Оқытушы: Борбасова. Г. Н
Студент: Аскар И
Мамандығы: МО
Алматы, 2023 ж.
1. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғыртудағы психологиялық білімдердің мәні.
2. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы.
3.Стрестің даму кезеңдері.
4. Стресстің белгілері.
5.Стресске жауап берудің жеке стилдері.
1. Тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі мектепке дейінгі жас. Тұлғаның əлеуметтену процесі адам өмірінің алғашқы сағаттарынан басталады. Бірақ алғашқы үш жыл өмірдің тарих алды, яғни оның дамуына қажетті жағдай туғызу кезеңі болып табылады. Элькониннің жіктемесі бойынша бұл нəрестелік кезең делінеді. Мектепке дейінгі кезең - (3-7 жас) алғашқы этикалық нормалар қабылданатын кезең. Баланың негізгі қызмет түрі рөлдік ойын. Осы кезеңде бала идентификация арқылы ережелерді, нормаларды, критерийлерді қабылдайды. Бұл процесс дəнекер үлкен адам арқылы жəне құрбысы арқылы жүзеге асады. Балалардың жүріс-тұрысына үлкен адамдар, олардың қимыл- Жасөспірімдік кезең (10-11, 13-14 жас). Бұл жастағы балалардың негізгі қызметі айналасына айрықша назар аудару. Сонымен қатар, бұл жаста араласудың ерекше нысаны – құштарлық (интимдік) қатынас пайда болады.
Жасөспірімдік шақтың алғашқы кезеңінде құрбыларға деген бағдарда бұрылыс болады. Құрбылармен сөйлесу жəне мұндай қатынастардағы жақсылық жасөспірім үшін үлкен құндылық. Кольбергтің жіктемесі бойынша, бұл кездегі құндылықтың қалыптасуындағы негізгі рөл эмоцияға беріледі. Оның ойынша, дəл осы жасөспірімдік кезде эмоция дамуының психологиялық сатысы басталады.
Жастық кезде (15-18 жас) тұлғаның негізгі компоненттері қалыптасады. Олар мінез, жалпы жəне арнайы қабілеттер. Тұлғаны қалыптастыратын қиын компоненттер үлкен өмір табалдырығын аттаудың алғышарттары болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі, өзіндік рефлексияның күшеюі, яғни өзінің тұлғасын тану, өз қабілеттерін бағалау. Осы кезде венгр философы П. Хайдудың айтуынша білім алу кезінде эмоционалдық бағалау мен уайымдау болмаса, индивидтер позитивтік құндылықтарды тек сөз жүзінде вербалды деңгейде ғана қабылдайтын болады. Сонымен əлеуметтік нормалар мен жалпы қабылданған принциптерді рационалды бағалау, саналы ішкі қабылдаудың негізгі жағдайы болып табылады.
Жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие шаралары т.б. жағдайлар əсер етеді. Бұл ықпалдарды көптеген зерттеушілер жұмысынан байқауға болады. Б.С. Круглов, А.В. Петровскийлердің айтуларынша, оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дəстүрлі емес нысандар құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына əсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кəсіпке бейімделуге септігін тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кəсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен əсер тигізетін тұлға ұстаз болып табылады. Ол ұстаздың оқыту процесін ұйымдастыруына жəне оның мазмұнына байланысты.
2. Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік.
Жетістікке жету мотивациясы кез-келген іс-әрекетті жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтиже көрсетуге бағытталған, оған жетістік критерийі қолданылады. Жетістік мотивациясы субъектінің өз саласы бойынша жетістікке жетуі үшін талпыну арқылы пайда болады.
Жетістікке жету мотивациясында адам іс-әрекетінің қоғамдық әлеуметтік мә-ні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелігі оның ең басты белгісі болып табылады.
Адамның іс-әрекеті рухани және материалдық нәселермен тығыз байланысты. Олар сол нәрселер арқылы өздерінің қажеттіліктерін, өмір жағдайы мен қабілеттерін өзгертеді. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті жаңа мазмұнға ие болып отырады.
Әр алуан іс-әрекет барысында адамдар өз қажеттіліктерін өтеп, жетістікке жетуге ұмтылады. Демек, Жетістікке жету мотивациясы дегеніміз адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі.
«Жетістікке жету мотивациясы» және «дамыту» терминін қолдану бұл процесті әртүрлі тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.
Сәтсіздіктен қашу – бұл әр адамда бар қасиет. Өсіп келе жатқан баланың алдынан көптеген қиындықтар шығады. Мектепте бақылаулардан үздік болуға тырысамыз, ал ата-анамыз тек жақсы болуымызды қалап, үдеден шыға алмай жатсақ, ұрысады. Ал негізінде сәтсіздіктің де пайдасы көп екенін аңғарайық. Сонымен, сәтсіздіктен сабақ алуды үйренейік.Бұл жақсы сабақ болады.
Әрбір істе қиындықтар болады. Міне, осы кезде сіз бұл жағдайдан қандай сабақ алғаныңыз жайлы ойлаңыз. Сәтсіздіктің өмірлік сабақ екенін білген кезде сіз көңіл күйіңізді түсірмейтін боласыз. Сәл де болса артқа қарап, ненің дұрыс жасалмағанына көз тастап, келесі жолы мұндай қателік жасамауға тырысасыз. Есіңізде болсын, қателік – жетістікке жету кілті. Ол сенің өте жақсы ұстазыңның да рөлін атқара алады. Ойланып көріңізші, үлкен қалаға жаңадан келгенде адасасыз ғой? Ал бір адасқан соң сол жерді сіз мәңгіге ұмытпайтын боласыз. Мінсіз болуға жетелейтін тест. Кейде атқарып жатқан іс сіз ойлағандай болып шықпайды. Осыдан кейін өзіңізге күмәнмен қарай бастайсыз. Шынымен де, бұл іспен айналысуға тұра ма? Ал егер сол істен айнып қалмай әрмен қарай да жалғастыра беретін болсаңыз – бұл сіздің біліктілігіңіз болып есептелмек және оның соңында көретін жеңіс те тәттірек болмақ. Сәтсіздік не бәрін де тастап, басқа арнаға бетбұруға не өз позицияңызды бекемдеп алуға мүмкіндік жасайды.
3. 1956 жылы Сейле бұл туралы теория жасады стресс реакциясы үш нақты фазадан тұрады:
1. Реакция туралы дабыл: Қауіп анықталғаннан кейін бірден басталады. Бұл фазада дене температурасының төмендеуі немесе жүрек соғу жылдамдығының жоғарылауы сияқты кейбір белгілер пайда болады.
2. Қарсылық: Ағза жағдайға бейімделеді, бірақ алдыңғы кезеңмен салыстырғанда аз дәрежеде болса да активацияны жалғастырады. Егер стресстік жағдай уақыт өте келе жалғасса, активация жеңіліп қалады, өйткені ресурстар пайда болғаннан гөрі жылдамырақ жұмсалады.
3. Сарқылу: Дене сарқылатын ресурстармен аяқталады және алдыңғы фазаның адаптациялық қабілетін біртіндеп жоғалтады.
4. Стресс - бұл өзін көптеген жолдармен көрсете алатын психологиялық проблема; олардың кейбіреулері тек біздің денемізге қатысты. Бұл бөлімде сіз осы көңіл күйінің уақыт өте келе сақталуы кезінде пайда болатын ең көп кездесетін белгілерді табасыз.
Бұл белгілердің көпшілігі бір-бірін тамақтандыратынын есте ұстаған жөн. Мысалы, ұйқының жеткіліксіздігі шаршау мен шаршау сезімдерін немесе тітіркенуді күшейте алады. Осыған байланысты, әдетте, әртүрлі салаларға бір уақытта бағытталған интервенцияны жүргізу қажет.
Басқа психологиялық патологиялардың пайда болуы, Созылмалы және жедел ауырсыну, Тәбеттің және салмақтың өзгеруі, Энергияның жетіспеушілігі, Ұйықтау қиын, Тітіркендіргіш көңіл-күй.
5. Зерттеушілер стресске жауап берудің әртүрлі түрлерін және стресс жағдайындағы мінез-құлық типтерін анықтады. Тұлғаның стресске индивидуалды жауап беруі бойынша екі психологиялық типке бөлінеді. Олар келесідей ерекшеліктермен сипатталады. Бірінші психологиялық тип стрессфактор алдында үлкен осалдық, төмен стресс шегін көрсетеді. Жұмыс істеу және көңілкүй көрсеткіштері тіпті стресс-фактордың аз қарқындылығы кезінде де төмендейді. Бұл типке бәсекелестікке, күреске бейімділік, жоғары деңгейдегі талаптану, әрдайым биіктікте болуға ұмтылу, жоғары талаптар мен айналадағыларға қатысты төзбеушілік тән.
Екінші психологиялық типке стресс-факторлардың әсер етуінің төмендігі, стресске төзе білу, келісімге ұмтылу, жағдайға тез бейімделе білу қабілеті, өзін-өзі талдау қабілеті, өзгелермен қарым-қатынас құра білу тән.