Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің
6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығының 3 курс студенті Дауленова Аяулым
СТУДЕНТТІҢ ЕСЕБІ 4 “Б” сыныбында барлығы 21 оқушы, оның 16 оқушысы ер бала, ал 5 оқушысы қыз бала. Оқушылар сабаққа белсенді әрі қызығушылықпен қатысады. Іс-шаралардан да қалмай, барынша қатысып отырады. 9.02 “Мұқағали Мақатаев” үшін іс-шара ұйымдастырылған болатын. Інжу есімді оқушы бірінші кезеңінде Қазынам бар өлеңін мәнерлеп оқыды, екінші кезеңінде Думан есімді оқушы сұрақ-жауапқа шығып, үшінші кезеңінде сынып жетекшімен Соғыстың соңғы көктемі атты көрініс қойылды.
Сабақ барысына келсек белсенділігі төмен оқушылар бар. Жасұлан есімді оқушыны орнына тыныш отырғызу қиындықтар тудырады. Кейде тұрып, жүрмесе де сөйлеп отыруы мүмкін. Егер жақсы сөйлесіп мақтаса тыныш отыруына мүмкіндіктер пайда болады, бірақ сабақты жазбай тек тақтадағы көшірумен тоқтап, үй жұмысынсыз қайтып келеді. Осы оқушымен жеке жұмыс жүргізіледі. Алтынбек және Думан есімді екі үздік оқушы бар, барлық сабаққа белсенді қатысып, үнемі тыянақты жұмыс жасайды. Елжас, Айлы, Алихан, Бағдат, Ислам, Шерхан есімді тыныш әрі сабаққа дайын жүретін оқушылар бар. Мағжан, Димаш, Айарыс, Інжу, Райян, есімді оқушылардың тыныштықты сақтау жағынан сәл мәселелер бар, бірақ сабақтардан қалмай, үздік оқушылармен жарысып отырып сабақ оқиды. Ендігі сабақ жағынан нашарларға тоқталсам, Ақнұр, Медина, Адина, Исмайл. Үй жұмысына дайындалмай, әрі сынып жұмысы кезінде артта қалып, тек көшірумен шектеледі. Тыныштық сақтау жағынан да сәл қиыншылықтар бар, бірақ бір ескертуден кейін тынышталады. Сұлтан және Ұзан есімді оқушылар бір күні белсенді болып сабаққа қатысып отырса, келесі күні дайындықсыз келеді. Сабақ барысында тыныштықты сақтай біледі. Исмайл, Азамат есімді оқушылардың тыныштықты сақтауы қиын, бірақ сабақтарда белсенді . Математика пәнінен қиналса, ағылшын және орыс тілінен мықты, қазақ тілі пәнінде көп сөзді орыс тіліне аударып беруді өтінеді.
Сыныптың ұйымшылдығына келсек, олар өте ұйымшыл, бір-біріне қамқор болып келеді. Қанша жерден сөзге келісіп қалатын жағдай болса да, бір-бірін жақсы көріп, қорғап тұрады. Топпен жұмыс кезінде ұйымшылдығын ерекше байқауға болады, тобындағы әр оқушыға көмек беріп, өздерімен бірге алдыға тартуға талпынып тұрады. Осы қырларына тәнті болдым.