ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі
Пәннің коды:
Курс: 4
Кредит: № 1
Семестр 7
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Құрастырған: А.Ә. Әлдешев. Шымкент – 2013 ж. Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
1 сабақ
1. Тақырыбы: Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектегі штаты – ұйымдастыру және материалды – техникалық қамтамасыз ету.
2. Мақсаты:Cтуденттерге анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектегі штаты – ұйымдастыру және материалды – техникалық қамтамасыз етумен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс:
Анестезиология мен реаниматологиялық көмек көрсетуде материалды техникалық заттармен қамтамасыз етілуі.
ҚР – ның материалды – техникалық және штаттық - ұйымдастыруды регламенттеуші бұйрықтар.
ОАРИТ мейірбикенің құқықтық нормасын регламенттеуші құжаттар.
Мамандық бойынша тәртіп бұзушылықта медбике- анестезисттің заңды жауапқа тартылу тәртібі.
Студент істей білуі тиіс:
анестезиологиямен реаниматологияда мейірбике -анестезисттің орындайтын функционалдық міндеттерін атқаруды.
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын мейірбике іс-әрекетінің құқықтық нормаларын реттеу, заңдылықтарды және заң актілерін, қызметтік міндеттерін орындау.
4. Өткізу түрі:
- ОТҚ қолданып ( ПК, мултимедиялық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау