердің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасқан. Орталық тістердің арасындағы ортаңғы сызық сәйкес келеді. Күрек тістерінің жабылу тереңдігі 2/3. Аузын ашу көлемі 39 мм, аузын ашқанда девиация байқалады. Жұтынған кезде тіл тістер арасында төселе орналасады. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@E@}
{~1~}

~~Науқас К., 9 жаста, ортодонтқа қаралды.Анамнезінен: созылмалы синусит. Объективті: беті қушық, созылыңқы, қатпарлары жазылған, иегі қисайған, еріндері күшпен жабылады. Уақытша тістерінің арасы тығыз байланыста. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: оң және сол жақтан төменгі тістердің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасқан. Төменгі бірінші азу тістің мезиалды төмпегі ауызды жапқанда жоғарғы бірінші азу тістің аталмыш төмпегімен қатынаста болады. Орталық тістер арасындағы ортаңғы сызық сәйкес келеді. Күрек тістіердің жабылу тереңдігі 1/3, аузын ашу көлемі 39 мм, аузын ашқанда девиация байқалады. Артикуляциялық қимылдың бұзылысы байқалады. Әдеттегі ауызбен демалу.Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@дисталды окклюзия+
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@D@}
{~1~}

~~Науқас Л., 12 жаста, ортодонтқа қаралған. Объективті: мұрын-ерін, иек асты қатпарлары орташа дамыған, профильі тура. Төменгі фронталды тістердің тығыздана орналасуы байқалады. Сагитал бойынша: оң және сол жақтан жоғарғы бірінші тұрақты азу тістің медиалды ұрттық төмпегі төменгі бірінші тұрақты азу тістің төмпекаралық фиссурасында орналасқан. Орталық күрек тістер арасындағы ортаңғы сызық 2 мм солға ығысқан. Күрек тістердің жабылу тереңдігі 1/3, сагиталды саңылау 3 мм. Төменгі фронталды тістер аймағындағы ауыздың сілемейлі қабығы гиперемиялы, ісінген. Ауызы ашу көлемі 39 мм, ауызды ашқанда девиация байқалады. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@E@}
{~1~}

~~Науқас Г, 12 жаста, ортодонтқа қаралды. Анамнезінен: хейло-уранопластикадан кейінгі жағдай. Объективті: мұрынның екіншілікті деформациясы анық емес. Қатпарлары орташа дамыған. Жоғарғы фронталды тістері тығыз орналасқан, 22-ші тіс жоқ. Жоғары жақтық тіс қатарының фронталды бөлімі қысқарған, пішіні трапеция тәрізді. Төменгі тістер қатары парабола түрінде. Сагитал бойынша: оң және сол жақтан жоғарғы бірінші тұрақты азу тістің медиалды ұрттық төмпегі төменгі бірінші тұрақты азу тістің төмпекаралық фиссурасында орналасқан. Орталық күрек тістер арасындағы ортаңғы сызық 2 мм солға ығысқан. Күрек тістік кері жабылу, жабылу тереңдігі 1/3, ауызды ашу көлемі 39 мм, ауызды ашқанда девиация байқалады.Болжамды диагноз қойыңыз:


@@күрек тістік кері жабылу
@@мезиалды окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@A@}
{~1~}

~~7 жастағы В.есімді науқастың анасы баласында "үлкен" алдыңғы тістің жарып шығуына шағымданып ортодонтқа қаралды. Объективті: беті симметриялы, пропорционалды, қатпарлары орташа дамыған. Профиль түрі тура. Оң және сол жақтан жоғарғы II және III тістерден басқа уақытша тістер арасындағы тремалар, жоғарғы тұрақты орталық күрек тістер аса үлкен. Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жабылуы: оң және сол жақтан төменгі тістердің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістің ұзына бойы фиссурасында орналасқан. Күрек тістердің жабылу тереңдігі 1/3, күрек тістер арасындағы орталық сызық сәйкес келеді, ауызды ашу көлемі 39 мм. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@11,21 тістердің микродентиясы
@@11,21 тістердің макродентиясы
@@тістер қатарының деформациясы
@@тістеу деформациясы
@@тістер қатарының ақауы
{@B@}
{~1~}

~~Науқас Б., 13 жаста, алдыңғы тістерінің жабылауы шағымдарымен ортодонтқа қаралды. Объективті: бетінің төменгі үштен бірі үлкейген, иек асты және мұрын-ерін қатпарлары жазылған. 14, 15, 24, 25 тістер таңдайлық орналасқан. Жоғарғы тістер қатарының пішіні ер-тоқым тәрізді, төменгі тістер қатары парабола пішіндес.Трансверзаль бойынша шайнау тістерінің жақындасуы: азу тістер аймағында төменгі тістердің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасқан, азу тіс алдыңғы (премоляр) аймағында төменгі тістердің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің аталмыш төмпектерінде вестибулярлы орналасқан. Фронталды бөлімде: вертикалды саңылау 4 мм. Ауызды ашу көлемі 39 мм, ауызды ашқанда девиация байқалады. Жұтыну кезінде тіл тістердің арасында қалып қояды. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@D@}
{~1~}

~~Науқас А., 15 жаста, ортодонтқа жоғарғы орталық тістерарасында саңылаудың болуына шағымданып қаралды.Объективті: бетінің төменгі үштен бірінің қысқаруы нәтижесінде бетінің асимметриясы байқалады. Мұрын-ерін қатпарлары жазылған, иек асты қатпарлары анық. Төменгі фронталды тістердің тығыздығы байқалады. Тістердің фронталды бөлімді жабылуы кезінде ортаңғы сызық 4 мм солға ығысқан. Жоғарғы орталық күрек тістері төменгі тістерді тіссауыттың ½ биіктігінде жауып тұрады. 13,12,11 тістер аймағында сагиталды саңылау орталық күрек тістер бағытына қарай 3 мм-ге дейін кішірейген. Аузын ашу көлемі 41 мм, аузын ашқанда девиация байқалады. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@күрек тістің терең дизокклюзиясы
{@E@}
{~1~}

~~Науқас И., 7 жаста, ортодонтқа қаралды. Объективті: беті симметриялық, мұрын-ерін және иек асты қатпарлары орташа дамыған. Жоғарғы фронталды тістері ауызға қарай қисайған, тығыздана орналасу байқалады. 55,54 тістер аймағында тістер-альвеолярлық ұзарған. Трансверзаль бойынша: қалған шайнау тістері дұрыс фиссуралық-төмпектік жабылады, сагитал бойынша 26 және 36 тістердің төмпектік жақындасуы байқалады, 16-шы тістің медиалды ұрттық төмпегі 46шы тістің дисталды төмпегімен жақындасады. Күрек тістің жабылу тереңдігі, орталық күрек тістер арасындағы орталық сызық сәйкес келеді. Ауыздың ашу көлемі 42 мм, буындағы қимылдар симметриялы емес, ауызды ашқанда девиация байқалады. Болжамды диагноз қйыңыз:


@@дисталды окклюзия
@@тістер қатарының ақауы
@@тістеу деформациясы
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@A@}
{~1~}

~~7 жастағы А.есімді науқастың анасы баласының тістерінің қисық өскеніне шағымданып ортодонтқа қаралды. Объективті: мұрын-ерін және иек асты қатпарлары орташа дамыған. 12-ші тіс жарып шықпаған, ол тіске шығатын орын жоқ, төменгі фронталды тістер аса тығыз орналасқан: 43-ші тіс вестибулярлы қисайған, 42-ші тістің тілге қарай жарып шығуы, 32-ші тіс тортоорналасқан. Тістер қатарының пішіні жартылай дөңгелек. Бүйір бөліктерде тістердің жақындасуы кезінде трансверзаль бойынша оң және сол жақта, төменгі тістердің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасқан. Күрек тістердің жабылу тереңдігі тіссауытының 1\3 -ін құрайды, 11,21 тістердің жоқ 12-ші тіс жаққа ығысуы әсерінен ортаңғы сызық оңға ығысқан. Ауызды ашу көлемі 39 мм, жұтынған кезде тіл тістер арасында қалып қояды. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@тістер оналасуының аномалиясы
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@B@}
{~1~}

~~Науқас Е, 14 жаста, тістерін дұрыс жақындата алмауға және сөйлеуінің бұзылуына шағымданып ортодонтқа қаралды. Объективті: мұрын-ерін және иек асты қатпарлары орташа дамыған. Тілі үлкен, тілдің бүйір беткейінде мезиалды қисаюмен 37 мен 47 тістердің таңбалануы сақталған. 44 пен 45, 34 пен 35 тістер арасында тремалар. Жоғарғы және төменгі фронталды тістері ретрузия жағдайныда, төменгі бүйір тістері ауызға қарай қисайған. Фронталды бөлімде жақындағанда күрек тістердің кері жабылуы, ортаңғы сызық сәйкес келеді. Сагитал бойынша тістер жақындасқанда жоғарғы тұрақты бірінші азу тістердің медиалды ұрттық төмпектері алтыншы және жетінші төменгі тістер арасында орналасқан. Ауызды ашу көлемі 38 мм, буындар қимылы симметриялы емес, девиация байқалады. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@B@}
{~1~}

~~Науқас К., 15 жаста, қисық өскен тістеріне шағымданып ортодонтқа қаралды.Анамнезінен: 15 және 25 тістері 11 жасында ортодонтиялық көрсеткіштер бойынша жұлыпып тасталған. Объективті: бетінің төменгі үштен бірі кішірейген, иекасты қатпары анық. Төменгі фронталды тістердің тығыздануы байқалады. Жоғарғы тістер қатары азу тістер алды (премоляр) және азу тістер аймағында тарылған, төменгі тістер қатары асимметриялық, оң жақ премоляр аймағында тарылу анағұрлым анық білінеді. Трансверзаль бойынша дұрыс фиссуралық-төмпектік жақындасу байқалады, 13/44 тістер аймағында – кері жабылу, 14/45– 45 тістер ауызға қарай ығысқан. Күрек тістердің жабылу тереңдігі тіссауыттың 2/3-ін құрайды, орталық сызық сәйкес емес. Ауызды ашу көлемі 38 мм, буындағы қимыл симметриялық емес, девиация байқалады.Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@2-ші дәрежедегі терең окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@сагиталды күрек тістер дизокклюзиясы
{@C@}
{~1~}

~~Науқас О., 15 жаста, 2 жылдан бері брекетжүйемен ортодонттық емдеуде болған, белсенді емдеу кезеңі науқастың талабымен тоқтатылып брекетті алып тастаған. Объективті: беті симметриялық. Мұрын-ерін және иек асты қатпарлары орташа дамыған. Жоғарғы тістер қатарының пішіні жартылай эллипс түрінде, төменгі тістер қатарының пішіні парабола. Тістер қатары жақындасқанда күрек тістердің жабылу тереңдігі тіссауытының 1/3 биіктігінде, ортаңғы сызық сәйкес келеді, трансверзаль бойынша дұрыс фиссуралық-төмпектік қатынас, сагитал бойынша азу тістер және азу тістер алды (премоляр) аймағындатөмпектік жақындасу байқалады. Ауызды ашу көлемі 38 мм, буындағы қимыл симметриялық емес, девиация байқалады. Жоғарғы және төменгі фронталды тістердің ауызға қараған беткейінде шыны талшықты ретейнер бекітілген. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@қиылысқан окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@күрек тістік терең окклюзия
@@Энгль 2 класы бойынша шайнау тістерінің жақындасуы
@@Энгль 3 класы бойынша шайнау тістерінің жақындасуы
{@D@}
{~1~}

~~Науқас М., 14 жаста, тістерінің қисықтығына шағымданып дәрігерортодонтқа қаралды. Объективті: басының пішіні долихоцефалдық, мұрын-ерін және иек асты қатпарлары орташа дамыған. Жоғарғы және төменгі фронталды тістердің тығыздығы байқалады, 12 және 22 тістердің пішіні тікен тәрізді. Жоғарғы тістер қатары азу тістер алды (премоляр) және азу тістер аймағында бірдей кішірейген, төменгі тістер қатарының пішіні парабола. Күрек тістердің жабылу тереңдігі тіссауыттың 1/3-ін құрайды, ортаңғы сызық сәйкес келмейді, сагитал бойынша тістердің жақындасуы кезінде дұрыс фиссуралық-төмпектік қатынас анықталады, трансверзаль бойынша төменгі шайнау тістерінің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің сәйкесінше төмпектерінен сыртқа орналасады. Ауызды ашу көлемі 38 мм, буындағы қимыл симметриялық емес, девиация байқалады.


Болжамды диагноз қойыңыз:
@@күрек тістік терең окклюзия
@@мезиалды окклюзия
@@дисталды окклюзия
@@вертикалды күрек тістер дизокклюзиясы
@@двусторонняя палатиноокклюзия
{@E@}
{~1~}

~~5 жастағы З.есмді баланы анасы ортодонтқа алып келді. Объективті: мұрынерін және иек асты қатпарлары орташа дамыған. Төменгі фронталды тістердің арасында 1-2 мм аралықтар байқалады, жоғарғы орталық күрек тістер ось бойынша аздап бұрылыс жасайды. Уақытша тістердің тіссауыты тіссауыттың 1/3 биіктігінде ашылып қалған. Тістер қатарының пішіні жартылай дөңгелек. Трансверзаль бойынша тістер қатарының жақындасуы кезінде төменгі шайнау тістерінің вестибулярлы төмпектері жоғарғы тістердің ұзына бойы фиссурасында орналасқан, сагитал бойыншаи соңғы азу тістің дисталды беткейі мезиалды баспалдақ құрайды. Ауызды ашу көлемі 38 мм, ауызды ашқан кезде буындағы қимылдар симметриялық. Болжамды диагноз қойыңыз:J113


@@51,61 тістердегі тортаномалия
@@51,61 тістердегі макродентия
@@тістеу деформациясы
@@тістер қатарының ақауы
@@тістер қатарының деформациясы
{@A@}
{~1~}

~~Науқас У., 2 жаста, оң жақ жақ асты аймағының ісінуіне және ауырсынуына шағымданып қаралған. Сәби 1 апта бұрын баспамен ауырған. Тексеру кезінде: жақ асты аймағында ауырсынатын инфильтрат пальпацияанады, қозғалмалы, терімен және айналасындағы тіндермен бірікпеген, өлшемі 2.5х2.0см. Оның үстіндегі терінің түсі өзгермеген, қатпарларға жинақталған. Аузын еркін ашады, аңқасы гиперемиялы, оң жағы ісінген. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@мойындағы бүйірлік киста
@@созылмалы гиперпластикалық лимфаденит
@@жедел серозды лимфаденит
@@жедел іріңді лимфаденит
@@жедел серозды сиалоденит
{@C@}
{~1~}

~~6 жастағы Н.есімді бала, клиникаға оң жақ төменгі жақтың жұмсақ тіндері аймағындағы ауырсынуға және ісінуге, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып қаралды. Объективті: оң жақ төменгі жақтың жұмсақ тіндерінің ісінуі әсерінен бетінде асимметрия. Ісік үстіндегі терісі гиперемиялы, ісінген. Аузын ашу ауыртады.8.5 тістің тіссауытың ½-ы бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады. 8.4, 8.5 тістер деңгейіндегі ауыспалы қатпарлар жазылған, гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз:


@@8.5 тістегі созылмалы периодониттің өршуі, қаның жалпы талдауы
@@8.5 тістің жедел іріңді периодонтиті, телерентгенография
@@8.5 тістен бастап жедел іріңді периодонтит, компьютерлік томография
@@8.5 тістің жедел іріңді пульпиті, электроодонтометрия
@@8.5 тістен бастап жедел іріңді периостит, рентгенография
{@E@}
{~1~}

~~9 жастағы Р.есімді бала, клиникаға сол жақ жоғарғы жақтың жұмсақ тіндерінің ауырсынуына және ісінуіне, дене температурасының 380С-ге жоғарылауына шағымданып қаралған. Үш күннен бері ауырады. Объективті: сол жақ жоғарғы жақтың жұмсақ тіндерінің ісінуі әсерінен бетінде асимметрия. Ісік үстіндегі терісі гиперемиялы, ісінген, пальпация ауырсыну туындатады. Аузын ашу ауыртады. 6.4 тістің тіссауытың 2/3-сі бұзылған, перкуссия ауырсыну туындатады, 7.4 тістің қозғалысы II-III дәрежеде. 6.3,6.4,6.5 тістер деңгейіндегі ауыспалы қатпарлар гиперемиялы, ісінген, кернеулі. Пальпация ауыртады. Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз:


@@6.4 тістің жедел іріңді периодонтиті, телерентгенография
@@6.4 тістен бастап жедел іріңді остеомиелит, компьютерлік томография
@@6,4 тістен батап ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы, коагуллограмма
@@6.4 тістің жедел іріңді пульпиті, электроодонтометрия
@@6.4 тістен бастап жедел іріңді периостит, рентгенография
{@E@}
{~1~}

~~Емханаға 8 жастағы Ж.есімді бала қаралды, сол жақ жоғарғы жақ аймағындағы ауырсынуға және ісінуге шағымданады. Анамнезінен: 6.5 тісінің ауруы 2 тәулік бұрын басталған, сол тісті 6 ай бұрын жедел пульпит жөнімен емдеген. Ауық-ауық 6.5 тіс мазасыз алатын, алайда қайтадан медициналық көмек алуға келмеген. Ісіну пайда болған. Дәрігерстоматолог тексеру және рентгенография негізінде келесі диагнозды қойды:созылмалы периодонтиттің өршуі және 6.5 тісті жұлу операциясын өткізуге шешім қабылдады. 6.5 тісті жұлу үшін анестезия және сайман түрін таңдаңыз:


@@ментальды анестезия, тура қысқаштар
@@көз астына анестезия, тура элеватор
@@тубералды анестезия, тұмсық тәрізді жинақталатын қысқаштар тікенектері бар жинақталмайтын қысқаштар
@@инфильтрациялық анестезия, S-тәрізді тікенектері бар жинақталмайтын қысқаштар
@@мандибулярлық анестезия, тікенектері бар тұмсық тәрізді қысқаштар
{@D@}
{~1~}

~~Клиникаға 16 жастағы Я.есімді жасөспірім қаралды, оң жақ төменгі жақ аймағындағы ауырсынуға және ісінуге шағымданады. Анамнезінен: 4.6 тістің ауырғанына 2 тәулік болған. Ісіну пайда болған. Тексеру мен рентгенография негізінде дәрігерстоматолог келесі диагнозды қойды: 4.6 тістегі созылмалы периодонтиттің өршуі және 4.6 тісті жұлу операциясын өткізуге шешім қабылдады. 4.6 тісті жұлу үшін операция өткізу кезіндегі анестезия түрін және дәрігердің орналасуын таңдаңыз:


@@тубералды және таңдайлық; алдына-оңға
@@менталды және инфильтрациялық; алдынасолға
@@мандибулярлық және инфильтрациялық; артына-оңға+
@@көздің астына және таңдайлық; артынасолға
@@күрек тістік және таңдайлық; ортасында
{@C@}
{~1~}

~~Емханаға 12 жастағы Ж.есімді бала қаралды, сол жақ жоғарғы екінші күрек тісі аймағында тұрақты түрдегі сыздап ауырсынуға шағымданады, ауру сезімі тістеу кезінде күшейе түседі және сол жақ көзге таралады. "Өсіп кеткен" тіс сезімн байқаған. 2 тәуліктен бері ауырады. Объективті: беті симметриялық. Аузын еркін ашады. 2.1 тістің тіссауытының таңдайлық беткейінде тісжегілік терең қуыс бар, оның іші жұмсартылған дентинмен толған, зондтау ауыртпайды, вертикалды және көлденең перкуссия ауырсыну туындатады, 2.1 тістің айналасындағы иегі гиперемиялы, ісінген, пальпация ауыртады. Рентгенограммада 2.1 тістің түбірінің ұшы аймағында ағарған гомогенді ошақ анықталады, пішіні дөңгелек, диаметрі 0,5*0,5 см, шекаралары анық. Клиникалық диагноз қойыңыз және емдеу әдісін анықтаңыз:


@@жедел іріңді периодонтит, 2.1 тісті жұлу
@@созылмалы гранулематоздыпериодонтиттің өршуі, 2.1 тісті эндодонтиялық емдеу
@@созылмалы грануляциялық периодонтит,2.1. тістің түбірінің ұшын резекциялау
@@созылмалы гангренозды пульпит, 2.1. тісті эндодонтиялық емдеу
@@созылмалы фиброзды периодонтит, 2.1 тісті эндодонтиялық емдеу
{@B@}
{~1~}

~~Дәрігер-стоматолог қабылдауына балалар церебралды салдануы деген диагнозымен 7 жастағы Д.есімді баласын анасы алып келді. Ауыз қуысын тексергенде: кп + КПУ= 7. Балада тісті емдеуге қатысты ырық бермейтін негативті көзқарас қалыптасқан. Баланың тісін емдеу үшін және тісті жұлуға қатысты көрсетілетін жансыздандыру түрін анықтаңыз:


@@аппликациялық анестезия
@@инфильтрациялық анестезия
@@өткізгіштік анестезия
@@сүйекішілік
@@жалпы жансыздандыру
{@E@}
{~1~}

~~Клиникаға 13 жастағы Г.есімді жасөспірім сол жақ құлақ маңы-шайнау аймағының ауырсынуына және ісінуіне, аузындағы кермек дәмге шағымданып қаралды. Анамнезінен: 2 жылдан бері ауырады, сол кезде ауық-ауық сол жақ құлақ маңышайнау аймағында ісіну пайда болған. Аудандық емханада ем жасалған: қабынуға қарсы, гипосенсибилизациялық терапия, спирттік компресстер. Өткізілген ем нәтижесінде құлақ маңы-шайнау аймағындағы ісіну басылған, алайда кейін қайта пайда болған. Контрастылы сиалографияда: құлақ маңы сілекей безінің паренхимасында "жүзім шоғыры" түрінде II-III тәртіптік өзектердің кеңеюі және IV-V тәптіптік өзектердің тарылуы анықталады.Клиникалық диагноз қойыңыз:


@@жедел вирустық сиалоденит
@@созылмалы паренхиматозды сиалоденит
@@созылмалы паренхиматозды сиалодениттің өршуі
@@созылмалы интерстициалды сиалодениттің өршуі
@@жедел іріңді силоденит
{@C@}
{~1~}

~~Клиникаға 2 айлық О.есімді баласын анасы алып келді, сол жақ жоғарғы еріндегі ақауға, тамақтануының, тынысының бұзылысына шағымданады. Патология туа бітті. Тексеру кезінде: сол жақ жоғарғы еріннің ақауының нәтижесінде бетінің асимметриясы, ақау мұрын өтісінің түбін қоса қамтиды, жоғарғы еріннің ортаңғы бөлімінің қысқаруы, сол жақтан мұрынның тері-шеміршектік бөлімінің деформациясы:


@@оң жақтан жоғарғы еріннің туа бітті толықжырығы
@@сол жақтан жоғарғы еріннің туа бітті жартылай жырығы
@@сол жақтан жоғарғы еріннің туа біттіжасырын жырығы
@@сол жақтан жоғарғы еріннің туа бітті толықжырығы
@@оң жақтан жоғарғы еріннің туа бітті жартылай жырығы
{@D@}
{~1~}

~~Емханаға 10 айлық И.есімді баласын анасы алып келді, баланың шағымы - тамақ ішкісі келмейді. Анасының айтуы бойынша, жүктіліктің бірінші жартысында өзінде токсикоз болған. Баласын жасанды жолмен тамақтандырады.Түнде анасы қоспасы бар бөтелкені баланың кереуетіне қалдырады. Ауыз қуысын тексергенде: ұрттық аймақтағы 5.2, 5.1, 6.1, 6.2 тістердің вестибулярлы және таңдайлық беткейлерінде орташа тереңдіктегі тісжегілік қуыстар анықталған. Қуыс шеттеріндегі эмаль жылтыр, тегіс. Дентин пигментті, тығыз. Дентинді экскаватормен алып тастағанда эмаль-дентин шекарасы аймағында ауырсыну байқалады.Болжамды диагноз қойыңыз және тісжегілік процестің белсенділік дәрежесін анықтаңыз:


@@орташа тісжегі, 5.2,5.1,6.1,6.2 тістердің компенсациялық түрі
@@беткейлі тісжегі, 5.2,5.1,6.1,6.2 тістердің субкомпенсациялық түрі
@@терең тісжегі, 5.2,5.1,6.1,6.2 тістердің компенсациялық түрі
@@орташа-тереңдеген тісжегі, 5.2,5.1,6.1,6.2 тістердің субкомпенсациялық түрі
@@түбі мен тіссауытындағы тісжегі,5.2,5.1,6.1,6.2 тістердің декомпенсациялық түрі
{@A@}
{~1~}

~~Клиникаға 14 жастағы Г.есімді науқас қаралды, қатты және суық тамақ ішкен кезде пайда болатын 1.6 тістің ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен: 1.6 тіс тісжегі жөнімен емделген, 2 ай бұрын пломба жартылай түсіп қалған, температуралық және механикалық тітіркендіргіштерге ауру сезімі пайда болған. Ауыз қуысын тексергенде: беті симметриялық. Аузын еркін ашады. 1.6 тістің шайнау беткейінде тісжегілік терең қуыс бар, жұмсартылған дентинмен және амальгамнан тұратын пломба қалдықтарымен толған, тісжегілік қуыстың түбін зондтау кезінде жанға бататын ауырсыну, суыққа рекция қысқа уақытқа, перкуссия ауыртпайды, ЭОД =10 мкА. Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін анықтаңыз:


@@1.6 тістің орташа тісжегі, рентгенография және пальпация
@@1.6 тістің беткейлі тісжегі, перкуссия жәнеЭОД
@@1.6 тістің терең тісжегі, термодиагностикажәне ЭОД
@@1.6 тістің орташа-терең тісжегі, бояу және рентгенография
@@1.6 тістің түбі мен тіссауытындағы тісжегі, зондтау және рентгенография
{@C@}
{~1~}

~~Клиникаға 15 жастағы К.есімді науқас қаралды, 3.3 тістің түбі мен тіссауыты аймағында ақ дақтың пайда болуына шағымданады. Анамнезінде: дақ жарты жыл бұрын пайда болған, уақыт өткен сайын көлемі үлкейген. Ауыз қуысын тексергенде: 3.3 тістің түбі мен тіссауыты аймағында күңгірт реңкті жылтыр дақ анықталады. Эмаль күңгірт тартқан. Дақ метилен көктің 2% ерітіндісімен боялады. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ. Болжамды диагноз қойыңыз және емдеу әдәсін анықтаңыз:


@@3.3 тістің орташа тісжегісі, пломбылау
@@3.3 тістегі басталған тісжегі,реминерализациялық терапия
@@3.3 тістің терең тісжегісі, пломбылау
@@3.3 тістің орташа-терең тісжегісі, реставрация
@@3.3 тістің түбі мен тіссауытындағы тісжегі, аппликации
{@B@}
{~1~}

~~Балалар стоматологиялық емханасына анасы 5 жастағы О.есімді баласын профилактикалық тексеруден өткізуге алып келді. Ауыз қуысын тексергенде: сілемейлі қабығы бозғылт-қызғылт, орташа ылғалды, көзге көрінетін патологиялық өзгерістері жоқ. ИГ =1,9. 8.4 және 8.5 тістердің қатынастық беткейлерінде тісжегілік қуыстар эмаль мен дентин шегінде, эмальды-дентинді байланыс бойынша зондтау аздап ауыртады, перкуссия кезінде ауру сезімі жоқ. Болжамды диагноз қойыңыз және тісжегілік процестің белсенділік дәрежесін анықтаңыз:


@@8.4,8.5 тістердің орташа тісжегісі, компенсациялық түрі
@@8.4,8.5 тістердің беткейлі тісжегісі, субкомпенсациялық түрі
@@8.4,8.5 тістердің терең тісжегісі, декомпенсациялық түрі
@@8.4,8.5 тістердің орташа-терең тісжегісі, субкомпенсациялық түрі
@@8.4,8.5 тістердің түбі мен тіссауытындағы тісжегі, субкомпенсациялық түрі
{@A@}
{~1~}

~~Клиникаға 9 жасар Д.есімді баласын алып анасы келді, бала тістерінің косметикалық ақауларына шағымданады. Ауыз қуысын


тексерген кезде: 1.6, 1.5, 2.5, 2.6, 3.6, 4.6 тістердің шайнау төмпектерінің пішіні тікенек тәрізді, тіл мен ұрттың сілемейлі қыбқтарын жарақаттайды. Көрсетілген тістердің эмальдары жұқарған, кетіктері бар. Барлық тісінің тістейтін шеттерінде көлденең жүретін, тістейтін жиектерге параллель жатқан жүлгелер көрінеді. Жүлгелердің түбі мен қабырғасы тегіс, тығыз, терең жүлгелер түбінде жұмсақ тіс өңезін круге болады. Болжамды диагноз қойыңыз:
@@тіс жегі дақ сатысында
@@флюороз, жылтыр-теңбілді пішін
@@флюороз, штрих тәрізді
@@жүйелі гипоплазия, жүлгелік түр
@@жүйелік гипоплазия, дақтық түр
{@A@}
{~1~}

~~Стоматологиялық клиника сайтында анонимді науқас төмендегідей сұрақ қойды: «Құрметті дәрігер! Менің сегіз жасар ұлымның жоғарғы орталық тістерінің пішіні бөшке тәрізді. Тістейтін жиектерінде жартылай ай тәрізді ойыс бар. Тіс иектері жиегінен қарағанда үлкен сияқты көрінеді. Осындай тістер неліктен балада пайда болды және не істеуімізге болады?» Болжамды диагноз қойыңыз және анасының жүктілік кезінде ауырған ауруын анықтаңыз:


@@эмаль гиперплазиясы, анасында анемия
@@флюороз, жылтыр-теңбілді пішін, анасында гиповитаминоз
@@флюороз, штрих тәрізді, анасында гистоз
@@Турнер тісі, анасында травма
@@Гетчинсон тісі, анасында мерез
{@E@}
{~1~}

~~Стоматологиялық емханаға 4 жасар Ж.есімді баласын алып анасы келді, сол жақ төменгі жақтағы тістің өздігінен ауыратынына шағымданады, 1,5 күннен бері түндегі ауырсыну аздап ауырмай қалатын кезеңдермен ауысып отырады, ауру сезімі суықтан күшейе түседі. Ауыз қуысын тексеру кезінде: 7.5 тіс аймағындағы сілемейлі қабық гиперемиялы. 7.5 тістің шайнау беткейінде тісжегілік терең қуыс бар, жұмсартылған дентинмен толған. Экскаватормен дентинаді алып тастағаннан кейін қуыстың түбін зондтау ауырсыну туындатады, суыққа реакция ұзақ, перкуссия ауыртпайды. Тісжегілік белсенділіктің 3-ші дәрежесі (кп = 9). Болжамды диагноз қойыңыз:


@@7.5 тістің жедел жалпы пульпиті
@@7.5 тістің жедел жартылай пульпиті
@@7.5 тістің жедел периодонтиті
@@7.5 тістің созылмалы пульпитінің өршуі
@@7.5 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі
{@A@}
{~1~}

~~Клиникаға 12 жастағы Т.есімді бала 2.6 тістің сыздап ауруы шағымымен қаралды. Ауыз қуысын тексергенде: 2.6 тіс аймағындағы сілемейлі қабық бозғылқызғылт түсті. 2.6 тістің мезиалды-шайнау беткейінде тісжегілік терең қуыс бар, жұмсартылған дентинмен толған, тіс қуысы ашық, зондтау ауыртады, суыққа реакциясы ұзақ, перкуссия ауырсыну туындатады, ЭОД = 20 мА. Болжамды диагноз қойыңыз:


@@2.6 тістің жедел жалпы пульпиті
@@2.6 тістің жедел жартылай пульпиті
@@2.6 тістің жедел периодонтиті
@@2.6 тістің созылмалы пульпитінің өршуі
@@2.6 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі
{@D@}
{~1~}

~~Клиникаға 15 жастағы К.есімді жасөспірім қаралды, 2.4 тістегі пломбасының түсіп қалуына және оның түсінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінен: 2.4 тісті бұрынырақ тіс жегі жөнімен емдеген, пломбасы 1 апта бұрын түсіп қалған. Ауыз қуысын тексеру кезінде: 2.4 тіс аймағындағы сілемейлі қабық бозғылтқызғылт түсті. 2.4 тістің шайнау беткейінде терең жатқан тіс қуысымен байланысатын тісжегілік қуыс бар. Тістің пульпасы некрозданған, тістің ашылған қуысын зондталған, перкуссия және температуралық тітіркендіргіштерге реакциялар ауру сезімінсіз. ЭОД=100мкА. Болжамды диагноз қойыңыз және диагностика әдісін таңдаңыз:


@@2.4 тістің созылмалы фиброзды пульпиті, одонтометрия
@@2.4 тістің созылмалы гранулематозды периодонтиті, сиалография
@@2.4 тістің созылмалы фиброзды периодонтиті, рентгенография
@@2.4 тістің созылмалы грануляциялық периодонтиті, реопародонтография
@@2.4 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі, миография
{@C@}
{~1~}

~~Клиникаға 26 жастағы С. науқас тістердің дұрыс емес орналасуы, шайнау кезінде оң самай-төменгі жақ буынында (СТЖБ) ауырсыну шағымымен келді. Қарағанда: төменгі жақ тіс доғасының ортаңғы сызығы2,5 мм оңға ығысқан. 4.6 тісі жоқ, 1.2, 2.2,3.3, 3.4 тістер вестибулярлы орналасқан. Компьютерлік томографияда – сол самайтөменгі жақ буынында төменгі жақ басының мезиальды ығысуы. Клиникалық диагнозды қойыңыз және емдеу техникасын анықтаңыз:


@@1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістердің тілдік орналасуы,СТЖБ тыртықты анкилозы
@@терең тістесу, СТЖБ сүйекті анкилозы
@@айқасқан тістесу, СТЖБ артрозы
@@1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістердің вестибулярлы орналасуы, СТЖБ дисфункциясы
@@тіке тістесу, ретрогения
{@D@}
{~1~}

~~Клиникаға 13 жастағы А. науқас бет эстетикасының бұзылысы, әдемі емес тістер шағымымен келді. Объективті: беті симметриялы. Ауыз ашылуы еркін. Жоғарғы жақтың күрек тістері төменгі жақтың күрек тістерін 8 мм-ге жабады, күрек тістер арасында сагиттальды саңылау 11 мм, тіс қатарларының бүйір бөлімдерінде дистоокклюзия. Жоғарғы жақтың алдыңғы тістері арасында тремалар. Жоғарғы жақ алдыңғы тістердің вестибулярлы беткейінде эмальдың жегілік емес зақымдануы бар. Алғашқы диагнозды қойыңыз:


@@1.2, 2.2, 3.3, 3.4 тістердің тілдік орналасуы, цементтің тіс жегісі
@@мезиоокклюзия, жедел іріңді пульпит
@@айқасқан тістесу, жедел іріңді периодонтит
@@ашық тістесу, дентиннің тіс жегісі
@@терең күрек тістік жабылу, эмальдың гипоплазиясы+
{@E@}
{~1~}

~~Клиникаға 25 жастағы К. науқас тістердің дұрыс емес орналасуы, шайнау кезінде оң самай-төменгі жақ буынында (СТЖБ) ауырсыну шағымымен келді. Қарағанда: оң жақ құлақмаңы-шайнау бұлшықетінің ұлғаюы есебінен беттің асимметриясы.Төменгі жақ тіс доғасының ортаңғы сызығы1,5 мм оңға ығысқан. 4.6 тісі жоқ, 1.2, 2.2,3.3, 3.4 тістер вестибулярлы орналасқан. Жазба талдауы өзгерістің себептері тіс қатарлары жымдасуының ауытқулары, СТЖБ және шайнау бұлшықеттері қызметінің бұзылыстары екендігін көрсетті. Компьютерлік томографияда – сол самайтөменгі жақ буынында төменгі жақ басының мезиальды ығысуы. Ортодонтиялық емдеу техникасын анықтаңыз:


@@алынбайтын вестибулярлы техника
@@алмалы ретейнерлер
@@ «тіке доға» алынбайтын ортодонтиялық техникасы
@@W. Clark аппараттары трансфорстары
@@Spring jet аппараттары
{@C@}
{~1~}

~~Клиникаға 8 жастағы И. бала шайнау бұзылысы шағымымен келді. Анамнезінен: хейло-урано-стафиллопластикадан кейінгі жағдай. Қарағанда: келбеті бұзылған – омыртқаның қисаюы бар. Жоғарғы жақтың толық дамымауы есебінен беттің асимметриясы. Ауыздың ашылуы еркін, сол жақ жоғарғы бүйір күрек тіс жоқ. Тіл ұшының тісаралық орналасуы бар. Қол ұшының рентгенограммасында қаңқаның 2 жылға кеш оссификациясы орнатылды. Диагнозды қойыңыз және ортодонтиялық емдеу техникасын анықтаңыз:


@@мезиоокклюзия, ІІІ типті Френкельдің қызметін реттеушісі
@@дистоокклюзия, съемные ретейнеры
@@открытый прикус, несъемная ортодонтическая техника «прямая дуга»
@@перекрестный прикус, аппараты трансфорсы W. Clark
@@терең тістесу, Spring jet аппараттары
{@A@}
{~1~}

~~Айқын тісжақ ауытқулары мен деформацияларын ортодонтиялық емдеуді жылдамдату үшін, сонымен қатар тиімді және тұрақты нәтижелерді алу үшін алдынала хирургиялық кірісу көрсетілген:


@@остеосинтез
@@компактостеотомия
@@остеоперфорация
@@периостотомия
@@артропластика
{@B@}
{~1~}

~~Қалыпты окклюзия және алдыңғы тістердің айқын тығыз орналасуы кезінде жоғарғы жақтың үш сегменттерінің (алдыңғы, ортаңғы, артқы) 6,7 ± 0,84 мм-ге, дистоокклюзия кезінде 6,4 ± 0,93 мм-ге, мезиоокклюзия кезінде 6,3мм ± 0,91 мм-ге қысқаруы келесі жолмен ауытқулы тістесуді емдеуге көрсеткіштердің бірі болып табылады:


@@бөлек тістерді емдеу
@@бүйір күрек тістерді емдеу
@@ит тістерді жұлу
@@бөлек тістерді жұлу
@@молярларды жұлу
{@D@}
{~1~}

~~Қалыпты окклюзия және алдыңғы тістердің айқын тығыз орналасуы кезінде жоғарғы жақтың үш сегменттерінің (алдыңғы, ортаңғы, артқы) 6,7 ± 0,84 мм-ге қысқаруы келесі жолмен ауытқулы тістесуді емдеуге көрсеткіштердің бірі болып табылады:


@@бөлек тістерді емдеу
@@бүйір күрек тістерді емдеу
@@ит тістерді жұлу
@@бөлек тістерді жұлу
@@молярларды жұлу
{@E@}
{~1~}

~~Дистоокклюзия кезінде жоғарғы жақтың үш сегменттерінің (алдыңғы, ортаңғы, артқы) 6,4 ± 0,93 мм-ге қысқаруы келесі жолмен ауытқулы тістесуді емдеуге көрсеткіштердің бірі болып табылады:


бөлек тістерді емдеу
@@бүйір күрек тістерді емдеу
@@молярларды жұлу
@@ит тістерді жұлу
@@бөлек тістерді жұлу
{@E@}
{~1~}

~~Мезиоокклюзия кезінде жоғарғы жақтың үш сегменттерінің (алдыңғы, ортаңғы, артқы) 6,3мм ± 0,91 мм-ге қысқаруы келесі жолмен ауытқулы тістесуді емдеуге көрсеткіштердің бірі болып табылады:


@@бөлек тістерді жұлу
@@бүйір күрек тістерді емдеу
@@ит тістерді жұлу
@@бөлек тістерді емдеу
@@молярларды жұлу
{@A@}
{~1~}

~~Жоғарғы жақтың үш сегменттерінің(алдыңғы, ортаңғы, артқы) 6,7 ± 0,84 мм-ге қысқаруы, күрек тістік каналдың алдында ит тістер ұрықтарының орналасуы және төменгі жақта ретромолярлы кеңістіктің кішіреюі сәйкес жақта жұлу жолымен тістесуді қалпына келтіруге көрсеткіштер болып табылады:


@@екінші уақытша молярларды және бірінші молярлардың ұрықтарын
@@бірінші уақытша молярларды және бірінші премолярлардың ұрықтарын
@@уақытша ит тістерді және екінші молярлардың ұрықтарын
@@уақытша орталық күрек тістерді және бірінші молярлардың ұрықтарын
@@уақытша бүйір күрек тістерді және үшінші молярлардың ұрықтарын
{@B@}
{~1~}

~~Қыздарда 11 жасында және балаларда 13 жасында гнатикалық түрдегі мезиальды тістесуде ұқсас жоғарғы тістердің адентиясы кезінде төменгі тіс қатарының дамуын тоқтату мақсатында жұлу қажет:


@@кіші мектеп жасында бірінші молярлар ұрықтарын
@@жоғары мектеп жасында бірінші премолярлар ұрықтарын
@@препубертатты кезеңде төменгі үшінші молярлар ұрықтарын
@@орташа мектеп жасында екінші премолярлар ұрықтарын
@@мектепке дейінгі жаста екінші молярлар ұрықтарын
{@C@}
{~1~}

~~Клиникаға 14 жастағы А. бала келді. Диагнозы: хейло-ураностафиллопластикадан кейінгі жағдай, мезиальды тістесу. Сол жақ жоғарғы еріннің, альвеолярлы өсіндінің және таңдайдың тіке бітіспеуімен негізделген мезиальды тістесуде жұлу қажет:


@@препубертатты кезеңде үшінші молярлар ұрықтарын
@@жоғары мектеп жасында бірінші премолярлар ұрықтарын
@@кіші мектеп жасында бірінші молярлар ұрықтарын
@@орташа мектеп жасында екінші премолярлар ұрықтарын
@@мектепке дейінгі жаста екінші молярлар ұрықтарын
{@A@}
{~1~}

~~Екінші уақытша молярдың дистальды түбір аймағындағы созылмалы қабыну үрдістері, тістің кесе көлденең иілу бұрышының өзгерісінің себебі болып табылады


@@екінші молярдың оның жарып шығуына дейін
@@үшінші молярдың оның жарып шығуына дейін
@@бірінші молярдың оның жарып шығуына дейін
@@екінші премолярдың оның жарып шығуына дейін
@@бірінші премолярдың оның жарып шығуына дейін
{@C@}
{~1~}

~~Тістердің корпусты және иілмелі ығысуы, тіс қатарының қысқаруы, тіс доғасының жіңішке бөлігіне тұрақты бірінші молярдың мезиальды ығысуы олардың физиологиялық ауысу кезеңіне 1 жылға дейін жұлу нәтижесінде дамиды:


@@уақытша ит тісті
@@уақытша бүйір күрек тісті
@@уақытша орталық күрек тісті
@@уақытша премолярларды
@@уақытша молярларды
{@E@}
{~1~}

~~Төменгі жақтың альвеолярлы доғасы ұзындығының 4 мм-ден жоғары сәйкес еместігі, бүйір күрек тістердің жарып шығуы және ортаңғы сызықтың осы жағына ығысуы кезінде жұлуға көрсеткіш болып табылады:


@@уақытша күрек тістерді
@@уақытша молярларды
@@уақытша ит тістерді
@@тұрақты күрек тістерді
@@тұрақты молярларды
{@C@}
{~1~}

~~Науқас 17 жаста. Эстетикалық шағыммен және 1.2, 1.1, 2.1, 2.2 тістері аймағындағы шырышты қабат жарақатына, СТБЖ ауырсынуына шағымданады. Беттік параметрлер бағасы: беттің асимметриясыжоқ, беттің төменгі бөлігінің биіктігіфизиологиялық тыныштық жағдайында – 66 мм, орталық окклюзия кезінде – 60 мм, төменгі жақ бұрышының шамасы – 125 гр.Объективті ауыс қуысын қарау: жоғарғы тіс қатары толық, төменгі тіс қатарында 3.6 3.5 4.6 тістер жоқ. Алдыңғы бөлікте күрек тістік жабылу терең -2/3 төменгі күрек тістер сауыттарының жабылуы, 2.1, 1.2 тістері аймағындағы шырышты қабат гиперемирленген, ісінген, ұстағанда қанайды, тіс-қызылиектік тіркемелер бұзылмаған.Алғаш азу тістер қатынасы:бірінші жоғары азу тістің медиальды төмпешігі бірінші және екінші азу тіс арасында орналасқан, азу тістердің бүдірлік жақындасуы. Сіздің диагнозыңыз:


@@мезиальды бітелу, терең күрек тістік дизбітелу
@@дистальды бітелу, терең тістесу
@@ортогнатикалық тістесу
@@трансверсальды бітелу
@@ашық бітелу
{@B@}
{~1~}

~~Бала 7 жаста. Тексеру кезінде ерін үзбесі кең тісаралық бүртікке бекігені анықталды. Орталық күрек тістер арасында 2 мм-ге дейін саңылау бар. Емдеу әдісі қандай?


@@хирургиялық
@@аппаратуралық
@@миогимнастика
@@хирургиялық аппаратуралық
@@миогимнастика аппаратуралық
{@D@}
{~1~}

~~Бала 8 жаста. Ауыз қуысында: тіс қатарының қабысуы кезінде, 6мм сагитальды саңылау анықталады, тіссауыттары 6/6 бұзылған. Диагноз қойыңыз:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет