Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет1/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
367986 (2)


КІРІСПЕ
«Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінің мақсаты мен міндеттері – студенттердің тіл мәдениеті мен стилистика туралы жүйелі теориялық білім алуына оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға негізделеді. Бұл пәнді оқытудағы мақсат – студенттерге лингвистикалық стилистиканың бағыттары және негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез-келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету. Іс қағаздарының, ғылыми еңбектер және баспасез бетіндегі материалдарға тілдік тұрғыдан талдау жасап, әр стильге материалдар жазуға дағдыландыру осы курстың мақсаты болып табылады.
Мәтіндегі фонетикалық немесе грамматикалық қателерді болдырмаудың жолдарын көрсете білуге үйрету, ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау үстінде шәкірттердің тіл тазалығын, анықтығын дәлдігін сақтап, әр сөз, сөйлемді өз орнымен жұмсап, стилистикалық норманы сақтап, қазақ тіл мәдениетін көтеруге үлес қосуды мақсат етеді.
Бұл пәнді үйретудегі міндет теориялық лекция оқу мен тәжірибелік сабақ өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл міндетті орындау барысында екі түрлі талаптың орындалуы қажет:
– білімді меңгертуге қойылатын талап. Бұл талап бойынша қазіргі қазақ тіл мәдениеті мен стилистиканың жүйесіндегі маңызды мәселелерді ғылыми түрғыдан зерттеу ісі мен оқытудың жаңа технологиясын меңгертуге көңіл бөлінеді;
– білімді қолдануға қойылатын талап. Бұл талап бойынша нақтылы контекст ыңғайында нұсқаулар, ұсыныстар, ақыл-кеңестер айтылып, оларды студенттердің орындаулары талап етіледі.
Болашақ қазақ тілі мамандарының шешен де тартымды сөйлеу білуі, ойын қағазға анық та түсінікті түсіре білуі пәннің ғылыми және тәжірибелік мәнін көрсетеді.
Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді.
«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні тіл ғылымы ішінде төмендегі пәндермен байланыстырыла оқытылады. Фонетикамен дыбыс жүйесі, орфоэпиялық нормаларды сақтау, орфографиялық қателерді жібермеу басшылыққа алынады. Лексикология – сөз, сөздік қор, сөздердің мағыналық реңктерін ажырату құбылыстарымен танысады. Грамматика – сөздің құрамы, сөз тіркесі, сөйлемді тілдік единицаларды жазу, сөйлеу барысында дұрыс қолдана білуге үйретеді.
Жанама пәндермен тікелей байланыста оқытылады: студенттер әдебиет теориясы, философиядан, логикадан, педагогикадан, психологиядан т.б. пәндерден түйген танымдық білімдерін тіл мәдениеті мен стилистиканы ойдағыдай игеруіне ықпал етері анық.
Осы пәндерді игеру жолында студент өзінің білімінің дағдылық, іскерлік қабілетін дамытып, ана тілінің қасиетін тереңінен танып, оның қыр-сырын меңгеріп, өз бойына ана тіліне деген сүйіспеншілігін дарытып, тіл мәдениетін өркендетуге үлес қосары сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет