Байланысты: Тақырыбы Туризм туралы Қазақстан Республикасындағы қабылданған құжаттар
3. Туристік саланың қазіргі жай-күйін талдау. Туристік саланы дамытудың аса маңызды мәселелерінің бірі қаржыландыру болып табылады, оны шешу үшін:
– мемлекеттік, жеке менеджменттің тиісті деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
– биіктің орталық және аймақтық деңгейлерінің іс-қимылын дәл үйлестіруді қамтамасыз ету;
– жеке бастамалардың дамына жәрдемдесу;
– қазақстандық туристік өнімді сыртқы және ішкі рыноктарға жылжытудың тиімді жүйесін әзірлеу;
– инвестициялау мен салық салу мәселелері бойынша қажетті нормативтік құқықтық келісімдер қабылдау;
– шет ел туристерінің қазақстанға келу рәсімдерін оңайлату.
қазақстанда туризмді дамытудың маңызды қыры—әлеуметтік туризмді, соның ішінде қазақстандықтардың дем алуға құқықтарын іске асырудың негізгі және әлеуметтік қызметтер рыногын дамытудың басты факторларының бірі болып табылатын балалар туризмін дамыту болып табылады.
Туристік рынок статикасына талдау көрсететіндей, 1996-2000 жылдар кезеңінде туризмнің барлық негізгі көрсеткіштерінің (1,2 қосымша) 3 еседен астам төмендегені байқалады. 1996-2000 жылдар кезеңінде шет елдің азаматтары мен қазақстан Республикасының резиденттері қатарынан туристердің шекара арқылы орнын ауыстыруы жөніндегі теріс салбдо қалыптасты, яғни, келушілерге қарағанда кетушілер көп болды. Шығу туризмінің үлесі –45,8 пайызды, ішкі туризм–37,9 пайызды, келу туризмі–16,3 пайызды құрады.
2000 жылы туристік ұйымдар қызмет көрсететін туристердің саны–146 915 адамды құрады, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 36 пайызға кем.
Келу туризмі
Елдер бойыншаа келу туризмі статистикасына талдау мыналарды көрсетті, яғни 1996-2000 жылдары ТМД елдерінен келген туристердің орташа үлесі жылына 2,5 мың адамға төмендеген.
қарастырған кезеңдегі келу туризмінің құрылымында алыстағы шет елдерден келген туристердің үлесі зор, 1995-1999 жылдардағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1,5 есе артты. 2000 жылы туристік ұйымдардың көрсеткен қызметін пайдаланған, резидент емес келіп–кетушілердің арасында ТМД елдерінен келген туристердің (23 868) үлесі 14 пайызға, алыс шет елдерден келушілер 86 пайызға жуықтады.
2000 жылы тұтастай алғанда, қазақстан Республикасында 80-ге жуық елден туристер болды.
Ресейден, қырғызстаннан, өзбекстаннан, Украйнадан, Тәжікстаннан келген резидент емес туристер негізінен туристік ұйымдардың көрсеткен қызметін пайдаланды. Алыс шет елдердің ішінде Германиядан, АқШ-тан, ұлыбританиядан, Франциядан, Италиядан, Жапониядан, қытайдан, Түркиядан, Австриядан, Нидерландыдан келетін резидент емес туристердің неғұрлым көп ағыны байқалды. ТМД елдерінен келген туристердің болу күндерінің орташа саны 4-5 күнді, ал алыс шет елдерден келгендер – 17 күнді құрады. Туристердің келу мақсаттары бойынша келу ағынына жасалған талдау, қазақстанға резидент еместердің 89,7 пайызы іскерлі және кәсіби мақсаттармен келгендігін көрсетті. Статистикалық деректерге сәйкес бір шетелдік турист өзінің болған уақытында республикаға орта есеппен 700 АқШ долларын қалдырады.
Сыртқа шығу туризмі.
Сондай-ақ, 1996-2000 жылдары туристік жолдамамен шет елге шыққан резиденттердің саны тұрақты төмендеген. Шығу туризмінің төмендеуі негізінен, алыс шет елдерге шығушы туристер санының азаюына байланысты болады.
2000 жылы шет елге қазақстандық туристердің үлесі жалпы шет елге шыққан резиденттердің 5,4 пайызын құрады, соның ішінде 12 пайызы ТМД елдеріне, 88 пайызы алыс шет елдерге шықты.
2000 жылы қазақстан Республикасының туристері небәрі 70-ке жуық шет елде болды. Бұл ретте турист-резиденттерінің негізгі бөлігі қырғызстанға және Ресейге шыққан. қазақстан тұрғындары арасында алыс шет мемлекеттердің ішінен Түркия, Германия, қытай, Біріккен Араб әмірліктері, Тайланд, Иран неғұрлым танымал.
қазақстандық туристердің ТМД елдерінде болу күндерінің орташа саны 6 күнді, алыс шет елдерде–7 күнді құрады. Бұл ретте шығуының іскерлік және кәсіби мақсаттары– (73,2 пайыз) бос уақытын өткізу және дем алу – (16,5 пайыз) болып табылады. Сыртқа шығу туризмінде шоп-туризм басым.
3.1. Ішкі туризм.
Туристік фирмалар 1996-1997 жылдары ішкі туристік рынокта орта есеппен 12 мың адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш 1998-1999 жылары 2 мың адамға дейін төмендеді. Ішкі туризм көлемінің төмендеуі үрдісі қазіргі уақытта да орын алуда. 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы туризмнің осы түрінің көлемі 23 пайызға төмендеді.
3.1. Туристік ұйымдардың қызметінен түсетін жалпы пайда.
Туристік қызмет көрсетулерден түскен табыс туристік ұйымдар (отандық және шетелдік) мен мемлекет (салықтар және алымдар) арасында бөлінеді. Туристік қызметпен байланысты қомақты табыс–77 пайыз сыртқа шығу туризмі қызметінен түсуде. қазақстанға келетін туристердің (туристердің жалпы ағынының 16,3 пайызын) аздығына қарамастан, келу туризмі табыс түсіруде зор әлеуетке ие, себебі ол туристік ағынның жалпы көлемінің 38 пайызын иелене отырып, табыстың тек 10 пайызын береді.
Туристік ұйымдар салықтар мен алымдар түрінде түсетін жалпы табыстың 51 пайызын мемлекеттік бюджетке аударады. қазақстан Республикасы қазіргі уақытта мол табысты туризмнің сыртқа шығу (62 пайыз) бағытында жұмыс істейтін туристік ұймдардың қызметінен алады, келу туризмі табыстың 24 пайызын, ішкі туризм табыстың 14 пайызын береді. әлемдегі туризм дамуының тәжірибесі көрсеткендей, барлық мемлекеттер бірінші кезекте келу және ішкі туризмді өз елдерінде дамытуға мүдделі, өйткені бірінші түрі мемлекеттің қазынасына валюталық түсімді қамтамасыз етсе, екіншісі мемлекет ішіндегі қаражатты жинақтайды және туризмнің инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.
3.2. Туристік ұйымдар.
1996-1999 жылдар кезеңінде туристік ұйымдардың саны жылына шамамен 40 туристік фирмаға өсті. Олардың саны 2000 жылы 1999 жылымен салыстырғанда 265-ке өсті. Статистикалық деректер бойынша 2001 жылдың 1 қаңтарында қазақстанда 690 туристік ұйым жұмыс істеді, оның 639-ы ( 93 пайызы) қызметкерлерінің саны 5 адамнан 50 адамға дейінгі шағын кәсіпорындар болды. Жалпы туристік қызмет көрсетулер көлемінің 72 пайызын туристік ұйымдар іске асырады.
Шағын туристік ұйымдар республикаға немесе қазақстандағы туристік ұйымдардың қызметінің бүкіл табысының 79 пайызын, немесе 7,6 млн. АқШ доллары мөлшерінде пайда әкеледі. 50-ден 250 адамға дейін қызметкерлері бар орта туристік фирмалар (43), бүкіл туристік ұйымдардың 6 пайызын құрайды. Туристік ағынның 28 пайызы, табыстың 21 пайызы (2,1 млн АқШ доллары) солардың үлесіне кіреді.
қазақстанда 8 ірі туристік ұйым бар. Олардың қызметі негізінен туристік жолдаманың бағасына кірмейтін, визалық экскурсиялық және өзге де қызмет көрсетулерді ұсынуға бағдарланған, туристердің бүкіл ағынының тек 0,4 пайызын ғана қамтиды. Олардың қызметінен қазақстан Республикасына түскен табыс 1,72 мың АҚШ долларын (туристік ұйымдар қызметінің бүкіл табысының 0,02 пайызын) құрайды.
3.3. Жеке облыстарға бөліп қарағандағы туризмнің дамуының қазіргі жағдайы.
Республикадағы туристік ағын көлемінің төмендеуінің жалпылама бағыттылығымен қатар 1998-2000 жылдары елдің жеке региондарында туристік белсенділіктің төмендеуі байқалды.
2000 жылы іскерлік белсенділіктің есебінен 1999 жылмен салыстырғанда туризмнің дәстүрлі орталықтары болып табылмайтын Ақтөбе, Шығыс қазақстан, Батыс қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында туристік қызметтің бірқатар көтерілуі байқалды. Соңғы жылдары бұл жерлерде ішкі және сыртқы туизмнің дамуының себебі бизнес болды. Осымен бір мезгілде дәстүрлі туристік региондарда, яғни Оңтүстік қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында туристік ағын көлемінің қысқаруы жүрді. Сырттан туристер келетін туризмнің ең көп көлемі Астана, Алматы қалалары, қарағанды, Шығыс қазақстан, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының арасында таралды. Оның ішінде іскерлік және кәсіптік мақсаттармен бұл региондарға 100 адамның 89 келеді. қазақстанның барлық облыстарында дерлік Алматы қаласымен Атырау облысынан басқаларында резидент емес туристердің болатын күндерінің орташа саны 1 күннен төменгі көрсеткішті білдіреді. Сыртқа шығаратын туризм (шет елдегі) Алматы, Астана қалаларында, қарағанды, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс қазақстан облыстарында жақсырақ дамыған. қазақстан азаматтарының бұл региондардағы сапарының мақсаты іскерлік және кәсіптік, қызығушылықтар (100 адамның 73-і) және демалыс (100 адамның 16-сы). Ішкі туризмнің дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс қазақстан, қарағанды, Батыс қазақстан, Оңтүстік қазақстан, Павлодар облыстарында көбірек байқалады.
3.4. Туризмнің инфрақұрылымы.
Туристерді орналастыру нысандары.
Қазақстан Республикасында туристерді орналастырудың 319 нысаны бар. Оның–159 қонақ үйі, 34–санаторийлер, демалыс зоналары–29, демалыс үйлері–26, туристік база–17, сауықтыру лагері–13, қонақтарға арналған үйлер (қонақ үй бекеттері)–12, санаторий-профилакторий–11, аңшылар үйлері–10, профилакторий–8. қонақ үйлердің көпшілігі (149) Алматы, Астана қалаларында қарағанды, Шығыс қазақстан және Оңтүстік қазақстан облыстарында орналасқан. Олардың 16 пайызы шағын кәсіпкершілік субъектілеріне, 29 пайызы–орташа кәсіпкершілік субъектілеріне, тек қана 5 пайыз (8 қонақ үй) үй ұйымдарға қатысты. қонақүйлердің барлық санының 87 пайызын–жеке меншік, 9 пайызын–коммуналбдық меншік құрайды, 4 пайызы–шетелдіктердің қатысуымен бірге құралған. қонақүйлердің 1-мезгілдік сыйымдылығы 2000 жылы 16 389 орынды, барлық номерлердің саны 9 124 құраған. Адамдардың аз келуі (небәрі 20 пайыз 2000 жылы) және ескеріп кеткен материалдық техникалық базаны ұстап тұруға кететін шығындардың өсуі көптеген қонақ үйлер қызметінде шығындардың табыстан асып түсуіне алып келеді. 2000 жылы қонақ үй кешендерін пайдалануға кеткен шығын бүкіл республика бойынша 15,6 мың АқШ долларын құраған. Мемлекет қонақүй кешендерінен түскен негізгі табысты Ақтөбе, Атырау, қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік қазақстан және Оңтүстік қазақстан облыстарынан алған. Басқа региондарда қонақ үйлер шығындармен жұмыс істеген. Теріс сарьдо Астана, Алматы қалаларындағы, қызылорда, Шығыс қазақстан, Батыс қазақстан облыстарындағы қонақ үйлердің жұмысынан көрінген.
Орналастыру нысандарының шығында болуын анықтайтын көрсеткіштер мыналар: қызметкерлерге төленетін еңбек ақы, бюджетке берілетін салықтар және басқа да төлемдер. Жастар тұратын жатақханалар және таудағы тур базалар басқаша жағдайда өйткені олардағы тұтастай және күнделікті жөндеуден өткізу, құрал-жабдық сатып алу, шығындардың аз бөлігін құрайды.
қонақ үйлердің неғұрлым кең таралған санаты болып табылатын өз мейрамханасы бар қонақ үйлердің қызметі республикаға неғұрлым табыс түсіреді.
Туристік саланы дамытуға жасалған талдау көрсеткеніндей 50-60 жылдары салынған қонақ үйлер, сондай-ақ да туристердің тұратын және тамақтанатын орындары ескергендіктен, туризм инфрақұрылымының қазіргі жай-күйі дағдарысты деңгейге жетті.
Көлік.
1) Халықаралық әуежайлар.
қазіргі таңда қазақстанда мына әуежайлардың: “Астана” халықаралық әуежайы РМК-ның “Алматы” халықаралық әуежайы, ААқ-ның “Ақтөбе” халықаралық әуежайы; ААқ-ның “Ақтау” халықаралық әуежайы; ААқ-ның “Ақ жол” халықаралық әуежайы; ААқ-ның “әулие ата” халықаралық әуежайы; ААқ-ның “Атырау” халықаралық әуежайы; ААқ-ның “Семейавиа” халықаралық әуежай; ААқ-ның, “Павлодар әуежайы; ААқ-ның “Шамкент” әуежайы; ААқ-ның, “Петропавл” әуежайы; ААқ-ның “қостанай” әуежайы ААқ-ның уақытша схема бойынша халықаралық әуе тасымалына рұқсат бар.
2) Темір жол.
қазақстан Республикасының аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай қиып өтетін 3 темір жол тармағы бар, олар қазақстанның оңтүстік аймағын батысымен, орталығымен, солтүстігімен және шығыс бөліктерімен байланыстырады. Республиканың Ресеймен шекаралас солтүстік аймағында теміржол желісі неғұрлым дамыған.
қазақстанның көршілес 3 елге: Ресейге, өзбекстанға, қырғызстанға, қытайға шығатын теміржолы бар.
3) Автомобиль жолдары.
1. Бішкек-Алматы-қорғас;
2. Шымкент-қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самара;
3. Алматы-қарағанды-Петропавл-Челябі;
4. Алматы-қарағанды-Астана-қостанай-Челябинск;
5. Омбы-Павлодар-Семей-Майқапшағай;
6. Астрахань-Атырау-Ақтау-Бекдаш.
2002-2005 жылдар кезеңінде жоғарыда аталған автомобиль көлігі дәлсіздеріндегі жол маңайындағы қызмет көрсету нысандарын және инфрақұрылымды жаңарту, қалпына келтіру және дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру көзделеді.