"Стоматологиялық аурулардың алдын-алу,терапиялық стоматология(тіс жегісі және тістің қатты тіндерінің,пульпа және периодонт аурулары)хирургиялық стоматология"


Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



бет50/62
Дата09.01.2023
өлшемі436,89 Kb.
#60694
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы:Ибраемова Шолпан



Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Кәсіптік практика жетекшісінің қолы

33

Тістердің қатты тіндерінің некрозы



14:00 18:00







Ауыр ауру болып, тістерді толық жоғалтуға алып келеді. Ол эндогенді және экзогенді мәнбірлердің әсерінен болуы мүмкін.
Эндогенді мәнбірлерге – эндокрин жүйесінің қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің аурулары, созылмалы ағзаның улануы және тұқым қуалаушылық жолмен тістердің жетілуінің бұзылуы жатады. Өлеттену мойын айналасында және қышқылды болып бөлінеді.
Мойын айналасындағы өлеттену гипертиреозбен ауырған науқастарда, жүктілік кезінде пайда болады. Ол күрек, ит, кіші азу тістерде сирек үлкен азу тістердің кіреберіс беркейлерінде басталады. Ең алдымен тіс мойынының кіреберіс беткейінде бор тәрізді сызық пайда болып, кейін келе оның көлемі ұлғайып, жылтырлығы жоғалып, беті бұдыр болып, кіреуке түсі күнгірттеніп қалады. Уақыт өтуімен кіреуке толығымен жоғалып, дентин ашылып қалады. өлеттену шекарасы тұрақты болмай, үлкею қаупі болады. Кіреуке босап, экскаватормен қырып алса болады. Мұнда барлық тітіркендіргіштерге сезгір келеді. Ол тіс жегіге қарағанда өте тез дамиды.
Емі: тіс жегідегідей.
Қышқылды өлеттену – кәсіби зияндар кіреуке мен дентиннің жағдайына әсер етеді. Химия өнеркәсібінде қышқылдармен жұмыс істейтін жұмысшылардың тістерінде айтарлықтай өзгеріс болады. Қышқылды өлеттену кезінде бірінші белгісі болып тістердің қамасуы, механикалық және термиялық тітіркендіргіштерге сезушендік болады. Ол өз кезегінде тіндердің қаттылығына әсер етіп, тіндердің кемуіне алып келеді. Ауада пайда болған қышқыл булары, тістің қатты тіндерінің декальцинациялануына алып келеді. Кейде тістесу кезінде тістер бір – біріне жабысып қалғандай болады. Осылай тез жейіліп тіс сауыты мүлдем жоғалып кетеді.
Алдын алу шаралары: цехтарды желдетуді ұйымдастыру, өндіріп жатқан заттарды герметизациялау. Цехтарда негізді сулар ыдысы болуы қажет. Жұмысшылар әр 1,5 – 2 сағатта ауыз қусын шайып тұру қажет және кальций препараттарын 3 – 4 апта қабылдап, 2 – 3 ай тоқтатып, қайта қабылдау қажет.
Тістер көп бүлінгенде ортопедиялық жолмен тіс сауытын қайта қалпына келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет