Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет25/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65
ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
23 
5.5.1.10 Жалпы білім беретін мекемелер асханаларындағы ауа алмасуды асүйдің 
технологиялық жабдығы шығаратын артық жылудың жұтылуына қарай есептеу қажет. 
Тамақтану блогының ӛндірістік үй-жайларына ауаның түстену залы арқылы берілуін 
қарастыру қажет.
5.5.1.11 Ауа тарту-сору желдету жүйелерін кӛрермендер және клуб кешендерінің үй-
жайлары, сахнаға (эстрада) қызмет кӛрсету үй-жайлары, сондай-ақ әкімшілік-
шаруашылық үй-жайлар үшін үшін бӛлек қарастыру қажет.
5.5.1.12 Мәдени-ойын-сауық ғимараттарындағы жылытуды, желдетуді және ауа 
баптауды қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.5.1.13 Дәрісхана және оқу залдары мен кітапханалардың кітап сақтау қоймалары 
үшін табиғи жолмен іске келтірілетін ауа тарту желдеткішін жасауға болады.
5.5.1.14 Кітапханалардың кітап сақтау қоймалары үшін сыртқы және қайта 
циркуляциялау ауасының технологиялық тапсырмамен белгіленген үй-жайдағы шекті 
рұқсат берілетін концентрацияға дейін шаңнан тазалануы қарастырылуы керек. 
Кетірілетін ауаның кӛлемін үлкен кітап сақтау қоймасы бойынша бір сағаттағы алты 
еселік алмасу есебімен белгілеу қажет.
5.5.1.15 Ылғалды және сулы режимдегі үй-жайларда жылыту аспаптарын 
орналастыру үшін сыртқы қабырғаларға қуыстарға жасауға жол берілмейді.
Санитарлық тораптар мен темекі шегу орындарынан ауа тарту жүйесін душтардан 
шығатын ауаны тартып желдету жүйесімен біріктіруге болады.
Бассейн ванналарының залдарын қоспағанда, ауаның зал үй-жайларынан ауа тарту 
жүйелерімен табиғи жолмен кетірілуін қарастыру қажет.
5.5.1.16 Желдетумен және ауа баптаумен біріктірілген спорт залдардың ауамен 
жылыту жүйелерінде ауаның қайта циркуляциялануына жол беріледі.
5.5.1.17 Санаторийлер мен демалу мекемелерінің жатын бӛлмелерінен ауа тарту 
желдеткішін, әдеттегідей, табиғи жолмен іске асыруды қарастыру қажет.
5.5.1.18 Тұрғын бӛлмелер мен санитарлық тораптары бар нӛмірлерден ауаның 
санитарлық тораптар арқылы шығарылуын қарастыру қажет. 
5.5.1.19 Кез келген климаттық ауданда орналасатын 4, 5 жұлдызды қонақ үйлерде 
түстену залдарындағы ауаның және жылу кӛп бӛлінгенде ӛндірістік үй-жайлардағы 
объектілерді баптау, сондай-ақ қалған үй-жайларда ауа тарту-сору желдетуі 
қарастырылуы керек.
5.5.1.20 Ауа баптау ота жасау, наркоз, босану алды, босану, босанудан кейінгі 
палаталарда, жан сақтау бӛлмелерінде, интенсивті терапия палаталарында, күйік шалған 
науқастарға арналған бір орынды және екі орынды палаталарда, жаңа туған, шала туған, 
жарақатталған балаларға арналған палаталарда, барокамера залдарында, сондай-ақ 
патогені флорадан бос (ПФБ) жануарларға арналған виварийлердің зарарсыздандырылған 
аймағында міндетті болып табылады.
Инфекциялық, оның ішінде туберкулез бӛлімшелерінде механикалық жолмен іске 
келтірілетін ауа тартып желдету жеке арналар арқылы әр бокста немесе жартылай бокста 
жасалады және ол ауаны зарарсыздандыру құрылғыларымен және бактерияға қарсы 
сүзгілермен жабдықталуы керек.
Шағын ота жасау стационарлар мен емханаларда, сондай-ақ толықтай кюветтермен 
жабдықталатын палаталарда ауа баптауды қарастырмау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет