Студенттің анықтама жол сілтеушісі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#8198
  1   2   3   4   5   6

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМА – ЖОЛ СІЛТЕУШІСІ 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

ЖЕТІСАЙ, 2015 

 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



Студенттің  анықтама  –  жол  сілтеушісі  «Сырдария»  университетінің 

Ғылыми Кеңесінде бекітілген. 

 

 «___» ______ 2015 ж.     №__ хаттама 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ 

Мемлекеттік  Ту,  Мемлекеттік  Елтаңба,  Мемлекеттік  Әнұран  Қазақстан 

Республикасының 

мемлекеттік 

рәміздері 

болып 


табылады. 

Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  Туы  мен  Мемлекеттік  Елтаңбасының  эталондары 

Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМ-



ЛЕКЕТТІК    ТУЫ  -  ортасында  шұғылалы  күн, 

оның 


астында 

қалықтап 

ұшқан 

қыран 


бейнеленген  тік  бұрышты  көгілдір  түсті  мата. 

Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ 

түрінде  нақышталған.  Күн,  оның  шұғыласы, 

қыран  және  ұлттық  өрнек  бейнесі  алтын  түстес. 

Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2. 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  МЕМ-



ЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ - дөңгелек нысанды және 

көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы 

күмбез 

тәрізді 


бөлігі) 

түрінде 


бейнеленген, 

шаңырақты  айнала  күн  сәулесіндей  тарап  уықтар 

шаншылған.  Шаңырақтың  оң  жағы мен  сол  жағында 

аңыздардағы 

қанатты 

пырақтар 

бейнесі 

орналастырылған.  Жоғарғы  бөлігінде  -  бес  бұрышты 

көлемді  жұлдыз,  ал  төменгі  бөлігінде  «Қазақстан» 

деген 


жазу 

бар. 


Жұлдыздың, 

шаңырақтың, 

уықтардың,  аңыздардағы  қанатты  пырақтардың 

бейнесі,  сондай-ақ  «Қазақстан»  деген  жазу  -  алтын 

түстес. 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ 

 

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов 

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов 

 

Алтын күн аспаны 

Алтын дән даласы 

Ерліктің дастаны 

Еліме қарашы! 

Ежелден ер деген 

Даңқымыз шықты ғой 

Намысын бермеген 

Қазағым мықты ғой! 

 

Қайырмасы: 



Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

           Туған жерім менің, Қазақстаным! 

 

Ұрпаққа жол ашқан, 



Кең байтақ жерім бар. 

Бірлігі жарасқан, 

Тәуелсіз елім бар. 

Қарсы алған уақытты, 

Мәңгілік досындай. 

Біздің ел бақытты, 

Біздің ел осындай! 

 

 Қайырмасы:



 

 

 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТIНІҢ  

ҚҰРМЕТТI СТУДЕНТІ! 

 

Осы  басылым  білім  алушылар  үшiн  анықтама  және  «Сырдария» 

университетіндегі  студенттiк өмiрге жол сілтеушi болып табылады. 

Анықтама  -  жол  сілтеуiшiсі  университеттiң  құрылымы,  бөлiмдер  мен  

бөлiмшелердің орналасқан жері мен телефондары туралы ақпарат бередi.  

Сонымен  бiрге,  Сiз  анықтама  -  жол  сілтеушісінде  ЖОО-дағы  оқу 

үдерісінде кезігетін сұрақтарға жауаптар таба аласыз. 

Бiздiң  университетте  бейiмделу  үдерісінде  «Студенттiң  анықтама-жол 

сілтеушісі» Сiздiң сенiмдi көмекшiңіз болады деп үмiттенемiз.   

Оқу  бағыттары  туралы,  оқудан  тыс  уақытта  студенттер  өмiрiнiң 

спорттық және мәдени мүмкiндiктерi туралы, бiздiң ЖОО-ның стратегиялық 

даму  жоспарлары  туралы  толық  ақпарат  алуға,  сонымен  бірге  профессор-

оқытушы  құрамының  жеке  және  зияткерлiк  біліктілігін  бағалауда  Сiзге 

www.sirdariya.kz

  «Сырдария» университетiнiң сайты көмектеседi. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



МАЗМҰНЫ 

МАЗМҰНЫ.................................................................................................... 

 

 



Университет туралы жалпы мәлімет............................................................ 

 



 

Университет миссиясы, көрінісі, басым бағыттар мен стратегиялық  

мақсаттар........................................................................................................ 

 



 

«Сырдария» университетінің студентіне арналған ішкі тәртіп 

ережелері......................................................................................................... 

 



 

Жастар комитеті.............................................................................................  14 

 

 

«7Сыр» және «Мақтаарал» газеттері........................................................... 



15 

 

 



Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері......................................................... 

16 


 

 

Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі......................  30 



 

 

Студенттің «PLATONUS» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде 



жұмыс жасауға арналған нұсқаулығы......................................................... 

32 


 

 

Ғылыми кітапхана қызметін  пайдаланудың жалпы ережелері................ 



38 

 

 



Білім беру қызметінің төлемақы төлеу тәртібі........................................... 

40 


 

 

«Сырдария» университетінің халықаралық ынтымақтастығы..................  41 



 

 

2015-2016 оқу жылына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспары..  43 



 

 

Қысқаша анықтамалық ақпарат.....................................................................  44 



 

 

 

 

 

 



 

 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



Сапалы білім – табысты мансапқа  

жетелейтін жол 

 

Университет туралы жалпы мәлімет 

«Сырдария»  университеті  ЖШС  1998  жылдың  27-ші  шілдесінде 

Қазақстан  Республикасы  Білім,  мәдениет  және  денсаулық  сақтау 

министрлігінің  №408  бұйрығымен  құрылған.  1998  жылдың  5-наурызында  

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті, Мақтаарал ауданының 

Әділет  басқармасында  заңды  тұлға  ретінде  тіркелді.  2007  жылдың  6-

ақпанында қайта тіркеуден өткен ( қайта тіркеу №254-1958-10 ЖШС).  

Университет Жарғысы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 6-

тарауы, 41 бабы және білім беру ұйымдарының қызметтерін регламенттейтін 

нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген. 2002 жылы 12-ақпанда 

Білім берумен шұғылдануға арналған  ААN 000169 сериялы лицензиясы, 

2010 жылы  28-қыркүйекте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

беру қызметін жүргізу құқығы беріліп,  АБ № 0134747 сериялы лицензия 

негізінде қызметін атқаруда. 

«Сырдария»  университеті  мемлекеттік  лицензияға  сәйкес  мемлекеттік 

тапсырыс  және  ақылы  негізде  күндізгі,  сырттай,  жеделдетілген, 

қысқартылған    нысандары  негізінде  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитетінің 

2010  ж  26  маусымдағы  №168  бұйрығы  негізінде  білім  беру  қызметін 

көрсетеді. 

Университет миссиясы, көрінісі, басым бағыттары мен стратегиялық 

мақсаттары 

Миссиясы:  Білім беру,  ғылым мен инновациялық қызметті заман талабына 

сай  интеграциялау  және  Қазақстан  Республикасының  даму  стратегиясына 

сәйкес жаңашыл мамандар даярлау.

  

Көрініс:    Инновациялық  экономика  үшін  бәсекеге  қабілетті  мамандар 

дайындайтын  алдыңғы  қатарлы  отандық  және  әлемдік  университеттер 

қатарына кіру. 

Әлемдік жетекші университеттер талаптарына сәйкестендірілген,  білім 

беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  негізделген  білім  берудің  жоғары 

сапасына қол жеткізу. 

 

Білім  беру  сапасы  саласындағы  университет  саясатының  негізгі 



мақсаты  –    жоғары  білікті,  бәсекеге  қабілетті  ,  еңбек  нарығына  қажетті 

мамандарды даярлау. 

 

Университеттің білім беру үдерісінің басымдық мақсаттары: 

-  бүгінгі  қоғам  дамуында  қалыпты  тұжырымға  негізделген  білім  беру 

әдістері мен ұстанымдарының қалыптасуы,  дамуы және жүзеге асырылуы; 

-  қоғамның  қалыпты  дамуындағы  ұстанымдар  мен  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар негізінде өмір сүру және жаңа көзқарас қалыптастыруға  ықпал 

жасау; 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



-  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  және  мәдени,  интеллектуалды 

қажеттіліктерін өтеуге жағдай жасау

-  отандық  және  шетелдік  тәжірибені  негізге  ала  отырып,  мемлекеттің 

қажеттілігіне,  сұранысына  жауап  беретін  білім  беру  мен  тәрбие  жүйесін 

қалыптастыру; 

-  демографиялық,  саяси,  экономикалық,  аймақтық  және  жергілікті 

ерекшеліктерді  ескере  отырып,  жобалар  жасайтын  және  оны  жүзеге  асыра 

алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрлар, сондай-

ақ бастауыш, кәсіби, орта кәсіптік білімді мамандар даярлау; 

-  ғылыми-тәжірибелік  талдамалармен,  бағдарламамен  қамтамасыздан-

дыруды жүзеге асыру; 

-  университет  базасында  компьютерлік  курстарды  (колледж,  лицей, 

кәсіптік-техникалық  мектептер,  шет  тілін  үйрету  курстары)  құру,  сондай-ақ 

басқа да білім беру, ғылыми және кеңес беру қызметтерін көрсету. 

 Университет  маман    дайындауда  білім  алушылардың  кәсіби  және 

жалпы  білім  деңгейін  көтеруге  бағытталған  кәсіби  және  білім  беру 

бағдарламасын жүзеге асырады. 

Университеттің  стратегиялық  бағыттары  (СБ)  мен  мақсаттары 

(СМқ) 

1  СБ:  Сапалы  білім  беру  қызметтерін  және  бәсекеге  қабілетті  кәсіптік 

мамандар даярлауды қамтамасыз ету. 

1.1  СМқ:  Біліктілігінің  деңгейі  бойынша  дамып  отырған  ішкі  нарық 

мұқтаждықтарына  және  халықаралық  стандарттар  мен  талаптарына  жауап 

бере алатын кәсіби кадрларды дайындау. 

2  СБ:  Өңірдің  және  елдің  экономикасы  мен  әлеуметтік  саласы  басымдық 

салаларын ғылыми қамтамасыз ету. 

2.1  СМқ:  Өңірдің  және  елдің  тұрақты  инновациялық  дамуы  үшін  іргелі 

зерттеулер  базасында  университеттің  білімі  мен  білім  беру  инновациялық 

технологияларының  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  сұранысқа  ие  болуына  қол 

жеткізу. 

3  СБ:  Адам  капиталының  маңызды  сипаттамалары  ретінде  маманның 

бойында  азамат  және  патриот,  тарихи  үрдісті  жасаушы  және  өзінің 

өзектілігін  дамыта  білетін  тұлға  қасиеттерін  қалыптастыру  үшін  жағдай 

жасау. 


3.1 СМқ: Кәсіптік және әлеуметтік құзыреттілігіне ие азамат пен патриоттың 

өзіне сенімді және бәсекеге қабілетті тұлғасын тәрбиелеу.

 

 «Сырдария»  унивеситетінің студентіне арналған ішкі тәртіп ережелері 

СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ 

Студент: 

 

өз  бойындағы  жеке  шығармашылық  қабілеттерін  дамытып,  өзі 



таңдаған  мамандығының  кәсіби  шебері  болуға,  Қазақстан  Республикасына 

лайықты азамат болуға ұмтылады. 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



 

үлкендерге  құрметпен  қарайды,  өз  ортасына  қарым-қатынас  кезінде 



дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық 

көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады. 

 

парасаттылықтың,  мәдениет  пен  адамгершіліктің  үлгісі,  әдепсіздікке 



және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді. 

 



салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады. 

 



жоғарғы  оқу  орнының  дәстүрлерін  құрметтейді,  оның  мүліктерін 

қорғап, студенттер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды. 

 

жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық 



белсенділіктерін  дамытуға  бағытталған  (ғылыми,  спорттық,  көркемөнер 

т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды. 

 

жоғарғы  оқу  орнының  қабырғасынан  тыс  уақытта,  өзінің  жоғарғы 



мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге 

барлық күшін жұмсайды 

 

академиялық  ықылассыз  іс-әрекет  түрлерімен  күресуді  өзінің  парызы 



деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан 

көшіру  және  көмек  сұрау;  көлеміне  қарамастан  барлық  дайын  оқу 

материалдары:  мәнжазбалар,  курстық  жұмыстар,  бақылаулар,  дипломдық 

және  басқа  да  жұмыстарды,  сонымен  қатар,  өзінің  жеке  еңбегінің  нәтижесі 

ретінде  Интернет-ресурстарын  дайындау;  жоғары  баға  алу  үшін  өзінің 

туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, 

сабақтан  кешігу  және  себепсіз  оқу  сағаттарын  босату  т.б.  әрекеттерге  жол 

бермейді. 

 

болашақта  Қазақстанның  экономикалық,  саяси  және  басқарушылық 



элитасына  лайық  сапалы  және  бәсекеге  қабілетті  білім  алуда,  жоғарыда 

айтылған  барлық  академиялық  ықылассыз  іс-әрекеттер  үйлесімділік 

танытпайды деп санайды. 

Студент міндетті: 

 

университет  атынан  жүргізіліп  жатқан  іс-шараларда  немесе 



университет  аумағында  жүргізілетін  жұмыстарда  саяси  мәдениеттілікті 

сақтауға; 

 

оқытушыларды  адал  жолдан  тайдырмауға,  алдаумен  байланысты 



жасалған  кез  келген  іс-әрекетке  араласпауға  және  оларға  қатысты  өздерін 

дөрекі және мәдениетсіз ұстамауға; 

 

емтихан тапсыру кезінде, тапсырма орындауда немесе жазбаша жұмыс 



қорғауда  және  басқа  да  білімді  аралық  бақылау  кезеңінде  көмек 

пайдаланбауға; 

 

емтиханды жазбаша тапсыру, реферат, бақылау жұмысын орындауда өз 



жеке еңбегі нәтижесі ретінде басқа біреудің жұмысын көрсетпеуге (интернет 

және басқа электронды, web-көздері); 

 

себепсіз сабақтан кешігпеуге немесе қалмауға; 



 

сабақ  уақытында  ұялы  телефонды  пайдаланбауға,  арнайы  техника 



қолдану арқылы ойын ойнап, музыка тыңдамауға; 

 

 

Ф-ТО-009/027



 

 



 

басқа  студенттердің  қарым-қатынас  жасауда  іскерлік  ережені  және 



студенттік этика қағидаларын сақтауға

 



жүріс-тұрысында, киім киюде ұқыпты болуға; 

 



жатақханада 

тұрғанда 

әкімшілік 

және 


басқа 

тұрғындармен 

келіспеушіліктен аулақ болуға және олармен жақсы қарым-қатынаста болуға; 

 



университет  әкімшілігімен,  қызметкерлерімен  және  оқытушыларымен 

сыпайы қарым-қатынаста болуға және дөрекілікке жол бермеуге; 

 

жеке тұлғаның намысына тиетін лексика және нормаға сай емес сөздер 



қолданбауға; 

 



университет  бірлестігінде  өзара  сыйластық  пен  сенім  кеңістігін, 

жоғары  академиялық  мәдениетті  құптауды  қамтамасыз  етуге,  пайда  болған 

араздықты  бейбіт  жолмен  шешуге  тырысуға,  басқа  студенттерге  қатысты 

жасалған қорлыққа жол бермеуге; 

 

“Сырдария”  университетінің  беделіне  немесе  студенттік  бірлестік 



абыройына нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ жүруге; 

 



университет  аумағында  және  оқудан  тыс  уақытта  алкагольдік 

ішімдіктер, наша заттарын қолданбауға; 

 

 университет мүлкінің бүтіндігін сақтауға; 



 

 университет  имиджінің  жақсаруы,  бірлестік  мәдениетін  көтеру, 



студенттік  белсенділікті  дамыту  (ғылыми-оқу,  спорттық,  шығармашылық, 

азаматтық)  студенттік  өзін-өзі  басқару  жүйесін  нығайтуға  бағытталған 

қажетті және пайдалы барлық іс-әрекетті қолдауға; 

 



 осы  Кодекс  ережелерінің  бұзылуына  қатысты  жағдайды  шешуге 

қатысуға, оқу үрдісіне және жалпы ұйымдастыру сұрақтарына байланысты өз 

пікірін айтуға құқылы. 

 



 Ғылыми  мектептегі  студенттердің  өз-өзін  басқару  органдары  өз 

қалауы бойынша берілген кодекс ережелерін бұзушыларға: көпшілік  

 

талқысына  салуға,  студенттік  өз-өзін  басқару  ісіне  қатысу  құқығынан 



уақытша  айыруға  құқылы.  Әр  ғылыми  мектеп  мұндай  талқыға  салу 

сұрақтарын студенттік өзін-өзі басқару ұйымында өздері шеше алады. 



Студент құқылы: 

 



мемлекеттік білім беру гранттары шеңберінде және ақылы негізде білім 

алуға; 


 

оқу түрлерін таңдауға; 



 

оқу үдерісіне қатысуға қажетті ақпаратты еркін алуға; 



 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  барлық  түрлеріне,  конференциялар 



мен симпозиумдарға қатысуға

 



мәдени-көпшілік шараларға қатысуға; 

 



өзінің  жұмыстарын    «7СЫР»  «Мақтаарал»  газеттерінде  және  басқа 

басылымдарда жариялауға; 

 

бос уақытында оқуды еңбекпен ұйымдастыруға; 



 

оқудағы, ғылыми және шығармашылық жетістіктері үшін ынталандыру 



шараларына ұсынылуға; 

 

 

Ф-ТО-009/027



 

10 


 

 



«Сырдария»  университетінің  студенттік  өзін-өзі  басқару  органы  – 

Жастар Комитетінің жұмысына қатысуға; 

 

 ҚР  Заңнамаларында  белгіленген  тәртіпке  сәйкес  әкімшіліктің 



бұйрықтары мен өкімдерін бұздыру туралы шағым беруге. 

Студент міндетті: 

 



ҚР  Конституциясы  мен  заңдарын,  «Сырдария»  университетінің 

Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін, жатақханада тұру Ережелерін және 

басқа да нормативтік актілерді сақтауға; 

 



ҚР  мемлекеттік  рәміздерін,  ұлттық  мәдениетті,  Қазақстанның  тарихы 

мен  мемлекеттілігін  қадірлеуге    және  құрметтеуге,  университет 

дәстүрлерін мұқият сақтап, молайта түсуге; 

 



елдегі  тәртіпті  тұрақсыздандыруға  бағытталған  ақпаратты  таратпауға, 

рұқсат берілмеген жиналыстарға, митингілерге, шерулерге, ереуілдерге 

қатыспауға; 

 



ұқыпты, таза, киім үлгісімен киінуге міндетті; 

 



сабақтың барлық түрлеріне кешікпей, оқу кестесіне сәйкес қатысуға; 

 



сабақ үстінде ұялы телефондарды өшіріп қоюға; 

 



сабақ үстінде сөздерімен, жүрісімен оқытушыға бөгет жасамауға; 

 



оқу үдерісіне белсенді қатысуға; 

 



денсаулығына немесе басқа да дәйекті себептермен сабаққа қатыспаған 

жағдайда дәлелді құжаттарды уақытында әкелуге; 

 

оқу тобының, курстың, факультеттің жұмысына қатысуға ұмтылуға; 



 

оқу пәндері бойынша СӨЖ-ін жасауға; 



 

университет  мүлкіне,  кітапханалық-ақпараттық  және  басқа  да  



ресурстарға ұқыпты болуға; 

 



оқу үдерісі үстінде тамақ ішпеуге

 



оқу  ғимараттарында  шылым  шекпеуге,  ластамауға,  сағыз шайнамауға, 

тәртіп пен тазалық сақтауға; 

 

университет жарғысына сәйкес ішкі тәртіп ережелері мен жатақханада 



тұру ережелерін сақтауға. 

     Университет ғимаратында қатаң тыйым салынады: 

 



сырт және бас киіммен жүруге; 

 



сабақ  үдерісі  кезінде  аудиторияда  немесе  коридорда  қатты  сөйлеуге, 

балағат сөздер айтуға, шулауға; 

 

оқу  ғимаратында  темекі  шегуге,  алкогольдік  сусындар  ішуге, 



нашақорлық  немесе  токсикологиялық  күйде  жүруге,  наркотик  немесе 

психотропты заттарды таратуға;  

 

университетте, жатақханада бейджиксіз жүруге; 



 

университеттін  мүлкіне  зиян  келтіруге,  рұқсатсыз  пайдалануға  тыйым 



салынады. 

Студенттік жатақханалардағы ішкі тәртіп ережелері 

Басқа  қаладан  келген  немесе  шетелдік  студенттерді  оқу  жылы 

қарсаңында  университет  оқу  ғимараттарына  ыңғайлы  орналасқан 

жатақханамен қамтамасыз етеді.  



 

 

Ф-ТО-009/027



 

11 


 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет