Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет27/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65
ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
25 
5.5.2.10 Ғимараттарға кіретін суық және ыстық су жеткізетін құбырларға және 
қоғамдық тамақтану үй-жайларына апаратын тармақтарға параметрлері қолданыстағы 
нормалар талаптарына сай келуі тиіс су есептеуіштерді орнату қажет.
5.5.2.11 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттардың жекелеген үй-жайларына 
апаратын тармақтарға су есептеуіштерді орнатуға жол беріледі. 
5.5.2.12 Тұрмыстық және ӛндірістік канализация желілерін бӛлек жобалау қажет. 
Мұндайда қоғамдық тамақтану үй-жайларының тұрмыстық канализация желілері 
әкімшілік және тұрмыстық ғимараттардың тұрмыстық канализация желілерімен 
біріктірілуі керек.
5.5.3 Электр техникалық және әлсіз токты қҧрылғылар  
5.5.3.1 Қоғамдық ғимараттарда электр жабдықтарды, электр жарықтандыруды, 
қалалық телефон байланысы мен телевизияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес 
терроризмге қарсы жүйені кӛздеу керек. Пайдалану қажеттілігі кезінде ғимараттар 
кешендері, бӛлек ғимараттар немесе үй-жайлар жергілікті (ішкі) телефон байланысымен, 
сымды таратылымды және телевизия, дыбыс оқшаулау, сӛйлеген сӛздерді күшейту және 
синхрондап таратуы, құрылымдалған кабельдік желісі (ҚКЖ), деректер жіберудің 
ақпараттық жүйесі (интернет) қондырғылары, уақыттың дабыл жүйесі, ӛрт және күзет 
дабыл жүйесі және ӛрттің шыққанын хабарлайтын жүйелері, газдалу дабыл жүйесінің 
құрылғылары, инженерлік жабдықтарды автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелері 
және құрылғылардың басқа да түрлері бар жергілікті қондырғылармен, сондай-ақ кешенді 
әлсіз ток желісімен жабдықталады (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. №235-НҚ 
бұйрық).
5.5.3.2 Қоғамдық ғимараттардың электр техникалық құрылғыларын Қазақстан 
Республикасының Электр қондырғыларды орнату ережелеріне, ҚР ҚН 2.04-01, сондай-ақ 
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және 
байланыс пен энергетика мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік-техникалық 
құжаттар талаптарына сәйкес жобалау қажет.
5.5.3.3 Қоғамдық ғимараттарды найзағайдан қорғауды қолданыстағы нормативтік 
құжаттар талаптарына сәйкес телевизиялық антенналар мен телефон желісінің құбыр 
тұғырларының болуының ескерілуімен орындалуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет