Студенттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыруда саsе-studi әдісін қолдану тиімділігі



Дата06.01.2022
өлшемі33,49 Kb.
#14852
Байланысты:
САSЕ-STUDI ӘДІСІ


Сманов Асетхан Арыстанович Нархоз университетінің аға оқытушысы, aset.kz@mail.ru Алимова Кундуз Шайыповна ОҚМПИ аға оқытушысы, Alimova_87@mail.ru Джумабаева Асель Кабиевна ТарМПИ asel_zhumabaeva@inbox.ru Алиханова Гулбану Ермековна gulbanu68@mail.ru
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА САSЕ-STUDI ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Түйін. Мақала студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда саsе-studi әдісін қолдану тиімділігі мәселесіне арналған. ЖОО студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізудің тиімділігі туралы баяндалып, өзіндік жұмыстардың жүзеге асыру кезеңдері айтылған. Сондай-ақ СӨЖ ұйымдастыруда қазіргі таңдағы ұтымды әрі тиімді әдісі «Саsе-studi» әдісі қолдану тәсілдері, кейстермен жұмыс жасау технологиясы қарастырылған.

Түйін сөздер: студенттердің өзіндік жұмысы, саsе-studi әдісі, оқыту үдерісі, дағды, студент, білім беру, жағдаят, оқытушы.

Резюме. Данная статья посвящена использованию метода «саsе-studу» в самостоятельной работе студентов. Рассказываем о эффективности использования в самостоятельной работе студентов высших учебных заведении, этапы реализации самостоятельной работы. А также рассматривается способы использования метода «саsе-studу» при организации СРС, технология работы с кейсами. Ключевые слова: самостоятельная работа студентов, метод саsе-studi, процесс обучения, умение, студент, образование, ситуация, преподаватель.

Summary. The article on the organization of independent work of students in an effectiveness of the method сase-studi. Institution of higher education on the effectiveness of independent work of students in higher education institutions, their work in the stages of implementation. As well as students' self-organization of the work of modern rational and effective method «Саsе-studi» method, methods of use, the technology to work on cases.

Key words: independent work of students, саsеstudi method, the process of learning, skill, student, education, situation, teacher.


Қазіргі таңда ғылым мен мәдениеттің, техника мен өндірістің қарыштап шапшаң дамуы әрбір адамның кәсіби білімі мен шығармашылық қабілеттілігіне, білім алу біліктілігі мен дағдысына жаңа талаптар қойып отырғаны белгілі. Сол себептен әрбір адамның білімі мен біліктілігі ұдайы толықтырылып, жетілдіріліп және рухани дамуы үнемі артып отыруы керек. Жоғары мектептегі оқу үрдісінің мақсаттары өз білімін өмірдің нақты саласындағы қойылған мәселелерді шешуде пайдалана алатын маман даярлау. Оқу үрдісі, сонымен бірге студенттің интеллектуалдық қабілетін қабылдаған ақпаратты жан-жақты сараптап талдау нәтижесінде, пайымды ойлау біліктілігін қалыптастыруы тиіс. Жоғары білім берудің негізгі міндеті – болашақ мамандардың өз бетімен жұмыс істеу білігін мақсатты түрде, бірізділікпен дамыту керек. Сонымен қатар үйрене білу біліктілігі мен жаңа білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдылары да қалыптасуы тиіс. Сондықтан жоғарғы оқу орындары атқара жұмысы осы мәселесі негізге ала отырып, жан-жақты ойластырылған студенттердің өзіндік, танымдық қызметтерін ұйымдастырудың формасы ретіндегі студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) жүргізу арқылы шешуге болады. Демек, студенттің өзіндік жұмысы - олардың интеллектуалды, жігерлі және кәсіптік қасиеттерін дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқу материалының мазмұны мен керекті көлемін игерудегі оқу жұмысының жан-жақты түрлері. Нақтырақ айтқанда, өздігінен орындайтын жұмыстың мақсаты – студент алған білімін жан-жақты қарастырып дамыта білуіне, ізденіске ұмтылуына, өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін алған ақпаратты қолдана білуіне себеп болуға негізделген. Яғни біздің пайымдауымызша өзіндік жұмыстарды жүзеге асырудың мынадай кезеңдері болу тиіс: 1-кезең. Осы тақырыпты немесе белгіленген мазмұнды игеру мотиві. Өздігінен ойлану, ізденіс, өздігінен саналы түрде дербес әрекет етуге бет бұрыс жасау. Негізгі тірек түсініктерді айқындап, теориялық тұрғыдағы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді жинақтау. 2-кезең. Ой қозғау, ойлану, ой операцияларын дамыту, оны іске асырудың жолдарын қарастыру. Әдебиеттерге талдау жасай білуге жаттықтыру, 68 қысқаша аннотациялау, ойды жүйелеп конспектілеу, дерек көздеріндегі мәліметтерді жинақтау, қорыту. Теориялық алған білімдерін тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын қарастыру. Өздігінен іздену нәтижесінде шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсу, өз ойын жазбаша қағаз бетіне түсіре білуге дағдылану және ауызша айтып жеткізе білуге үйрену. 3-кезең. Ой қорыту. Жұмысты жүйелі жүргізіп, белгілі нәтижеге қол жеткізуге бағыттау. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, материалдың мазмұнын ашып, мәнін түсінуге жетелеу[1]. Өздік жұмыстарға ұсынылатын тақырыптар тартымды, әрі өткен материалдарды тиянақтап бекітуге, мазмұнды кеңейтуге бағытталғаны тиімді болмақ. Студенттердің өзіндік жұмыстары нәтижелі болуы, тапсырмаларды жүйелі жәнеде кешенді түрінде берілінуіне байланысты. Студенттерге өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру да тиімді әдістердің біріне айналған сase-studi әдісі. «Саsе-studi» әдісі отандық жоғары оқу орындарында АҚШ, Канада бизнес-мектептерінің тәжірибесінен алынып, қолданысқа еніп отыр. Бұл әдіс аналитикалық іскерліктерді, проблемалық міндеттерді шешудегі практикалық іс-әрекеттерді, ауызша және жазбаша дағдыларды қалыптастырады. Оқыту кезінде «сase-studi»» әдісін қолдану Дж.Мартиннің «Таным пирамидасында» жақсы көрсетілген. Аталған пирамидаға сәйкес, ең тиімді деп пікірталас әдістері, практикалық іс-әрекет және «Сase-studi» табылған [2]. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді. CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау [3]. Оқу үдерісінде кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады: 1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну); 2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс. 3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері. CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады. 1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды. 2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді. 3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. 4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау. 5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б. 6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді. Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін [4]. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты: Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады [5]. 69 Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген. Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі Оларға сипаттама Негізгі түрлері Проблемалық анализ Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы 1. Жағдайдың проблемалық мазмұнын талдау. 2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау. 3.Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау. Жүйелі анализ Құрылымымен және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру. 1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады. 2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады. Праксеологиялық анализ Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру. 1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау. 2. Қызметті алгоритимизациялау және үлгілеу. Прогностикалық анализ Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру. 1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау. 2. Трендттік модельдер құру арқылы болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті прогностикалық талдау. Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі: Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктеріберілген[6]. Кейс-әдісімен үйлескен әдіс Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты Үлгілеу Жағдайдың үлгісін құру Жүйелі талдау Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау Ойша тәжірибе Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу тәсілі. Сипаттау әдістері Жағдайдың сипатын құру Проблемалық әдіс Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну. Жіктеу әдісі Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру. Ойын әдістері Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну. «Миға шабуыл» Жағдайға қатысты ойларды генерациялау. Пікірталас Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу. Жоғарыдағыларды қортындылай келе, кейстердің студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда келесідей тәртіпте қолдануға болатындығын байқадық. 1. Дайындық.Оқытушы сабаққа дейін кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады. Кейс студенттерге сабақ алдында (бір-екі күн бұрын) таратылып беріледі: олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс бойынша өзіндік пікір қалыптастырады. 2. Топтық жұмыс. Сабақта студенттер аудиториясы 4-5 адамнан құрылған шағын топтарға бөлініп, 1,5-2 сағат ішінде кейсті талқылады, онда қойылған мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіреді. Бұл кезеңде студенттердің шағын топтары бір-біріне бөгет жасамау үшін әртүрлі бөлмелерде жұмыс жасағаны дұрыс. 3. Пікірталас.Студенттер толық құрамда бір аудиторияға жиналып, кейс бойынша пікірталас басталады. Мұнда әр топтан сөйлеушілер (спикерлер) шығып, топтың пікірі мен көзқарастарын дәлелдейді. Дәлелдеуде алдын-ала әзірлеген кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек. Басқа топтардың студенттері әр пікірді талқылауға қатысады, бір-біріне сұрақ қойып, проблеманы шешудің басқа да варианттарны ұсынады.Студенттер өздерін белсенді ұстап, талқылау мен пікірталастан қалыс қалмауы керек. 70 4. Қорытынды. Пікірталас аяқталған соң оқытушы сабақты сараптап, студенттердің көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді. 5. Бағалау. Студенттер өздерінің жасаған жұмысы (пікірі, көзқарасы, шешімі) бойынша жазба есеп береді. Жазу уақыты мен форматын оқытушы сабақтың мақсатына сай белгілейді. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда кейс-стадиді қолданғанда келесі ережелерді ескерген орынды: - Проблемалық ситуация бір тақырып немесе бір пәннің мазмұнымен шектелмейді, әдетте ол басқа пәндердің проблемалары мен мәселелерімен тығыз байланыста болады. Кейс-стадиде студенттер пәнаралық байланыстарды табу дағдыларын көрсете білуі қажет. - Студенттер курс бағдарламасында сипатталған тұжырымдар, идеялар мен тәсілдерді түсінетіндігін, оларды нақты ситуацияны талдау мен ұсыныстар жасау үшін қолдана білетіндігін көрсете білу қажет. Үйренушілер проблемалық ситуацияны интерпретациялаудың (өзіндік тұрғыдан түсіндің) бірнеше жолы болатындығына дайын болуы керек. - Ситуацияда бірнеше шешілмеген проблема болуы мүмкін, сол себепті де студенттер бір пробелманың шешімін тапқан соң, басқа проблеманы іздестіріп, оларды талдаудың бағыттарын анықтауы керек. - Студенттер өз шешімдері мен ұсыныстарының дұрыстығын дәлелдеу үшін өздерінің жеке тәжірбиесінен мысалдар келтіруі керек. Қорыта келе, Кейс стади әдісі студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен студенттер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студент ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасады. Кейс-стади әдісі арқылы студенттер қабылдаған білімдерін тереңдете отырып бекітеді және де болашақ іс-әрекетіне шығармашылық тұрғыдан кірісуге мүмкіншілік береді.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000 2. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы Алматы, 2009. 3. Педагогика: учеб. Пособие для вузов / В.А. Сластёнин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов; Под ред. В.А. Сластёнина. – М.: Академия, 2002 4. Таубаева Ш. Введение в методологию и методику педагогического исследования. Учебное пособие / Ш. Таубаева. – «Тұран» баспасы, Түркістан:2007 5. Вильгельм фон Гумбольдт. Избранные труды по языкознанию Издательство: Прогресс, 2000 6. Тұрғынбаева Б., Әлімов А. Оқытудың инновациялық әдістемелері мен технологияларын жоғары оқу орындарында қолдану тәжірибесі. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2011

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет