ҚР ҚН 3.02-13-2014* 48
- санитарлық-гигиеналық үй-жайлармен;
-
ғимаратқа кіреберістегі баспалдақтардың алдына пандустармен және
тұтқыштармен;
- жалпы пайдаланылатын орындардағы тротуарлардағы жайпауытпен;
- рекреациялық аймақтар аумақтары бойынша мүгедектердің жүру бағыттарында
арнйы көрсеткіштермен.
5.7.10 Медициналық қызмет көрсетуге және мүгедектерді оңалтуға арналған
мамандандырылған мекемелерді орналастыру және осы мекемелердің кеңдігін елді
мекендердегі, аудандардағы, шағын аудандардағы нақты және болжамды қажеттілік
бойынша анықтау керек.
Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қызмет көрсету және тұрақты болу
орындары үй-жайлардан, қабаттардан ғимараттан сыртқа шығатын эвакуациялық
шығатын жолдардан барынша аз арақашықтықта орналасуы тиіс.
5.7.11 Ғимарат учаскесін немесе кешенді жобалау барысында мүгедектер мен
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ғимаратқа қатынауын қамтамасыз ететін жаяу
жүргіншілер мен көлік жолдарының толассыздығын сақтау керек. Бұл жолдар учаскеге
қатысты сыртқы коммуникациялармен және қала көлігінің аялдамаларымен түйісуі тиіс.
5.8 Қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-гигиеналық талаптар 5.8.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалау барысында қолданыстағы
нормативтік құжаттар ережелеріне сәйкес адамдардың денсаулығын және қоршаған
табиғи ортаны сақтау саласындағы экологиялық талаптарды орындауды қамтамасыз
ететін шараларды қарастыру керек.
5.8.2
Құрылысқа және реконструкциялауға берілген жоба құжаттамасын
орналастыру, бекіту, жаңа тұрғызылған, реконструкцияланған емдеу-профилактикалық
мекемелердің ғимараттарын пайдалануға енгізуге қолданыстағы нормативтік құқықтық
актілер талаптарына сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған
жағдайда жол беріледі.
5.8.3 Емдеу-профилактикалық мекемелерді орналастыру барысында санитарлық-
қорғаныс аймақтарын орнату бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау
керек.
5.8.4 Емдеу-профилактикалық мекемелердің діріл көздерінен (көліктің жедел
түрлері, теміржол жолдары, метрополитен жолдары) арақашықтықты қолданыстағы
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қабылдау керек.
5.8.5 Емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалаған кезде жобаланатын объектінің
қоршаған ортаға ықпалын ескеру керек және әрбір нақты жағдайда қоршаған ортаға әсерді
бағалау қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасындағы
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
5.8.6 Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу бойынша негізгі талаптар Қазақстан
Республикасының Экологиялық кодексінде анықталған.
5.8.7 Жоба шешімдерін іске асыру нәтижесінде атмосфералық ауаның сапасының
өзгеру күйін және болжамын бағалау жер бедерін, жоспарлық ұйымдастыруды және
аэрациялық режимге қосқанда, аумақтың микроклиматтық жағдайларын ескере отырып,