СІБІР ЖАРАСЫ Сібір жарасы — жануарлардан жұғатын, сирек кездесетін жедел ағымды инфекциялы дерттердің тобына жататын ауру. Этиологиясы. Сібір жаралы грамм оң таяқшалы бактерияның әсерінен пайда болатын ауру.
Патогенезі. Сібір жарасының қоздырғышы адам организмінің бет терісі, мұрын, ауыз қуыстарының шырышты қабықтары арқылы, ауру малдардың жүнінен, терісінен, етінен т. б. жұғады. Бір жаралы таяқшаның таратқышы әртүрлі шыбын-шіркейлер болып табылады. Ауру көбінесе жылдың жазғы-күзгі айларында кездеседі. Сібір жарасының инкубациялық мезгілі 2—14 күн созылады. Оның қоздырғышы организмге енгеннен соң эндоматозды (қабындырғыш), протективті (қоздырғыш) және өлу факторларынан қүралған экзотоксин бөліп шығарады. Жоғарыда атап өткен факторлардың әртүрлі бірлесуінің күштілігі аурудың жалпы және жергілікті көріністерін бейнелейді. Бет терісі жұқпалы зат аз мөлшерде және беткей енгенде зақымданады.
Сібір жарасының жергілікті патологиялық анатомиясы. Қоздырғыш енген жерде сарысулы-қанды қабыну ошағы байқалады. Қабынған ошақ өлеттеніп, айналасындағы жүмсақ тіндер домбығып, жергілікті лимфаденит пайда болады. Жылжымалы макрофагтар сібір жарасының қоздырғыштарын лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріне тарауына мүмкіндік тудырып, ол жерде сарысулы, сарысулы-қанды немесе өлеттенген қанды қабыну дамиды. Көп жағдайда қабыну процесі беттің сібір жаралы көршиқанымен немесе жергілікті лимфаденитпен шектеледі, кейбір жағдайларда инфекция күшейіп жайылуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Бет-жақ аймағында, әдетте сібір жарасының жергілікті шектелген (терілік) түрі дамиды. Ауру жәй, жалпы көріністері байқалмай дамуы мүмкін, бірақ дене қызуы 38°-қа дейін көтеріледі. Ауру басталар алдында бет терісінде қышитын түйіншек пайда болады. Оның ортасында қанды бөртік, ал айналасында үлкен инфильтрат дамып, жұмсақ тіндері домбығып ісінеді. Бөртік өздігінен жарылып, инфильтраттың бетінде қатты қара түсті қабыршақ пайда болады. Қабыршақтың айналасынан сарысу шығып тұрады. Инфильтрат айналасы білікті ісініп, түбі қарайған жара пайда болады. Жараның айналасындағы күлдіреген көпіршіктер жарылып 5—6 күннен кейін көршиқан дамиды. Төменгі жақасты, иекасты және мойын лимфа түйіндері үлкейіп, қатаяды. Сібір жарасы немесе көршиқан инфекциясының күшейіп асқынып, аурудың жағдайы нашарлап, дене қызуы 40°-қа дейін көтеріліп, организм улануының тағы да басқа көріністерімен си-патталады. Жара ауыз қуысының шырышты қабығына да шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда инфильтрат айналасындағы жұмсақ тіндер қатты ісінеді. Жұтқыншақ ісінгенде аурудың тыныс алуы нашарлап, жұтынғанда ауырсынып, дауысы қарлығады. Диагнозы, ажырату диагнозы. Сібір жарасы диагнозын өзіне тән клиникалық көрінісіне сүйене отырып қояды. Әсіресе олардың ішінде жаралы ошақта іріңнің болмауы, жарылған көпіршіктерден, өлеттенген жерден сібір жаралары қоздырғыштарының табылуы негізге алынады.
Диагнозын анықтау үшін ауру қанын, үлкен дәретін бактериологиялық зерттеуге алады және антроксинмен терісіне аллергиялық сынақ қояды. Науқастың жұмысы ауру жануарлармен байланысты болғанын анықтау диагноз қою үшін өте маңызды. Сібір жарасын шиқан, көршиқан, тілмеден ажырата білген жөн.
Емі. Сібір жарасы, көршиқан бетте, ауыз қуысының шырытшы қабығында орналасса консервативті ем қолданады. Ауруға емдік майлы танбалар қолданып, тыныштық жағдай туғызады. Дезинтоксикациялық, десенсибилизациялық, жалпы денсаулығын нығайту терапиясын жүргізеді, антибиотиктер мен сульфаниламидтер тағайындайды. Сібір жарасының ағымы ауыр, инфекция күшейіп жайылған жағдайда пенициллиңді 1,5—2 миллионнан, стрептомицинді тәулігіне 6—8 рет организмге ендіреді. Антибиотиктерді ауыстырғанда тетрациклин, левомицитин, цефалоспорин, макролид т, б. дәрілерді қолданған жөн.
Болжамы. Сібір жарасының терілік түрі организмге қауіпсіз, ал инфекция күшейіп жайылған жағдайда, әлсіз аурулар өміріне қауіпті болуы мүмкін. Бетке, ауыз қуысына сібір жарасын жұқтырмас үшін, ауру жануарлармен араласқанда, олардың еті, терісі және жүнімен жұмыс істегенде санитарлық, жалпы гигиеналық ережелерді сақтап, ауыз қуысының, дене терісінің гигие-насын қадағалау керек. Сібір жарасының алдын алу үшін СТИ вакцинасын қатаң түрде эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне байланысты қолданады. Сібір жарасымен ауырған жануарлар немесе жүқпалы заттармен жұмыс істеген адамдар, зерттеліп арнайы бақылауда болуы керек, қажет болса емделуі керек.