Студенттің анықтама жол сілтеушісі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#8198
1   2   3   4   5   6

15)  жеке  оқу  жоспары  -  білім  алушымен  жұмыс  оқу  жоспары  және 

элективті  пәндердің  каталогы  негізінде  эдвайзердің  көмегімен  әрбір  оқу 

жылына дербес жасалатын оқу  жоспары

16)  кредит  (Credit,  Credit-hour)  –  білім  алушының/оқытушының  оқу 

жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;   



17)  кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының 

оқу  жұмысы  көлемінің  біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті 

қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын 

дербес жоспарлауы негізінде оқыту; 



18)  қорытынды  бақылау  –  емтихан  түріндегі  аралық  аттестаттау 

кезеңінде жүргізілген оқу  пәні бағдарламасын бағалау  сапасының  мақсатын 

игеру,  білім  алушылардың  оқудағы  жетістігін  бақылау;  егер  бірнеше 

академиялық  кезеңдер  барысында  пәндер  оқытылатын  болса,  онда 

оқытылған  нақты  академиялық  кезеңде,  пәндерге  бөлімдер  бойынша, 

қорытынды бақылау жүргізіледі;  



19)  межелік  бақылау  –    бір  оқу  пәнінің  ірі  бөлімін  (модулін) 

аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; 



20) оқу  пәнiне  жазылу (Enrollment)  –  білім  алушылардың оқу  пәніне 

белгілі бір  тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;     



21) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі 

халықаралық  тәжірибеде  қабылданған  әріптік  жүйедегі  сандық 



эквивалентіне  сәйкес  келетін  және  білім  алушылардың  рейтінгін  белгілеуге 

мүмкіндік  беретін    балл  түріндегі  оқу  жетістіктерінің  деңгейін  бағалау 

жүйесі; 

22) Тіркеу офисі

 

- білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық 



тарихын  тіркеумен  айналысатын  және  білімін  бақылаудың  барлық  түрлерін 

және  оның  академиялық  рейтингісіне  есеп  жасауды  ұйымдастыруды 

қамтамасыз ететін академиялық  қызмет; 

23)  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  білім  алушының 

өзіндік  жұмысы  (бұдан  әрі  -  ОБӨЖ)  –  бекітілген  кесте  бойынша 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

19 


 

оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  білім  алушының  аудиториядан 

тыс  жұмысы;  білім  алушының  санатына  қарай  ол:  оқытушының 

басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), 

оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік  жұмысы  

болып бөлінеді; 



24)  оқу  үлгерімінің  орташа  балы  (Grade  Point  Average  -  GРА)  – 

(ағымдық  оқу  кезеңі  бойынша  кредиттердің  жалпы  санына  қарай  аралық 

аттестаттау  пәндерінің  балдық  бағасының    сандық  эквиваленті    мен 

кредиттер  сомасының    қатынасы)      білім  алушының  таңдаған  бағдарлама 

бойынша  бір  оқу  жылындағы  қол  жеткізген  оқу  үлгерімінің  таразыланған 

орташа бағасы;   



25)  оқу  жұмыс  жоспары  (бұдан  әрі  -  ОЖЖ)  -  мамандықтың  ҮОЖ 

және  білім  алушының  жеке  оқу  жоспары  негізінде  білім  беру  ұйымдары 

дербес әзірлейтін құжат; 

26)  пәннің  сипаттамасы  (Curse  Description)  -  пәннің  мазмұнын, 

мақсаттары  мен  міндеттерін,  қысқаша  нысанды  қамтитын  пәннің  қысқаша 

сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады); 

    27) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті 

білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер; 

  28) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда 

оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет 

ететін пәндер; 



29)  пәндер  бағдарламасы  (Syllаbus)  -  оқитын  пәннің  сипаттамасын, 

мақсаттары  мен  міндеттерін,  оның  қысқаша  мазмұнын,  оның    үйренуі 

тақырыбы  мен  ұзақтығын,  өзіндік  жұмыс  тапсырмаларын,  кеңес  беру 

уақытын,    білім  алушылардың    білімін  тексеру  кестесін,  оқытушы 

талаптарын,  бағалау  өлшемдерін    қамтитын  оқу  бағдарламасы  және  

әдебиеттер тізімі;  



30) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік 

жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген 

пәндердің тізбесі бар құжат; 

31)  тьютор  –  студенттің  нақты  пәнді  игеруі  бойынша    академиялық 

кеңесші рөлін атқаратын оқытушы; 



32)  үлгілік  оқу  жоспары  (бұдан  әрі  -  ҮОЖ)  -  білім  берудің  кәсіптік 

оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың 

тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат; 

33)  элективтік  пәндер  –  белгіленген  кредит  шеңберінде  және  білім 

беру  ұйымы  енгізетін  таңдау  бойынша,  білім  алушылардың  жеке 

дайындығын 

көрсететін 

әлеуметтiк-экономикалық 

дамытудың 

ерекшеліктерін  және  нақты  өңірдің,  жоғары  оқу  орындарында  ғылыми 

мектеп  пайда  болатын  қажеттiліктерін  есепке  алатын      компонентке  кiретiн 

оқу пәндерi. 

34)  эдвайзер  (Аdvisor)  -  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының 

академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

20 


 

(жеке  оқу  жоспарының  қалыптасуына)  және  оқу  кезеңінде  білім  беру 

бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы

 

Эдвайзер атқаратын міндеттері 

Эдвайзер  –  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының  тәлімгері 

ретінде оқыту траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға),  

оқу  барысында  білім  беру  бағдарламасын  игеруге  ықпал  жасайтын  және 

университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын  оқытушы.  

Эдвайзер  білім  алушының  академиялық  мүддесін  қорғайды  және  оқу 

үдерісін  ұйымдастыру  бойынша  барлық  қажетті  ақпараттық  материалдарды 

даярлап,  білім  алушыға  жеткізеді.  Оның  жеке  оқу  жоспарын  жасауға  және 

түзетуге көмектеседі. 



Эдвайзер 

 



тіркеу  кезінде  ұйымдық-әдістемелік  және  кеңес  беру  жұмысын 

атқарады; 

 

жұмыс  оқу  жоспары  және  пәндер  каталогымен  жұмыс  жасау 



негізінде,  білім  алушыға  пәндерді  және  оқытушыларды  таңдауға 

көмектеседі

 

болашақ  мансап  мәселесін  шешуде,  ғылыми  зерттеулердің  бағытын 



анықтауда,  ғылыми  жетекші  мен  біліктілік  жұмыстарының 

тақырыбын    таңдауда,  кәсіптік  тәжірибе  өту  базасын  анықтауда 

кеңес бере алады; 

 



бүкіл оқыту мерзімінде білім алушыларға жетекшілік жасайды; 

 



курстың,  ғылыми  мектептің  ерекшелігін  және  академиялық  топтың 

мүдделерін  қарастыра  отырып,  қолданыстағы    нормативтік-

нұсқаулық  құжаттарымен  белгіленген  мәселелер  бойынша  өзіне 

бекітілген  білім  алушылармен  жеке  және  ұжымдық  кездесулер 

ескерілген жұмыс жоспарын жасайды; 

 



білім  беру  бағдарламасын  меңгеруге  және  білім  алу  траекториясын 

жасауға көмектеседі; 

 

білім  алушыларға  жеке  оқу  жоспарын  (ЖОЖ)  жасауға  көмектеседі. 



Қажет  болған  жағдайда,  білім  алушының  жеке  оқу  жоспарына 

өзгерістер еңгізуге көмектеседі; 

 

бекітілген  білім  алушылардың  үлгеріміне  бақылау  жүргізеді,  тіркеу 



офисіндегі өз факультетінің тіркеушісімен тікелей жұмыс атқарады.   

 



білім  алушының  ЖОЖ-на  енгізілген  арнаулы  пәндер  шеңберінде 

эдвайзердің тиісті ғылыми ой-өрісі болуы қажет.   Ол корпоративтік 

және кәсіптік этика ережелерін басшылыққа ала отырып, ПОҚ және 

білім  алушылармен  қарым-қатынас  орнатып,  өз  жұмысына  

шығармашылық тұрғыдан қарауы керек; 

 



білім  алушылардың  бекітілген  жеке  оқу  жоспарларын  орындауына 

жауапты; 

 

академиялық  үлгерімді  жақсарту,  тәртіп  және  сабаққа  қатысу, 



унивеситеттің  қоғамдық  жұмыстарына  қатысуға  ынталандыру  және 

 

 

Ф-ТО-009/027



 

21 


 

т.б.  мәселелер  бойынша  өзіне  бекітілген  білім  алушылармен  тәрбие 

жұмысын жүргізеді; 

 



эдвайзер  студенттердің  талап-тілектерін,  ішкі  реттілік  пен  оқу 

тәртібінің 

бұзылу 

фактілерін 



кафедраға, 

деканатқа 

және 

университеттің қоғамдық ұйымдарына жеткізіп отырады; 



 

өз жұмысы туралы кафедра мәжілісінде жыл сайын есеп береді. 



Эдвайзердің кеңес беру қызметіне: 

 



білім  алушыларды  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  ережелерімен 

таныстыру; 

 

білім  алушылардың  басымдылықтарын,  бейімділік  пен  мүмкін-



шіліктерін анықтау; 

 



типтік, жұмыс оқу жоспарлары және элективтік пәндер каталогімен, 

міндетті    және  таңдалмалы  пәндер  тізімін  жасау  талаптарымен, 

курстың пререквизиттері мен постреквизиттерімен таныстыру; 

 



білім  берудің  несиелік  технологиясының  жұмыс  істеу  және  жүзеге 

асу  негіздерін,  еңбекшығын  көлемін  есептеуді  бірегей  бағалау 

ретіндегі несиелерді анықтау және оларды игеру тәсілдерін түсіндіру 

жатады. 


Эдвайзер: 

 



барлық  пәндер  бойынша  ағымдағы,  аралық,  және  қорытынды 

бақылау жүргізу ережелерінің сақталуын тексеруге; 

 

білім  алушылардың  академиялық  жағдайы  мен  үлгеріміне  қатысты 



мәселелерді  қарайтын  комиссиялардың  (кеңестердің)  жұмысына 

қатысуға; 

 

өзіне бекітілген білім алушылардың үлгерімін қадағалауға; 



 

университет  әкімшілігінің  немесе  қоғамдық  ұйымдардың  оқу 



тобындағы  студенттің  дербес  ісі  бойынша  шешімін  жасауға 

қатысуға; 

 

университетте  тәрбие  жұмыстарының    инновациялық  түрлері  мен 



әдістерін қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы. 

«Сырдария» университетінің 2015-2016 оқу жылына арналған 

академиялық күнтізбесі 

 

 



«Сырдария»  университетінде  оқу  үдерісі  бекітілген  академиялық 

күнтізбе негізінде жүзеге асырылады. 



 

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ 

КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫНЫҢ  СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН  

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕСІ

 

 

І СЕМЕСТР 

25 – 31 тамыз 

Таңдау курстарына тіркеу (1-курстар үшін) 

30 тамыз 

Қазақстан Республикасының Конституция күні 

01 қыркүйек  

Білім күні 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

22 


 

01 қыркүйек  

Теориялық оқудың басталуы 

01 қыркүйек – 12 желтоқсан 

Теориялық оқыту 

24 қыркүйек 

Құрбан айт 

12 қазан – 17 қазан 

1-межелік бақылау 

01 желтоқсан 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні 

7-12 желтоқсан 

1-межелік бақылау 

12 желтоқсан 

Теориялық оқудың соңы 

16-17 желтоқсан 

Тәуелсіздік күні 

14 желтоқсан – 02 қаңтар 

Қысқы емтихан сессиясы 

01-02 қаңтар  

Жаңа жыл 

7 қаңтар 

Рождество 

04 – 24 қаңтар 

Қысқы демалыс 

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта 



 

ІІ СЕМЕСТР 

18 қаңтар 

Теориялық оқудың басталуы 

25 қаңтар –  7 мамыр 

Теориялық оқыту (1-курстар үшін) 

18 қаңтар –  30 сәуір 

Теориялық оқыту (2-курстар үшін) 

1 ақпан  –   28 мамыр 

Теориялық оқыту (3-курстар үшін) 

18 қаңтар – 30 сәуір 

Теориялық оқыту (4-курс 5В042100 мамандығы үшін) 

08 наурыз 

Халықаралық әйелдер күні 

29 ақпан -5 наурыз 

1-межелік бақылау (2-курстар үшін) 

7-12 наурыз 

1-межелік бақылау (1-курстар үшін) 

7-12 наурыз 

1-межелік бақылау (4-курс 5В042100 мамандығы үшін) 

14-19 наурыз 

1-межелік бақылау (3-курс 5В010700 мамандығы үшін) 

28 наурыз -2 сәуір 

1-межелік бақылау (3-курс 5В010200, 5В010300, 5В011400, 

5В011900, 5В011700, 5В011300, 5В011200, 5В011600, 

5В010900, 5В011000, 5В010800, 5В012000, 5В010600,

 

5В030100, 5В060700, 5В060200, 5В070400, 5В042100,   



5В050900 мамандықтары үшін) 

21-23 наурыз 

Наурыз мейрамы 

25-30 сәуір 

2-межелік бақылау (2-курстар үшін) 

25-30 сәуір 

2-межелік бақылау (4-курс 5В042100 мамандығы үшін) 

2-7 мамыр 

2-межелік бақылау (1-курстар үшін) 

3-30 мамыр 

Пәнге тіркелу мерзімі  

9-14 мамыр 

1-межелік бақылау (3-курс 5В010700 мамандығы үшін) 

23-28 мамыр 

2-межелік бақылау (3-курс 5В010200, 5В010300, 5В011400, 

5В011900, 5В011700, 5В011300, 5В011200, 5В011600, 

5В010900, 5В011000, 5В010800, 5В012000, 5В010600,

 

5В030100, 5В060700, 5В060200, 5В070400, 5В042100,   



5В050900 мамандықтары үшін) 

01 мамыр 

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 

07 мамыр  

Отан қорғаушылар күні 

09 мамыр 

Жеңіс күні 

2 мамыр – 18 маусым 

Жазғы сессия 

16 мамыр – 2 шілде 

Жазғы семестрге жазылу 

23 мамыр – 30 шілде 

Жазғы семестр  

06 шілде 

Астана күні 

20 маусым – 31 тамыз 

Жазғы демалыс  

БАРЛЫҒЫ: теориялық оқыту – 15 апта 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

23 


 

Тіркеу офисінің міндеттері 

Тіркеу офисі (ТО) білім алушының барлық оқу жетістіктерінің тарихын 

тіркейтін  университеттің  құрылымдық  бөлімшесі  болып  табылады.  Бұл 

академиялық қызметтің мақсаттарының бірі – оқу үдерісі мен білімді бағалау 

үдерісін  бөлу  және  білім  алушыларды  аралық  және  қорытынды 

аттестациялаудан өткізу болып табылады. 

Тіркеу офисінің жұмысы оқу үдерісін ұйымдастыратын деканаттардың, 

кафедралардың  және  басқа  да    құрылымдық  бөлімшелерінің  қызметтерімен 

үйлестіріліп жүргізіледі.  

Тіркеу  офисі  білім  алушылардың  оқу  жетістіктеріне  бақылау  оқу 

жылына жоспарлаған бақылау шаралары кестесі бойынша жүргізіледі.  

Тіркеу офисінің негізгі міндеттері:  

 



Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу процесін басқару; 

 



Оқу  пәндеріне  тіркелу  кезеңіндегі  және  білім  алушының  жеке  оқу 

жоспарын қалыптастырудағы эдвайзерге көмек беруге; 

 

Білім алушының пәнге жазылу кезінде толтыратын үлгіде білім алушы 



туралы  жалпы  мәліметтер,  курсы,  мамандығы,  тілдік  бөлімін 

көрсетуге; 

 

Білім  алушылардың  пәндерге  жазылу  нәтижелері  бойынша  Оқу 



әдістемелік  басқармамен  бірлесіп  академиялық  лектер  мен  топтарды 

құруға; 


 

Білім  алушылардың  пәндерге  жазылу  нәтижесінде  жасақталған 



академиялық лектер немесе топтар жайлы мәліметтерді педагогикалық 

жүктемені белгіленген мерзімде есептеу үшін кафедраға беруге; 

 

Оқу  процесінің  шептік  кезеңінде  білім  алушылардың  білімдерін 



бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру; 

 



Білім алушының академиялық рейтингін есептеу

 



Академиялық үлгерім жазбаларын құрып, оны сақтау; 

 



Білім 

алушылардың 

академиялық 

көрсеткіштері 

бойынша 

статистикалық есептерді дайындау; 

 

Өтілген іс-шаралар бойынша ақпараттық есептерді құру; 



 

Тіркеу  офисі  университеттің  тиісті  құрылымдық  бөлімдерінің 



статистикалық  және  талдау  есептерін  дайындау  кезінде  қажетті 

ақпаратты өз уақытында беріп тұруға

 

Тіркеу  офисі  академиялық  күнтізбеге  сәйкес  білім  алушыларды 



пәндерге  белгіленген  мерзімде  бүкіл  оқу  жылына  тіркеуді,  қайта 

тіркеуді және жазғы семестрге тіркеуді жүргізуге; 

 

Тіркеу офисі жеделдетілген немесе қосымша оқытудың қажеттіліктерін 



қанағаттандыру  мен  оқу  бағдарламаларындағы  айырмашылықтарды 

жою үшін жазғы семестрдің ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге; 

 

Білім  алушылардың  білімін  бақылаудың  барлық  түрлері  бойынша 



академиялық  көрсеткіштерін  электронды  қорға  енгізуге,  қағаз 

тасымалдағышта белгіленген мерзім бойында сақтауға; 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

24 


 

 



Қорытынды  бақылаудың  нәтижелері  бойынша  білім  алушының 

үлгерімінің орташа балын (GPA) есептеу; 

 

Бітірушілердің  жеке  істерін  мемлекеттік  емтихан  тапсыруына 



дайындау. 

  

Оқу пәндеріне тіркеу 

     Оқытудың 

кредиттік 

технологиясында 

студент 


білім 

алу 


траекториясын  өз  бетінше  анықтайды.  Оқу  пәндеріне  жазылу  кезінде  және 

өзінің  білім  алу  траекториясын  қалыптастыруда  студент  эдвайзер  кеңесіне 

жүгінеді,  оның  жетекшілігімен  элективті    пәндерді  (студенттің  таңдайтын 

пәндері) таңдайды. 

Келесі оқу  жылының  жеке оқу  жоспары  эдвайзер  кеңесінің  көмегімен 

белгіленген  формада  келесі  академиялық  кезеңге  дейін  анықталады.  Оқу 

пәндеріне  жазылу  аяқталғаннан  кейін,    жеке  оқу  жоспары  факультет 

деканымен бекітіліп, студенттке беріледі.  

2015-2016  оқу  жылына  арналған  академиялық  күнтізбеге  сәйкес            

1  курсқа  қабылданған  студенттер  және  мамандық  ауыстырған, басқа  ЖОО 

ауысып  келген  студенттер  26-31  тамыз  аралығында  пәнге  жазылады.       

2016  жылдың  3-30  мамыр  аралығында    1-3  курс  студенттері  келесі  оқу 

жылының оқу пәндеріне жазылады. 

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

Студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру үдерісі келесі 

кезеңдерді қамтиды: 

 



дайындық  (мақсатты  анықтау,  бағдарламалар  жасау,  әдістемелік 

қамтамасыз ету, құралдар дайындау); 

 

негізгі  (бағдарламаларды  жүзеге  асыру,  ақпарат  іздеу  тәсілдерін 



пайдалану,  білімді меңгеру,  өңдеу,  қолдану,  беру,  нәтижелерді  бекіту, 

жұмыс барысының өздігінен ұйымдасуы); 

 

қорытынды  (бағалау  және  нәтижелерді  талдау,  оларды  жүйелеу, 



бағдарламалар мен жұмыс тәсілдерінің тиімділігін бағалау, жұмыстың 

ұтымды бағыттары туралы қорытындылар). 

 

СӨЖ  формаларын  оқытушы  әзірлейді  және  тиісті  пәндер  тіркелген 



кафедралар бекітеді. Өзіндік жұмыстын формасын анықтау барысында нақты 

оқу  пәнінің  мазмұны  мен  ерекшеліктері,  пәнаралық  қатынастар,  білім 

алушылардың дайындық деңгейі және басқа факторлар есепке алынады. 

 

Нақты  пән  бойынша  өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  барысында 



оқытушы  студенттерді  оның  мақсаттарымен,  тапсырмаларымен,  еңбек 

сиымдылығымен,  орындалу  мерзімдерімен,  өзін-өзі  бақылау  және  бақылау 

формаларымен дер кезінде және толық таныстыруға міндетті. 

 

СӨЖ келесі талаптарға жауап беруге тиіс: 



 

студенттің өз бетінше орындауы



 

нақты  тақырыптың  және  оның  жеке  аспекттерінің  немесе  тәжірибелік    



тапсырмалар шешімдерінің аяқталған әзірлемесі болып табылу; 

 



ашылатын  сұрақтардағы  автордың  құзыреттілігін  көрсету,  оқу  және 

ғылыми-тәжірибелік бағыттарын иелену. 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

25 


 

 

Ғылыми  мектеп: 



 

оқытушының  басқаруымен  студенттің  өзіндік  жұмысының  (ОБСӨЖ) 



кестесін құрастыруды; 

 



СӨЖ  графигінің  орындалуын  және  студенттің  үлгерімін  бақылауды 

қамтамасыз етеді. 

   

Оқытушылар студенттерді таныстырады: 

 



оқытудың 

әдістері 

және 

формаларымен,  өзіндік 



жұмыстың 

әдістемесімен,  өзіндік  жұмыстың  орындалу  сапасын  бағалау 

өлшемімен; 

 



СӨЖ  мақсаттарымен,  құралдарымен,  еңбек  сиымдылығымен, 

орындалу мерзімдерімен, бақылау түрлерімен. 

   

Қалыптастырады: 



 

жауаптардың,  есептердің,  шешімдердің  ұтымды  нұсқаларын  іздеп 



табуды; 

 



ғылыми зерттеу дағдыларын; 

 



оқулықтармен, классикалық түпдерек  көздерімен және қазіргі ғылыми 

әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамытады; 

 

өзіндік  жұмыс  әдістемесі  бойынша  топтық  және  жеке  кеңес  беру 



шараларын жүргізеді; 

 



студенттердің  өзіндік  жұмыс  графигін  орындауын  жүйелі  түрде 

бақылауды жүзеге асырады; 

 

талдау жүргізеді және жұмысқа баға береді. 



  

Студенттің міндеттері: 

 



әрбір  оқылатын  пән  бойынша  өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  мен  

бақылау  әдістемесімен,  өзіндік  жұмыстың  барлық  түрлері  бойынша 

есеп беру мерзімдері және формаларымен уақтылы және толық танысу; 

 



әрбір  оқылатын  пәннің  өзіндік  жұмысының  барлық  түрлері  бойынша 

оқытушының  ұйымдастыру  және  әдістемелік  нұсқауларын  адал,  әрі 

ынталы орындау; 

 



өзіндік  жұмысты  орындау  барысында  туындаған  мәселелер  жөнінде 

оқу сабағын жүргізетін оқытушыға уақтылы хабарлау; 

 

әрбір  оқылатын  пәннің  өзіндік  жұмысының  барлық  түрлері  бойынша 



уақтылы және толық есеп беру. 

Оқытушының басқаруымен студенттің  өзіндік жұмысын 

ұйымдастыру 

 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  студенттің  өзіндік  жұмысы 



екі  бөлімге  бөлінеді:  оқытушының  басқаруымен  білім  алушының  өзіндік 

жұмысы  (ОСӨЖ)  және  екінші  бөлігі  –  білім  алушының  өзіндік  жұмысын 

толық өзі орындауы (СӨЖ). 

 

ОСӨЖ мақсаты - білім алушыға дәрісханалық сабақтың материалдары, 



СӨЖ мазмұны бойынша жеке білікті кеңес алу үшін мүмкіндіктер туғызу.  

 

  ОСӨЖ  сағатында  СӨЖ-дің  барлық  түрлерін  орындау  бойынша 



кеңестер  беру,  үй  тапсырмаларын,  семестрлік  және  бақылау  жұмыстарын, 

есеп беру және т.б. жүргізу ұсынылады. 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

26 


 

 

Білім  алушы  ОСӨЖ-ге  ыңғайлы  кесте  бойынша  қатыса  алады,  бірақ 



оқытушы белгілеген уақытта СӨЖ-дің барлық түрін тапсыруға міндетті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет