Стратегия – біздің Өмірімізде



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі344,83 Kb.
#10189

Тілектес ЕСПОЛОВ, 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, 

ҚР ҰҒА академигі 

 

СТРАТЕГИЯ – БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕ 

Үстіміздегі жылдың 29 қараша күні Елордасы Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында ел 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 

мерейтойлық форумы табысты өтті. Осынау маңызды жиында «Болашақ» президенттік 

стипендиясының 20 жылдық қорытындысын шығару және «Қазақстан - 2050» 

Стратегиясын іске асыру барысындағы ұлттың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың 

жаңа міндеттері айқындалды. 

«Болашақтықтардың» алдында сөз сөйлеген Елбасы мемлекет қолға алып отырған 

ауқымды бағдарламалар мен инновациялық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда 

қазақстандық жастарға барынша үміт пен сенім артатындығын айрықша атап өтті. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіздігіміздің алғашқы қиын кезеңдерінде «Болашақ» 

стипендиясын тағайындап, қазақстандық жастардың шетелдің беделді де озық жоғары оқу 

орындарында білім алып, тәжірибе жинақтауына зор мүмкіндіктер жасады. Аталған 

бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі - елге шетелдік инвестиция тарту кезеңінде сол 

елдердің тілінде сқйлейтін жас мамандар легін тәрбиелеу еді. Бұл ел ертеңін ертеден 

ойлап, болашақты терең болжай білетін Елбасының ұтқыр шешімі, ұтымды идеясы болды. 

Расында, «Болашақ» президенттік стипендиясы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде білім 

жетілдірген жас мамандар бүгінде Қазақстанның өркендеуіне  қызмет етіп келеді. 

 

Елбасы атап өткендей, «Болашақ» түлектері - Қазақстанның ең қиын заманында 



капиталына құйған үлкен инвестициясы екендігін ділелдеп келе жатыр. Демек, Президент 

артқан үміт пен сенім ақталуда. 

Қазақстан бүгінде әлем мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа заманға сай 

жаңаша сипаттағы даму жолына түсті. Сонымен қатар Президент адамзат қоғамы өз 

дамуының аса күрделі сатысына келді – деп есептейді. Жаһандық қайшылықтар мен 

қауіптер тым асқынуда. Осындай жағдайда бәсекеге қабілетті, халқы тастүйін топтасқан, 

саяси-экономикалық дамуы тұрақты мемлекеттер ғана халқының бай-қуатты өмірін 

қамтамасыз ете алады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев әлемдік дамудың осы заңдылығын терең 

түсінген мемлекет қайраткері. Ұлт көшбасшысы Қазақстанның бүгіні мен болашағын 

нақты жоспарлар арқылы белгілеп дамуын дұрыс деп санайды. Елдің жақын келешегін 

саралайтын «Қазақстан 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

Жолдауындағы қағидаттық идеялар, пікірлер және ұсыныстар бүткіл Қазақстан халқының 

қолдауына ие болды. Шынында «Қазақстан 2050» елдің жалпыұлттық идеясына айналды. 

Себебі, бұл құжатты ел халқының өткен жетістіктері, бүгінгі міндеттері және алдағы 

жоспарлары синтезделген болатын. 

Президент Қазақстанның даму мүмкіндіктеріне сара жолды әлемдік озық білім, ғылым 

және технологиялық жетістіктер ашатынына сенді. Осы мақсатта Елбасы 1993 жылы 5 

қарашада өз қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Бұл үрдіс 

ұлттық интеллектуалдық элитасының жаңа буынының қалыптасуына бастады. 

Қазақстанның әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістікке тереңдеп енуіне, әлемдік 



жаңалықтардың ел өміріне жылдам ықпал етуіне қолайлы жағдай туғызды. Осы 

жаңашылдық құбылыстары Қазақстанның қарыштап дамуына жағдай жасады. Әлем 

мемлекеттерінің арасында үлгі болатын «Қазақстандық даму моделі» феномені өмірге 

келді. Әлемдік экономикалық форум рейтингінде 22 жылдағы тәуелсіз дамудың 

нәтижесінде Қазақстан орташа дамыған индустриалды ел болу міндетін ойдағыдай шешіп, 

бәсекеге қабілетті 50 мемлкеттер қатарына қосылды. 

Бұл міндеттердің шешілуін Елбасы аграрлық жаңару саясатынының жүзеге асырылуымен 

де байланстырады. Мемлекет басышысы АӨК алдына қойған осы міндеттер шешілген 

жағдайда Қазақсан ел экономикасының шикізатттық сипатын шеше алады. Бұл ретте 

еліміз мұнай-газ секторына тәуелді біржақты экономикадан құтылып әртараптанған 

экономика жасай алатын болады. 

Елбасы Қазақстанның болашағын «Қазақстан 2050» Стартегиясының орындалуымен 

байланыстырады. Алдағы 25-30 жылда Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 мемлкеттің 

қатарынан көрінуге тиісті. Елде осындай тарихи міндеттерді шешу үшін табиғат, шикізат, 

ғылым, техника және адам ресурстары жеткілікті. Мәселе ел халқының «Қазақстан 2050» 

Стратегиясында топтасуында, тарихи бағдарламаны орындау ісіне бір кісідей болып 

жұмылуында. 

Ұлттық идеялар: ел халқының этносаралық татулығы, саяси тұрақтылық, қоғамдық-

әлеуметтік келісім, қазақ тілінің дамуы болса осы құндылықтардың барлығын өзіне 

жинақтаған «Қазақстан 2050» Стартегиясы да ортақ жалпыұлттық идеяға айналуда. Оны 

қолдау, іске асыру үшін жан аямай еңбек ету әрбір қазақстандықтың борышы және міндеті 

деп білеміз. Бұл қозғалыстың ядросы әлемдік озық білімнің иесі «Болашақ» 

бағдарламасының мүмкіндіктері болуға тиісті. Президент Н.Назарбаев «Болашақ» 

халықаралық стипендиясының 20 жылдық мерейтойына байланысты Астанада өткен 

форумында «Болашақ» негізінде «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысын құруды 

ұсынды. 


Осыншама жасампаздық міндеттерді Қазақстан халқы «Қазақстан 2050» қозғалысына 

қатысу арқылы шешеді деген сенім күшті. Елбасының өз халқын жаңа жалпыұлттық 

қозғалысқа қатысуға шақырады, бұл қозғалыстың мемлекет алдындағы өзекжарды, 

тағдырлық міндеттерді  шешуге кірісуі елдегі зор әлеуметтік жаңарудың басталуы деп 

сенеміз. Елбасының бастауымен «Қазақстан 2050» қозғалысы барлық еңбек ұйымдарында 

зор шығармашылық өрлеу тудыратындығы даусыз. 

Біздің Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Елбасының агрокешенінің алдына 

қойған міндеттерін өте жақсы түсініп отыр. Ғалымдар аграрлық саланы жаңарту ісіне 

белсене ат салысуда. Қазір әлем  халықтарын алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі - 

мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі. Сондықтан Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиясында 

табиғат ресурстарының азайюы жағдайында Қазақстан мемлекетінің  шешетін міндеттерін 

жеке басымдылық ретінде атап көрсетеді. Бұл орайда Қазақстан өзінің қолда бар табиғат 

ресурстарын пайдалана отыра тұрақты экономикалық даму мәселелерін шешу үстінде. 

Осы бағыттағы ғылымға негізделген инновациялық іс-шаралар білімді жас мамандарға 

жүктеліп отырғаны белгілі. 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректораты, профессор-оқытушылар, студенттер, 

магистранттар және қызметкерлер ұжымы «Қазақстан 2050» қозғалысын қолдайды, оның 

идеяларын қуаттап ел халқын биік тарихи белестерді бағындыруға шақырады! 



 

«Егемен Қазақстан» 2014 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет