Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет38/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
38 
5.4.11.9 Оттегі құбырларының сыртқы желілері орларды топырақпен міндетті түрде 
жабу арқылы орларға төселеді.
5.4.11.10 Оттегі құбырлары автомобиль жолдарын, өтетін жолдарды және басқа 
инженерлік құрылыстарды кескен жағдайда, жерасты оттегі құбырларында қолданыстағы 
нормативтік құжаттарға сәйкес қысымсыз құбырлар үшін асбоцементті құбырлардан 
жасалған қаптарды қарастыру керек. 
5.4.11.11 Оттегі құбырларының жерасты учаскелерінде арматураны және камера 
және құдық құрылғыларын орнатуға тыйым салынады. 
5.4.11.12 Емдеу-профилактикалық мекемелерде құбырлардың әртүрлі жүйелерін 
(оттегіні, азот шала тотығын, көмірқышқыл газды, вакуумды, сығылған ауаны) жобалау 
барысында осы жүйелер құбырларын бірлесіп төсеуге тырысу керек. 
Болат және шойын арматураны қолдануға жол берілмейді. 
Оттегі құбырларын жертөлелерге, еден астына, ашық орларға, науаларға, тоннельдер 
мен арналарға, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстар астына төсеуге жол
берілмейді. 
5.4.11.13 Аражабын мен арақабырғалар арқылы өтетін орындардағы құбырлар 
учаскелерінде жік болмауы тиіс. Оттегі құбырларын желдету арналары арқылы төсеуге 
жол берілмейді. 
5.4.11.14 Тұтынушыларды сығылған ауамен қамтамасыз ету үшін компрессорлық 
қондырғылар қарастырылады.
5.4.11.15 
Оттегі, азот шала тотығы, көмірқышқыл газ, сығылған ауа
құбырларын төбе (астыңғы жағынан жалғанған төбе) және есік ойықтары арасындағы 
қабырғалар бойынша, сонымен қатар арақабырғалар бойынша монтаждауға дейін
ашық төсеу электр монтаждаушылармен келісіледі және құбырларды монтаждау 
санитарлық-техникалық және электрлік қондырғыларды монтаждау аяқталғаннан кейін 
ғана жүргізіледі. 
5.4.12 Қоқыстарды, қалдықтарды жою және шаңды тазалау 
5.4.12.1 Аурухана мен перзентхана ғимаратында лифтілер көмегімен ғимараттан тыс 
немесе ішіне жинау пунктіне жеткізілетін полимер материалдан жасалған қаптары бар 
қоқысты тазалаудың контейнерлік жүйесін қарастыру керек. 
5.4.12.2 Медициналық емдеу мекемелерінде эмальданған, пластикті және фаянсты 
сауыттарды қолдану керек. 
5.4.12.3 Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған контейнерлер және 
үй-жайлар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес орналасуы 
және жабдықталуы тиіс.
5.4.12.4 Медициналық қалдықтарды тасымалдау қызметкер және қоршаған
орта үшін қауіпсіз болуы тиіс және оны арнайы оқыған қызметкер жүзеге асыруы
керек.
5.4.12.5 Жұқпалы болып табылатын медициналық ұйымдардың қалдықтары 
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қатты тұрмыстық 
қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарға орналастыруға тиісті емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет