Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет28/61
Дата31.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#22318
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
ҚР ҚН 3.04–02–2014 

 

14 


5.8.4  Бетон  және  темірбетон  конструкцияларды  деформациялар  бойынша  есептеуді 

иілулер,  бұру  бұрыштары,  жылжулар  және  әртүрлі  әсерлерден  конструкциялардың 

тербеліс амплитудасы қолданыстағы шекті жол берілген мәндерден аспауы тиіс шартпен 

жүргізу керек. 

5.8.5  Темірбетон  конструкциялардың  деформациялары,  сондай-ақ  статикалық 

анықталмайтын конструкциялар элементтеріндегі күштер сызаттар мен бетонның серпімді 

емес қасиеттерін ескере отырып, құрылыс механикасы әдістерімен анықталады.  

 

5.9  Бетон  және  темірбетон  конструкциялар  элементтерін  температуралық, 



ылғал, сейсмикалық әсерлерге есептеу 

 

5.9.1 Температуралық әсерлерді есепке алуды жүргізу керек: 



а)  бетон  конструкцияларды  беріктігі  бойынша  есептеу  кезінде,  сондай-ақ  осы 

конструкциялардың  бұзылуы  олардың  жұмысының  статикалық  сызбасын  өзгертуі, 

қосымша  сыртқы  күш  әсерлерін  және  қарсы  қысымның  артуын  тудыратын,  су 

өткізбеушілік  пен  конструкцияның  ұзақ  мерзімділігін  төмендетуге  алып  келетін  

жағдайларда оларды сызаттардың пайда болуы бойынша есептеу кезінде; 

б)  статикалық  анықталмайтын  темірбетон  конструкцияларды  есептеу  кезінде; 

сонымен  қатар  темірбетон  конструкцияларды  сызаттардың  пайда  болуы  (болдырмау) 

бойынша есептеу кезінде; 

в) температуралық жіктер конструкция мақсаты үшін құрылыс элементтерінің және 

сүзуге қарсы тығыздамалар деформациясы мен жылжуын анықтау кезінде; 

г)  құрылыс  салу  және  оны  қалыпты  пайдалану  шарты  бойынша  талап  етілетін 

температуралық режимдерді белгілеген кезде; 

д)  топырақпен  жанасатын,  тікбұрышты  емес  қиманың  (таврлы,  сақиналы)  жұқа 

қабырғалы темірбетон элементтерін есептеген кезде.  

Температуралық  әсерлерді,  егер  осы  конструкцияларың  қозғалу  еркіндігі 

қамтамасыз етілсе, жұқа қабырғалы конструкциялар есебінде ескермеуге жол беріледі.  

5.9.2  Бетон  және  темірбетон  конструкцияларды  есептеген  кезде  пайдалану  және 

құрылыс кезеңінің температуралық әсерлерін ескеру керек. 

Гидротехникалық  құрылыстардың  жеке  түрлерінің  бетон  және  темірбетон 

конструкцияларын  есептеулерде  ескерілетін  температуралық  әсерлердің  нақты  тізімі 

құрылыстың тиісті түрлерін жобалау нормаларымен белгіленуі тиіс. 

5.9.3  Гидротехникалық  құрылыстардың  бетон  және  темірбетон  конструкцияларын 

тиісті негіздеме кезінде температуралық әсерлерге есептеулер кезінде күн радиациясының 

жылулық әсерін есепке алуға жол беріледі.  

5.9.4  Бетон  және  темірбетон  конструкцияларды  есептеу  кезінде  ылғал  әсерлерін 

ескеру  осы  конструкцияларда  бетонның  отыру  немесе  ісінудің  даму  мүмкіндіктеріне 

байланысты негізделуі тиіс. 

Бетонның отыруын: 

- массивті конструкциялардың; 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет