Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет20/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
 
18 
5.4.3.7 Биік ғимараттарда тұрғындар мен ғимаратты жалға алушылардың жеке 
кӛліктеріне арналған тұрақтарды ғана ұйымдастырған жӛн. Кӛлік тұрақтарына кіреберіс 
жерде тыйым салынған заттар мен материалдардың рұқсатсыз ӛткізілуіне жол бермеу 
үшін тексеру алаңқайлары (шлюздері) жабдықталу қажет. 
5.4.3.8 Биік ғимараттардың айналадағы құрылыс объектілерінде кӛлеңке түсіру 
ықпалын есептеген кезде инсоляциялық графикті пайдалану қажет. 
5.4.3.9 Биіктігі 28 м және одан артық ғимараттарда баспалдақ клеткаларын түтін 
баспайтындай етіп қарастыру қажет.
Түтін баспайтын баспалдақ клеткаларына кіретін жерлерді қабат аралық лифт 
холдары арқылы жобалауға жол беріледі. Түтін баспайтын баспалдақ торларын 
ғимараттардың сыртқы қабырғаларының ішкі бұрыштарына орналастырмаған жӛн.
Желдеткіштер жұмысы, шахталар мен клапандар қимасы есептеумен анықталады.
5.4.3.10 Ауа тіреліп тұратын баспалдақ торларының қабырғаларында сыртқы 
қабырғалардағы терезе саңылаулары мен әр қабаттардағы дәліздерге, вестибюльдерге 
немесе сыртқа апаратын есік саңылауларынан басқа, сондай-ақ артық қысым болу 
мақсатында ауа кіретін саңылаулардан басқа ӛзге саңылау болмауы тиіс.
5.4.4 Коммуникациялық кеңістік 
5.4.4.1 Баспалдақтар саны мен олардың ғимарат жоспарында орналасуы сәулет-
жоспарлау шешіміне, ғимараттың отқа тӛзімділік дәрежесіне, қабаттар санына және 
адамдар ағымының қарқындылығына байланысты болуы тиіс.
5.4.4.2 Баспалдақпен жүрген кезде қозғалыстың біркелкі болуын қамтамасыз ету 
үшін және жазатайым жағдайларға жол бермеу үшін (әсіресе апатты жағдайларда) 
марштарды бірдей ұзындықта, ал басқыштардың астарын бірдей биіктікте жобалаған 
дұрыс.
5.4.4.3 Жолаушылар лифтілерінің санын апатты жағдай болған жағдайда, 
эвакуациялаудың қамтамасыз етілетіндігін ескере отырып есептеу арқылы белгілеу қажет. 
Егер ғимараттағы тік кӛліктің есептеуі бойынша бір ғана жолаушылар лифтісін орнату 
жеткілікті болса, қосалқы лифтіні адамдарды тасымалдауға жол берілген жүк лифтісімен 
алмастыруға жол беріледі.
Жүк лифтілерін қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарастыру 
қажет. 
5.4.4.4 Лифтілердің ғимараттарда орналасуы келушілердің кеңістікте тез және 
жаңыласпай бағдарлануын қамтамасыз етіп, вестибюльдер мен дәліздерде қиылысатын 
ағымдардың жиналуына жол бермеу керек.
5.4.4.5 Жолаушылар лифтілерінен шығатын есіктерді лифт холы арқылы жобалау 
қажет. 
Жанғыш материалдар сақталып, қайта ӛңделетін қоймалардан және басқа да үй-
жайлардан тура лифт холына шығатын есіктердің жасалуына жол берілмейді.
5.4.4.6 Шахталар мен лифтілердің машиналар тұратын үй-жайлары мектепке дейінгі 
тәрбие беру және оқыту ұйымдарындағы балалар болатын үй-жайларына; оқу 
орындарындағы сабақтар ӛтетін үй-жайларына, қоғамдық ғимараттарда орналасқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет