c
m
y
k
+
c
m
y
k
+
+
+
БЖ
6
СТУДЕНТТЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
НАУРЫЗ, 2015 ЖЫЛ
Жанерке ҚОЖАНТАЕВА,
ГӘФ журналистика мамандығының
1 курс студенті
Нұрын төгіп көктем мезгілі де келіп жетті.
Бұл мезгілде арулардың барлығы әдемілікке
бөленеді. Әдеміліктің себебін ешкім де білмейді,
әйтеуір мына жалғандағы тіршілік иелерінің
барлығы да сұлулыққа құмар. Сіз де, біз де
сұлулықтың құлымыз. Осындай жандардың бірі –
Нұрсымбат Тұңғышбайқызы Исмаилова. Әлемді
нұрландырмасада айналасындағы қыздардың
сұлу болып жүруіне себепші болып жүрген аруы-
мыз гуманитарлық-әлеуметтік факультеті психо-
логия мамандығының 2 курс студенті.
Нұрсымбат Өзбекстан Республикасы ның За-
рафшан қаласынан Қазақстанға 2011 жылы көшіп
келген қандас бауырымыз. Рудный қаласының
№12 орта мектебінде оқуын тәмәмдап, ҚМУ-не
2013 жылы оқуға түсті.
Нұрсымбат бос уақытында жатақ хана дағы
және бірге оқитын құрбыларына түрлі шаш
өрімдерін өріп, әртүрлі шаш үлгілерін жасайды.
Нұрсымбаттың
қ о л ы н а н
шыққан
осы
шаш үлгісіне
қарай
бетті
қалай
әрлеу
керек екендігі
ж а й ы н -
да
бірнеше
с ұ р а қ т а р
қойып, өз жа-
у а б ы м ы з д ы
таптық.
Сымбаттың
айтуы
бой-
ынша
сурет-
те көрсетілген
шаш үлгісіне,
бет әрлеу мы-
надай болмақ,
ең
алды-
мен
беттегі
д а қ т а р д ы
кетіру
үшін
т о н а л ь д ы қ
к
р
е
м
ж а ғ ы л а д ы ,
еріннің айнала-
сын үлкейтуге
у к р а и н а л ы қ
к о с м е т и -
ка карандаш
қолданғанды
жөн
дейді.
Көзге келетін
б о л с а қ ,
жұқалап под-
водка
және
кірпік көлемін
ү л к е й т у г е
с ү р м е
жағылады.
О с ы н д а й
шаш үлгісімен
және бет әрлемімен кез-келген мерекелік іс-шараға
баруға болады. Нұрсымбатты қаламыздағы
телеарналарымызда арнайы кештің қонағы
болуға, көрерменге өз пікірін айтуға шақыртады.
Нұрсымбаттың болашақта сән салонын ашу жо-
спары бар.
«Сұлулық салонын ашу менің бала күнімнен
арманым. Ондағы мақсатым әйелдерге әдемілік
сыйлау. Сұлулықтың барлық түрін жасасам ба
деймін» дейді болашақ маманымыз.
Нұрсымбаттан кеңес : Бет күтімі
Бетімізді әбден жуып болған соң, сабын көбігіне
бір шөкім қантты салып, әбден араластырып,
осы көбікпен бетімізді уқалап, бірнеше минут тұра
тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз.
Мұндай тазалау әдісі безеу шыққан бет терісіне
өте пайдалы.
Шаш күтімі. Адамды әдемі етіп көрсетуге
шаштың үлесі зор. Шашқа күтім жасау, әсіресе
аруларымыз үшін өте маңызды. Әсіресе ұзын
шаш көп күтімді қажет етеді. Шашты бояу,
күйдіру, түзеуі, бұйра салу әрекеттері шаштың
өсуін тоқтатып, түсін кетіреді. Сусабын пайда-
ланар алдында айран немесе жұмыртқаның
сарысын пайдаланған өте пайдалы. Айранды
бастың терісі мен шашқа жағып, басты жылы
ұстап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жусаңыз
шашыңыз әрлене түседі.
Перизат АҚЫЛБЕКҚЫЗЫ,
ҚМУ ГӘФ журналистика
мамандығының 1 курс студенті
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда ,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда.
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
М.Шаханов
«Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
үлкен арман керек екен адамға» – деп
Мұхтар ағамыз жырға қосқандай,
бәріміздің де арманымыз бар бо-
лар. Арман деген не өзі? Арман –
адам баласының бойына ерік-күш
пен сенімділік сыйлайтын қасиет.
Ол ешқашан таусылмайды. Арма-
ны таусылған адам бұл дүниелік
емес. Еңбектеген баладан, еңкейген
қарияға дейін бәрінің арманы бар.
Егер шын жүректен қалап, ниет етіп,
талпынсаңыз қалаған арманға қол
жеткізуге болады. Арманға жету
шарты – тынбай еңбек ету, іздену.
Армандай білген адам, арманға
жету жолында жігер салып күреседі.
Есесі қайтпас еңбек жоқ. Маңдай
тердің нәтижесі арманның орындалу-
ына әкеледі. Арманға жету жолында
құлап қалса да, орныңнан қайта тұрып,
оған жетпейінше тынбау, оның жүзеге
асуына әкелетіні сөзсіз. Арманның
орындалуының кілті осында. Оның
орындалуына қалтықсыз сену. Өз арма-
нына қол жеткізу мақсатында табанды
еңбек еткен адамдар жетерлік. Қажырлы
еңбегінің арқасында үлкен жетістікке
біздің кейіпкерімізде жетіп отыр.
Оқу жылының 2 жартысында әртүрлі
себептермен
босаған
мемлекеттік
гранттарға біздің оқу ордамыздан
іліккен
студенттеріміз
баршылық.
Соның бірі Қостанай мемлекеттік
университетінің
агро-биологиялық
факультетінің қайта өңдеу техноло-
гиясы мамандығының 2 курс студенті
Әйгерім Ұзақбаева. Ол өзінің тобын-
да 4 студент оқитынын айтып өтті. Оқу
үлгерімінің өте жақсы ( 4,0 jp) болуының
арқасында мемлекеттік грантқа ие бо-
лып , қуанышын бізбен ортақтасты.
Бұл грантқа ие болуы үшін көп жігер
мен қайрат жұмсағанын ашып айтты.
Университетіміздің іс-шараларына бел-
сене қатысады, былтырғы «Асыл-ару
2014» байқауының 3-орынға иеленіп,
«Жарқын Ару» деген атаққа ие болды.
Бұнымен қоса «Ахмет Ұрпақтары» де-
бат пікір-сайысының мүшесі, Жайдар-
ман көңілді командасының үздік ойын-
шысы, № 2 жатахананың төрайымы. Бос
уақытында кітап оқығанды ұнатады.
Бірақ өзінің кемшілігі, бос уақытының
бола бермейтінін тілге тиек етті.
Әйгерім ортамен тез тіл табысып
кетеді. Ғаламторда отырып, достармен
әңгімелескенді жақсы көреді. Сындай
білімді, алғыр, жігерлі қасиеттердің
бәрі бір ғана Әйгерімнің бойынан
табылатындығын достары да келтіре
кетті.
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ,
ҚМУ ГӘФ журналистика
мамандығының 1 курс студенті
Мектеп кезінде жыл сайын көктем
мезгілі келіп жеткенде ұстаздарымыз
шығарма жаздырушы еді. Тақырыбы,
әрине «көктем». Шығармалардың ба-
сында дайын шаблондары болатын.
“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың
қары еріп, құстар жылы жақтардан
қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып
гүлдейді” деген сарында басталатын.
Одан бері талай көктем келді, кетті . Әр
көктем ерекше, әсерлі, сыры бітпес бір
тылсым...
Міне, сол ғажайып мезгіл тағы
да келіп жетті. Бұл – көптен күткен,
көктемнің алғашқы күні. Жұртшылық
қуана қарсы алып жатыр. Бірақ, бәрі
бірдей шаттана алмайды екен. Неге
дейсіз ғой?!
Ендеше айтайын: «Тәтті ұйқыда жа-
тыр едім, кенет құлағыма ащы дауыс
естіле бастады. Сөйтіп, ұйқым шай-
дай ашылып, жатқан жерімнен атып
тұрдым. Көршілер шығар деп тыңдап
көріп едім, шудың бәрі даладан шығып
жатыр екен. Лезде терезені ашып
қарадым. Екі орыстың жігіті бір-бірімен
шатысып тұр. Олардың қимылын алы-
стан тағы бір жігіт пен қыз байқауда.
Бір кезде әлгі екі жігіт жаға жырты-
сып төбелесіп кетті. Екеуі де жерге
жата қалды. Бірін-бірі жұдырықтап жа-
тыр. Әріректе тұрған екеуі жетіп келіп
ажыратпақшы болды. Ішіндегі ірісі
екеуін екі жаққа итеріп жіберіп, жер-
де жатқан орысты тепкілей баста-
ды. Көтеріп алып лақтырып жіберді.
Сол кезде ана байғұс жол бойымен
сырғып кетті де, орнынан ұшып тұрып
қаша жөнелді. Жүгіріп бара жатып,
бағдаршамның бойына құлап түсті.
Абырой болғанда жасыл түс жанып
қашып құтылды-ау әйтеуір. Сәлден
соң, ашуға мініп алған әлгі ірі жігіт жа-
нында тұрған қызды шапалақпен са-
лып жіберді. Қыз жерге құлап түсті.
Әрине, анандай шапалақтан құламақ
түгілі, талып түсер ең. Сондағы
бар кінәсі, қашып құтылған жігітті
жақтағаны. Төмпештеп тұрып ұрып
жатқанда, екінші жігіт ажыратып
алып, әлгі дөкейді өзімен бірге алып
кетті. Бұл қызда жүрек жұтқан екен.
Айғайлап атын сұрап, мен сені анаған
айтам, мынаған айтам деп соңдарынан
кетті. Ары қарай не болғанын ағайым
айтпақшы «бір Құдайдың өзі білсін».
Неге екенін білмеймін, мен осының
бәрін ұялы телефоныма (видеоға)
түсіріп алыппын. Бәлкім, керек болып
қалар деген шығармын...
Енді көзімді іле бергенімде тағы да
бір айқай болды. Бір әйелдің жан да-
уысы шығып жатыр. Көрші апайдың
күнделікті әдеті шығар деп жата
бердім. Бірақ, бұл дауыста сырт-
тан шығып жатыр екен. Тағыда те-
резеге үңілдім. Бұл жолы да ұрысып
жатқан орыстар болып шықты. Сөзге
келіспей айғайласып тұрған күйеуі
мен әйелі. Не үшін болғанын біле ал-
мадым. Әйтеуір күйеуі әйелін ұрып
жатыр. Ең қызығы, оларға полиция
қызметкерлері жан ұшыра жүгіріп
келді. Қаншама уақыттан бері қайда
жүрген? «Ештен кеш жақсы» демей-
ме. Не де болса екеуін ажыратып
алды. Лезде көліктері де келіп жетіп,
екеуін мінгізіп алып кетті. Сөйтіп,
жүрегім орнына түсті».
Міне, бүгінгі күн біреулер үшін ма-
хаббатпен басталса, енді біреулер үшін
шатақпен басталды. Осы жазылғанның
бәріне сенсеңіз де, сенбесеңіз де
өз еркіңіз. Дегенмен мен үшін, шын
мәнінде есте қаларлықтай көктемнің
алғашқы күні болды.
Бір күні
әкесі ба-
л а с ы н
шақырып алып
сұрақ қойыпты.
Әкесі: балам
сен өскенде кімге
үйленесің?-депті.
Сонда баласы: әжеме
-дейді екен
Әкесі: неге ол менің ше-
шем ғой ?-десе
Баласы: сен менің ше-
шеме үйлендің ғой –депті
***
Б і л м е й т і н д е р і ң
білетіндеріңнен
сұрап
алыңдар
Бір күні Қожанасыр
мешіт мінберіне шығып,
жұрт алдында сөйлемек
болады.
– Халайық, менің не
айтқалы
тұрғанымды
білесіңдер ме? – дейді ол.
– Білмейміз, – дейді
жұрт.
– Білмесеңдер, несін ай-
там? – деп Қожа мінберден
түсіп, өз жөніне
жүре береді.
Келесі жолы Қожа тағы
да мінберге шығып, баяғы
сұрағын қайталап
қойғанда жұрт:
– Білеміз, – деп шу ете
түседі.
– Өздерің білсеңдер,
несін айтам? – деп Қожа
тағы да кетіп қалады.
Жұрт аң-таң болып,
ақыры «Қожа енді қайтып
келе қалса, «біріміз
білеміз,
екіншіміз
білмейміз»
дейтін
болайық»,
–
деп
уағдаласады.
Тағы бір орайы келген-
де Қожа мешіттегі жұртқа
үйреншікті сұрауын
қояды. Жиналған халық:
–
Біріміз
білеміз,
екіншіміз білмейміз, –
дейді.
Сонда Қожа байсалды
пішінмен:
–
Бәрекелді!
Олай
болса,
білмейтіндерің
білетіндеріңнен
сұрап
алыңдар,
– деген екен.
***
Бір патшаның түсінде
барлық тісі түсіп қалса ке-
рек. Патша таңертең түс
жорығышын шақыртып
алып, түнде көрген түсін
айтады.
– Патшам, шындықты
айтпай бүгіп қала алмай-
мын, – дейді түс
жорығыш. – Бала-шағаң,
үрім-бұтақ,
зәу-затың
өзіңнен бұрын дүние сала-
ды екен.
Патша түсін жамандыққа
жорыған пақыр дарға асы-
лады. Кейіннен бірде
Қожамен кездескенде
патша:
– Менің ғажап түсімнің
шын мәнісін, бәлкім, сен
ашып айтып берерсің,
– деп өтінеді.
– Айтайын, тақсыр, –
дейді Қожа салған жерден.
– Жақсы түс көріпсің.
Сен
бала-шағаңның,
үрім-бұтақ, зәу-затыңның
бәрінен де ұзақ жасайды
екенсің.
Көңілі жай тапқан пат-
ша Қожаға мол сый-сияпат
беріпті.
Жас толқын
Бетті ұйымдастырған: Ақжанат ҚАБДЫҒАЛЫМҚЫЗЫ
С ә н ә л е м і
Күле
жүрейік
АРМАНЫМ АДАСТЫРМАДЫ
Көктемнің алғашқы күні