Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет19/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
17 
5.4.2.15 Зертханалық және ӛндірістік ғимараттарды және жаратылыстану, техника 
ғылымдары, ғылыми-зерттеу институттарының үй-жайларын ҚР ҚН 3.02-27 сәйкес 
жобалау қажет. 
В санатындағы зертхана үй-жайларының есіктерін әйнектелмеген, жанғыш 
материалдардан қарастыруға жол беріледі. 
5.4.2.16 Әкімшілік мақсаттағы үй-жайларды ҚР ҚН 3.02-08 талаптарын ескере 
отырып жобалау керек. 
5.4.2.17 Иондаушы сәулелену кӛздері орналасқан рентген кабинеттерінің, сәуле 
терапиясы бӛлімшелері үй-жайлары мен кабинеттерінің процедура жүргізілетін 
бӛлмелерін, I және II кластағы жұмыстар жүргізілетін радиоизотопты диагностика 
зертханалары үй-жайларын жүкті әйелдер мен балалар жататын палаталармен шектестіріп 
(кӛлденең және тігінен) орналастыруға жол берілмейді. 
5.4.2.18 Акт және спорт залдардың, олардың ауданын, сонымен қатар клубтық 
жұмысқа арналған үй-жайлардың орналастырылуын тиісті мәдени-ағарту мекемелерінің 
және спорттық-сауықтыру ғимараттары мен құрылыстарының пайдалануына немесе оқу 
орындарының аталған үй-жайларына халықтың қызмет кӛрсетуіне қарай жергілікті 
жағдайларға байланысты нақтылау қажет.
5.4.2.19 Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды қызмет кӛрсететін қызметкерлер, 
жұмысшылар және т.б. үшін, сондай-ақ келушілер, кӛрермендер және т. б. үшін бӛлек 
қарастыру қажет. Санитарлық аспаптар есебін жүргізу үшін ерлер мен әйелдердің ара-
қатынасын жобалау тапсырмасының технологиялық бӛлігінде атап кӛрсету қажет. 
5.4.3 Биіктігі 28 м және одан артық ғимараттарға қойылатын қосымша 
талаптар  
5.4.3.1 Қоғамдық биік ғимарат аумағының ұйымдастырылуы мен учаскесіне 
құрылыстардың салынуы ғимараттың функционалдық мақсаты жағынан әртүрлі 
бӛліктерінің бӛлек пайдаланылу мүмкіншілігін қамтамасыз ету керек. Аймақтардың 
құрамы мен учаскенің аймақтарға бӛлінуіне қойылатын талаптар әрбір нақты жағдайда 
белгіленеді. Ғимараттың тұрғын бӛлігіне жататын аумақ, адамдар жақындайтын жолдар, 
кӛлікпен жақындайтын жолдар оқшауланған болуы керек.
5.4.3.2 Биік ғимараттың аумағы қоршалу және қажет болған жағдайда, кӛлік 
құралдарының бұзуына жол бермейтін физикалық кедергілермен жабдықталуы керек. 
5.4.3.3 Аумақта ғимараттан эвакуацияланатын адамдардың жан-жаққа таралуын 
қамтамасыз ететін ӛткелдерді, алаңқайларды және т. б. қарастыру қажет.
5.4.3.4 Ғимаратқа кӛлікпен жақындайтын жерлерге, ғимарат пен қатынау 
аймақтарына кіретін жерлерде бақылау-ӛткізу пункттерінің немесе қауіпсіздік қызметі 
постыларының ұйымдастырылуы талап етіледі.
5.4.3.5 Биік ғимаратта халыққа қызмет кӛрсету мекемелерін орналастырған уақытта 
жапсарлас аумақ шекарасында келушілердің кӛлемі үлкен заттары сақталатын камералар 
үй-жайы болу керек. 
5.4.3.6 Жеке кӛлікке арналған тұрақтарды жертӛлелік және цокольдық қабаттарда,
ғимараттың стилобатты бӛлігінде орналастыруға жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет