Студент : Асабай Мөлдір Группа : М2-хо-23



Дата15.11.2023
өлшемі14,08 Kb.
#122741
түріСабақ
Байланысты:
аннотация


Студент : Асабай Мөлдір
Группа : М2-ХО-23

Аннотация : Мырзагелді Кемел «Абзалдық әліппесі»



Қаламгердің 1996 ж. алғаш рет "Абзалдық әліппесі" деген атпен жарық көрген күнделік-эссе оқырмандар қауымының жоғары бағасына ие болғаны, әсіресе жастардың сүйікті кітабына айналғаны мәлім.
Мырзагелді Кемел- адамгершілік асыл қасиеттер мен жалпыадамзаттық құндылықтарды кең насихаттайтын танымдық- тағылымдық еңбектердің авторы. М.Кемелдің «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ», «Ақыл қалта», «Сөз- құдірет», «Мың ой», «Өнеге», «Көңіл күнделігі» және т.б. кітаптары- оқыған жанды ойландырмай қоймайтын өсиет-өнегеге толы таптырмас туындылар.
Қаламгердің «Абзалдық әліппесі» атты кітабында өз жүрек түкпірінен шыққан және басқа да философтардың ғибратты ойларын жетілдіру арқылы туындаған ой-толғамдарымен таныс боламыз. «Бұл сондай ыждаһатты зерде мен ысылған тәжірибенің жиынтығындай шынайы шығарма. Ағын суға кері ағызбай, уақытпен бірге алға адымдататын абзалдық әліппесі»,- деп Ә.Кекілбаев туындыны жоғары бағалаған. Әкенің балаға қалдырған өсиеті іспетті бұл жинақта адамгершілік, ақыл, мінез, ар-ұят, иман, білім- білік, отбасы, достық мен махаббат,еңбек және бақытқа жету мәселелері жан-жақты талданады. Көлемі көп дүниені оқуға жұрт уақыт та, тағат та таба бермейтін кезде тұрмыз. Бұл күндер де бүгінгі заманымыз секлді өтпелі болып ертерек өтіп кеткендей. Соны ескерген қаламгер бір сөйлеммен біршама уақыт ойланатын, іштей келісіп – келіспейтін пікірлер беруге талпынған жіне де онымен толық келісер деп емес, дегенмен бейтарап қалмасымызға сенім білдірген.
«Мен ешкімге кеңес бергім келген жоқ, бағыт бергім келді» деп автор кітап соңында айтпақшы, осы айтылғандардың барлығы өзің дамытқысы келетін әрбір жанға бағыт-бағдар берері сөзсіз.

Шын жүректен кеңес берер едім. Әкемнің қолыма ұстатқан менің бағамдағы ең құнды дүние.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет