Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет11/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
ҚР ҚН 3.02-07-2014* 

5.3.1.8 Мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беру ұйымдарының жалғастыра 
салынған верандалары мен серуендеу террасаларының отқа тӛзімділік дәрежесін негізгі 
ғимараттың отқа тӛзімділік дәрежесімен бірдей жобалау қажет.
Мансарда қабаттарының құрылыс конструкцияларының отқа тӛзімділік шектері 
ғимараттың отқа тӛзімділік дәрежесіне сәйкес келу керек.
5.3.1.9 Мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беру ұйымдары ғимараттарының 
қабырғаларын жылытқыш ретінде органикалық емес материалдар қолдану қажет. 
Полимерлік (органикалық) жылытқышы бар темірбетон қабырға панельдерін қолданған 
кезде ол толықтай панельдің конструкциясына монолиттелуі керек.
5.3.1.10 Интернат ұйымдарының ғимараттарындағы жатын бӛлмелер арасы ӛзге үй-
жайлардан ӛртке қарсы қабырғалармен немесе арақабырғалармен бӛлінген блоктарға 
немесе ғимарат бӛліктеріне орналастырылуы тиіс.
*5.3.1.11 Стационарлық емдеу-профилактикалық және әлеуметтік мекемелерінің 
(ауруханалары, перзентханалары, хоспистер мен т.б.) ғимараттарында баспалдақ бойынша 
жүре алмайтын жататын адамдар үшін ӛрт қауіпсіздігі аймағын кӛздеу қажет, одан осы 
аймақта ұзақ уақыт ішінде эвакуацияланады немесе құтқару бӛлімшелері келгенге дейін 
бола алады. Ӛрт қауіпсіздігі аймағының мӛлшері кӛлбеу тасымалдау құралдарында 
(каталкаларда, тӛсектерде) жататын науқастардың есептік санымен айқындалады.
Ӛрт қауіпсіздігі аймағына емдеу-профилактикалық мекемесінің ғимараты үшін 
жолаушылар лифтісінің (аурухана лифтісі) есіктері шығуы тиіс. 
Ӛрт қауіпсіздігі аймағы түтіндемеуге тиіс (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. 
№175-НҚ бұйрық).
5.3.1.12 Санаторий, демалыс және туризм мекемелері ғимараттарындағы жатын үй-
жайлар тамақтану блогы бар асхана үй-жайлары мен мәдени-ойын-сауық мақсаттағы үй-
жайлардан (эстрадасы мен киноаппарат тұратын үй-жайы бар) ӛртке қарсы қабырғалармен 
бӛлінуі тиіс.
5.3.1.13 Жабық спорт құрылыстарында кӛрермендердің отыруына арналған уақытша 
орындардың жасалуы олардың аударылу немесе жылжу ықтималдығына жол бермеуі тиіс. 
5.3.1.14 Ашық және жабық спорт құрылыстарының кез келген сыйымдылықтағы 
трибуналарда отыруға арналған материалдар Г2 тӛмен болмайтын жанғыш болады. 
Синтетикалық материалдар жанған уақытта улы заттар бӛлмеуі тиіс.
Ойын-сауық және спорттық-ойын-сауық залдарындағы эстрада еденінің ағаш 
жабынына антипирендермен терең ӛңделуі қажет.
5.3.1.15 Атуға арналған тирларды ашық және жабық спорт құрылыстарының 
трибуна астындағы кеңістігіне орналастырған уақытта қару-жарақ сақталатын қоймалар 
трибуна астындағы кеңістіктен шығуы тиіс.
5.3.1.16 Клубтар мен театрлар сахналарының құрылыс порталының саңылауы ӛртке 
қарсы пердемен қорғалуы керек.
5.3.1.17 Перденің жылу оқшаулауы жанбайтын және материалдардың ыдырауынан 
улы ӛнімдер шығармайтын болуы тиіс.
5.3.1.18 Сахна трюмі мен планшет деңгейіндегі ӛртке қарсы қабырғадағы есік 
саңылаулары, сондай-ақ желтартқыш сатыдан трюмге немесе сахнаға (ӛртке қарсы перде 
болған жағдайда) шығатын есіктер тамбур-шлюздермен қорғалуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет