Студент: Төлегенова Сымбат
Тақырып: «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің ерекшелігі, мақсат-міндеттері
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым, яғни әдебиет туралы ғылым.
Әдебиет туралы ғылым негізгі үш түрлі салаға бөлінеді: әдебиет тарихы,әдебиет теориясы, әдебиет сыны.
Әдебиет тарихы бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, одан бергі даму-қалыптасу жолдары, ерекшеліктері қандай, қай кезеңдерде қандай өкілдері болды және олардың шығармашылығы әдебиеттің дамуына қаншалықты үлес боп қосылды, т.б. осы тәрізді мәселелерді жан-жақты қарастырады.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыпьтайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың прициптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс меселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясыан ғана танып-біле алады.
Әдебиет сыны - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сын әдебиеттің айнасы. Көркем әдебиет өзінің қандай күйде екенін сыны арқылы ғана көре алады. «Сын - әдебиеттің өзін-өзі тану құралы» (Белинский). Әдеби сын көркем әдебиет пен бірге пайда болып, онымен бірге дамиды. Әдебиеттің ілгерілеуіне алғышарттар, жағдайлар жасап, жақсысын асырып, жаманына шырылдап, ылғи да басы-қасында бәйек болып жүретін» де осы сын.
Әдебиеттану ғылымының 3 саласы да бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болып, бірге дамиды. Еліміздегі әдебиеттану ғылымындағы табысты болған еңбектер мен зерттеулерді қарастырғанда, міндетті түрде ұлы ұстаз А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш», З. Қабдоловтың «Сөз өнері», Қ. Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», Т. Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», Ж.Смағұловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» және т.б зерттеулерді атап көрсетуге болады.
А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сөз өнерін қалыптастыратын, оның құрамдас бөлігі болатын терминдерге тоқталды.
Сөз таңдау
Тіл көрнектілігі
Өлең айшықтары
Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі және т.б.
Тіл әуезділігі