"Стоматологиялық аурулардың алдын-алу,терапиялық стоматология(тіс жегісі және тістің қатты тіндерінің,пульпа және периодонт аурулары)хирургиялық стоматология"


Білім алушының қолы ________________ Ибраемова Шолпан



бет13/62
Дата09.01.2023
өлшемі436,89 Kb.
#60694
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
практика

Білім алушының қолы ________________ Ибраемова Шолпан
2022 ж. 11мамыр
___________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Исмагулова С.К


2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022 ж. 11 мамыр

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды( ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қоссымша




Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы:Ибраемова Шолпан



Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері

Кәсіптік практика жетекшісінің қолы

10

Ұлпа қабынуы.Клиникасы.Классификация

14:00 18:00





Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (хронический простой пульпит – pulpitis chronica simplex). Клиникалық көрінісі. Сырқат тісте әртүрлі тітіркендіргіштерден (көбінесе механикалық және температуралық) аса қарқынды емес, баяу дамитын, сыздаған ауыру сезімі пайда болады және әсер тоқтағаннан кейін біразға созылып барып, баяу басылады. Температуралық әсердің кенет ауысуы (ыстық астан кейін суық су ішкенде, жылы бөлмеден суыққа шығып ауа жұтқанда) ауыру сезімін тез туындатады және ауыру сырқат тіспен шектеледі. Аурудың даму тарихында (анамнезінде) өз бетімен мазалаған ауыру сезімі болғаны анықталады (созылмалы қабыну уақытында емделмеген жедел қабынудан дамыған кезде). Егер созылмалы қабыну біріншілік болса (көбінесе реактивтілігі төмен адамдарда), өз бетімен мазалайтын ауыру сезімі болмағаны, сырқат тісінің тек тітіркендіргіштер әсерінен ауырып, ауыру сезімінің тез басылғандығы жөнінде мәлімет алынады. Қарап тексерген кезде сырқат тісте терең және кең тісжегі қуысы табылады, ішінде біраз мөлшерде астың қалдығы және жұмсарған дентин болады. Сүңгілеп байқағанда қуыстың табанында бір мүйізше тұсында ұлпаның ашылғаны анықталады, сүңгі ұшы тиген сауыт ұлпасы қатты ауырады және қанайды (бұл кезде қанның түсі қызыл-қошқылдау, ал кездейсоқ ашылған ұлпадан аққан қан ашық-қызыл түсті болады). Ұлпаның созылмалы қабынуы сауыт қуысы жабық кезде де дамуы мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланыспаған, табаны жұмсақ,, сүңгілеп байқағанда табанының барлық аймағында ауыру сезімі бар. Тістің электрқозғыштығы төмендеген (20-40 мка). Рентгендік суретте периодонт саңылауы деформацияға ұшырағаны анықталуы мүмкін. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы.


Тісжегіні анықтау үшін бұдан басқа тістің қатты тіндеріне ультракүлгін сәулесін қамтитын сәулелер қолданады. Соңғы кезде тістің қатты тіндерінің люминесценциялау үшін лазер сәулелерін қолданып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет