Ерте дәуірдің соңғы кезеңіндегі Оңтүстік Азия (б.з.д. І-ші мыңжылдықтың І-ші жартысы). Кушандар тұсындағы Индия. Индияның саяси бытыраңқылығы және жаңа жалпыиндиялық мемлекеттің пайда болуының жағдайлары. Магадханың жаңадан көтерілуі және Гупттар әулетінің билігі. Ғұн-эфталиттердің басып-кіруі. Гупттар империясының ыдырауы.
Б.з.д. І-V ғғ. әлеуметтік-экономикалық қатынастарындағы өзгерістер. Жер меншігінің жаңа формалары. Құлиеленушілік қатынастардың дағдарысы және ыдырауы. Үнді қоғамының феодалдану процесі.
8-тақырып. Ежелгі Қытай. Ежелгі Қытайдың табиғат жағдайлары мен халқы. Қытайдағы ежелгі мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы. Шань-Инь мен Чжоу. Деректері және тарихнамасы. Инь дәуіріндегі экономика, қоғам және мемлекет. Чжоу тайпасы және оның иньдіктермен қарым-қатынастары. Б.з.д. VIII-III ғғ. Ежелгі Қытай. Шығыс Чжоу кезеңі.
Қытайдағы алғашқы орталықтандырылған мемлекет-цинь империясы.Цинь патшалығының көтерілуі. Орталықтандырылаған мемлекеттің құрылуы және экономикалық және құқықтық шаралар. Б.з.д. ІІІ-ші ғасырдың аяғындағы әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шиеленісуі және халықтық соғыс.
9-тақырып. Ежелгі Грекия тарихы. Деректер мен тарихнама. Археологиялық мәліметтер: Эванстың қазбалары және Криттері басқа да қазба жұмыстары. Мифология және көркем әдебиет ескерткіштері тарихи дерек ретінде. Публицистика және шешендік өнер шығармалары. Лисий, Исократ, Демосфен. Арнаулы әдебиет шығармалары: философиялық, ғылыми және экономикалық еңбектер.
10-тақырып. Б.з.д.ІІ мыңж.Грекия тарихы Б.з.д.ІІ мыңж. Крит және Ахейлік Грекия.Грекия б.з.д. ХІ-ІХ ғғ.Гомер поэмалары Грекияның әлеуметтік-саяси және экономикалық тарихының дерегі ретінде.
11-тақырып. Б.з.д.ҮІІІ-ҮІ ғғ. Архаикалық Грекия. Ежелгі Грек полисі, оның пайда болуы мен мәні. Полистің пайда болуы: крит-микендік, гомерлік және архаикалық кезеңдер. Тирания және полис қалыптасуында алатын орны. Полис мәні. Полистік ұйымның түрлері: олигархия, аристократия, демократия. Афины мен Спарта полис ретінде.
Б.з.д. VIII-VI ғғ. Пелопоннес. Спарта,Коринф,Аргос.Спарта аграрлық полистің үлгісі ретінде.Таптық сословиелік жіктестік. Спарта бастаған Пелопоннес одағының құрылуы. Аттикада полистің қалыптасуы. Афина қолөнер-аграрлық полис ретінде.
12-тақырып. Б.з.д. ІІІ-І ғғ. кейінгі Республика тарихы. Рим мен Карфагеннің Жерорта теңізінің батысы үшін күресі. Римнің Шығыс Жерорта теңізіндегі жаулаушылықтары.
Бірінші Пуни соғысы. Римнің Карфагенмен күресінің аяқталуы. Екінші Пуни соғысы. Ганибал жорығы. Фабий Максим диктатурасы. Римнің Африкаға жорығы. Рим жетістіктерінің негізгі себептері.
13-тақырып. Б.з.д. ІІ-І ғғ. Римнің экономикасы,әлеуметтік құрылымы және сословиелер.Италияның әлеуметтік-экономикалық даму процесіне Рим жаугершілігінің ықпалы. Аграрлық қатынастың ерекшеліктері. Қолөнер. Сауда. Товар-ақша қатынастарының дамуы.
Б.з.д. ІІ-Іғғ. басындағы Римнің ішкі тарихы. Екінші Пуни соғысының салдарлары, 190-180жж. Рим нобилететі арасындағы күрес. Б.з.д. ІІ ғ. екінші жартысындағы Рим қоғамындағы саяси күрес. Сицилиядағы құлдардың алғашқы көтерілісі. Оның Римдегі сословиелік күреске ықпалы. Тиберий және Гай Гракхтар. 130-120жж.күрестің нәтижелері. Гай Гракх қаза тапқаннан кейінгі Сенат реакциясы. Югуртин соғысы.
14-тақырып. Рим республикасының құлауы (б.з.д.180-130жж.). Рим республикасы саяси жүйесінің дағдарысы. Әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі. 80-жж.басындағы олигархиялық және демократиялық топтар. Римнің Митридатпен алғашқы соғысы. Римдегі Марий төңкерісі. Цини билігі. Суллалар Италияда және б.з.д. 83-82 жж.азаматтықтар соғыстар. Сулланың жеңісі және оның диктатурасының орнауы. Жаңа (3-і) Митридат және ІІ-ші Тигранның Армения патшасымен соғысы. Спартак бастаған Ұлы құлдар көтерілісі. Б.з.д. 70ж.-60ж. басындағы саяси топтардың күресі. 60-жж.Римнің ішкі саяси күресі. Сервилий Руллдың заң жобалары маңыйындағы күрес және Катилина бүлігі. 60-жж. Цицеронның саяси қызметі.