Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
ҚР ҚН 3.02-07-2014* 

келтірмейтіндей жобалануы керек. Бұл ретте қоршаған ортаның ықпалы мен техникалық 
қызмет кӛрсету бойынша жоспарлы іс-шараларды ескеру қажет. 
5.2.6 
Әлеуетті ықтимал зақымдануларды шектеу немесе тӛмендегілерді 
қарастыратын бір шараны немесе шаралар кешенін орындау есебінен жол бермеу қажет:
а) құрылысқа тӛнуі мүмкін қауіптің алдын алу, оған жол бермеу немесе азайту;
б) әлеуетті қауіпке сезімталдығы аз конструктивтік формаларды таңдау;
в) конструкцияның жекелеген элементінің немесе кейбір бӛлігінің істен шығуы 
немесе кездейсоқ алынып тасталуы бүкіл құрылыстың түгел істен шығуына әкеп 
соқтырмайтын конструктивтік формалар мен жобалық шешімдерді қолдану; 
г) мүмкіндігінше, алдын ала байқалатын белгілерсіз бүлінуі мүмкін кӛтергіш 
конструктивтік жүйелерді қолданбау;
д) конструктивтік элементтерді сенімді біріктіру. 
5.2.7 Негіз қалаушы талаптарға сәйкестік: 
а) сәйкес келетін құрылыс материалдарын қолдану; 
б) сапалы жобалау мен есептеу, сонымен қатар тиісті құрылысты орындау;
в) нақты бір жобаға қатысы бар жобалау, дайындау, құрылыс және пайдалану 
кезеңдерінде бақылау рәсімдерін белгілеу арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. 
5.2.8 Жобалау кезеңінде оның ұзақ мерзімділікке әсерін анықтау үшін қоршаған орта 
жағдайын анықтау және құрылыс материалдары мен бұйымдарды қорғау үшін тиісті 
шаралар қабылдау қажет.
5.2.9 Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес жобаланған және салынған 
ғимарат жүйелі техникалық қызмет кӛрсетіп, ғимараттарды пайдалану ережелері мен 
пайдалану жӛніндегі нұсқаулықта белгіленген жӛндеу жүргізу мерзімі орындалған 
жағдайда, ӛзінің кӛтергіш конструкцияларының беріктігі мен орнықтылығын жобалау 
тапсырмасында белгіленген мерзім аралығында сақтау қажет.
5.2.10 
Қызмет ету мерзімі ғимараттың кӛзделіп отырған қызмет ету
мерзімінен азырақ элементтер, бӛлшектер, жабдықтар пайдалану жӛніндегі нұсқаулықта 
белгіленген жӛндеу аралық мерзімдерге және жобалау тапсырмасындағы талаптардың 
ескерілуімен алмастырылуы тиіс. Жӛндеу аралық мерзім тиісінше ұзарған немесе қысқарған 
уақытта қызмет ету мерзімі азырақ немесе кӛбірек элементтерді, материалдар мен 
жабдықтарды қолдану туралы шешім техника-экономикалық есептеулермен белгіленеді.
5.2.11 Конструкциялар, бӛлшектер және әрлеу материалдары әсері болуы мүмкін 
ылғалдың, тӛмен және жоғары температуралардың, агрессивті ортаның және басқа да 
қолайсыз факторлардың әсерінен тӛзімді материалдардан жасалу немесе қолданыстағы
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қорғалу керек.
5.2.12 Қажетті жағдайларда ғимараттың қоршау және кӛтергіш конструкцияларына 
жауын, еріген қар, топырақ суларының кіруінен, сондай-ақ сырты қоршау 
конструкцияларында конденсациялық ылғалдың жиналуынан қорғайтын тиісті шаралар 
немесе жабық кеңістіктер мен ауа қабаттарын желдету құрылғыларының жасалуы қолға 
алыну керек.
Қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қажетті қорғайтын 
құрамдар мен жабындар пайдаланылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет