Студенттің анықтама жол сілтеушісі


Жатақхана тұрғындарының құқығы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#8198
1   2   3   4   5   6

Жатақхана тұрғындарының құқығы: 

 



ішкі  тәртіп  және  келісімшарт  ережелерін  сақтаған  жағдайда  берілген 

орында оқу жылының соңына дейін тұруға; 

 

жатақхананың 



санитарла-тұрмыстық 

ғимараттарын, 

бөлмесін, 

жуынатын бөлме, әжетхана және т.б. пайдалануға; 

 

директорлардың 



орынбасарлары 

мен 


коменданттың 

жазбаша 


рұқсатымен ғана бір бөлмеден екінші бөлмеге ауысуға; 

 



жатақхананың  Студенттік  Комитетін  сайлауға  және  сайлауға  түсуге; 

Студенттік  Комитеттің  жұмыстарына  қатысуға,  жатақхананың 

тұрмыстық өмірін жақсартуға үлес қосуға; 

         Жатақхана тұрғындарының міндеттері: 

 



жатақхананың  ішкі  тәртіп  ережелерін,  техника  қауіпсіздігін,  өрт 

қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға; 

 

электр  энергиясын,  газ  бен  суды  үнемдеп  жұмсау.  Бөлмеден  немесе 



жатақханадан  шыққанда  ыстық  және  суық  су  шүмектерін  жауып, 

терезе,  есіктерді  жауып,  жарықты  және  электрқұрылғыларын  сөндіріп 

кетуге; 

 



бөлменің артық кілтін жатақхананың вахтерына өткізуге, жатақхананы 

тек тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бөлмені бөтен 

адамға бермеуге

 



жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға,  көпшілік орындарда тазалық пен 

тәртіпті қатаң ұстауға, тұрғылықты бөлмеде жиі тазалық жұмыстарын 

жасауға; 

 



жатақхананың 

мүлкіне 


материалды 

жауапкершілікте 

болуға, 

жатақхананың  мүлкіне  зиян  келген жағдайда материалдық  шығынның 

ақысын өтеуге; 

 



жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін түгелімен қайтаруға; 

 



университет  әкімшілігінің,  коменданттың  рұқсатынсыз  жатақханаға 

бөтен адамды  кіргізбеуге. 



Жатақхана тұрғындарына қатаң тыйым салынады: 

 



директорлардың  орынбасарларының жазбаша рұқсатынсыз өз еркімен 

бір  орыннан  екінші  орынға  ауысуға.  Ордерде  көрсетілген  бөлмеде 

тұрмаған  жағдайда,  ол  студент  жатақхананың  ішкі  тәртіп  ережелерін 

бұзған болып саналады; 

 

жатақхана  комендантының  рұқсатынсыз  жеке  пайдалануға  берілген 



мүліктерді өз еркімен бір бөлмеден екінші бөлмеге тасуға; 

 



жатақханаға  кіру  рұқсат  қағазын  жатақханаға  кіру  үшін  бөтен  адамға 

беруге; 


 

жатақхананың  кез-келген  жерінде  темекі  шекпеуге,  жатақханада 



алкогольді,  нашақорлық  күйде  келуге,  сонымен  қатар  есірткі, 

психотропты, алкогольді заттарды таратпауға және пайдалануға; 

 

аудио,  теле  және  видеоаппаратура  қондырғыларын  барлық  қатты 



дауыста қоюға; 

 

 

Ф-ТО-009/027



 

12 


 

 



үй жануарларын пайдалануға, бауырымен жорғалаушы және құстарды 

асырауға; 

 

жатақхана  айналасын  ластауға,  ас  әзірлейтін  бөлмеде,  көпшілік 



пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға

 



электрқондырғыларын  пайдалануға,  соның  ішінде  сапа  сертификаты 

жоқ  электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға; 

 

шатырға  шығуға,  көтерілуге,  балкон  мен  терезелерге  асылып  тұруға, 



отыруға; 

 



құмар  ойындар  ойнауға,  балағат  сөздер  сөйлеуге,  ұрыс-төбелес 

ұйымдастыруға; 

 

басқа тұрғындардың бөлмелеріне тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге; 



 

жоғарыда  көрсетілген  ішкі  тәртіп  ережелерін  бұзған  жатақхана 



тұрғындары,  сонымен  қатар  техника  қауіпсіздігі,  өрт  қауіпсіздігі, 

санитарлық  ережелерді,  жатақханада  тұру  келісімшартын  бұзған, 

жатақхана  қызметкерлерін,  студенттік  кеңес  мүшелерін,  қабат 

жауаптыларын сыйламағандар жатақханадан шығарылып, жатақханада 

тұру үшін төленген ақша қайтарылмайды.  

Жатақханаға кіру тәртібі мен қонақтарды кіргізу тәртібі 

Жатақханаға  кіру  тәртібі  комендант  берген  арнайы  үлгідегі 

рұқсат қағазының көмегімен жүзеге асырылады. 

Рұқсат  қағазы  –  жатақханаға  кіруге  рұқсат  беретін негізгі  құжат 

болып  табылады,  ол  жоғалған  жағдайда  қайта  жасату  керек. 

Жатақханаға  кіру  уақыты  жаз  уақытында  07:00-ден  23:00-ге  дейін,  ал 

қыс уақытында 07:00-ден 22:00-ге дейін. 

Жатақханаға 22:00 мен 07:00 аралығында кіру тек рұқсат қағазы 

немесе  жұмыс  орнынан  берілген  анықтамада  директор  мен  тәрбие 

жұмысы  жөніндегі  проректордың  бұрыштамасы  болған  жағдайда 

жүзеге асырылады. 

 

БІЗДІҢ ДӘСТҮР 

Сіз  көп  жылғы  тарихы  мен  дәстүрі  қалыптасқан  жоғарғы  оқу  орны  – 

«Сырдария»  университетінің  студенті  атандыңыз.  Алдағы  4  жыл  ішінде  ол 

Сіздің  екінші  үйіңіз  болып  кетеді.  Университет  табалдырығын  аттаған 

жағдайда,    жалпыға  ортақ  арнайы  тәртіп  ережелерімен  жүру  керек.  Оларды 

сақтау – табыс пен түсіністіктің кепілі. 

 

УНИВЕРСИТЕТКЕ  ЖИНАҚЫ  КИІНІП  КЕЛІҢІЗ  –  себебі,  Сіздің 

сырт  келбетіңізге  қарап,  білім  алуға  келген  студент  екеніңізді  кез-келген 

адам  түсіну  керек.  Кішкене  құпияны  аша  кетсек:  жинақы  киінген  студент 

ұстаздар  мен  университет  қызметкерлері    тарапынан  түсіністік  пен  ыстық 

ықыласқа  ие  болады.  Киім  кигенде  шектен  тыс  ашық  түсті  киінбеуге 

тырысыңыз.  Қыз  балаларға  косметика  мен  бұйымдарды  шектен  тыс 

қолданбауға кеңес береміз. 

 

ЖАН-ЖАҒЫҢЫЗДАҒЫ 

АДАМДАРҒА 

СЫЙЛАСТЫҚ 

ТАНЫТЫҢЫЗ  –  егер  кіре/шыға  беріс  есікте  көп  адамдар  жиналып  қалса, 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

13 


 

жігіттер қауымы қыз балаларға жол беруі керек, ал студенттер – университет 

қызметкерлерін  өткізіп  жіберуі  тиіс.  Егер  дәл  сол  уақытта  Сізден  емтихан 

қабылдайтын  мұғаліміңізге  жол  берсеңіз  Сізден  асқан  сыпайы  адам  жоқ! 

Университетке  кіргенде  жігіттер  қауымы  бас  киімдерін  шешіп,  ал  сырт 

киімді  барлық  студенттер    гардеробқа  өткізу  керек.  Коридорда  ары-бері 

жүгіруге,  кез-келген  жерге  отыра  салуға  болмайды.  Егер  сізге  шұғыл  түрде 

жұмыс  жасауға,  сабақ  орындауға  орын  керек  болса  кітапхананың  есігі 

әрқашан  ашық.  Лифтке  кірерде  студенттер  университет  қызметкерлері  мен 

оқытушыларға,  жігіттер  –  қыздарға,  кішілер  -  үлкенге  жол  беруі  тиіс. 

Көпшілік ортада ұялы телефонмен қатты сөйлесуге, барлық дауыста музыка 

тыңдауға тыйым салынады.  

 

ВАХТАДАН ӨТЕРДЕ күзет қызметкеріне бейджигіңізді немесе жеке 

бас  куәлігін  көрсетуді  ұмытпаңыз.  Университетке  келудегі  мақсатыңызды 

айтыңыз.  Аталған  құжаттар  болмаған  жағдайда  Сіз  университетке  кіре 

алмайсыз.  Сонымен  қатар,  күзетшімен,  киімді  өткізерде  –  гардероб 

қызметкерімен амандасуды ұмытып кетпеңіз! Көпшілік ортада романтикалық 

қатынастарыңызды  ысырып  қойыңыз.  Себебі,  бұл  Сіздің  айналадағы 

адамдарға сыйластықпен қарамайтындығыңызды көрсетеді. 

 

КІММЕН  ҚАЛАЙ  СӨЙЛЕСУ  КЕРЕКТІГІН  ҰМЫТПАҢЫЗ:  өз 

ойыңызды  анық  жеткізіңіз,  жаргон  сөздерді  қолданбауға  тырысыңыз! 

Оқытушымен сөйлескенде өте сыпайы болуды естен шығармаңыз. Сонымен 

қатар, университетте қалай болса солай сөйлеуге болмайтынын ескертеміз! 

 

САБАҚҚА  УАҚЫТЫНДА  КЕЛІҢІЗ:  студенттер  аудиторияға 

оқытушыдан бұрын келуі тиіс. Егер Сіз кешіккен жағдайда, есікті жай ашып, 

оқытушымен  амандасып,кешіккеніңіз  үшін  кешірім  сұраңыз.  Рұқсат  алған 

жағдайда жылдам және студенттердің назарын өзіңізге аудармай орныңызға 

барып отырыңыз. Аудиторияға кірерде ұялы телефоныңызды өшіріп қоюды 

ұмытпаңыз.  Сабақ  үстінде  бөгде  дыбыстар,  сонымен  қатар  шулау,  қатты 

сөйлеу, музыка тыңдау сабақ өтуге кедергі келтіреді. Егер Сіздің оқытушыға 

қояр сұрағыңыз  болса  қол  көтеріп  сұрай беріңіз.  Есіңізде болсын,  оқытушы 

Сізді аудиториядан тәртіп бұзған жағдайда шығаруға құқылы! Бұл жағдайда 

оқытушыдан  үндемей  кешірім  сұраңыз,  оқиғаның  шиеленісіп  кетуіне  жол 

бермеңіз! 

 

ОҚУ  ҒИМАРАТЫНДА  ТАЗАЛЫҚ  САҚТАҢЫЗ  –  университетте 

кез-келген қоқысты тастауға арналған орындар бар.  



Университет қабырғаларына Сіздің шығармашылық қабілетіңізді 

көрсететін  суреттер  салуға,  шимайлауға  тыйым  салынады.  Бұл  Сіздің 

тәрбиесіздігіңізбен қатар, университетті материалдық шығынға ұшыратасыз.  

Университетте  рұқсат  берілмеген  хабарландыруларды  ілуге  тыйым 

салынады.  Егер  стендке  студенттер  мен  қызметкерлерге  қызықты  ақпарат 

ілгіңіз келсе, тәрбие жұмысы  жөніндегі проректордың рұқсатын алу қажет. 

Университет  пен  жатақханада  темекі  шегуге  тыйым  салынады.  Бұл 

ережені сақтау қатаң бақыланады, ереже бұзғандарға тәртіп жөніндегі қатаң 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

14 


 

жаза  қолданылады.  Сонымен  қатар,  алкогольді  ішімдік  ішкен  күйде  жүру 

университетте тыйым салынады. 

Жоғарыда аталған ережелерді қатаң ұстануға тырысыңыз, әрқашан тек 

жақсылық жасауға ұмтылыңыз – басқалар да Сізге сондай жауап қайтарады. 

Қандай жағдай болмасын, Сіз «Сырдария» университетінің студенті атанып, 

өмірдің бір сатысына көтерілдіңіз! 

          СІЗДІҢ КӨМЕГІҢІЗБЕН БІЗ МЫҚТЫ БОЛАМЫЗ! 

 Жастар Комитеті 

Жастар  Комитеті  –  студент  жастардың  тұрмыс,  оқу,  бос  уақытын 

ұйымдастыру  туралы  маңызды  сұрақтарымен  ғана  айналысып  қоймайтын, 

оларға  әлеуметтік  қолдау  көрсететін  бастамашыл,  инновациялық,  тәуелсіз, 

жауапкершілігі мол студенттердің қоғамдық қызметі. 

Жастар  Комитетінің  қызметі  студенттік  өмірді  жарқын  және  әсерлі 

ететін  көптеген іс-шараларды,  акциялар  мен  сайыс  бағдарламаларын  құруға 

және  іске  асыруға  бағытталған.  Бұл  жерде  студенттер  ұйымдастыру 

шеберлігіне  үйреніп  қана  қоймай  өздерінің  достары  мен  құрдастарының 

таланттарын ашуға көмектеседі. 

         Жастар Кеңесінің негізгі мақсаттары: 

 



студенттер  бойында  белсенді  азаматтық  позицияны  қалыптастыру, 

оларды  заманауи  қоғамда  маңызды  проблемаларды  шешуге  белсенді 

түрде ат салысуға шақыру

 



Университет  студенттерінің  мұдделері  мен  құқықтарын  қорғау  және 

өкілеттілік жасау; 

 

студенттердің 



мәдени, 

шығармашылық, 

ұйымдастырушылық 

қажеттіліне жағдай жасау. 

          Жастар Комитеті жұмысының негізгі бағыттары: 

 



Университет  студенттерінің  бойында  патриоттық  мақтаныш  сезімін 

қалыптастыру.  Біздің  университетіміздің  тәрбиеленушісі  біздің  оқу 

орнының, біздің қаламыздың, біздің мемлекетіміздің  патриоты екенін 

мақтанышпен сезінуі тиіс; 

 

студенттердің 



мүдделерін 

Университеттің 

құрылымдық 

бөлімшелерінің барлық деңгейінде қорғау; 

 

университеттің 



әр 

түрлі 


қызмет 

шеңберінде 

студенттердің 

бастамаларын  дамыту,  әлеуметтік-маңызды  іс-шараларды  жасау  және 

іске асыру; 

 



белсенді студенттер дайындау; 

 



студенттердің ғылыми қызметін ынталандыру

 



студенттік конкурстар, мерекелер және басқа да көпшілік іс-шараларды 

өткізу; 


 

Университет студенттерін университеттің спорттық өміріне тарту; 



 

студенттердің ортасында бейәлеуметтік жағдайлардың алдын-алу; 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

15 


 

 



ҚР және шет елдегі қоғамдық ұйымдарымен және басқа да студенттік, 

жастар  ұйымдарымен  гуманитарлық  және  ғылыми  байланыстарды 

дамыту; 

Сіз де біздің қатарға қосыла аласыз. Біз Сізді бас оқу  ғимаратында №4 

кабинетте күтеміз. Біздің есігіміз сіздерге әрқашан ашық!  

«7СЫР» және «Мақтаарал» газеттері 

Газеттің  негізгі  міндеті  университет  қызметкерлері  мен  студенттерін 

ректораттың,  Ғылыми  Кеңестің,  құрылымдық  бөлімшелер  мен  қоғамдық 

ұйымдардың жұмысы жайында хабардар ету,  университеттің барлық негізгі 

жаңалықтарын  жеткізу  болып  табылады.  «7СЫР»  газеті  А3  форматында 

айына  4  рет  3500  данамен  шығады.  «Мақтаарал»  газеті  А3  форматында 

айына 4 рет 4567 данамен шығады. 

  Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен байланыс орната отырып 

ондағы  барлық  жаңалықтарды  ,  сонымен  қатар  жалпыуниверситеттік  іс-

шаралардың  жоспарын  газет  бетінде  жариялайды.  Газет  Халықаралық 

байланыс бөлімі, кітапхана, факультеттер, студенттік кәсіподақ, оқытушылар 

мен қызметкерлер, сонымен қатар Жастар Комитетімен тығыз байланыста. 



Егер  де  Сіз  креативті  болсаңыз,  мақала  және  өлең  жазумен 

айналыссаңыз. 

Жазбаша 

мақалаларыңыз 

бен 

өлеңдеріңіздің  

электронды  нұсқасы  мен  жазбаша  нұсқасын    Жетісай  қ.  М.Әуезов 

көшесі  «7СЫР»,  «Мақтаарал»  газеттерінің    редакциясына    немесе 

Жастар Комитетіне  тапсырыңыз. Біз Сізді күтеміз! 

 

Студенттің бос уақыты 

Университетте    сабақ  уақытында  және  де  бос  уақытта  Өзіңізді  біздің 

ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге барлық жағдайлар жасалған. 

Егер  Сіздің  бойыңызда  көшбасшылық  қабілет  болса,онда  Сіз  өзіңізді  топ 

старостасы  ретінде,  топтағы,  университеттегі  мәдени-спорттық  іс-

шараларды,  мерекелерді  ұйымдастырушы  немесе  бастамашы  ретінде  өз 

қабілетіңізді көрсетіп қана қоймай, оны одан әрі шыңдай аласыз.  

Егер Сізде жаңа идеялар болып, соны жүзеге асырғыңыз келсе –Жастар 

Комитетіне  келіңіз.  Бұл  жерде  Сіздің  идеяңызды,  талап-тілегіңізді  тыңдап 

қана  қоймай,  Сізге  қызықты  жұмыстар  тауып  береді,  талантыңызды  ашуға 

көмектесіп,  жаңа  студенттік    жобалар  Сіздің  қатысуыңызбен  жүзеге  асып 

жатады. 


Біздің  университетте  Жастар  Комитетінің  қатысуымен  студенттердің 

талантын шыңдауға арналған көптеген үйірмелер қызмет атқарады: 

-

 

«Сырдария құрамасы» Жайдарман командасы; 



-

 

«Назерке» би ансамблі 



-

 

«Жетісай сазы» оркестрі; 



-

 

«Жалын» дебат клубы  



-

 

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты; 



-

 

Қазақстан Студенттерінің Альянсы; 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

16 


 

 

Университеттің  спорттық  өмірі  спорттық  іс-шаралардың  дамуына 

бағытталған,  студент-спортсмендердің  спорттық  шеберлігін  шыңдауға 

арналған  оқу-тәрбиелеу  процесінің  жалғасы  болып  табылады.  Студенттер 

қалалық,  облыстық,  республикалық  жарыстарға  қатысып  жеңімпаз, 

чемпиондар  атанып  жатады.  Спортсмендер  қаламыздағы  әр  түрлі  спорттық 

жарыстарға  қатысып  спорттың  дамуына  өзіндік  үлестерін  қосады.  Жеке 

спорт түрлерінен біздің студенттер жоғары дәрежелі жарыстарға қатысады. 

Есіңізде  болсын:  осының  бәрі  Сіздің  оқу  үлгеріміңіз  жоғары 

деңгейде болғанда ғана жүзеге асады! 

 

Медпункт 

Егер сіздің денсаулығыңыз сыр берсе, онда медпункттің есігі әрдайым 

ашық.  Ол  Бас  оқу  ғимаратында  және  университет  жатақханасында 

орналасқан.    Университеттің  медбикесі  –Мыңбаева  Роза  Аимбетовна  және 

Абдибекова Кумисай Икрамовна. 

 Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері 

Кредиттік технология бойынша оқытудың жалпы ережелері 

Ұлттық  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  халықаралық  тану, 

университеттің  білім  алушылары  мен  оқытушыларының  ұтқырлығын 

қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  білім  беру  сапасын  арттыру  және  білім  берудің 

барлық  деңгейлерінің  сабақтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  «Сырдария» 

университетінде бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады. 

«Сырдария» университетінде оқыту мемлекеттік тілде  бакалавриаттың 

22 мамандығы бойынша жүргізіледі. 

Кредиттік  оқыту  технологиясы    білім  алушы  мен  оқытушының  оқу 

жұмысы  көлемінің  біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану 

арқылы,  білім  алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен  оқуын  өз 

бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады. 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  кезінде  оқу  жұмысының  еңбек 

сыйымдылығының есебі кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың 

көлемі бойынша жүзеге асырылады.  

Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері 

бойынша  бұрын  меңгерілген  кредиттердің  өспелі  есебін  білдіретін 

жинақтаушы болып табылады. 

Кредиттік  жүйемен  оқытуда  төмендегідей  негізгі  ұғымдар  мен 

анықтамалар қолданылады: 



1)  академиялық  күнтізбе  (Асаdеmіс  Саlеndar)  -  оқу  жылы  бойына 

демалыс  күндерін  (каникулдар  мен  мерекелерді)  көрсете  отырып,  оқу  және 

бақылау іс-шараларын, кәсіби  практикаларды өткізу күнтізбесі; 

2)  академиялық  ұтқырлық  –  білім  алушыларды  немесе  оқытушы-

зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына 

өзге  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе  шетелде)  игерген  білім 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

17 


 

бағдарламаларын  міндетті  түрде  кредит  түрінде  сынақ  ретінде  тапсыра 

отырып  өз  ЖОО-сында  немесе  өзге  ЖОО-да  білімін  жалғастыру  немесе 

зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;    



3) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды 

таңдау  бойынша  жиынтық  пәндерден,  оқытудың  қосымша  түрлерінен  білім 

мазмұнын  дербес  анықтау  үшін  және  білім  алушылардың,  оқытушылардың 

шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен 

әдістерін  қолдануға  жағдай  жасау  мақсатында  білім  беру  қызметін 

ұйымдастыру  үшін  ұсынылатын  білім  беру  процесі  субъектілерінің 

өкілеттіктер жиынтығы;    

4)  білім  алушының  академиялық  рейтингі  (Rating)  –  аралық 

аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама 

пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;  

5)  академиялық  деңгей    (Degree)  –  қорытынды  аттестаттау 

нәтижелері  бойынша,  тиісті  оқу  бағдарламаларын  меңгерген    білім 

алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;   

6)  академиялық  сағат  -  кесте  бойынша  оқу  сабақтардың 

(аудиториялық  жұмыс)  барлық  түрлерi  немесе  жеке  бекiтiлген  графика 

бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты; 

7)  белсенді  үлестірмелі  материалдар  (КҮМ)  (Hand-оuts)  -  білім 

алушының  тақырыпты  шығармашылықпен  табысты  меңгеру  үшін  оқу 

сабақтарында  таратылатын  көрнекі  безендірілген  материалдар  (дәріс 

тезистері,  сілтемелер,  слайдтар,  мысалдар,  глоссарийлер,  өз  бетінше  жұмыс 

істеуге арналған тапсырмалар); 

8)  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау  (Qualification 

Eхamination)  -  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 

қарастырылған  оқу  пәндерінің  игеру  дәрежесін  немесе  көлемін  анықтау 

мақсатында өткізілетін рәсім;  

9)  білім  алушыларды  аралық  аттестаттау    -  білім  алушының 

емтихан    сессиясы  кезеңінде  бір  пәннің  толық  көлемін  немесе  бір  бөлігінің 

мазмұнын  аяқтап  болғаннан  кейін  оның  игеру  сапасын  бағалау  мақсатында 

өткізілетін рәсім;  



10) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі  - БӨЖ) - өз 

бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен 

қамтамасыз  етілген,  тест,  бақылау  жұмыстары,  коллоквиумдар,  рефераттар, 

шығармалар  мен  есеп  берулер  түрінде  бақыланатын  тақырыптардың  нақты 

тізбесі  бойынша  жасалатын  жұмыс;  білім  алушының  санатына  қарай  ол 

студенттің  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  әрі  -  СӨЖ),  магистранттың  өзіндік 

жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан 

әрі  -  ДӨЖ)  болып  бөлінеді;  БӨЖ-дің    барлық  көлемі    білім  алушылардан 

күнсайын  өзіндік жұмыстарды    талап ететін  тапсырмалармен  расталады;  

11) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу 

үдерісінде  алатын  және  жеке  тұлғаның  қол  жеткізген  даму  деңгейін 

көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті; 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

18 


 

12)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  -    жоғары 

оқу  орындары  дербес  анықтайтын  бақылау  мен  аттестаттаудың  әртүрлі 

нысандары  арқылы  (ағымдық,  межелік,  қорытынды)  білім  алушылардың 

білім деңгейін тексеру;  



13) 

білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  – 

академиялық  кезең  ішінде,    оқытушымен  өткізілетін  аудиториялық  және 

аудиториялардан  тыс  сабақтарда  білім  алушылардың    білімін    оқу 

бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;  



14)  Еуропалық  трансферт  (аударым)  және  несиелік  жинақтау 

жүйесі (ECTS) - білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан 

жағдайда  білім  алушылардың  игерген  оқу  пәндерін  (кредит  мен  бағаларын  

қоса  алғанда)  салыстыру  және  қайта  сынақтан  өткізуде  пайдаланылатын 

білім  беру  бағдарламалары  компоненттеріне  сынақ  бірліктерін  (несие) 

белгілеу әдісі;     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет