Студенттің анықтама жол сілтеушісі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#8198
1   2   3   4   5   6

 

«Ең соңғы сұраққа» 

Кесте-1. 

Өзімізге  берілген  40  сұрақтың  бәрін  толық  белгілеп  болған  соң,  соңында 

пайда  болатын  «Жіберу»  батырмасын  басып,  өз  нәтижемізді  сол  жерден 

көретін боламыз. 

 

Ғылыми кітапхана қызметін  пайдаланудың жалпы ережелері 

 

Университет  кітапхана  қорында  миллиондаған  оқулықтар,  ғылыми 



басылымдар  жинақталған.  Ғылыми  кітапхана  жыл  сайын  ғылыми 

монографиялар,  мерзімді  ғылыми-танымал  журналдармен  толықтырылып 

отырады. 

Кітапхана  сайтында  (

http://www.ko-sirdariya.kz/

)  «Кітапхана»  бетінде 

электрондық каталог, электронды ресурстар және мақалалар деректер базасы 

мен кітапхана құжаттары туралы негізгі мәліметтер насихатталған. 

Электронды  оқулықтар    мен  оқырман  залдарында  Интернет  жүйесінің 

барлық  ресурстарын,  сонымен  қатар  оқулықтардың  толықмәтінді  деректер 

базасын, оқу-әдістемелік құралдар мен мақалаларды, электрондық каталогты 

пайдалану мумкіндіктері бар. 



Оқырмандардың  құқықтары,  мiндеттерi және жауапкершілігі 

 



кітапхана  көрсететін  кітапхана-ақпарат  қызметінінің    негізгі  түрлерін 

тегін пайдалануға; 

 

ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға



 

библиографиялық    және    анықтама-ақпараттық    қызметтерін 



пайдалануға; 

 



уақытша  пайдалану  үшін  оқу  залдары  мен  абонементтерден  керекті 

құжаттарды алуға; 

 

ақпарат  көздерiн  iздестiру  мен  таңдауда  кеңесшiлiк  қызмет  алуға, 



сонымен қатар Интернет жүйесін пайдалануға; 

 



алынған құжаттардың қайтару мерзімін ұзартуға құқығы бар. 

 

 

Ф-ТО-009/027



 

39 


 

 

Оқырмандар кітапханаға кірерде және құжаттарды аларда жеке куәлігін 



көрсетуге міндетті. 

 

Кiтаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде 



оқырмандар  басылымды  мұқият  тексерiп  шығады.  Қандай  да    бiр  ақау 

табылған  жағдайда  ол  жөнiнде  кезекшi  кiтапханашыға  хабарлайды.  Олай 

болмаған жағдайда кiтапты бүлдiргенi үшiн басылымды соңғы пайдаланған 

оқырман жауап бередi. 

 

Оқу  орнынан  кетерде  оқырмандар  өзiне  жазылған  басылымдар  мен 



оқырман билетiн кiтапханаға қайтарады.  

 

Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдiргенi үшiн жауапты оқырман оны 



дәл сондай басылыммен немесе оның көшiрмесiмен, немесе кiтапхана құны 

бiрдей деп тапқан басылыммен алмастырады. 

 

Оқырманға мыналар рұқсат етiлмейдi: 



 

қызмет бөлмелерi мен кiтап қоймасына рұқсатсыз кiруге; 



 

кiтапханаға сырт киiммен кiруге; 



 

кітапхананың ішінде шылым шегуге; 



 

құмар ойындарын ойнауға; 



 

тамақ пен сусындар алып келіп ішуге



 

телефонмен сөйлесуге; 



 

оқу залынан құжаттарды кітапханашының рұқсатынсыз алып шығуға; 



 

кiтапхана бөлмелерiнде тыныштық пен тәртiп бұзуға. 



 

Пайдалану  ережелерін  бұзған  оқырмандар  кітапхананы  пайдалану  

құқығынан келесі мерзімге дейін айырылады: 

 



тыныштықты бұзған үшін – 1 айға; 

 



қызметтік  міндетін  орындау  барысында  кітапханашаға  тіл  тигізгені 

үшін – 2 айға; 

 

кітапханашының  рұқсатынсыз  оқырман  залынан  кітап  алып  шыққан 



үшін – 6 айға; 

 



кітапхананы  пайдалану  ережесін  бернеше  қатар  бұзғаны  үшін  –  1 

жылға; 


 

қасақана  басылымдарды  бүлдіргені  (белгi  салу,  сызу,  парақтарын 



жыртып,  мұқабасын  бүлдіргені)  үшін  кітапхананы  пайдалану 

құқығынан  мүлдем  айырылады.  Ғылыми  кітапхананы  пайдалану 

ережелерін өрескел бұзған студенттер жайлі      мәліметтер деконаттар 

мен ректоратқа беріледі. 



Оқырмандарды  кітапханаға жазу тәртібі 

Кiтапханаға 

тіркелуде 

студенттер 

төлқұжатын, 

оқытушылар, 

қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшiн  – төлқұжатын  

немесе қызмет куәлiгiн,  3х4 өлшемдi екі фото суретiн өткізуі тиіс. Оқырман 

билеті барлық абонементтермен оқу залдарын пайдалануға құқық береді. 

Оқырман билетiнiң қолданылу мерзiмi – бiр жыл. Кiтапхана жыл сайын 

өзi  белгiлеген  мерзiмде  оқырмандарды  оларға  жазылған  әдебиеттiң  бәрiн 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

40 


 

көрсетуiмен  қайта  тiркеуден  өткiзiп,  оқырман  билетiн  ұзартады.  Қайта 

тiркеуден өтпеген оқырмандарға кiтапхана қызмет көрсетпейдi. 

 

 

Оқу залын пайдалану қағидалары 

Оқу  залында  тек  қана  оқу  залы  қорынан  алынған  құжаттармен 

пайдалануға болады. 

Оқу  залына  кірерде  оқырман    жеке  куәлігін  міндетті  түрде  көрсетуі 

қажет. 

Энцикплопедияларды, анықтамалық, басылымдарды, сөздіктерді сирек 



кездесетін  және  құнды  басылымдарды,  кітаптың  жалғыз  және  соңғы 

данасын,  сонымен    қатар,  кітапханааралық  абонементтен  алынған 

басылымдарды тек қана оқу залдарында пайдалануға рұқсат етіледі.  

 

 

Абонементтi пайдалану қағидалары 

Оқырмандар  абонементтерден  үйге  әдебиеттерді  алу  үшін,  міндетті 

түрде  оқырман  билеттерін  көрсетіп,  сұраныс  парағын  дұрыс  толтырулары, 

алған кітаптардың формулярларына қол қоюы қажет.  

Кітап  формуляры  мен  сұраныс  парағы  оқырманға  әдебиет    беру  және 

кітапханашының  оны  қабылдау  фактісін  растайтын  құжаттар  болып 

табылады.  

Абонементте  әдебиет үйге мына мерзiмге: 

 

оқу әдебиеттері бiр семестрге немесе бір оқу жылына; 



 

ғылыми  әдебиеттер  –  5 кiтаптан асырмай –  1 айға; 



 

көркем  әдебиеттер – 3 кiтаптан асырмай  – 1 айға. 



Топ  сабақтарында  пайдалану  үшiн  әдебиет  абонементте  оқытушының 

жазбаша талабы бойынша берiлiп, топтың кезекшi студенттің қол қойуымен 

тiркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшiн оқытушы 

жауап бередi. 



Кітапхананың жұмыс тәртібі 

          Дүйсенбі - жұма               8-30 –19-00 (үзіліссіз) 

          Сенбі                                 8-30 –15-00   (үзіліссіз) 

Жексенбі                           демалыс күн 

Әр айдың соңғы жұмасы – тазалық күні. 

 

Білім беру қызметінің төлемақы төлеу тәртібі 

Оқу ақысын төлейтін валюта түрі мемлекеттік стандартқа сәйкес «теңге» 

болып табылады. 

Білім  алу  ақысы  әрбір  оқу  жылына  ҚР  Үкіметінің  қаулысы  негізінде 

қабылданған мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың төлемақысы деңгейінің 

көлемінде 

«Сырдария» 

университетінің 

ректорының 

бұйрығымен 

белгіленеді. 

«Сырдария»  университетіндегі  оқу  төлемақысы  көрсетілген  оқу 

жылындағы  ҚР  Үкіметінің  қаулысына  сәйкес  мемлекеттік  оқу  грантында 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

41 


 

оқитын  әр  студентті  оқытуға  жұмсалатын  қаржы  көлемінің  өзгеруіне 

байланысты өзгереді. Оқу ақысының мөлшері оқу жылында бір реттен артық 

өзгертілмейді. 



 

Оқу ақысын төлеу төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады: 

Күндізгі оқу нысаны бойынша: бірінші оқу жылына студент «Сырдария» 

университетінің  студенті  қатарына  қабылданғанға  дейін  жылдық  оқу 

ақысының  25%-ын,  1-ші  семестр  ішінде  қысқы  емтихандық  сессия 

басталғанға  дейін  келесі  25%-ын  төлейді.  Қалған  50%-ын  2-ші  семестр 

ішінде, жазғы емтихандық сессияға дейін төлейді. 

Келесі оқу жылдары студент оқу ақысының 50%-ын 1-ші семестр ішінде 

қысқы емтихандық сессия басталғанға дейін, ал екінші 50%-ын 2-ші семестр 

ішінде жазғы емтихандық сессияға дейін төлейді. Оқу төлемақысы төленбесе 

студент сессияға жиберілмейді және оқудан шығарылады. 

Қашықтықтан  оқыту  нысаны  бойынша:  бірінші  оқу  жылында  студент 

«Сырдария»  университетінің  студенті  қатарына  қабылданғанға  дейін  50%-

ын, оқу жылы ішінде емтихандық сессия басталғанға дейін 50%-ын төлейді. 

Келесі оқу жылдары студент оқу ақысын емтихан сессиясына дейін оқу 

жылы ішінде 100%-ын төлейді. Оқу төлемақысы төленбесе студент сессияға 

жиберілмейді және оқудан шығарылады. 

Оқу  ақысын  төлеу  «Сырдария»  университетінің  есеп  шотына  банктер 

арқылы келісімшартта көрсетілген соманы аударумен жүзеге асырылады. 

Студенттер  қатарына  қайта  қабылданған  немесе  академиялық 

демалыстан  қайта  келген  кезде  оқудың  төлем  ақысы  студенттің  қайта 

қабылданған  кезіндегі  оқу  төлемақысының  көлемі  мен  шарттарына 

байланысты анықталады. 

Қажетті  деңгейдегі  баллдарымен  курстан  курсқа  ауысқан  студенттің 

кейбір  пәндерден  академиялық  үлгермеушілігі  болған  жағдайда  ол  сол 

пәндерден ақы төлеу арқылы қайтадан дәріс алып академиялық қарыздарын 

өтеуі тиіс. Пәндерді қайта оқу және академиялық қарыздарын жою үшін ақы 

төлеу  тәртібі,  мерзімі,  сонымен  бірге  көлемі  «Сырдария»  университеті 

ректорының бұйрығымен белгіленеді. 



 

«СЫРДАРИЯ»  университетінің халықаралық ынтымақтастығы 

 

«СЫРДАРИЯ» 



университетінің 

халықаралық 

қызметі 

оның 


жұмысындағы ең маңызды бағыттардың бірі: 

-

 



білім беру орталықтарымен және басқа ұйымдармен әріптестік; 

-

 



бірлескен 

ғылыми-техникалық 

ынтымақтастық 

бойынша 


бағдарламалар және шаралар; 

-

 



еуропалық  білім  беру  жүйесіне  бірігу  үшін  академиялықұтқырлықты 

одан әрі дамыту. 

«СЫРДАРИЯ»    университетінің  Болон  декларациясының  талаптарына 

сай  келетін  және  білім  берудің,  кәсіби  қайта  даярлықтан  өту,  кадрлардың 



 

 

Ф-ТО-009/027



 

42 


 

біліктілігін жетілдірудің жаңа көздерін белсенді іздейтін үзіліссіз білім беру 

кешенін құру концепциясына негізделеді. 

Академиялық ұтқырлық 

Академиялық  ұтқырлықтың  мақсаты:  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіндегі интеграция (бірігу, кірігу). 



Мақсатты  көрсеткіш  (индикатор):2020  жылға  дейін  білім  алушының 

20%-ы бір академиялық кезең мерзімінде шетелдік ЖОО-да білім алады. 



Жүзеге асу мерзімі:2011-2020 жылдар аралығы. 

Күтілетін нәтиже: 2020 жылға дейін академиялық ұтқырлықты дамыту 

мақсатында  Болон  үдерісі  аумағында  міндетті  ұсынылған  көрсеткіштер 

орындалатын 

болады. 


ЖОО-да 

ғылыми-зерттеу 

институтының 

педагогикалық құрамы және ғылыми құрамы күшейтіледі. 

 

Академиялық ұтқырлық төменде көрсетілген жағдайларға: 

1.

 



әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  қазақстандық  білім  берудің 

интеграциясына; 

2.

 

білім  сапасының  өсуі  және  адамдық  құндылықтардың  даму 



деңгейіне; 

3.

 



шетел университеттері бағдарламаларын қазақстандық білім беру 

бағдарламаларымен қатар қоюға және мойындауға

4.

 

жоғары  және  жоғары  білімнен  кейінгі  білім  берудегі 



интернационализациялаудың күшеюіне себепші болады; 

Академиялық  ұтқырлық  -  Студенттердің,  оқытушылардың  және 

қызметкерлердің  академиялық  ұтқырлығы  Болон  Декларациясының  ең 

негізгі  принциптері  және  халықаралық  қызметтің  маңызды  бағыттарының 

бірі  болып  табылады.  Білім  беру  сапасын  арттыруға,  ғылыми  зерттеулердің 

тиімділігін  жоғарылатуға,  басқару  жүйесін  жетілдіруге,  ішкі  және  сыртқы 

байланыстарды орнатуға, «СЫРДАРИЯ»  университетінің міндетін атқаруға 

көмектеседі.  

Академиялық  ұтқырлық  –  білім  алушыларды  немесе  оқытушы-

зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына 

өзге  жоғары  оқу  орнына  (ел  ішінде  немесе  шетелде)  игерген  білім 

бағдарламаларын  міндетті  түрде  кредит  түрінде  сынақ  ретінде  тапсыра 

отырып,  өз  ЖОО-да  немесе  өзге  ЖОО-да  білімін  жалғастыру  немесе 

зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру.  

Академиялық  ұтқырлық  сыртқы  (халықаралық)  және  ішкі  (ұлттық) 

академиялық ұтқырлық болып ажыратылады.  

Сыртқы  академиялық  ұтқырлық  -  шетелдік  жоғары  оқу  орындарында 

білім  алу,  оқытушы-зерттеушілердің  білім  беру  салалары  мен  ғылыми 

мекемелердегі қызметі.  

Ішкі  академиялық  ұтқырлық   -  білім  алушылардың,  оқытушы-

зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, 

қызмет етуі.  


 

 

Ф-ТО-009/027



 

43 


 

«СЫРДАРИЯ»  университеті  білім  алушылардың  ішкі  және  сыртқы 

академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мақсатында отандық және шетелдік 

жетекші оқу орындары арасында тығыз байланыс орнатылған, атап айтқанда 

23  отандық,  14  шетелдік  ЖОО-мен  білім  беру  қызметін  көрсету  саласында 

өзара  серіктестік  қарым-қатынас  жөніндегі  келісім-шарттар  жасалынды: 

Ресей, Түркия,  Қытай, Өзбекістан, Тәжікістан, Польша. 

Академиялық 

ұтқырлық 

дәстүрлі 

шетелдік 

тағылымдардан 

ерекшеленеді, өйткені, біріншіден, студенттер шетелге оқуға белгілі шектеулі 

мерзімге  ғана  кеткенімен,  оқу  бір  семестрден  бір  оқу  жылына  дейін 

созылады, екіншіден, мұндай тағылымдамада олар  толыққанды білім алады, 

тек тілді меңгерумен немесе жекелеген пәндерді игерумен ғана шектелмейді, 

керісінше,  толық  семестр  немесе  жылдық  курстан  өтеді,  бұл  дегеніміз  – 

студенттің  білімі  базалық  жоғары  оқу  орнына  қайтып  келген  сәттен 

жалғасып есептеледі. 

2015-2016 оқу жылына арналған мәдени-көпшілік  іс-шаралар  жоспары 

№  Іс- шаралар атауы 

Орындалу мерзімі 

1-Қыркүйек білім күніне орай мерекелік іс-шара 



ұйымдастыру. 

Қыркүйек 

22-Қыркүйек «Тіл» мерекесін университет көлемінде  



атап өту. 

Қыркүйек 

1-Қазан қарттар күніне орай  жалғызілікті қарттарға 



көмек қөрсету. 

Қазан 


Қазанның алғашқы жексенбісі мұғалімдер қүніне 

арналған «Ұстаз- ұлы тұлға» атты мерекелік іс 

шарасын өткізу. 

Қазан 



І-ші курс студенттерін студент қатрына қабылдау 



салтанатына арналған концерт өткізу. 

Қазан 


Сенбілік 

Әр сенбіде 

Ғылыми мектепаралық дебат турнирін өткізу. 



Қазан 

80 


17-қараша студенттер қүніне орай «Жайдарман» 

ойындарын өткізу 

Қараша 

91 


1-Желтоқсан Халықаралық СПИД-ке қарсы күн. 

Медицина қызметкерлерімен кездесу. 

Желтоқсан 

12 


«Тұңғыш президент» қүнін атап өту. 

Желтоқсан 

11 

16-Желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік 



тұғырым» атты іс- шара өткізу. 

Желтоқсан 

12 

Студенттер үйіндегі жастармен кездесу өткізу. 



Желтоқсан 

13  «Жаңа жыл» мерекесіне орай Студенттерге арналған 

мерекелік  кеш  ұйымдастыру. 

Желтоқсан 

14  8- Наурыз «Халықаралық  Әйелдер күні» мерекесіне 

арналған  іс-шара өткізу. 

Наурыз 

15  22-Наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» 



Наурыз 

16  1-сәуір күлкі күніне орай  факультет аралық  

«Жайдарман» ойындарын өткізу. 

Сәуір 


17  Қозы көрпеш Баян сұлу күнін атап өту. 

Сәуір 


18  1-Мамыр Халықаралық Ынтымақтастық күні. 

Мамыр 


19  9-Мамыр «Ұлы Жеңіс» күні. 

Мамыр 


 

 

Ф-ТО-009/027



 

44 


 

Қысқаша анықтамалық ақпарат 

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ 

 

Бөлім, аты-жөні 

Телефоны 

жұмыс уақыты 

Ректор 

Дайырбеков Серик Сансызбаевич 

Хатшысы 

 Қантөре Айгерім Сабырханқызы 

тел.: 6-14-63  (ішкі 102) 

Бас оқу ғимараты, 1 

қабат 

М.Әуезов к.  



дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

Оқу icтері жөніндегі проректор 

Мамраимов Cepік Дәулетұлы 

тел.: 6-32-44  (ішкі 100) 

Бас оқу ғимараты, 2 

қабат 

М.Әуезов к.   



дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

Ғылыми істер және халықаралық 

байланыстар жөніндегі проректор 

Молдабекова Нуржамал  Сайдалиевна 



 

тел.:   6-15-52 (ішкі 109) 

Бас оқу ғимараты, 3 

қабат 


М.Әуезов к. 

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

Тәрбие істері және әлеуметтік 

мәселелер жөніндегі проректор  

Шегенбаев Нуркасим Бейсенбаевич 

Бас оқу ғимараты, 1 

қабат 


М.Әуезов к.  

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

Шаруашылық icтepi жөніндегі 

проректор 

Жумабаев Дархан Жиенбаевич 



 

дүйсенбі-жұма 

09:00-17:00 

сенбі 

09:00-15:00 

Ғалым хатшы 

Әбенова Ләззат Усмановна 

Бас оқу ғимараты, 3 

қабат 


М.Әуезов к.  

дүйсенбі-жұма 

09:00-17:00 

сенбі 

09:00-15:00 

Жастар комитетінің төрағасы 

Сарсенбаев Марат Ташкенбаевич 

Бас оқу ғимараты, 1 қабат 

М.Әуезов к.  

дүйсенбі-жұма 

09:00-17:00 

сенбі 

09:00-15:00 

 

ФАКУЛЬТЕТТЕР МЕН КАФЕДРАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ 

 

ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ 

ГБ факультет деканы 

Мейірбеков Мырзабай  Балтабайұлы 



Декан орынбасары 

 

тел.: (ішкі 118) 



Бас оқу ғимараты, 4 қабат 

М.Әуезов к.  



дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

«Педагогика және психология» 



кафедрасы 

Кафедра меңгерушісі 

Асабаев Жолдас 

тел.: (ішкі 113) 

Бас оқу ғимараты, 3 қабат 

М.Әуезов к.   

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

«Отан және шетел тарихы» 

кафедрасы 

Кафедра меңгерушісі 

Апашева Сабира Нурбаевна 

Бас оқу ғимараты, 4 қабат 

М.Әуезов к.  



дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

 

 

Ф-ТО-009/027



 

45 


 

«Қазақ тілі және әдебиет» 

кафедрасы 

Кафедра меңгерушісі 

Жидебаев Кудайберген 

тел.: (ішкі 116) 

Бас оқу ғимараты, 3 қабат 

М.Әуезов к.  

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

«Тілдер» кафедрасы 

Кафедра меңгерушісі 

Мингбаев Нурлан 

тел.: (ішкі 115) 

Бас оқу ғимараты, 3 қабат 

М.Әуезов к. 

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

«Құқық және экономика» 

кафедрасы 

Кафедра меңгерушісі 

Сериков Бегим 

Бас оқу ғимараты, 2 қабат 

М.Әуезов к.  



дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

Жаратылыстану және математика факультеті 

ЖМ факультет деканы  

Дошманов Ескендир Киятович  



Директор орынбасары – Алипбаев 

Турар Назарович 

тел.: 6-27-85  

ЖМ  факультетінің оқу 

ғимараты, 2  қабат 

М.Әуезов к.  

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» 

кафедрасы 

Кафедра меңгерушісі 

Кукиев Джангирбай Самсаевич 

тел.:  (ішкі 144) 

Бас оқу ғимараты, 2 қабат 

М.Әуезов к., 11  

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

"Жоғары математика  және  физика"  

кафедрасы Кафедра меңгерушісі 

Жолдасов Сазахан Аманович 

тел.:   (ішкі 121) 

Бас оқу ғимараты, 2 қабат 

М.Әуезов к., 11  

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

«Жаратылыстану ғылымдары» 

кафедрасы 

Кафедра меңгерушісі 

Исакова Динара Турапбаевна 

ЖМ факультетінің  

ғимараты, 2  қабат 

М.Әуезов к.,  

дүйсенбі-жұма 

08:30-17:00 

сенбі 

08:30-15:00 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ 

ШЖТ факультет деканы  

Мырзабек Лесбек Алипбаевич  



Декан орынбасары 

Сапарбаева Улданай Алибековна 

тел.: (ішкі 122) 

ШЖТ факультетінің  

ғимараты, 1  қабат, 

М.Әуезов  к.,  

тел.: 6-12-52  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет