Студенттік ғылыми-тəжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата31.03.2017
өлшемі4,98 Mb.
#10682
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42

 
 
 

131 
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС ЖƏНЕ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ 
Жұмабай А.Б. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бимаканова З.Ш 
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 
 
Отан  тарихы  өзекті  тақырыптарының  бірі – ұлт-азатық  күрес  тарихы.  Еліміздің 
тəуелсіздік  жылдарында 1916 жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  тарихына  қалам  тартқан 
ғалымдардың  көптеген  зерттеулері  мен  мақалалары  баспасөз  бетінде  жарық  көруде.  Бұл 
мақалаларда  осы  тақырыпқа  алғашқы  болып  қалам  тартқан  ғалымдар  мен  жазушылардың 
жəне  мемлекет  қайраткерлерінің  еңбектеріне  оң  баға  берілуде.Манаш  Қозыбаевтың «1916 
жыл:  Ұлт-азаттық  революция  тарихнамасының  кейбір  мəселелері»  атты  мақаласында 
«Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы 1916 жыл  көтерілісі»  туралы  бұл-  мəселені  зерттеуде  əу 
басында  тарихшылардың  аға  буын  өкілдері  С.Аспендияров,  А.Байтұрсынов,  Т.Рысқұлов, 
С.Мендешов,  Б.Алманов,  Б.Қаратаев,  жазушы  Ж.Аймауытовтар  тұрды»-  деп  көрсетеді [2,3 
б.].Осы  есімі  аталғандардың  басым  көпшілігінің 20-30 жылдары  жарық  көрген  еңбектері 
олардың авторлары жалған жаламен «халық жаулары» ретінде айыпталғаннан кейін ғылыми 
айналымнан  алынып  тасталған  болатын.  Солардың  қатарында  сол  жылдардағы  оқиғаларды 
өз  көзімен  көрген,  тіпті  тікелей  қатынасқан  адамдардың  бірі-саяси  қайраткер,  алаш 
зиялылары  Ə.Бөкейханов,  М.Тынышбаев  болды.  Қазіргі  кезде  зиялы  зерттеушілер  ұлт-
азаттық  көтерілістерге  жаңа  қырынан  қарауда,  оның  өзіндік  шын  тарихын  жаңа  құнды 
дерктер  негізінде  обьективті  түрде  зерттеуде.  Осыған  орай  өмірлерін  ұлттық  мүдде  үшін 
қиған  М.Тынышбаев  сынды  ғалымдардың  қоғамдық  көзқарастары  мен  тарихи  зерттеулері 
жаңа көзқарастар тұрғысында жаңадан бағалана басталды. 
Қазақ  халқының 20-30 жылдардағы  тарих  ғылымында  М.Тынышбаев  зор  роль 
атқарды.  Өйткені  Мұхаметжан  Тынышбаев  өзінің  зерттеуін-зерттеушілік  қызметінің негізгі 
бағыттарының  бірі  ретінде  халқымыздың 1916 жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысының  тарихын 
зерттеуге арнады. Ғалым гимназист жəне студент бола жүріп, қазақ халқының мұқтаждығын 
жақсы  түсінді,  орыс  басқару  органдары  мен  Жетісуды  мекендеген  қазақ  жəне  қырғыз 
халықтары арасындағы өзара қарым-қатынастарды білуге ынталы болып, оларды жан-жақты 
зерттеуге тырысты. Оның пайымдауынша, қырғыз-қазақ халықтары, əлбетте, Ресейден орыс 
қоныс  аударушыларының  осы  өлкеге  қоныс  аударуына  аса  қарсылық  көрсетпей,  олардың 
жаңа  жерде  өздерінің  жағдайын  жақсартуға  ұмтылған  əрекеттеріне  əуелде  түсіністікпен 
қарады. Олар қоныс аударушыларды өлкеде қарсылықсыз қарсы алды. «Тіпті елдің ақсүйек 
ру  басылары  орыс  отрядтарын  елге  өздері  бастап  келіп,  қоян  қолтық  араласты.  Алайда 
олардың  келуінің  немен  аяқталатыны  белгісіз  болды…» [3] дей  келіп,  М.Тынышбаев 
жергілікті  халықтың  мүддесіне  сай  қандай  саясатты  ұстанғандығын,  қандай 
заңсыздықтардың  жүзеге  асқандығын  көрсететеді. 1906-1914 жылдар  аралығында  Верный 
облысын  басқарған  С.Н.Велецкий  кезіндегі  заңсыздықтардың  ашық  түрде  жүзеге 
асқандығын бұлтартпайтын деректермен дəлелдеген М.Тынышбаев 1916 жылғы көтерілістің 
басты себебі патшаның жергілікті халықтың ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу 
туралы 25-маусымдағы жарлығы емес, əлеуметтік жəне ұлттық езгінің бірінші дүниежүзілік 
соғыс  барысында  барынша  күшейгендігі  болғандығын  баса  көрсетеді.  Осыған  орай 
Тынышбаев  өз  зерттеулерінде  Верный  уезін 8 жыл  басқарған  С.Н.Велецкий  кезінде 
Переселен  басқармасының  қазақ  пен  қырғыздардың  жерін  тартып  алған  заңсыздық 
əрекеттерінен мəліметтер келтіреді [3]. 1916 жылғы патшаның маусым жарлығы көтерілістің 
басталуынатүрткі ғана болғанын айтады. Бұл туралы ол Түркістан генерал-губернаторының 
атына  жазған  түсініктемесінде  ашық  көрсетеді: «Құнарлы  жерлерді  тартып  алған  соң  мал 
шаруашылығы құлдырады, жер өңдеу қысқартылды. 1907-1914 жыл арасындағы жеті жылда 
облыс қатты өзгеріске түсті[3], десе екінші бір жерінде «барлық жауапкершілік қазақтардың 
мойнында  болды:  егер  орыс  шаруасының  малы  немесе  басқа  бір  мүлкі  жоғалса,  жергілікті 
жер болыстығына оны тез арада табу басталды. (Лепсі уезінде 3-5 күндік мерзім ішінде)»,-
деп  ел  ішіндегі  заңсыздықтардың  ашық  түрде  қандай  жолдармен  жүзеге  асқандығын  бір 

132 
қырынан  көрсетеді.«Мен,  дейді  ол,-1910  жылы  Жетісу  облысы  үстінен  өтіп  бара  жатып 
Қарабалтадан  Пішкекке  дейін,  одан  əрі  Константиновкаға  дейінгі  шамамен 75 шақырым 
аралығында пошта станцияларының өзара тұтас дерлік қоныстанушылардың поселкелермен 
жалғасқанын  көрдім.  Пішкек  уезін  түгелдей  поселкелер  басқан  жəне  алыстағы  Чернигов, 
Орлов жəне басқа губерния мұжықтары армандаған Пішкек жері туралы айта келіп, даудың 
басы  Патшалық  Ресейдің  жер  мəселесіне  қатысты  жүргізген  отарлық  саясаты  ұлт-азаттық 
қозғалыстың  туындауының  басты  себебі  болды»  деген  қорытындысын  жасайды [3]. 
М.Тынышбаевтың  Түркістан  генерал-губернаторының  атына  жазған  түсініктемесінде 1916 
жылғы  көтеріліс  тарихын  зерттеуге  мүмкіндік  беретін  мəліметтер  келтірген.  Бұл 
мəліметтерді  қарастыра  отырып,  ел  қоныстарын  қозғамай  бос  жатқан  қазақ  даласын  игеру 
патшалық өкімет үшін тиімсіз болғанына көз жеткіземіз. М.Тынышбаевтың бұл пікірін Алаш 
Қайраткері  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Көшпелі  һəм  отырықшы  норма»  атты  мақаласында 
қолдау тапқанын көреміз [4]. Осылардың бəрін көріп, біліп, сезініп өскен, көкірегі ояу, көзі 
ашық А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Ж.Аймауытов сынды зиялы 
азаматтар намысы тапталған, қорланған, мүсəпір болған халқына қол ұшын беруді өздерінің 
парызы  деп  санайды.  Бұл  ретте  аталмыш  қазақ  зиялыларының 1916 жылғы  патшаның 
маусым  жарлығына  байланысты  көзқарасы  туралы  мəселе  туындайды.  Олардың  сол 
жылдары  осы  мəселеге  байланысты  қандай  күй  кешкенін  Мыржақып  Дулатовтың  «Он 
алтының  ойраны»  атты  мақаласынан  көруге  болады. «Бір  күні  төбеден  түскен  жайдың 
оғындай июнь жарлығы сарт ете түсті. Бұл жарлықтың бізге жайдың оғындай көрінуі-қалың 
қазақ  еліне  оның  əсері  қандай  болатындығын  сезгендігімізден  еді.  Бұл  жарлықтың  қазақ 
арасына қалай тарайтыны, қазақ елі не күйге ұшырайтыны көз алдымызға елестей қалды. өз 
өмірімізде басымызға тумаған ұлы дағдарысқа ұшырадық. Қайтпек керек? Не істейміз? Елге 
не  айтамыз?  Біздің  басшылығымыз  қандай  болмақ?  Елдің  ризалықпен  көнгісі  келмейтіні, 
балаларын бергісі келмейтіні «соғыс», «солдат» деген сөздерден өлердей қорқатыны, патша 
өкіметіне сенімі жоқтығы белгілі. «Көнбе, берме» дейміз бе? Оның түбі не болады? Немізге 
сеніп, «Көнбе»  дейміз?  Көнбейтін  күшіміз  қайда?»  деп  көрсетсе [5, ?], Мұхаметжан 
Тынышбаев  болса: «Жағдай  өте  қолайсыз  қалыптасты  жəне  санаулы  қырғыз  (қазақ) 
интеллигенциясы  екі  оттың  ортасында  қалды» [3],-деп  көрсетті.  Сол  кездегі  қазақ 
зиялыларының  жетекшісі  Ə.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,  М.Дулатов  ешбір  қарсылықсыз 
патша  жарлығын  орындау  керек  деп  санайды.  Бұлай  етпеген    жағдайда    деді    олар,  патша 
үкіметі елді жазалаушы қарулы жасақтар шығарып, елді қан-төгіске душар етеді. Олар 1916 
жылғы  «Қазақ»  газетінің 192-ші  санында  «Алаштың  азаматы»  деген  мақала-хат  жариялап, 
онда қан-төгіс болдырмау халықты патша жарлығын орындауға шақырды [6]. Кеңес өкіметі 
жылдарында  осы  қайраткерлердің  осы  іс  əрекеттері  халыққа  сатқындық  жасағандық  деп 
бағаланып,  оларды  «халық  жаулары»  деп  айыптауға  негіз  болған  факторлардың  біріне 
айналды. 1916 жылдың  шілде-тамыз  айларында  Жетісу  облысында  басталған  көтеріліс  көп 
кешікпей  Қазақстанның  барлық  аймақтарын  түгелге  дейін  қамтыйды.Ол  алғашқы  кезде 
түземдік  əкімшілікке  тізім  жасатпаудан  басталып,  соңынан  қарулы  қақтығысқа  ұласып, 
патшалық  өкіметтің  жазалаушы  отрядтары  мен  бұқара  халық  жасақтары  арасындағы 
қақтығысқа əкеледі. Бұл көтеріліс тек қана Қазақстанды қамтып қойған жоқ, сонымен қатар 
империяның  шығыстағы  отарлық  аймағы  болған  Орта  Азияға  түгел  тарайды.  Бір  сөзбен 
айтқанда, 1916 жылғы  Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  көтеріліс  осы  ұлан-ғайыр  жерді 
мекендеген жергілікті халықтардың көптен бері орын алған ұлт-азаттық күрестерінің заңды 
жалғасы  əрі  шырқау  шыңы  болды.  Соғыстың,  ауыртпалықтары,  жергілікті  халықтан 
зорлықпен жердің тартып алынуы, шаруашылықтың күйзелісі, патша жендеттері тарапынан 
тонаудың  күшеюі,  орыстандырудың  қарқынмен  жүзеге  асуы-халық  шыдамын  шегіне 
жеткізді. Ал жарлық пен соғысқа əскер қатарына өз ұлдарын шақырмай, бұратана халық деп 
кемсітіп,  қара  жұмысқа 19-43 жас  аралығындағы  ер  азаматтарды  алу  шегіне  жеткен 
шыдамды отқа май құйғандай өршітіп жіберді. Бұл тарихи кезеңде қазақ халқын бір жолата 
құртып  жіберу  қаупі  туды.Жоңғарлармен  күрес  дəуіріндегідей  тарих  мəселені  тағы  да 
төтесінен қойды: қазақ халқы өмір сүруін тоқтата ма,ұлт ретінде өзін-өзі сақтап қала ала ма? [2]. 

133 
Отарлық  басқарушылар  өз  қол  астындағы  бұратана  халық  санасының 
оянуына жол бермеуді көздеп, көтерілісті өз мүддесіне сай кері сипаттауға тырысты. Ал ұлт 
зиялыларының  көтерілісті  шынайы  ақиқат  тұрғысынан  жазуға  ұмтылуы  олардың  саяси 
құрбан  болуына  əкелді.  Осындай  тағдыр  тəлкегіне  түсетінін  біле  тұрса  да  олар  өз 
принциптерінен бас тартпады. Халық санасының оянуына қозғаушы күші болған ұлт азаттық 
қозғалыстар  ұлттық  рухты  сілкіндірді.  Ұлт-азаттық  көтеріліс  тарихын  ақиқат  тұрғысында 
жазып, оған обьективті баға беруде М.Тынышбаевтан қалған мұраның тарихнамада алатын 
орны  ерекше.  Ол  бұл  мəселеге  арнап  мақалалар  жазып,  саяси  мəліметтер  жасады.  Оларды 
көтерілістің  барысы  мен  салдары  жөнінде  құнды  деректер  бар.  Онда  Алаш  қайраткерлері 
облыстардағы  көтеріліс  барысын  сипаттап,  жергілікті  көтерілісті  патша  өкіметінің 
отаршылдық саясатына қарсы бағытталған бұқаралық қозғалыс екендігін, көтеріліске басты 
себеп  болғанпатша  өкіметінің  жергілікті  халықтың  жерін  отарлаудағы  қоныстандыру 
саясаты,  оның  арандату  саясатын  туғызғандығын  дұрыс  көрсете  білді.  Қазақ  елінің 1916 
жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде қоғамдық қызметі мен шығармашылық еңбектерінде 
ерекше  орын  алғандығы  жайында  сол  жылдары  Орынборда  А.Байтұрсынов  пен 
М.Дулатовтардың  редакторлығымен  жарық  көріп  тұрған  «Қазақ»  газетінде  былай 
делінді:«М.Тынышбаев  ІІ-Мемлекеттік  Думаның  ағзасы,  инженер.  Саясат  ісіне  жетік 
халыққа  таза  жолымен  қашаннан  қызмет  етіп  жүрген  алдыңғы  қатарлы  зиялы  азамат. 
Жетісуда  бүліншілік  болғаннан  бері  Мұхаметжан  көзге  көрінерлік  көп  пайда  келтіріп 
жүр.Былтыр  Түркістан  уалаятында  Куропаткинге  генералгубернаторболғандығын (1916 ж. 
10  тамыз),  мəселенің  бəрі  Жетісу  қазаққырғызында  емес,  жергілікті  хəкімдердің 
жауыздығынан  болғандығын  Куропаткинге  жете  түсіндіруші  Мұхаметжан  Түркістан 
уалаятындағы  қазаққырғыздардың  жерін  Жетісу  переселендік  мекемесінің  зиянды  саясаты 
бойынша  мұжыққа  алынғандығын  жергілікті  халықтардың  тау  мен  тасқа  қамалып 
қалғандығын  һəм  мұнан  былай  да  жер  алынатын  болса,  қазақ  пен  қырғыз  аса  таршылықта 
қалатындығын  дəлелдеп  доклад  жазған  Мұхаметжан» [7]. Ұлт-азаттық  қозғалыстан  соң 
патшалық  отарлаушылар  көтерілістің  негізгі  себептерін  бүркемелеп  халықты  патша 
жарлығына  қарсы  көтерген  түрік  пен  неміс  агенттері  деп  түсіндіруге  тырысты.  Мұндай 
пайымдаулардың  астарын  жақсы  түсінген  М.Тынышбаев  көтерілістің  негізгі  себептерін 
генерал –губернаторға (4.ҮІ.1924 жылы) берген хатында ашық жазды:«Түркістандағы орыс 
тұрғындарының 90%-ы Жетісу жеріндегі толқулардың себебін көп ойланып жатпай-ақ, түркі 
жəне герман үгіттеуінен көру дұрыс емес, шындығында оның себептері қырғыз, қазақтарды 
ата  қонысынан,  жерінен  айырған-отарлау  саясаты  мен  патша  жендеттерінің  жасаған  түрлі 
зорлықтары  жəне  де  үлкен  көтерілістерді  ұйымдастыратын  үгітшісінің  жоқтығы  еді» [3]. 
1916 жылғы дүрбелең кезінде қатарында М.Тынышбаев бар зиялылар «Қазақ» газеті арқылы 
оқығандарға  үндеу  тастап,  оларды  өз  ауылдарынан  майданның  қара  жұмысына 
алынғандардың қатарына қосылып, майдан шебіне баруға, оларға рухани көмек беруге, өзге 
ұлттарға басындырмауға, офицерлерге қорлатпауға шақырды. Ə.Бөкейханов бас болып, қара 
жұмысқа алынғандар шоғырланған жерлерді аралауға аттанды. Оларды азық-түлікпен, киім-
кешекпен  қамтамасыз  етуге,  дəрігерлік  көмек  көрсетуді  ұйымдастырады.  Ал 1917 жылы 
ақпан  революциясы  жеңіске  жеткеннен  кейінгі  жұмысқа  шақырылған  қандастарымыз  елге 
қайтару  ісінің  басы-қасында  болды.  Мəселен,  М.Дулатов  Петроград  пен  Мəскеудің 
вокзалдарына  түнеп,  елге  қайтушы  жігіттерге  теміржол  билеттерін  алып  беріп,  əлеуметтік 
көмектер көрсетті. Бұл жөнінде жазушы əрі тарихшы Ғалым Ахметов арнайы мақала жазып, 
нақтылы деректер келтіреді. М.Тынышбаев 1916 жылғы көтерілісті патша жендеттері аяусыз 
басып  жаншылағанда  шет  елдерге  босып  кеткен  қандастарымыздың  өз  отанына  қайтару 
ісімен  айналысты.  Босқындарды  қазақ  еліне  қайтару  үшін  А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатов 
Шəуешекке,  Мұстафа  Шоқай  Өзбекстанға,  Құлжаға  аттанды [2]. Осылайша  азаттық  күресі 
стихиялы түрде дамыған халықтың қозғалыстан кейінгі күйі ауыртпалығын да зиялы қауым 
көтерді.  М.Тынышбаев 1917 жылғы    көктемде  Ташкентте  құрылған  Уақытша  үкіметтің 
Түркістан  комитетінің  мүшесі  ретінде,  одан  соң  Жетісу  облысындағы  Уақытша  үкіметтің 
комиссары  боып  жүріп,  шет  елге  босып  кеткен  қазақтарды  елге  (негізінен  Жетісуға) 

134 
қайтарып, оларды жерге орналастыруда үлкен рөл атқарады [8, 12б]. Түркістан комитетінің 
қырғыздардың  (қазақтардың)  жермен  қамтамасыз  етілуі  жөнінде  ерекше  көңіл  бөлінгендігі 
жөнінде комитеттің 1917 жылдың 19 сəуіріндегі мəжілісінде оның мүшесі М.Тынышбаевтың 
«Қытай  өңірінен  келген  қырғыздардың  қоныстандырылуы  жөніндегі  баяндамасы» 
дəлелдейді  (Доклад  члена  комитета  М.Т.Тынышпаева  о  местах  поселения  киргиз, 
возврашаяющихся  из  пределов  Китая) [8,133б].  Міне,  осындай  жігерлі  істер 
М.Тынышбаевтың елі үшін аянбай жасаған еңбектерінің бір қыры болып табылды. 
М.Тынышбаевтың  «Қазақ»  газетінің 1917 жылғы 24-ші  маусымындағы  санында 
жарияланған  мақаласында  «Қытай  жеріне  кеткен  (Құлжа  һəм  Қашқар  өлкелеріне)  босқын 
қырғыз, қазақтардың саны 164 мың адам екен. Содан үстіміздегі жылдың (1917) июльдің 1-
не дейін қырылғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың адам» 
[9]  деп  мəлімет  берген.  Бұл  тұрғыда  зерттеуші-ғалым  М.Қойгелдиев: «Біз  бұрын  қырғынға 
ұшыраған  жалғыз  қырғыз  деуші  едік,  М.Тынышбаевтың  айтуынша  Жаркент  уезіндегі 
албандардың (ұлы жүз) опат болған босқындар саны қырғыздардан кем емес» екендігін айта 
келіп,  осы  мəселені  анықтаудағы  М.Тынышбаевтың  саяси-қоғамдық  жəне  зерттеушілік 
қызметіне  жоғары  баға  береді. «Қазақ»  газетінің  беттерінде  М.Тынышбаев  Жетісудағы 
қырғыз  бен  қазақ  елінің  басына  түскен  қасіреттердің  шын  ауқымын  көрсететін  деректік 
материалдар  жариялайды.  Мысалы; 1917 жылдың 254-ші  санында  Жетісу  облысындағы 
қазақ жəне қырғыз уезіндегі болыстардан Қытай асқан адамдардың саны анықтайтын кесте 
беріп, «44 болыс жерінде барлығы 47 мың 759 түтін бар, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, 
қырылғаны 95 мың 200 жан болды» [10], деп көрсетеді. Бұл есепке қарағанда босқындардың 
жартыға  таяу  адамдары  қырылған.  Ұлт  зиялылары 1916 жылғы  тыл  жұмысына  адам  алу 
нəтижесінде жас шамасын жасыратын, мал  санағының, жер мөлшерін есептеуден бастарын 
алып  қашатын  болып  алған  халыққа  егер  бұл  есептер  дұрыс  берілмесе  қазақтың  есесі 
кететіндігін  түсіндіруді  жəне  осы  сияқты  көптеген  кезек  күттірмес  мəселелерді  шешуді 
өздеріне  борыш  санады.  Сонымен  қатар,  өлкеде  қалыптасқан  жағдай  қазақ  ұлты 
қайраткерлерінің  алдына  елде  орын  алған  ашаршылықпен  күресу,  мұжық-орыс  пен  қазақ 
жəне казак-орыс пен проблемалар жиынтығын көлденең тартты. 
Міне,осыдан Алаш қайраткерлері жолы ұлттық мұраттар жолында жүріп өткен жолы, 
жетістіктері,  қиыншылықтары  бүгінгі  жас  ұрпаққа  үлкен  тарихи  сананы  қалыптастырып, 
мемлекеттік идеологияны «Мəңгілік Ел» болудың феномені ретінде қарастырамыз. 
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.  Отан тарихының тағылымдары жəне Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы: Халық 
бірлігі жəне ұлттық тарих жылына арналған ғылыми сессияның материалдары. - 
Алматы, 1999. 3-б. 
2.  Тынышбаев М. Ақтабан шұбырынды. – Алматы, 1992.-102-112-бб. 
3.  Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы, 1991. – 233-б. 
4.  Жұлдыз.- 1991.- №6. - 104-10- бб. 
5.  Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. - Алматы, 1995. - 64-б.  
6.  ӨРОМА. 1044-қор, 1-тізім, 1-іс, 12-39бб; 17-қор, 1-тізім, 1-іс,133-бб. 
 
 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАН – АЛАШТЫҢ КҮРЕСКЕРІ 
Қазезова А.М. 
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Бимаканова З.Ш. 
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 
 
Алаш  қайраткерлерінің  алдыңғы  қатарында  көш  бастап,  халқымыздың  өз  еркіндігі 
үшін күрес жолында мəңгі өлмейтін терең із қалдырған – Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. 
Ə.Н.Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда кезінде болған Семей облысы, Қарқаралы уезі, 
Тоқырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі жетінші ауылында дүниеге келген. 

135 
Бұл  қазіргі  Жезқазған  облысы,  Ақтоғай  ауданына  қараған  Қаратал  совхозының  жері 
(совхозға 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңесінің шешімімен Ə.Н.Бөкейхан есімі беріледі). 
Сондай-ақ, жергілікті орта мектепке де есімі берілді. Бұл кез отаршылдық саясат салдарынан 
қазақ  халқы  ғасырлар  бойғы  қалыптасқан  көшпенділердің  дəстүрлі  рулық-қауымдық 
қатынастарынан,  жерінен  де,  оны  пайдалану  құқынан  да  ажырай  бастаған,  көшпенділердің 
байырғы құндылықтары шеттетіліп, жаңасы қалыптаса қоймаған алмағайып кез болатын. 
 Əлихан  ата  тегі  Шыңғыс  ханнан  бері  келе  жатқан  төре  тұқымынан,  Бөкейханнан 
тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының 
бірі.  Жасынан  зерек,  алғыр  өскен  Əлиханды  əкесі 1879 жылы  Қарқаралыға  алып  барып, 
жергілікті  молданың  қолына  оқуға  береді.  Əзімханұлы  Райымжан  ақсақалдың  айтуынша, 
көзі  ашық,  көкірегі  ояу  Əлихан  молданың  оқуын  қанағат  тұтпай,  қаладағы  үш  кластық 
бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кетеді. Бұл əрекетін бір келгенінде естіп білген əкесі 
Нұрмұхамед қарсылық білдірмейді, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін 
ол  Қарқаралы  қаласының  үш  жылдық  училещесіне  түседі.  Көрнекті  қоғам  қайраткері, 
Ресейдің I Мемлекеттік  думасының  жəне  мұсылман  халықтары  съезінің  депутаты, IV 
Мемлекеттік  думаның  мұсылман  фракциясының  Бюро  мүшесі,  қазақтың  ХХ  ғасыр 
басындағы  ұлт-азаттық  қозғалысының  негізін  салушы  əрі  көсемі,  халқымыздың  тұңғыш 
саяси  Алаш  партиясының  ұйымдастырушысы  жəне  ұлттық  Алашорда  автономиялы 
үкіметінің  төрағасы  атанады.  Өжеттілігі  мен  қайсарлығының,  қарақылды  қақ  жаратын 
əділдігі  мен  адалдығының  арқасында  Ə.Бөкейхан  өз  замандастарының  арасында  нар  тұлға 
болатын.  Алдына  қазақты  оятуды  мақсат  тұтқан  А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатов  саяси 
үзеңгілесі  болатын.  Қазақ  халқына  ояу  сала  білген  Əлихан: «қазақ  тып-тыныш  жатып, 
еріншек,  ешнəрсе  қылмайды»  деп  ойламайды,  оның  кəміл  сенімінше,  қазақтар  «қайратты 
жұмыстың  бəріне  жарайды...  Бірақ  (оларды)  қозғау  керек» - деп,  үгіттеп,  бейқам  жатқан 
жұртты шыңдауды, жүректеріне үміт отын, өздеріне деген сенім отын жағуды көздейді [1,-
5б.]. 
Əлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп 
қарастырсақ, біріншіден, Əлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның 
қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз əдебиетінің, ұлы Абайдың жəне 
басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы көрінеді. Оның 
1907  жылы  тұңғыш  рет  орыс  оқырмандарын  Абайдың  творчествосымен  таныстыруды 
көздеген  материал  жариялап,  ал 1909 жылы  ұлы  ойшылдың  шығармаларын  Петерборда 
жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы-Көрпеш 
–  Баян  сұлу  жəне  басқа  көптеген  ауыз  əдебиеті  үлгілерін  жинап,  зерттеп  жəне  насихаттап 
өтуін  кездейсоқ  жағдай  деп  айту  қиын.  Тарихи  деректерден  белгілі  қазақ  үлттық  саяси 
ұйымының жетекшісі болған Ə.Бөкейхан осы кезден бастап ғалым-экономист, публицист, əрі 
терең  білім  иесі  Əлихан  НұрмұхамедұлыБөкейханның  жалпы  ұлттық  саяси  тұлғаға  айналу 
жолы басталады.  Болашақ қайраткердің өмір жолының қалыптасуына отарлық езгіге қарсы 
Кенесары  бастаған  жалпыұлттық  көтеріліс (1837-1847) туралы  ел  арасындағы  əңгіме, 
аңыздардың айтарлықтай ерекше əсері болғандығын аңғаруға болар. 
«Қазақтың  суармалы  егістік  жерлерінің  алынуы», «Дала  өлкесінің  түкпірлеріндегі 
орыс  қоныстары», «Ақмола  облысындағы  переселендердің  жер  үлестері»  деп  аталатын 
мақалаларының  тақырыптарынан-ақ  оның  қандай  өзекті  мəселелерді  арқау  еткені  айқын 
аңғарылады. Əлихан Бөкейхан бұл мақалаларды басқа жерде емес, отаршыл метрополияның 
дəл жүрегінде – Петербург қаласында, «Сибирские вопросы» журналында жариялайды. 1908 
жылы, туған жерден жырақта Самараға айдалып кетеді. 
Əлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемейді, əлеуметтік мəртебесіне де, 
біліміне  қарап  бөлмейді.  Қазақты  біртұтас  халық  ретінде  көргісі  келеді.  Осы  орайда  ол 
ұсынған  Алаш  атауы  ұлтты  ұйымдастыруға  мұрындық  болатын  саяси  идея  болады.  Бұл 
идеяны  Ə.Бөкейхан  Алаш  қозғалысы  пайда  болғанға  дейін-ақ  əрдайым  айтып  жүрген  еді. 
Сөйтіп, Ə.Бөкейхан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға 
кіріседі. 1917 ж. 
желтоқсанында бүкіл 
қазақтардың 
құрылтайында 
Алаш 

136 
автономиясы жарияланып,  Ə.Бөкейхан  сол  алғашқы  Қазақ  республикасының  тұңғыш 
төрағасы (президенті) болып сайланады. 
«Алаш»  қозғалысы  жетекшісінің  іс-қимылы  мен  рөліне  қазақтың  қазіргі  заманғы 
тарихында  алғаш  рет, 1920 жылдары  осылай  баға  берілді.  Қошмұхаммед  Кемеңгерұлы 
(Қошке  Кемеңгеров) «Қазақ  тарихынан»  деп  аталатын  тарихи  очеркінде: «Үкiметтiң  қара 
қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған 
ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Əлихан», – деп жазады [2, -86 б.]. 
Алып  Ресей  империясымен  алысып,  байырғы  тəуелсіздікті  қарулы  көтеріліспен 
қалпына  келтіру  мүмкін  емес  деп  тұжырымдаған  Əлихан  Бөкейхан  «бұл  жолды  халықтың 
жаппай  қолдауы  да  неғайбыл,  Кенесары  көтерілісінің  жеңіліске  ұшырауы – соның  бір 
көрінісі» деп есептейді [3,-29б.]. 
Алаш  жетекшісі  отаршыл  империяны  саяси  тұрғыдан  реформалап,  федеративтік 
демократиялы  мемлекетке  айналдыру  арқылы  ғана  қазақтың  əуелі  өзін-өзі  билеп,  кейін 
толық тəуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп санайды. 
Екіншіден,  ХХ  ғасырдың  басында  озық  ойлы  Европа  мəдениеті  мен  дəстүрінің 
ықпалымен сусындап тəрбиеленген Ə.Бөкейхан ірі қайраткер ретінде қалыптасты. Оның өмір 
жолын  айқындауда,  əсіресе,  Ұлы  Француз  революциясының  жəне  орыс  азаттық  қозғалысы 
мен  гуманистік  əдебиетінің  орны  ерекше  болды.  Ə.Бөкейхан  төңірегіне  ХХ  ғасыр  басында 
топтасқан  қазақ  зиялыларының  басым  көпшілігі  Міржақып  Дулатов  сияқты  панисламизм 
мен  пантүркизмнен  алыс  болды.  М.Дулатовты  зерттеп  жүрген  жапон  ғалымы  Уяма 
Томохико  тұжырымдағанындай,  олар  (М.Дулатов,  Ə.Бөкейханов,  т.б.)  ең  алдымен  өздерін 
қазақпыз  деп  ұқты,  ал  содан  кейін  мұсылманмын  деп  санайды. 1889 жылы  «Особое 
прибавление  к  Акмолинским  ведомостям»  газетінің  қазақ  тіліндегі  қосымшасы – «Дала 
уалаятының  газетінде»  жарияланған  өзінің  алғашқы  мақалаларында  қазақ  қоғамының 
жағымсыз жақтары мен қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен 
старшынды,  тойымсыз  байдың  сойылын  соғып  жүрген  екіжүзді  ақындар  мен  оқыған 
қазақтарды аяусыз сынға алады. 
ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс қалған түпкірді табу қиын 
болар еді. Ə.Бөкейхан сол өткен ғасырдың 80-ші жылдары империяның шығыстағы ірі саяси 
орталықтарының  бірі  Омбы  қаласында  техникалық  училищеде  оқиды.  Сөйтіп  ол  жиырма 
жасында Дала 
генерал 
губернаторының 
кеңсесінің 
ұсыныс 
хаты 
мен 
қазақ 
қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы 
Санкт-Петербургке  барып,  Орман  шаруашылығы  институтының  экономика  факультетіне 
түседі.  Ол  мұнда  жүріп  күнделікті  сабақтарына  қоса  студенттердің  саяси,  əдеби, 
экономикалық  жəне  тағы  басқа  үйірмелердің  жұмысына  қызу  араласып,  студенттік 
толқуларға  қатысады.  Оны  екі  ғасырға  жуық  Ресей  империясының  қол  астында  отырған 
халқының  ауыр  тағдыры  қатты  толғандыра  бастайды.  Қараңғылық  пен  надандықтың 
шырмауында  отырған  халқына  білім  мен  мəдениет  керек  екенін  ұғады,  елдің  тұрмысын, 
мəдениетін,  білімін  көтеруді  өзінің  алдына  мақсат  етіп  қояды.  Оқуын  бітіріп, Омбыға 
оралғанда  Ə.Бөкейхан Ресей  империясының қазақ  даласына  жүргізген  отаршылдық 
саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен 
қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен əдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан 
біршама  тəжірибесі  бар  саяси  күрескер  болатын.  Ол  Омбыға  келісімен  қаланың  саяси 
əлеуметтік,  қоғамдық  жұмысына  белсене  араласады. «Народная  свобода» «Халық 
бостандығы»  партиясының  қатарына  өтіп,  өзі  қазақ  зиялылары  мен  саяси  белсенділерінің 
арасында  осы  партияның  шағын  тобын  ұйымдастырады.  Əлиханның  саяси  көзқарасының 
пісіп-жетілуіне,  кейін  белгілі  саяси,  қоғам,  мемлекет  қайраткері  əрі  қазақ  ұлт-азаттық 
қозғалысының  ұйымдастырушысы  жəне  көсемі  ретінде  танылуына,  саяси  күрескер  ретінде 
шыңдалуына Омбыдағы күндері 
ерекше 
ықпал 
етеді. 1905 
жылдан 
бастап Ресей 
конститутциялық-демократиялық  партиясының  (кадеттер)  мүшесі,  оның  қазақ  бөлімшесін 
құру  мақсатында Оралда,  Семейде   жиындар  өткізген. Қарқаралыда патша  өкіметінің 
отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы 

137 
петициясын  ұйымдастырушылардың  бірі  болған.  Тəуелсіздікті  байырғы  хандық  басқару 
институттары  негізінде  қалпына  келтіруді  Əлихан  Бөкейхан  дұрыс  деп  санамады.  Сол 
себепті  де  ол  өзгеше  стартегиялық  мақсаттарды  жүзеге  асыруға  ұмтылады.  Бұл 
ұмтылыстарының  бір  парасы  «Қарқаралы  петициясы»  деген  атпен  тарихта  қалған 1905 
жылғы  «Қазақтардың  петициясында»  көрініс  табады. «Қазақтардың  петициясының»  басты 
ұйымдастырушы  жəне  негізгі  авторы  Əлихан  Бөкейханның  қазақ  халқының  бейбіт  саяси 
талаптарын орыс императорына дереу поштамен жіберуді қолға алғаны туралы оның «Дала 
өлкесіндегі сайлаулар» деп аталатын очеркінде жан-жақты айтылады [4,-65б]. 
1905 жылы  Əлихан  Бөкейхан Семей  облысы   қазақтарының  атынан  Мемлекеттік 
Думаға депутат  болып  сайланады.  Мемлекеттік  Думада  тиесілі  заң  қабылдау  арқылы  Дала 
өлкесіне жаппай земство енгізуге ұмтылған Əлихан Бөкейханның түпкілікті көздегені қазіргі 
қазақ  мемлекетін,  оның  берік  іргетасын  қалау  болатын.  Бірақ  ол 1-ші МемлекеттікДума 
жұмысына  қатыса  алмайды.  Өйткені  Ə.Н.  Бөкейхан  өз  жұмысын  бастаған  кезде  Дала 
өлкесі генерал-губернаторының негізсіз  жарлығымен,  соттың  тергеуінсіз, 3 ай Павлодар 
абақтысында отырады. 
Əлихан Бөкейхан - шынайы демократтық жолға түскен қайраткер. Шынайы саясатты 
бағамдай білетін ол өз елінің Ресей федеративті парламенттік республикасының құрамында 
болашағы болмайтынын аңғарады. Алаш көсемі 1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Батыс 
майданның  тылында  жүрген  болатын.  Күтпеген  төңкерістен  кейін  ол  Орал  облысы  мен 
Бөкей  ордасында  қазақ  сиездерін  ұйымдастырып,  өткізу  үшін  майданнан  Шафқат 
Бекмұхамедұлы мен Уəлидхан Танашұлын жібереді. Оларға сиезде қазақтың белгілі ақыны, 
күйші,  Орынбор  кадет  корпусының  түлегі,  Əбілхайыр  ханның  беделді  тұқымы  Шəңгерей 
Бөкейұлын  жетекші  етіп  сайлауды  аманаттайды.  Аманатты  мойындарына  алғанда  еш 
қарсылық білдірмеген бұл екеуі неге екені белгісіз Бөкей ордасына барар жолда Шəңгерейге 
қарай  ат  басын  бұрмаған. (Бұл  жайт 1933 жылы  Алматы  мен  Қызылорда  қалаларында 
шыққан,  Нұғыман  Манайұлы  құрастырған  Шəңгерей  Бөкейұлының  өмірі  туралы  кітаптың 
алғысөзінде суреттелген) [4,-105б.]. 
Əлихан  Бөкейхан  осы  аманат  арқылы  Орынборда  өтетін  жалпықазақ  сиезінде 
Шəңгерей  Бөкейұлын  «Алаш»  жетекшісімен  тепе-тең  жағдайда  Алашорда  автономиясы 
үкіметінің  (Халық  кеңесі)  төрағасы  қызметіне  нағыз  демократиялық  сайлау  жолымен 
дауысқа түсіруді көздеген болатын. Алайда сиезде онымен бірге басқа екі кандидаттың (тағы 
да  Əлихан  Бөкейханның  ұсынысы  бойынша  Екінші  Дума  депутаты  Бақыткерей  Құлманов 
пен Айдархан Тұрлыбаевтың) дауысқа түскені белгілі. Əлихан Бөкейхан бұл ұсыныстарынан 
Қазақстанда  демократиялық  сайлау  дəстүрінің  негізін  қалағысы  келгені  байқалады. 
Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның 
біраз  мүшелері  наразылық  актісін  қабылдау  үшін  сол  кездегі  Финляндияның Выборг 
қаласына жүріп кеткен. Ə.Н.Бөкейхан да солардың артынан аттанып,  Выборг үндеуіне қол 
қояды.  Сол  үшін  жазаға  тартылып, Санкт-Петербург сот  палатасының  төтенше  мəжілісінің 
шешімімен 3 айға Семей түрмесіне  жабылады. 1906 жылы  Омбыдан  шығатын  кадеттік 
«Голос  степи», «Омичъ»  жəне  «Иртышъ»  газеттерінде; 1908  жылы Санкт-Петербургте 
жарық  көрген  меньшевиктік  «Товарищъ»,  кадеттік  «Речь», «Слово»  газеттерінде 
редакторлық қызмет атқарды. Ал 1909-1917 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс 
істейді. Кейіннен 1911-1914 жж. «Қазақ»  газетін ұйымдастыруда жəне оның жалпы ұлттық 
деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңіреді. 
ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен 
Түркістан  өлкесіне  бет  бұрған  дəстүршіл,  панисламшыл  ағым,  екіншісі  негізінен  Батыс 
өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында  Əлихан 
бастаған орыс мектептерінен тəлім-тəрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ 
саяси  ұстамдылық  танытып,  Ресей  империясына  қарсы  ашық  күреске  шығудың  əлі  ерте 
екенін  анық түсінеді. Сондықтан  олар,  ең  алдымен,  халықтың  сана  сезімін  оятатын  жағдай 
жасау керек деп есептейді. 

138 
Əлихан  Нұрмұхамедұлының  шығармашылық  ғұмыры  ХІХ  ғасырдың 90-шы 
жылдарының орта тұсынан басталып, 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Əрине, 20-30 
жылдар Ə.Бөкейханға творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту 
қиын,  дегенмен  бұл  жылдары  да  өмірінің  мазмұнына  айналған  ғылыми  жəне  əдеби 
тақырыптардан  қол  үзбеген.  Ол  ғылыми  атаққа  да,  ғылыми  дəрежеге  де  ұмтылмайды, 
өйткені  негізгі  күш-жігерін  саяси  күреске  жұмсады.  Ғылыми  жұмыстарын  саяси  күрес 
барысында жазуға тура келді. Академик Əлкей Марғұланның жазбаларында Алаш көсемінің 
1925-1927  жылдар  аралығында  Ленинград  мемлекеттік  университетінің  профессоры 
болғандығы айтылады [5, -97 б.]. 
Ə.Бөкейхан  тек  күрескерлік  табандылығымен  ғана  емес,  сондай-ақ  халық  арасында 
ормантанушы,  экономист,  тарихшы,  этнограф,  əдебиеттанушы,  аудармашы,  əрі  дарынды 
публицист  ретінде  де  танылған.  Қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігін,  мəдениетін, 
шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі ретінде 
танылған.  Санкт-Петербургтің  Орман  институтын  орман  экономисі  мамандығымен  бітіреді 
де, 1894 жылы  Омбы  қаласына  қайта  оралады.  Оралған  бойда  алдымен  төменгі  дəрежедегі 
орман мектебіне қабылданып, екі жылдай уақыт өз мамандығы бойынша дəріс оқиды. 1896 
жылдан бастап Ə.Бөкейхан ғылыми жұмыстармен  айналысады. 
Ə.Бөкейханды қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. ХХ ғасыр басында 
Ф.А.Брокгауз  бен  И.А.Ефрон  секілді  баспагерлер  көптомдық  «Жаңа  энциклопедиялық 
сөздігін» шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Ə.Бөкейхан осы «сөздікті» əзірлеуге 
ат  салысқан. «Сөздікке»  енген  қазақтын  тарихы,  қазақтың  хандықтары,  мысалға  Бөкей 
ордасы жайында (8 том, 447-452 беттер), қазақтың көрнекті хан-көсемдері туралы жəне басқа 
материалдарды  Ə.Бөкейхан  əзірлегендігін  жазады.  Энциклопедиялық  сөздікті  баспаға 
дайындаған  қызметкерлердің  тізімінде  Ə.Бөкейханның  аты-жөні 4 томнан 21 томына  дейін 
дерлік көрсетілген. 
Сонымен қатар, 1918 жылға дейінгі қазақ қоғамының саяси жəне рухани өмірінде аса 
үлкен  роль  атқарған  «Қазақ»  газетін  ұйымдастыруда  жəне  оның  жалпы  ұлттық  деңгейге 
көтерілуін  Ə.Бөкейханның  атқарған  еңбегін  көруімізге  болады.  Газеттің  алғашқы 
сандарынан бастап «Қыр баласы» атты жамылғы есіммен мақалалар жазып, ең күрделі жəне 
өзекті  мəселелер  бойынша  негізгі  авторға  айналады.  Егер  Бөкейханның  «Қазақ»  газетінде 
жарияланған  публицистикалық  мақалаларынан  оның  батыстың,  Ресейдің,  демократиялық 
дəстүріне  жақын  болғандығын  анықтауға  болады.  Мұны  тарихи  əділеттілік  үшін  атап  айту 
керек, «Қазақ»  газеті  Ə.Бөкейхан  жəне  оның  серіктері  қазақ  халқының  отырықшылыққа 
көшуіне емес (кезінде солай түсіндірілді) отырықшы норманың отаршыл мазмұнына, аңқау 
елді  алдауды  көздеген  астарына  қарсы  шыққан  болатын.  Публицистік  қырынан  танылған 
тұлғаны    «Қазақ»  газетінде  жазған  мақалалары  халық  арасындағы  беделін  бұрынғыдан  да 
жоғары сапаға көтерген болатын. 
Бүгінде алаш ардагерлері армандаған ұлттық азаттығымызды алдық. Француздардың 
данышпаны Густав Лебон: «Халықтың көшін тірілерден бұрын аруақтар бастайды», - деген 
екен.  Ендеше,  Ə.Бөкейханның,  А.Байтұрсыновтың,  М.Дулатовтың  рухы  тірі.  Олар  өздеріне 
туған жұрты алдында тарих жүктеген, тағдыр жіктеген міндеттерін адалдықпен атқарып өтті. 
«Бөкейханов өте тартымды адам екен... Сырт келбетінен нағыз ақсүйектік қасиет байқалады. 
Маңғаз,  жүзі  суық» (Мəриям  Мұқанованың  «Сағынышым – Сəбитім»  кітабынан)  деп 
суреттейді.  Смахан  төренің  естеліктерінде  Əлиханның  «туған  жерден  үш  аршын  жер 
бұйырса  жетеді»  деген  сөзді  ағайын-туыстарына  əрдайым  қайталап  отыратыны  айтылады. 
Алайда, Əлихан Бөкейханға да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен 
топырақ  бұйырмайды.  Барлығы  Мəскеуде  жерленеді.  Алаш  көсемінің  күйеу  баласы, 1920 
жылдардағы  ірі  мемлекет  қайраткері  болған  Смағұл  Сəдуақасов  денесінің  күлі  Мəскеуден 
Астанаға  əкелінді.  Бірақ  əлі  күнге  дейін  оны  қайда  жерлеу  мəселесі  шешілмеген.  Жадағай 
белсенділердің  көрсетуімен 1926 жылы  екі  рет  тұтқындалып,  түрме  азабын  тартады. 
Ə.Бөкейхан Мəскеуге  жер  аударылып,  зор  беделінен  қорыққан  большевиктер  өкіметі 
Қазақстанға жолатпайды.  Кеңес  өкіметінің  қуғын-сүргініне  ұшыраған  Ə.Бөкейхан  өмірінің 

139 
соңғы 15 жылын осы Мəскеуде өткізіп, Кремльдің жіті бақылауында болған. Онда он жыл үй 
қамауында отырған Ə.Бөкейхан 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындалып, бір айдан кейін 
жалған  жаламен 71 жасында  Мəскеуде  ату  жазасына  кесіледі. 1989 жылы мамырдың 14-
і КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша əрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, 
ақталады. 
Ғалым, Ə.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын 
ғылыми  тұрғыдан  зерттеген  ғалымдарымыздың  бірі  болғаны  тарихтан  белгілі.  Ол 
қарастырған  негізгі  аспектілер:  эпостың  тарихилығы,  қазақ  фольклорының  түрлері,  шығу 
мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, 
олардың  атқарған  идеялық  қызметі,  үлгінің  көркемдік  ерекшеліктері  т.с.с.  Əлі  де  қазақ 
фольклортану  ғылымында  өз  маңызын  жойған  жоқ,  жəне  сол  дəуірдің  жетістігі  болып 
саналатыны  сөзсіз.  Ə.Бөкейхан  қарапайым  өмір  сүрді.  Терең  білім,  ұлт  тарихына  құрмет, 
қазақ  халқының  азаттығы  мен  құқығы  үшін  күрес – «Алаш»  қозғалысының  жетекшісі 
Əлихан Бөкейханның кісілік келбетінің бір қыры ғана. 
Биылғы жылы ғұлама ғалымның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында  өтілуде. 
Халықаралық  ұйым  кезекті 38-сессиясында  осындай  қаулы  қабылдап,  жауапкершілікті  
Қазақстан  үкіметі  мен  Алаш  көсемінің  өмірін,  сан  қырлы  қызметін,  баға  жетпес  мұрасын 
зерттеуші  ғалымдардың  мойнына  жүктеген.  Сол  ауыр  жүкті  барлық  қазақстандықтар  боп 
ұйымшылдықпен  жүзеге  асыруға    тиіспіз.  Себебі  артына  өшпестей  із  қалдырған  Алаш 
қоғамының  күрескерінің  еңбегі  келер  ұрпаққа,  бізге  өнеге.  Біз  жастар  бақыттымыз. 
Ə.Бөкейхан – Алаштың алып қыраны болған күрескер.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.«Алаш  Үні»  газеті. 2003ж. 18 ақпан.№ 2 Жанат  Қасымның  сұхбатынан,-5  б. 
2. Кемеңгерұлы Қ. Қазақ тарихынан, Москва 1924.-86 б. 
3. Бөкейханов Ə. Шығармалар. Алматы: Қазақстан, 1994, -29 б. 
4. Бөкейхан Ə. Н (таңдамалы). Нургалиев Р. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995, -65-105 
бб. 
5. Нұрпейісов Кеңес. Алаш һəм Алашорда, Ататек баспасы, 1995, - 97б. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет